"Бауырсақтың ізімен" ұйымдастырылған іс әрекет кіші топ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бауырсақтың ізімен" ұйымдастырылған іс әрекет кіші топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Бауырсақтың ізімен» Мақсаты: Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ұсақ қол моторикасын, ес, зейін қабілеттерін дамыту. Бір-бірімен дос болуға, бір - біріне көмектесуге тәрбиелеу. Тосын сый. Бауырсақ келеді: -Түлкі келеді: Ой балалар, сендер бауырсақты көрмедіңдер ме? Дидактикалық ойын: «Қорегін тап» Шарты:балалар үлестірмелі матиралдар арқылы, түлкі мен аюдың азығын орналастырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған іс-әрекет қызметінің айы:

Күні: 

Тәрбиеші:

Дағды: физикалық, таным, коммуникативтік, шығармашылық, әлеуметтік дағдыны дамыту Тақырыбы: «Бауырсақтың ізімен»

Мақсаты: Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ұсақ қол моторикасын, ес, зейін қабілеттерін дамыту. Бір-бірімен дос болуға, бір - біріне көмектесуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:«Бауырсақ» ертегісі бойынша кейіпкерлердін суреттері, үлестірмелі материалдар, слайд.

Мотиватциялық-қозғаушылық

Шаттық шенбері:

Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық,

Алдыменен бәріміз,

Амандасып алайық.

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Балалар қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.

Сурет бойынша сұрақ-жауап:

1.Қазір қай мезгіл? Қазір қыс мезгілі.

2.Қыс мезгілінде далада не жауады? Далада қар жауады.

3.Қардан не жасап ойнаймыз? Аққала жасаймыз.

4. Қыс мезгілінде ауа-рай қандай болады? Суық.

Ұйымдастырушы-іздестіруші:

Тосын сый.

Бауырсақ келеді: Сәлеметсіңдер ме балалар, мені таныдыңдар ма?

Менің атым – Бауырсақ,

Қызарып пістім – көңлім шат.

Қамбаның түбін қырнаған,

Елеуішпен елеген.

Қаймақпенен илеген,



Күйдірмей майға пісірген.

Атайдан да құтылдым,

Әжейден де құтылдым,

Қояннан да құтылдым,

Қасқырдан да құтылдым,

Аюданда құтылдым,

Мен тәтті бауырсақпым!

Маған көмектесіндерші мені түлкі жеп қоямын дейді.

-Балалар бауырсақ қа көмектесейік, Түлкіден құтқарайық.

-Бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы:«Бауырсақтың ізімен»

-Түлкі келеді: Ой балалар, сендер бауырсақты көрмедіңдер ме?

Мен бауырсақтын ізімен осы жақа келдім, Жол бойы домалап ізін қалдырып жүріпті бауырсақ. Міне бауырсақты таптым осы жерде екенғой.

-Түлкі сен бауырсақты жемеші.

Түлкі: Менің қарным ашып тұр, ал олай болса мен қандай азықты жақсы көремін айтыңдаршы? Ал менің досым аю ше?

-Балалар, түлкі мен аюдың қандай азық жақсы көретінің айтайықшы, көрсейтейік. (тақтаға екі бала шығып аюға балды магнитпен жапстырады,түлкіге балықты)

Дидактикалық ойын: «Қорегін тап»

Шарты:балалар үлестірмелі матиралдар арқылы, түлкі мен аюдың азығын орналастырады.

-Түлкі саған біздің ойынымыз ұнады ма?

Түлкі:Жарайсыңдар балалар, аю мен менің азығымды тауып бердіңдер. Бірақ балалар әліде менің қарным ашып тұр, мен сонау орманнан бауырсақты андып ізімен келдім.

-Ал балалар, ендеше Түлкімен бірге қимыл іс жасап көрсетейік.

Сергіту сәті:

Бауырсақ болып домалап, (ортаға келеді)

Қоян ұқсап секіріп, (артқа секіреді)

Аю болып қорбандап, (ортаға жүреді)

Қасқыр ұқсап уылдап, (ортаға жиналады)

Қу түлкі болып орнымызды табамыз.

-Түлкі саған ұнады ма қимыл істер жасаған.

Түлкі: Бойымды жазып алдым,бірақ мен бауырсақты жегім келіп тұр. Сендер менің достарымды білесңдер ме?

-Балалар, «Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерлерді айтайықшы, түлкінің достарын. (Балалар айтады, экраннан көрсетеді)



Picture 5

Билингвалдық компанент: түлкі-лиса,бауырсақ-колобок

Дидактикалық ойын: «Сәбіз»

Шарты: үлгіге қарап сәбіздін бөліктерін құрастыру.

Нұрай

Түлкі деген қу, ғой,

Жүрген жері шу ғой,

Жатып алып жағада,

Іздегені ду ғой.
Дидактикалық ойын: «Дене бөлшектерін құрастыр»

Шарты: қоян, түлкі, қасқырдың денесін түстеріне қарай, ұқсайтынын қарап орналастырады, құрастырады.

Қимылды ойын:«Ұйқыдағы түлкі»
Ойын шарты: «түлкі оянды» дегенде, барлық бала «түлкіден» «үйге» қашады.(орындықтарына) «Түлкі» оларды қуалап ұстауға тырысады.
-Жарайсыңдар балалар түлкінің көңілі көтерілді енді бауырсақты жемеймін дейді.

Түлкі: Жарайсыңдар балалар, сендерге көп рахмет! Бауырсақты жемеймін Атасы мен апасына апарайын олар мені бауырсақты алып кел деп жберген болатын, сендер бауырсақты жақсы көреді екенсіндер,енді біз қайтайық балалар. (Түлкі мен Бауырсақ шығып кетеді)
Рефлексивті-түзетушілік

Қорытынды:
-Балалар бізге кім келді? (бауырсақ пен түлкі)

Біз кімге көмектестік? (бауырсаққа)

-Біз түлкімен ойын ойнап көңілін көтердік. Сөйтіп біз бауырсақты құтқарып қалдық. (орындықтарына отырады)
Балалар, бауырсақтың Атасы мен апасы түлкіден құтқарғандарың үшін алғысын айтып бауырсақ беріп жберіпті.Тәтті бауырсақтан дәм ауыз тимес бұрын қонақтармен қоштасайық сауболыңыздар.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:«Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерін.

Қандай түсініктерді игерді: ертегі мазмұны мен кейіпкерлерді игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сәйкестендіру, топтастыру, ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2024
193
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі