«ДиДи» балабақшасы
Ғажайып күздің бақытты сәттері
Мудрой осени счастливые мгновение
« Бауырсақтың күздегі қызығы »
Байтерек тобының ертеңгілігі
(Әуен ойналады. Жапырақтармен би билеп балалар келеді. Би аяқталған соң өз орындықтарының қасына барып тұрады.)
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! « Ғажайып күз» мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келдіңіздер!
Бүгін мейрам, бүгін той
Қуаныш күн, біліп қой
Күзгі бақта сыңғырлап
Алақанды ұрып қой.
Қонақтардың көңіл-күйін көтеру үшін қолдарымызды бұлғап амандасайық!
Балалар бірге: Сәлеметсіз бе? (орындықтарына отырады)
Жүргізуші: балалар сап сары күздің әдемілігіне көз тоймайды ия. Күзді әнге қосып шырқағың келеді екен. Маған ән айтуға көмектесіңдерші
Ән:__________________________________
Жүргізуші: балалар ертегідегі күзгі орманға барғыларың келеді ме? Балалар бірге: Ия
Жүргізуші:
Келдік орманға бәріміз
Айналада сары күз
Жапырақтар үзілген
Жерде жатыр тізілген
Мұнда бір үйшік тұр екен
Ішіндегі кім екен
Жүргізуші үйшікке жақындап, есікті қағады. Ата мен апа шығады.
Ата : Сәлеметсіңдер ме балалар
Балалар бірге: сәлеметсіз бе?
Апа: Сендердің қонаққа келгендерің жақсы болды. Біз сендерге арнап Бауырсақ пісірдік . суысын деп терезенің жақтауына қойғанмын.
Ата: Ой, қараңдар, бауырсақ домалап бара жатыр.!
(Бауырсақ үйшіктің алдына шығады)
Апа: Қане атасы ұстап ал, жіберіп алма! (ата мен апа бір круг жасап бауырсақты қуып, шығып кетеді, ортаға тек бауырсақ жүгіріп оралады)
Балалар бірге: бауырсақ- бауырсақ, қайда қаштың домалап?
Бауырсақ : күзгі орманға қаштым…
Жүргізуші: сені ешкім жеп қоймайды ма?
Бауырсақ: Жоқ, жоқ! Мені қорқыта бергенше көңілімді көтерсеңдер қайтеді
Би «Ұлдар»
Бауырсақ : Балалар көңілді би үшін рахмет. Менің енді орманға баруым керек.
Жүргізуші: Жолың болсын бауырсақ. Көмекгіміз керек болса шақырарсың!
(бауырсақ музыкамен бір круг айналып шығады)
Жүргізуші: бауырсақтың алдынан қоян шығады
( музыкамен ортаға қоян шығады.)
Қоян: бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!
Бауырсақ : қоян сен мені жемеші, мен саған көп сәбіз беремін. Маған сендердің көмектерің керек !
Ойын. Сәбіз жинау
Жүргізуші: : міне саған көп сәбіз (қоянға сәбіздерді береді).
Қоян: : рахмет бауырсақ, рахмет балалар. Мен енді үйіме кетейін. Сау болыңдар! (қоян секіріп шығып кетеді).
Жүргізуші: бауырсақтың алдынан қасқыр шығады
( музыкамен ортаға қасқыр шығады.)
Қасқыр: бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!
Бауырсақ : қасқыр мені жемеші. Сен сәл отырып тынығып алшы. Ал балалар мені қасқырдан құтқарыңдаршы. Көңілін аулап тақпақ айтсаңдар жақсы болар еді!
Тақпақтар:
-
Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі,
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр түседі. -
Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты -
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық – ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау -
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
-
Көрініп еліме,
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме,
Күз дейтін мереке,
-
Ән салыңдар, күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер,
Күздің тойын тойлайық
Би бийлейік, ойнайық!
Жүргізуші: : балалар қасқырға тақпақ айтып жатқанда, бауырсақ қашып кетіпті гой орманға. Алдынан аю шығады.
( музыкамен ортаға аю шығады.)
Аю: бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!
Бауырсақ : балалар маған көмектесіңдерші, аюдан құтқарыңдаршы!
Жүргізуші: аю бауырсақты жемеші, балалар саған көп саңырауқұлақтар теріп береді
Би: «Саңырауқұлақтар».
Балалар себеттегі саңырауқұлақты аюға береді.
Аю: рахмет сендерге, сау болыңдар!
Жүргізуші: сау бол аю. Ал аю кетті, бауырсақ тағы домалай жөнелді. Алдынан түлкі шығады.
( музыкамен ортаға түлкі шығады.)
Түлкі: бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!

Жүргізуші: түлкіжан бауырсақта жемеші. Айналаға қарашы күз келді. Жемістер- көкөністер пісіп тұрған кез. Біз саған жидек теріп берейік
Ойын «жеміс жинау»
(Бауырсақ себетті түлкіге береді, екеуі құшақтасады)
Жүргізуші: қараңдаршы бауырсақ пен түлкі достасты.
Түлкі: балалар рахмет сендерге,
Бауырсақ: түлкі екеуміздің сендерге дәмі балдай алма сыйлағымыз келеді!
(Түлкі мен бауырсақ жүргізушіге себет алма береді).
Жүргізуші: рахмет сендерге. Сау болыңдар
Бауырсақ пен түлкі қол ұстасып, қоштасып шығып кетеді.
Жүргізуші: балалар осымен ертегіміз аяқталды. Қане енді тобымызға барайық
Тәрбиеші: Ғалымжанқызы. Г. __________
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бауырсақтың күздегі қызығы

шағым қалдыра аласыз