"Бауырсақ" ертегісі (ашық ұйымдастырылған оқу қызметі)

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бауырсақ" ертегісі (ашық ұйымдастырылған оқу қызметі)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегіні ерте жас тобының балаларына меңгерту, ойын арқылы ақыл-ой дағдысын, іс-қимылын, достарымен қарым-қатынасын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы

Байғанин ауданы

Қарауылкелді ауылы

Шұғыла” бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Тоқсанбаева Райлан Сағидоллақызы

Жауқазын” ерте жас тобы





Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі

Мақсаты: Балалардың ертегіге  қызығушылығын  ояту, ойын еркін жеткізуге баулу, ертегі кейіпкерлерін атап, көрсету арқылы балалардың танымдық белсенділігін арттыру.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсінік беру, ойын, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері, шал, кемпір, бауырсақ, қоян , қасқыр , аю, түлкі, илюстрациялық материалдар.

Шаттық шеңбері: 

Қайырлы таң, апайлар!

Қайырлы таң, достарым!

Тәрбиеші: Балалар өткен ертегілерімізді есімізге түсірейікші. Балалар біз қандай ертегілер білеміз?

- «Бауырсақ», «Жеті лақ пен қасқыр», «Қызыл телпек», «Үш аю», «Шалқан».

- Жарайсындар балалар!

-Ал балалар біз көзімізді жұмып, ертегілер еліне саяхатқа шығайық.

Ерте, ерте, ертеде,

            Ешкі жүні бөртеде.

            Сол бір ғажап өлкеде,                                                                 

Бір әже мен ата болыпты.

Бірде ата әжеге:

Шал: - Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.

Кемпір: - Неден пісірейін? Ұн жоқ қой

Шал: - Әй ,кемпірім-ай! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.

1-тапсырма:

Киндер жұмыртқаларын жырту арқылы ішінен шыққан бауырсақты үйшіктің терезесіне орналастыру.

Әжей қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан --------- шығады.

2-тапсырма:

Іші сулы бояуға толтырылған сәбіздерді сипау арқылы жасырынған аңды табу.

Қоян: - Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !

Бауырсақ : - Жоқ, сен мені  жемеші, мен  саған өлең айтып беремін,  

                          Мен атамнан да қаштым,

                          Мен апамнан да қаштым.

                          Сенен де қашып кетемін деп, қаша жөнеледі.

 Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан --------- шыға келіп:

3-тапсырма:

Ыдыстағы дақылдардың арасынан саусақтарымен суретті тауып, атын атау.

Қасқыр: - Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеймін.

Бауырсақ : - Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін

                                        Мен   атамнан да қаштым,

                                        Апамнан да қаштым.

                                        Қояннан да қаштым

                                        Қасқыр сенен де қашып кетемін-деп қаша жөнеледі.

Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған --------- шығады.

Қай аңды кезіктіргенін білу үшін біздер жаттығу жасап жіберейікші.

Сергіту сәті: (аудио қосылады)

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Аю: - Әй ,бауырсақ ! Мен сені жеймін.

Бауырсақ: - Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.

                                       Мен атамнан да қаштым,

                                       Апамнан да қаштым.

                                       Қояннан да қаштым,

                                       Қасқырдан да қаштым. 

                                       Аю  сенен де қашып кетемін-деп, осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. Алдынан ------- шығады.

4-тапсырма:

Шөптердің артында тығылып тұрған аңды тауып, аузындағы жіпті тарту арқылы оқиғаны ары қарай баяндау.

Түлкі : -Амансың ба, бауырсақ!Мен сені жеймін.

Бауырсақ: Мені жемеші мен саған  өлең айтып беремін.

                                                        Мен атамнан да қаштым,

                                                        Апамнан да қаштым.

                                                        Қояннан да қаштым,

                                                        Қасқырдан да қаштым.

                                                        Аюдан да қаштым.

Осы кезде түлкі: -Бауырсақ, менің жасым болса келіп қалды, құлағым естімейді. Сен менің мұрыныма отырып айтып берші дейді.

Бауырсақ: жарайды, деп келіседі.

                                                      Мен атамнан да қаштым,

                                                        Апамнан да қаштым - дегенде түлкі ап деп жеп қояды.

 Қорытындылау: 

- Балалар ертегі сендерге ұнады ма?

- Балалар, бауырсақ неден жасалады? (Ұннан)

- Бауырсақтың түсі қандай? (Сары )

- Бауырсақтың пішіні қандай?(Домалақ, шеңбер)

- Бауырсақты кім пісірді? (Апа)

- Ал, енді балалар, ертегідегі кейіпкерлерді еске түсіріп, рет-ретімен айтып беріңдер.

Жарайсыңдар, балалар! Мынау ата мен әжейдің сендерге беріп жіберген бауырсағы. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысқандарыңыз үшін сендерге берген сыйлығы.

Қонақтармен қоштасайық! Сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.07.2024
380
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі