жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бейбарыс Сұлтан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI
Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы
Ғылыми жоба
Тақырыбы:« Сұлтан Бейбарыс және оның Қыпшақ тарихындағы рөлі»
Орындаған: 8 «Б»-сынып оқушысы
Лесбекова Айару
Ғылыми жетекшісі:Дүйсенбай Сымбат Саматбекқызы
Ш
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ .
1СҰЛТАН БЕЙБАРЫСТЫҢ САЯСИ
ПОРТРЕТІ
1.1 СҰЛТАН БЕЙБАРЫСТЫҢ
ӨМІР
1.2 СҰЛТАН БЕЙБАРЫСТЫҢ ҚҰРҒАН
МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
БЕЙБАРЫС
СҰЛТАНДЫҒЫ
2. САРАЙ МЕН ҚАЙЫР АРАСЫНДАҒЫ
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ
ЕЛШІЛІКТЕР
2.1
ДЕШТІ ҚЫПШАҚ ХАНДАРЫ МЕН МАМЛҮК СҰЛТАНДАРЫ
АРАСЫНДАҒЫ ҚҰДАЛЫҚ
БАЙЛАНЫСТАР
2.2
СҰЛТАН БАЙБАРЫС: ДІН ЖӘНЕ САУДА, ЭТНИКАЛЫҚ,
МӘДЕНИ,
ӘДЕТ-ҒҰРЫПТЫҚ, САЛТ-ДӘСТҮРЛІК, ТІЛДІК ЖӘНЕ
АНТРОПОНИМДІК
БАЙЛАНЫСТАР
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕРТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Тақырыптың
өзектілігі. Еліміз егемендігін алғаннан бері Қазақстанның
геосаяси жағдайы күрт өзгерген кезде тарихымызды зерттеу саласында
үлкен
бетбұрыстар болды. Әсіресе, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы
тәуелсіздігіне отыз
екі жыл
толып отырған уақытта қазақ халқының рухани
өрлеуі мен тарихи санасының қалыптасуы заманында болашақ ұрпақа
тәлім-
тәрбие беретін өз тарихына деген сонымен қатарөзінің көршілес және
алыс
халықтармен және мемлекеттермен ғасырлар бойындағы болған
қарым-қатынастары
мен байланыстарына деген қызығушылығы айтарлықтай артып отыр. Яғни
ертедегі
қатынастар негізінде жаңа қарым- қатынастар орнатуға бүгінгі күнде
біздің
елімізде мүделі, сонымен қатар ата-бабаларымыздың мұрасын білу,
біліпқана
қоймай оны зерттеп, оған ие болу, қастерлеу бүгінгі ұрпақтың
қасиетті
парызы екендігі даусыз. Бауыржан Момышұлы айтпақшы, Бұрынғы
дәстүрді,
бұрынғы жасаған ерлікті білмей, қадірлемей тұрып, жаңа ерліктерге
шақыру
бекершілік. Осы тұста өзге елге құлдықа сатылып, бірақ көп ұзамай
сол елге
сұлтан болған қыпшақ Бейбарыс тұлғасы сөзсіз болашақ ұрпақтың
патриотық
сезімін оятуда еліктеуге тұрарлық. Осы орйда, халықаралық аспектіге
ие
қыпшақ факторының белгілі ғылыми мағынаға бөленуі кездейсоқтық
құбылыс
емес. Өйткені, қыпшақтар ортағасырдың ең ірі этникалық топтарының
бірі
ретінде бірқатар түркі халықтарының, соның ішінде бірінші кезекте
қазақ
халқының қалыптасуында елеулі рөл атқарумен қоса, Еуразия мен
Жерорта
теңізі аймағындағы бірсыпыра шетел этностары мен мемелекеттерінің
тарихында
өздерінің өшпес іздерін қалдырды. Олардың ішінде, Мысыр мен Шам
елін ерекше
атауға болады.
Жоғарыда айтылғандардың тұрғысынан шығып Сұлтан Бейбарыс және
оның
қыпшақ тарихындағы рөлі тақырыбын таңдап алдық. Сұлтан Бейбарыс
Қыпшақ пен
Мысыр мемлекетінде де айтарлықтай рөл атқарған, сол себепті
Сұлтан
Бейбарыстың тұлғасына тоқтала отырып, оның қыпшақ тарихындағы
рөлін
айқындау үшін екі мемлекеттің өз-ара қарым-қатынастарын негізге
алғанды жөн
көрдім. Ал өз заманының ең ірі саяси құрылымдары болған бұл екі
мемелекеттің іргелері көп жағдайларда қыпшақ этносы, оның
дәстүрлері мен
мәдениетіне негізделген.
Мәселенің тарихнамасында Сұлтан Бейбарыс және оның құрған
мемелекетінің зерттелу тарихында қалыптасқан белгілі дәстүрлер бар.
Сонымен
қоса, жалпы оның өмір баянының жекелеген мәселелері мен екі
мемлекеттің
өзара байланыстары аспектісі едәуір аз зерттелген.Жалпы Сұлтан
Бейбарыс пен
бұл екі ірі мемелекеттің өзара байланыстары туралы хабарлайтын
негізгі
дерек көздері XIII-XVI ғғ. жататын ортағасыр араб тарихи
шығармалары болып
табылады.
XVII ғ. аяғы – XVIII ғ. басында Қазақ халқының Ресейдің
отарлауына
душар болып едәуір саяси, экономикалық және рухани дағдарыстарды
басынан
кешірді. Қазақ даласында хандық жүйені жою арқылы тәуелсіздігіне
тоқтау
қойылды. Әсіресе, XX ғ. бірінші жартысында тоталитарлық кеңес
үкіметі
жылдары төл тарихын зерттеу мүмкіндігінен айрып, тілі, салты мен
ата-
дәстүрін ұмыт қалдырту арқылы мәңгі отарлықты көздеген Мәскеу
қазақ
зиялылары мен әлауқаттыларын репрессиялар мен қудалаулаоға
ұшыратып, елі
емес, жеріне қызыққан большевиктік саясат бүкіл қазақ халқын
геноцидке
ұшыратуы оның тарихындағы теңдесі жоқ үлкен қасіретті кезеңдердің
бірі
болып тарихқа жазылды. Осы жылдары халқымыздың жартысына жуығы
қырылып,
қалғаны жаппай орыстандыру саясатын бастан кешіріп, рухани
тоқыраулыққа
әкеліп соқтырса, екінші жағынан тарихымызды бұрмалау арқылы ұлттық
сананың
орнына интернационализм, халықтар достығын бүркемеленіп құлдық
сананы
енгізуінің зардаптарының ауырлығы бүгінгі таңда едәуір сезілуде.
Осыншама
қасіретті көрген халық үшін тәуелсіздіктің орны мен мазмұны ерекше
биік.
Отарлық пен тоталитаризм жүйесі тарихымызды шынайылық тұрғысынан
зерттеу
ісінде төл зерттеушілерімізге жол бермеумен қоса, өзінің отарлық
саясатына
сәйкес оны барынша бұрмалап және сол бұрмаланған күйінде ғылыми
айналымға
енгізуі бүгінгі таңдағы халқымыздың басына түскен ең үлкен
рухани
зардаптарының бірі болып табылады.
Жалпы ислам тарихында орны ерекше, мәртебесі биік болған мамлүк
кезеңінен мұра болып қалған өте бай қолжазбаларында Дешті Қыпшақты
мекен
еткен, салты мен дәстүрі бір, тілі мен мәдени тамыры ортақ көшпелі
халықтың
тарихын зерттеуде түркі, қыпшақ, моңғол және түркі-моңғол
халықтарының
байланысы арақатынасы және ерекшеліктері туралы мол құнды
деректер
сақталған.
Аталған мемелекеттің кіндігі қазіргі Қазақстан жерінде
орналасып,
тарихи дамуы жағынан қазақ халқы олардың этникалық және мәдени
мұрагері
болып табылуы себепті, Дешті Қыпшақ мемелекетінің тарихын зерттеу
ісі төл
ғылымымыз үшін ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.
Өткенімізді сараламай болашағымызды болжау қиын. Елдігіміз бен
мемлекетіміздің бүгіні мен болашағын оның ішкі саяси бағытымен
қоса,
әлемдік қауымдастықтың басқа мүшелерімен қарым-қатынастарының
қандай деңгей
мен сапада болуы белгілейді. Тарихымызды зерттеу ісінің ғылыми,
әлеуметтік
қоғамдық және ұлттық-танымдық қызметтерімен қоса, бүгінгі күнгі
сыртқы
саясатымыздағы басқа елдермен қарым-қатынасымыздың тарихи тамырлары
мен
негіздерін ашып көрсетудегі маңызы өте зор. Осы диплом жұмысының
тақырыбы
мен мазмұнын қамтитын Сұлтан Бейбарыс және оның қыпшақ тарихындағы
рөлін
айқындау үшін ең алдымен Дешті Қыпшақтың Мамлүк мемелекетімен
ғасырларға
созылған жан-жақты қарым-қатынастары мен байланыстарын ашу
арқылы
алғашқысының діңгегін құраған бүгінгі егемен Қазақ мемлекетінің
орта
ғасырлардағы араб ислам әлемімен саяси, дипломатиялық және
рухани
байланыстарының терең тамырлары бар екенін көрсетіп, бүгінгі
әлемдік
қауымдастықтағы орны мен маңыздылығы ерекше мәртебелі араб және
ислам
елдерімен қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейде жаңғырту үшін
маңызды негіз
бола отырып, қазақ мемлекетінің сыртқы саясатындағы Батыс және
Шығыс
елдерімен дипломатия саласында ғасырларға кеткен терең тарихи
байланыстардың тамырлары мен бай дәстүрлерін көрсетуде маңызды
фактор бола
алады.
Ғылыми
жобаның зерттелу
деңгейі.
1250-1517 жылдар аралығында
Мысыр мен Шам елінде билік еткен, тарихта мамлүктер деген атпен
белгілі
көшпелі түркі халқының өкілдерінің құрған Мысыр Мамлүк мемлекетінің
тарихы
мен Батыс және Шығыс елдерімен қарым-қатынастары мен әртүрлі
салалардағы
байланыстары қазіргі заманғы көптеген араб және Батыс
зерттеушілерінің
назарына ілініп, бұл салада біріз зерттеулер жарық көрді.
Аталған
зерттеулерге сол кезеңнің замандасы және тарихи уақиғалардың куәсі
болған
ортағасыр араб және мысыр тарихшыларының жазып қалдырған араб
тіліндегі
жазба деректері негізгі дерек көздері болып табылады.
Бейбарыс құрған Мысыр Мамлүк мемлекетінің араб ислам тарихында
алатын
орнының ерекшелігі оның сол кезеңдегі араб ислам әлемінің саяси
және мәдени
орталығына айналуымен тікелей байланысты.
1258 жылы орталығы Бағдад қаласында орналасқан Араб Халифаты
моңғол
жаулаушылығының қолынан құлады. Оны 1260 жылы мамлүк сұлтаны
аз-Захир
Байбарыс Мамлүк мемлекетінің астанасына көшіріп, Аббас әулетінің
халифатын
Қайыр қаласында қайта жандандырумен байланысты Мамлүк мемлекеті
Араб
Халифатының орталығына айналды.
Мамлүк династиясының билігі туралы жазылған алғашқы
шығармаларының
бірі Мухи ад-Дин Ибн Абд аз-Захирдың (1293 ж. қайтыс болған)
қаламына
тиесілі Ар-Рауд аз-захир фи сират әл-Малик аз-Захир атты шығармасы.
Оның
бұл еңбегі қыпшақ тегінен шыққан мамлүк сұлтаны Байбарыс
әл-Бундуқдаридің
(1260-1277 жж. билік еткен) өмірбаянына арналған. Сұлтанның жеке
хатшысы
қызметін атқарған, сұлтан сарайында жоғарғы мансап иесі болған,
көптеген
құжаттар мен материалдар қолында болуының нәтижесінде Ибн Абд
аз-Захир өз
еңбегінде мамлүктердің Алтын Ордамен байланыстары туралы құнды
деректерді
келтіреді [2, 25-26].
Байбарыс ад-Дауадар әл-Мансури (1325 ж. қайтыс болған) мамлүк
сұлтандарының сарайына жақындардың бірі болған. Оның қаламынан
туған
Зубдат әл-фикр фи тарих әл-хиджра атты шығармасында 622 жылдан
бастап
1324 жылдар аралығындағы уақиғалар туралы айтылады. Сондай-ақ,
оның
еңбегінде қыпшақтардың құрылымы мен олар туралы
тарихи-этнографиялық
мағлұматтар бар [1].
Шихаб ад-Дин ан-Наууайри (1279-1332) Мысыр энциклопедиялары
мектебінің
басында тұрған тұлға. Әдебиет саласындағы білімнің арқасында мамлүк
сұлтаны
әл-Малик ан-Наср Мухаммад Ибн Қалауынның сарайына жақындатылып,
онда
жоғарғы мансапты қызметтер атқарады [1]. Ибн Хаджар өзінің Ад-дурар
әл-
камина атты еңбегінде, сұлтан ан-Наср Мухаммад ан-Нууайриді біраз
маңызды
істерді атқаруға тағайындап, Тарабулус қаласындағы әскерді
бақылаушы етіп
қояды, ал бұл өте маңызды әскери мансап, - деп көрсетеді. Кейінгі
жылдары
ол мемлекеттік істерден алшақтап, өзінің баяғыдан армандаған ісіне
–
шығармашылық ісіне кіріседі. Оның Нихайат әл-арб фи фунун әл-адаб
атты
үлкен энциклопедиялық шығармасы негізінен гуманитарлық
мағлұматтарды
қамтиды. Ол өзінің еңбегінде сол кездегі белгілі араб әдебиеті
тарихи
тағлымдар мен деректерді барынша жинақтайды. Бұл шығармадағы
тарихи-
географиялық бөлігі компилятивті. Оның еңбегінде Қыпшақ елі туралы
қысқаша
берілген мағлұматтары мен жекелеген қыпшақ рулары арасындағы
өзара
қырқыстар мен қыпшақ руларының құрылымы туралы деректердің үлкен
маңызы
бар. Сондай-ақ, моңғол жаулаушылығынан кейінгі кезеңдегі қыпшақ
елінің
рухани мәдениеті туралы мағлұматтар береді [2, 25 б.].
Ибн Фадл-Алла Ал-Омаридің (1301-1349) Масалик әл-абсар фи мамлик
әл-
амсар атты еңбегі өзінің көлемі мен мазмұны жағынан ан-Нууайридің
көп
томды энциклопедиясымен бәсекеге түсе алады. Оның шығармасынан
моңғол
жаулаушылығынан кейінгі кезеңдегі Орта Азия, Еділ бойы мен Кавказ
өңірінде
тұратын халықтардың тұрмысы, түркілер елінің қалалары мен сауда
жолдары
және қыпшақтардың қоныстары мен этникалық ерекшеліктері туралы
мағлұматтар
бар [2, 26 б.].
Тақийа ад-Дин әл-Мақризи (1364-1441) Қайыр қаласында дүниеге
келген.
Мамлүк сұлтаны әл-Малик аз-Захир Барқуқтың, одан кейін оның ұлы
әл-Малик ан-
Наср Фарадж Ибн Барқуқтың билігі кезінде бағы ашылып, мемлекеттік
жоғарғы
мансаптардағы қызметтер атқарады. Сұлтан сарайына жақын адамдардың
бірі
болып беделді мамлүк әмірлерінің қамқорлығына бөленеді. Өмірінің
шамамен
елу жасына келген уақытынан бастап шығармашылықпен айналыса
бастайды. Оның
Ал-Мауази уа-л-итибар би-зикр әл-хитат уа-л-асар атты шығармасын
ең
атақты әрі маңызды деп айтса болады [2, 90 б.].
Абу әл-Мухасин Ибн Тағри-Берди (Тәңірі-Берді) (1409-1469) Қайыр
қаласында мамлүк сұлтаны әл-Малик аз-захир барқуқтың билігі
кезеңінде
дүниеге келген. Өзінің сөзіне жүгінсек, әкесі сұлтан барқуқ сатып
алған
мамлүк болған [2, 115 б.]. Зеректігі үшін сұлтан оны өзіне
жақындатып
жоғарғы мансапқа бөленеді. Сұлтан Барқуқ қайтыс болғаннан кейін,
оның ұлы
әл-Малик ан-Наср Ибн барқуқтың билігі кезінде Шам елінің билеушісі
етіп
тағайындалады. Ол өзінен кейін Мысыр тарихына арналған үлкен тарихи
еңбек
қалдырады. Оның Ан-Нуджум аз-захира фи ахбар мулук Мыср уә-л-Қаһира
атты
құнды еңбегі Мысыр тарихы туралы жазылған энциклопедиялық
шығармалар
қатарына жатады [2, 114-117 бб.].
Сонымен қатар Ал – Асир жылнамасында, яғни ал–Камил фи-т- тарих
атты
еңбегінде моңғолдардың жаулаушылық жорықтарының зорлық – зомбылық
арқылы
жүгізгендігін жазады, яғни жаулаудың барысы мен салдарын көрсетеді.
[3, 25-
48 бб.]
Ибн Василдің Муфарридж ал-куруб фи ахбар мулук Бани Айуб атты
еңбегінде Хулагу мен Берке хан арасындағы жауластықтың себебін
түсіндіріп,
сонымен қатар Бейбарыс пен Берке екеуінің бірігіп соғысқа
шықандығын
айтады. [3, 83-85 бб.]
Ендігі кезекте парсы деректеріне келсек ең алдымен тақырыпқа
қатысты
маңызы зор деп Рашид-ад-диннің жылнамалар жинағын атауға болады,
бұл
еңбектің III-ші томының, екінші бөлімі толығымен Хулагу ханға
арналып, онда
Берке ханмен болған араздықтың себебін атай отырып сонымен қатар
оның Мысыр
елдеріне жүргізген жорықтарының себебін, барысын, нәтижесін
нақты
көрсетеді. [4, 22-61 бб.]
Келесі бір парсы дерегі Джузджанидің Насировый разряд деген
еңбектің
үзіндісінде тақырыпқа қатысты кей мәселелер айтылады, әсіресе
қыпшақ
тарихын яғни териториясын баяндауға ерекше көңіл бөлген.Жалпы
айтқанда
парсы деректері араб деректерімен салыстырғанда аз деп айтуға
болады. [5,
286-287 бб.]
Ал енді еуропа авторларының деректеріне келсек Плано Карпинидің
Моңғол тарихынан үзіндісінде моңғол мемлекеті туралы, олардың
билеушілері
жайлы, өткен жолдары жайлы жалпы мәлімет берген. [5, 321-323
бб.]
Сонымен қатар Марко Поло кітабынан берілген үзіндісінде Николай
мен
Матвейдің Константинопольге дүние жүзін аралауға атануын айта келе,
оларды
Берке хан қандай құрметпен қабылдағандығын және Берке ханның
мемлекетінің
жағдайын, сыртқы саясатын біраз баяндаған. [5, 333-340 бб.]
Келесі автор Гильом де Рубруктің Путишествия в восточные страны
атты
еңбегін атауға болады, ол өзінің еңбегінде қыпшақ териториясын атай
отырып,
олардың Бату кезіндегі жағдайды баяндайды. [5, 330 б.]
Ал енді дипломдық жұмыстың зерттеулеріне келсек, Л.А
Семенованың
Салах ад-дин и Мамлюки в Египте деген еңбегін ерекше атауға болады,
онда
ол XII-XV ғасырлар аралығындағы Мысыр елінің жағдайын, яғни қай
династия
орнын қай династия басқандығын нақты атай отырып Сұлтан Бейбарыс
тұлғасына
тоқталып өткен.[6, 178-183 бб.].
Жалпы Сұлтан Бейбарыс тұлғасына қатысты Қ. Сәки, К. Саудабаев,
Қ.Ө.
Жүсіптің еңбектерін атауға болады, олар сұлтаның толық өмірбаянын
бере
отырып оны мемлекет қайраткері, асқан саясаткер ретінде тұлғасын
толығымен
ашуға тырысқан. [7, 54-64 бб., 13, 28-47 бб., 14, 3-44 бб.]
Мысыр елі мен Дешті – Қыпшақ арасындағы қарым – қатынастарды
жна-
жақты зерттеген Б. Батыршаұлының еңбектері өте құнды болып
табылады.
[8,9,10,11,12.]
Ал Сұлтан Бейбарыстың аса шебер саясаткер екенігінің дәлелі
ретінде
оның жүргізген жорықтарынан байқауымызға болады, бұл мәселені
Т.Ю.
Ирмияевтың История Мусильманского Мира от Халифата до
Блистательной
Порты, Б. Кутлердің История крестовых походов, К.Э. Босворттың
Мусульманские династи, М.П. Заборовтың Крестаносцы на вастоке
деген
еңбектерден байқауымызға болады [15, 17-24 бб., 16, 38-45 бб., 17,
68-79
бб., 18, 43-56 бб.].
Сұлтан Бейбарыс ислам әлеміндегі рөлін, яғни Алтын Орда
кезіндегі
Дешті – Қыпшақта ислам дінінің таралуына қосқан үлесі жайында
Ж.Т
Батырбекова мен Н. Нұртазинаның зертеулерінде нақты дәлелдер
келтірілген
[19,154-155 бб., 20, 54-65 бб.].
Негізіне қыпшақ тарихына қатысты зерттеулер баршылық деп
айтуғада
болады, бірінші кезекте Б.Е. Кумеков, Б. Кәрібаев, С.М.
Ахимжановтың
еңбектерін атап айтуға болады [21, 22, 23.].
Жалпы зерттеу тақырыбына қатысты Т. Омарбеков пен Х. Ғабжалилов
зертеулерінен, сонымен қатар Г.К. Кәдірқұлованың Қазақстан
тарихы,
Қазақстан тарихы төрт томы, Көркемсуретті Қазақстан тарихы,
Қазақстан
тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық, Ұлттық энциклопедия, А.Х.
Марғұланның Казахское народное прикладное искусство, Бейбарыс
сұлтан
Жас алаш журналынан, алынған материялдарды атап айтуға болады [24,
25, 26,
27, 28, 29, 30, 31, 32, 33.].
Ғылыми
жобаның мақсаты мен
міндеттері. Бұл жұмыстың басты мақсаты
Сұлтан Бейбарыс және оның қыпшақ тарихындағы рөлін анықтау.
Алға қойған мақсатты орындау үшін төмендегідей
міндеттер
қойылды:
- Сұлтан Бейбарыс және оның қыпшақ тарихындағы рөлі тақырыбының
зерттелу тарихнамасына қатысты бұрын-соңды жүргізілген
зерттеулерге шолу жасау;
- Сұлтан Бейбарыс тұлғасын ашу мақсатында мемлекет басқару
жүйесі
мен сыртқы саясатты жүргізу ерекшелігін айқындап көрсету;
- Сұлтан Бейбарыс және оның қыпшақ тарихындағы рөлін анықтау
мақсатында XIII ғ. ортасынан XV ғ. басына дейінгі аралықтағы
Дешті Қыпшақ пен Мамлүк мемлекеті арасындағы саяси, мәдени,
дипломатиялық, құдалық, этникалық байланыстарын қарастыру;
- Зерттеу барысында Дешті Қыпшақ пен Мысыр Мамлүк мемлекеті
арасындағы әскери-саяси және дипломатиялық жақындасудың негізгі
алғышарттары мен себептерін және оның нәтижелері мен салдарын
көрсету;
- Дешті Қыпшақ пен мамлүктер арасындағы мәдени, әдет-ғұрыптық,
салт-дәстүрлік, тілдік, этникалық және антропонимикалық
байланыстарын анықтау.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі
тараудан,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 СҰЛТАН БЕЙБАРЫСТЫҢ САЯСИ
ПОРТРЕТІ
1.Сұлтан Бейбарыстың
өмірі
Жамақұлы Бейбарыс (1225-1277) – түркі әулеті
Бахриден шыққан
мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Оны тарихи
шығармаларда
Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды. Оның шыққан тегі – қыпшақ. Бірақ
қай
жердің қыпшағы дегенге келгенде әр түрлі деректер айтылып, бірі –
Хорезм,
Дербент қыпшақтарынан десе, екіншілері маңғыстаулық еді дегенді
айтады.
Соңғы зерттеулер бұл дүдәмалдықтың түйінін шешіп, Бейбарыстың
қыпшақ
тайпасының Беріш руынан шыққан атақты әулеттің тұқымы екені
анықтауға
мүмкіндік берді. Араб елдерінің Мың бір түнмен қатар қоятын халық
романы
– Бейбарыста оның әкесі Жамақ, шешесі әйек деп, олардың нақты
есімдерін
атап көрсеткен. Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген,
Алдыңғы
Азиядағы араб тілдес халықтармен тілмәш арқылы түсініскен.
Бейбарыс Дамаскінің базарында 800 дирхемге құлдыққа сатылғаннан
кейін жаңа
қожайыны Айдакин Бундукдаридің атымен әл-Бундукдари деген есімге ие
болды.
Кейін Бейбарыстың ерекше қабілетін байқаған Айюби әулетінің сұлтаны
Салих
Нажумиддин оны өзінің жеке гвардиясының бір бөліміне сардар етіп
алады.
Сөйтіп ол енді жаңа әміршісінің атымен өзіне әл-Салихи деген есімді
және
қабылдайды. Ол осында жүргенде крест жорығына қатысушыларға қарсы
күресте
Египет әскеріне қолбасшылық етеді.Осы тұста нақтырақ тоқталатын
болсам,келесі жайыттарды айта кеткенім жөн. Қасиетті жерлерді азат
етуге
бағытталған крес жорықтарының нәтижесінде христиан Европасында
Мысыр жері
мұсылмандардың әскери күш - қуат көзі болып тұрған кезінде олардың
Шамдағы
жоспарлары іске аспайды, әрекеттері сәтсіз болады деген
көзқарас
қалыптасады. Сондықтан, Франция королі Льюйс өзінің кресшілер
жорықтарының
басты идеясы – қасиетті жерлерді азат етуді жүзеге асыруды
стратегиялық
маңызға ие Мысыр жеріне шабуыл жасаудан бастайды. Франция королі
Льюйс
Френсис Иерусалимді француздарға қайтармаққа өзіне өзі сөз береді.
Ол бұл
мақсатының Мысырды жаулап алмай жүзеге аспайтынын түсінді.
Франция флоты 1248 жылдың күзінде Марсилия теңіз портынан қасиетті
жерлерді
бетке алып жүзіп шығады. Фрация королі Льюйс Кипр аралына қыстап,
сол жерде
жатып Таяу Шығыс жеріне жақындап келе жатқан монғолдармен байланыс
орнап,
христиан дініне көзқарастарын білу, мұсылмандарға қарсы күш
біріктіру
мақсатында олардың тамырын басып көреді. Алада, монғолдар
кресшілердің
ұсыныстарын қабыл алмайды. Кейіннен король Льюйс татар елінің
елшілерін
құрметпен қарсы алғанына өкінеді. Сонымен, 1249 жылдың мамыр айының
үстінде
60 мың жауынгері бар францух кемелері Кипрден шығып, Мысырға бет
түзейді.
Корольдің қасына туған екі бауыры еріп шығады.
Мысыр сұлтаны Наджмуддин Аюп кресшілер Нілдің атырауында
орналасқан
Думия қаласын басып алуға тырысатынын түсініп, қаланың қамалын
күшейтіп,
өзі қаланың оңтүстігінде әскерімен орналасады.Француз дисантының
түсуіне
жол бермес үшін әмір бастаған әскерді қаланың өзен жағындағы
жағалауға
орналастырады.
1249 жылдың 4 маусымында француз әскерлері жағалауға түсіп
мусылман
әскерімен шайййқасқа кіреді. Бени канана деген араб тайпасының
адамдарынан
тұратын қаланың гарнизоны мен әмірдің әскерлері француз шабуылына
төтеп
бере алмай сұлтаның тұрған жеріне қарай шегінеді. Кресшілер Думият
қаласын
оңай басып алады.
Әскерінің жігерсіздігіне назаланған сұлтан Думият гарнизонының елу
араб
әмірін асып өлтіруге әмір береді. Сұлтаның қаһарланғаны
соншалық,баласы мен
дарға баражатқан бір әмір сұлтаннан өзін бұрын дарға асуды
сұрағанда ол
әдейі алдымен баласын одан өзін дарға асқызады. Әскер басы әмір
Фахруддинді
сөккені соншалық оның әмірлері султанды өлтіруді ойлайды,алайда
әмір
Фахруддиннің өзі күні санаулы ауру сұлтанға қол көтергісі келмей
оларды
тоқтатып тастайды. Шын мәнісінде, әмірдің шайқас аланын тастап
шыққан
себебі – ол француз десанты жағалауға түсе бастағаннан бастап
султанға
кептерлер арқылы үш рет хабар жолдайды, алайда бірде – біреуіне
жауп
келмейді. Сондықтан, патшалықтан дәмесі бар әмір ауру сұлтан қайтыс
болған
деген оймен шегінуге шешім қабылдаған еді.
Қалай болғанда да сұлтан әскерімен Мансураға шегініп, қала
алдындағы Ніл
өзеніне кемелерді көлденеңінен қойып бір – біріне байлап тастайды.
Сол
жерге Мысыр мен Каирден джиһад жолында шайқасуға дайын ерліктер
ағылып келе
бастайды. Екі жақ шешуші қимылға бармай қысқа рейдтермен шектеліп
жата
берді. Осындай жағдай 6 айға созылады. Ақырында, 1249 жылдың қараша
айында
король Льюйс күткен ісі де әскерімен келіп жетеді де француздар
әскери
кеңес құрады. Кеңес барысында француз барондарының бір бөлігі ірі
теңіз
порты Александрияны басып алуды ойласа, келесі бір бөлігі Каирге
шабуыл
жасауды ұсынады. Корольдің інісі Конт де Артуа Жылынды өлтіру үшін
басын
жаншу керек дейді. Король інісінің сөзін қолдайды. Сөйтіп, француз
әскері
Каирге бет алады.
Мысыр билеушісі Наджмуддин Аюп француз әскері Мансураға жақындап
келген
кезде 1249 жылы қараша айында қайтыс болды да, орнына Кайфа
бекінісінде
тұратын жалғыз ұлы Тураншах шақыртылады. Сұлтанның жұбайы Шажарадүр
тақ
мұрагері Кифа бекінісінен шығып Мысырға жеткенше сұлтанның қайтыс
болғанын
елден жасырып ұстайды. Тураншах Мысырға келіп жеткенше сұлтанның
жұбайы
Шажарадүр сұлтан науқастанып жатыр деп үстіне ешкімді кіргізбей
келеді.Сонымен, жаңа сұлтан Ұлы патша Ғиясуддин Тураншах ибн
Наджмуддин Аюп
деген атпен таққа отырады.
Мұсылман сұлтанының қайтыс болғанын естіген француздар қалыптасқан
жағдайды
пайдалану үшін Ніл өзенін жағалап келіп Мансура қамалына жедел
шабуылдайды. Кресшілердің кемелері әскер соңынан еріп отырады. 1249
жылдың
19 желтоқсанында ақшаға сатылған араб жолбасшыларының бастауымен
француз
атты әскері сұлтан әскерінің лагеріне тікелей шабуыл жасайды. Үрей
билеген
мұсылман әскері қарсылық көрсете алмай қаша бастсайды. Әскердің
бас
қолбасшысы әмір Фахруддин қаза табады. Тарихшылар осындай қиын
жағдайда
Бейбарыс бастсған қыпшақтар қалаға кірген француздардың түгелге
дерлік
жуығын, шмамен 1500 адамды көзін жойып, жеңісті француздардың
қолынан жұлып
алып, шешуші сәттерде найзағайдай жарқылдаған мақтанышпен
жазады.
1250 жылдың 11 ақпаны күні Ақытай бастаған мәмлүк әскері жаппай
шабуылға
шығады. Екі жақтанда көптеген шығындар болады, нәтижесінде француз
әскері
Думиятқа шегінеді. Осымен Мансура шайқасының екінші бөлімі
аяқталады.
1250 жылдың 27 ақпанында Мысырға қайтыс болған сұлтанның ұлы жаңа
сұлтан
Тураншах келіп жетіп, таққа отырады. Ол әскери айла қолдану арқылы,
жау
әскерін аштыққа ұшыратып, нәтижесінде француз королі бейбіт бітімге
баруға
келісімін беріп, Думиятты қайтарып, оның есесіне Иерусалимд
қаласын
сұрайды. Алайда мұсылман әскері түн жамылып шегінуге тырысқан жау
әскерін
өкшклей қуып тас-талқанын шығарады.Екі жүз кемемен келген
кресшілер
жеңілістің ащы дәмін татады.
Сонымен, тарихта жетінші крест жорығы атпен кірген Иерусалимді азат
етуге
бағытталған християн әскери компаниясы қыпшақтардың арқасында
ммұсылмандардың пайдасына шешілді. Бір қызығы француздардың
елдің
географиялық жағдайын білмеуі де француздардың аяғына тұсау
болды.
Бүкіл дүние уысына түскендей болған Тураншах теңіз жағасына ағаштан
мұнара
тұрғызып, қолға түскен тұтқындардың құн алынбайтындарын күніне
300-400-дей
адамдардың басын шауып отырғандығымен аты шықты.
Сонымен қатар Тураншах әкесінің мәмлүктеріне қысым көрсетіп,
оларды
мемлекеттік мансаптардан ығыстыра бастайды. Қыпшақ мәмлүктер оның
ата
жауына айналады.Атабек Айбекті Моусилге жұмсап сол жердің
абақтысына
шірітпек те ойы болды. Оның үстіне, қыпшақ мәмлүктерді көрші
мемлекеттерге
жеңіс хабарымен жұмсап, олардан бір жолата құтылуды жоспарлайды.
Алайда,
қыпшақтар сұлтанның ойлағанын уақытында біліп, оның өзін өлтіреді.
1250
жылы 2 мамырда сұлтан әдеттегідей тамақтануға отырғанда әмір
Бейбарыс
жанына келіп сұлтанды қылышпен шабады. Жыланды жаралаған соң
міндетті
түрде өлтіру керек-деп оны өлтіреді. Бұны бүкіл әскер бақылап
тұрады,
бірақ, ешкім көмекке келмейді. Бұдан біз қыпшақтардың билікті
қаншалықты
билікті өз қолдарына алғандығын байқаймыз.
Сонымен жетпіс бір күн сұлтандық құрған Тураншахтың денесі теңіз
жағасында
үш күн ісіп-кеуіп жатады, содан кейін қармаққа іліп алып, өзеннің
арғы
жағына тартып сонда жерленеді. Осылайша сұлтан Каир қаласындағы
қамалдағы
әкесінен қалған таққа отыра алмай кетті. Тураншахтың қазасымен
Мысырдағы
аюбидтер әулетінің билігі біржолата тоқтайды.
Осы кезден бастап әмірлер Ақытай, Бейбарыс және Балапандар
мемлекеттік
істерге тікелей араласа бастайды. Таққа кімді отырғызу керектігі
жайында
даудан кейін, сұлтанның жесірі Шажадүрды отырғызуға, әмір Айбек
ат-
Туркуменді сайлауға пәтуласады.
Сонымен, Шажадүр алдымен кресшілерді Мысырдан кетіруге қатысты
келіссөздерді аяғына жеткізуге тырысады, сонымен қатар халықтың
көңілінен
шығу үшін салықты азайтады. Алайда, әйел патшаға халық аса
құрметпен
қарамайды. Дін өкілдері мен шейхтар әйел адамның таққа
отырғандығын
шариғатқа қарсы деп, қара халықты наразылыққа итермелейді.
Қалыптасқан
жағдайды пайдаланып Алеппо қаласының билеушсі атақты Салахуддин
Аюбидің
немересі Юсеф Салахуддин әрдайым сепаристік ниеті бар Шамды
қарсылықсыз
өзіне бағындырып, әскерімен Мысыр бағытында жылжиды.
Мәмлүк мемлекетіне заңды сипат бермек болып, Бағдат халифасын
хат
жолданды.Алайда, Бағдат халифасы Мустансир Билля ал-Аббасиге Мысыр
тағына
отырған әйел-патша жөнінде хабар жеткенде Мысырға ашуға толы хат
жазады.
Онда ащы тілмен елді еркек билеу керек екендігін, егер ондай керек
адам
Мысырда жоқ болса өздерінен жіберуге дайын екндігін айтады.
Халифаның
жауабын алған мәмлүктер әйел птшамен мемлекетті ұстап тұру мүмкін
емес,
сөз ұстайтын еркек сайлау керек деп Шажадүрге Айбекке күйеуге
шығуды
ұсынады.
Сонымен сексен күн сұлтандық құрған Шажадүр атабек Айбекпен некеге
тұрып,
1250 жылдың шілде айында тақтан өз еркімен түсіп, мемлекеттік
істердіден
кетуге мәжбүр болады.
Оның толық аты-жөні-Иззудин Айбек ал- Жанашкир ас-Салихи
ат-Туркумани.
Сұлтандық титулы әл-Муиз-құдіреті патша.Ұлты түркі. Мысыр және
Шам
билеушісі Наджмуддин бин Аюптың мәмлүкткерінің бірі. Сұлтан кезінде
бас
бостандығын беріп, әмір дәрежесіне дейін көтерген. Әмірлікке ие
болғанда,
өзінің мансабына сай, таңбасы етіп дастархан бейнесін
алған.Айбек
әмірлердің ішінде жасы жағынан болсын, қызыметі жағынан болсын кң
үлкені,
ықпалдысы емес еді. Соған қарамастан әмірлер Айбекті сұлтандық
тағына
отырғызды.
Жоғарыда айтылғандай аюбидтер билігінің уысынан шығып бара жатқан
Мысырда
болып жатқан өтпелі кезеңді пайдаланғысы келген Шам билеушісі
Салахуддин
Юсеф әскерімен Мысырға бет алды. Айбек сутанда қарап жатпай келе
жатқан
аюбид султанға іш тартқан әмірлерді қамауға алып соғысқа
дайындалды. Екі
қосын арасындағы шайқас ал- Аббасия мен Ад-Дир ортасында орналасқан
Курағ
деген жерде болады. Шам әскерінің молдығынан кімнің жеңетіндігіне
күмән жоқ
еді. Шам әскерлерінің қысымына шыдамаған Мысыр әскерінің беті
қайта
бастаған кезде ұыпшақтар ересен ерлік көрсетіп, осымен қаншасыншы
рет,
жеңілісті жеңіске айландырады, Шам әскері қаша жөнеледі.Осы
жеңістен соң
қыпшақтар беделі өсе түсті.Негізінен Айбек мемлекеттік істе үш
қыпшақа-
әмірлер Ақытай, Бейбарыс пен Балапандарға арқа сүйеді.
Шындығында, әмірАқытай 1253 жылы Жоғары Мысырдағы арабтар
көтерілісін аз
қолмен басып келеді.Тарихта арабтардың бүлігі дген атпен енген
көтерілістер көтерілісшілердің әрдайым жеңілуімен аяқталып
отырған.
Қыпшақтар Айбектің билігінің күшеюінде үлкен еңбек атқарады.
Ақытай
бастаған қыпшақтардың кресшілерді жеңуі, аюбидтер тұқымының, атап
айтқанда,
Шам билеушісі Юсеф Салахуддин мәмлүк билігін мойындауы, оның
үстіне
Ақытайдың арабтарды тез ауыздықтауы қыпшақтардың айбатын асыра
түсті.Оның
абырой-даңқы артқан сайын қыпшақтар оның жанында одансайын топтаса
түседі.
Ақытай үйінен шығып қамалға баратын болса, таққа отырған сұлтан
секілді
айналасында қаптаған нөкерлері ілесіп жүретін болған. Мәжілістерде
сұлтан
Айбекті кемсітіп, оны атымен атайтын болды.
Мәмлүктердің айтқанымыздан шықпайды деп сұлтандыққа қойған
адамдары-әмір
Айбек қыпшақтардың жер икліктерінен молынан алуға, оның айналасында
астытын
әрекет жасай бастауы оны қыпшақтарға қарсы шешуші қимыл жасауға
итермеледі.Аталған кезде Ақытай мен Бейбарыс бастаған қыпшақтар
Айбекпен
билікке таласа алатын, оған бірден-бір қауіп төндірген топқа
айналады.
Сонымен 1254 жылы Айбек әмір Ақытайды бір жұмыстар бойынша ақылдасу
үшін
қамалға шақырады.Ақытайды қазынаға барар жолда әмір Құтыз
арқылы
өлтіреді.Содан кейін қамал қақпасын жабуға бұрық береді, бірақ
Бейбарыс
өзінің артынан ерген қыпшақтарымен қашып шығып кетеді. Олар ендігі
кезекте
Шам билеушісі Салахуддин Юссефке қашып барады, ол қыпшақтарды
жылы
қарсалады.
Мысыр билеушісімен жұлдызы қарсы Салахуддин Юсеф мәмлүктер оның қол
астына
көшкендіктен екі арада болған бейбіт келісімге сәйкес бұрынан
қыпшақ
мәмлүктерінің иеліктернде болған жерлерді, атап айтқанда, Иерусалим
және
жағалау елдерін сұрайды. Сұлтан Айбек сұратылған жерледі қайтарады,
есесіне
қарсы жатқан қыпшақ мәмлүктерін қамқорлығына алмау жөнінде
міндеттеме
алғызады. Соның салдарынан Бейбарыс бастаған қыпшақтар Дамаскіден
Карак
бекінісіне елулеріне тура келеді. Тарихшылар Карак билеушісімен
Бейбарыс
арасында болған қызық оқиғаны келтіреді. Бірде Бейбарыс пен патша
екеуі
жаңғақ тазалп балға батырып жеп отырғанда оның көзі Бейбарыстың
қолындағы
меңге түседі де Рукн қолыңдағы не?-деп сұрайды. Патшалықтың
белгісі-
дейді Бебарыс қарап отырмай. Патша түрі өзгеріп Бейбарысты өлтірмек
болады.
Осы оқиғаның себебінен қыпшақтар Карактан Дамаскіге қайтып кетуге
мәжбүр
болады. Кейін Бейбарыс оған істегендерін алдынан келтіреді, алайда
дәл осы
ісі үшін емес.
Жалпы алғанда, Айбектің сұлтандығы Шамдағы аюбидтердің
Мысырдағы
мәмлүктерден билікті тартып алу әрекеттеріне толы кезеңде өтті.
Айбек бұл
мәсклені бейбіт жолмен шешуге тырысып, сұлтандыққа аюбидтердің
тұқымы болып
саналатын он жасар Мұсаны тағайындады, бірақ Айбекке деген
аюбидтердің көз
қарасы өзгермеді. Сұлтан мен Шажадүр арсындағы қарым-қатынаста
шиеленісе
түсті. Айбек сұлтан Моусил билеушісінің қызын аттастыруы
Шажарадүрдің
қызғанышын үдете түсті. Ақыры Шажарадүр күйеуін өлтіруге Мухсин,
Наср деген
құлдары және Санжар деген мәмлүкті дайындап, олар сұлтанды
моншада
өлтіреді. Қыпшақ мәмлүктердің басшысы Санжардың бастауымен
сұлтанның
мәмлүктері ғимаратқа басып кіріп, қылмыскерлерді қатаң жазалайды.
Екі
күннен соң сұлтан Айбектің жас баласы таққа отырады. Осыдан соң
Шажарадүрді
сұлтанның жесірі мен күңдері ханымды күні бойы ағаш аяқ киім –
қабақпен
ұрып өлтіреді. Сонымен, сұлтан Айбек жеті жыл сұлтандық құрып алпыс
жасында
әйелі Шажарадүрдің қолынан қаза табады. Орнына бес жасар ұлы Алиді
таққа
отырғызылады. Бұл 1257 жылы болды. Осы жылдың күзінде Бейбарыс
бастаған
1000 мәмлүк Құтыз бастаған Мысырлық мәмлүктермен қан майданда
кездеседі.
Қыпшақтар жеңіліс тауып, әмірлер Қалауын, Балапан және т.б.
бірқатар
әмірлер тұтқынға түседі. Олар өз жағына тартпақшы болған Құтыз
оларға бас
бостандықтарын бергенімен олар жасырын Бейбарысқа қашып кетеді.
Алайда Бейбарыс бастаған қыпшақтар Мысырдағы Айбек мәмлүктерінің
билігіне
қарсы әрекеттерін тоқтатпайды. Олар Карак билеушісін Мысырға жорық
жасауға
көндіреді. Әрине олар аюбидтер әулетіне жататын Омар әл-Аюбиді
әкесі, ағасы
билеген, жалпы аюбидтердің иелігі болған Мысырдың сұлтандығына
отырғызуға
дәмелендіреді.
Сонымен, қыпшақтар 1258 жылдың көкек айында Құтызбен тағы да
қылыш
түйістіреді. Бұл жолы да Құтыздың әскері басым түседі. Жеңілген
Омар Карак
бекінісіне бет алады да, қыпшақтар Ғазаға қарай жылжып Хулагу
қосындарынан
қашқан күрд тайпаларына қарай ат басын бұрады.
Хулагу хан қосындарының мұсылман иеліктерін бірінен соң бірін алуы,
1258
жылдың ақпан айында Бағдатты алып, Халифаны клемге орап тепкілеп
өлтіруі,
мұсылман әлеміне өте қатты әсер етті. Осындай аласапыран жағдайда
пайдалана
білген Құтыз 1259 жылдың қазан айында бозбала сұлтан Алиді, оның
інісі
Ханды және шешесін Думияттағы мұнараға қамап сұлтандық таққа өзі
отырады.
Жеңімпаз патша Сейфуддин Құтыз бин Абдулла ат-Турки. Айбекұлы
Әлидің
кезінде Құтыз атабек – әскербасы болып жүріп жатады. Монғол
әскерлері Шам
жерлеріне қол сұға бастағанда, сол жердің билеушісі Салахуддин
Юсефтің
атынан Мысырға көмек сұраған елшілер келеді. Қамалдағы сұлтан
сарайына
мемлекеттің ірі әмірлері мен қазылары түгел жиналады. Қазылар
алқасы дін
жолында жауға қарсы шығуға, жаппай мобилизация жариялауға, жиһад
үшін
қажет, егер қазына үйінде қаржы қалмаса, халықтан жинауға пәтуа
шығарады.
Алдымен Құтыз өзінен бастап қымбат заттары мен асыл тастарымен
безендірілген дүниелерді сатып әскер мінер аттар мен қару –
жарақтар алуға
береді. Құтыз салық жинау салдарынан жорығына 600 мың алтын динар
қаржы
жинайды. Хулагу хан Бағдатты алған соң монғол әскері алдында келесі
кезекте
Шам елдері тұрғандығы айдан айқын еді. Хулагу хан Бағдатты алысымен
Арық
ноянды Ирбилге жұмсайды. Шамда үстемдік құрып отырған мұсылман
әмірлері,
кресшілер мен армяндар болса Хулагу қосындарына әртүрлі көзқараста
еді.
Қатер төнген Кайфа, Карак, Алеппо, Химс, Хама, Дамаск қалалары
секілді
мұсылман иеліктерінің билеушілерінің арасында ауыз бірлік жоқ еді,
оның
үстіне оларда төніп келе жатқан қатерге бірігіп қарсы тұру туралы
ниетте
жоқ болатын. Кейбір әмірлер Хулагуге бағынудан бас тартып,
соғысуға
дайындалса, мұсылман әмірлерінің ішінде ең қуттысы Шам билеушісі
Салахуддин
Юсеф баласын Хулагуге жасырын мол силықтармен жолдайды.
Ал, теңіз жағалауындағы христиан иеліктері ьолса, Шығыстан келе
жатқан
дүлей күштің алғашқы жемтігі мұсылман мемлекеттері болғандықтан,
оларды
христиандарға құдайдың өзі жолдаған одақтастаы дап қарағандарымен
уақыт өте
келе олар монғолдармен ашық одаққа баруға именденіп, бейтарап
позиция
ұстанды. Моңғолдарға іші тарта қоймады. Алайда, аймақтағы ең ірі
христиан
иелігі болып табылатын Антиохия әміршісі Боэмунд моңғолдармен
одақтасып,
монғол әскерінің құрамында Алеппо мен Дамаскіні алуға қатысады.
Тарихшылар
оның себебін Боэмунд моңғолдармен аса қатты ауыз жаласқан
Киликия
армяндарының патшасы Хетумнің күйеубаласы болғандықтан деп
көрсетеді.
Клиия армяндары болса еш іркілместен моңғолдарды қуана қарсы алып,
Бағдат
халифатын құлатуға белсенді ат салысады. Моңғолдарды Шамдағы
аюбидтер
билігін жоюға итермелеп, жалпы алғанда, қасиетті жерлерді,
әсіресе,
Иерусалимді мұсылмандардың қолынан біржолата азат етуді мақсат
тұтады.
1259 жылдың ішінде Хулагу Мияфаркин, Насибин, Хиран, Раһа, Бира
және Харим
қалалдарын алып, Шамның солтүстік батысын түгел басып алады да,
Алеппо
қаласын келіп қоршайды. 1260 жылдың қаңтар айында қамалды шабуылмен
алады.
Хулагудің қамалдар мен бекіністерді адам айтқысыз жылдамдықпен
тізе
бүктіруі, Шам билеушісінің жігерін құм етіп, оған қарсы тұра
алмайтынына
көзін жеткізеді. Ол енді кешегі бітіспес жаулары – Мысыр
мәмлүктерінен
көмек сұрауға барады. Құтыз да келісімге дайын екенін білдіреді.
Бірақ Шам
билеушісі Мысырға бет алып бара жатқан кезінде Хулагу қолына
тұтқынға
түседі.
Хулагу қосындары 1260 жылдың ақпан айында Дамаскіге жақындағанда
моңғолдар
қиратқан қамалдар туралы естіген қала тұрғындары еш қарсылық
жасамайды.
1259 жылы әмір Бейбарыс бастаған қыпшақ әмірлері шам билеушісі Шам
әміршісі
Салахуддин Юсефтен төніп келе жатқан моңғол қатеріне қарсы
жігерсіздік
көрсетті деп одан қол үзеді.
Осы кезде Бейбарысты және оның қасына ерген қыпшақтарды Ғазза
маңына
орналасқан, моңғол екпінінен ығып келген күрд тайпасы – шаһрузурия
әмірі
Нуриддин Бадлан құшақ жая қарсы алады. Бейбарыс осы тайпаның
әмірінің
қызына үйленеді. Бірақ, сұлтандық тағына отырғаннан кейін талақ
етеді. Одан
перзент көрмейді.
Ортақ жауға қарсы арадағы жауластықты ұмытып, Құтыз бен Бейбарыс
та
бірігеді. Бейбарыс және әмірлері 1260 жылы Каирге келіп кіреді. Оны
Құтыз
жылы қарсы алады.
Ер болсаң бопсаға шыда деген Құтыз Хулагуге қарсы шайқасқа шығуға
шешім
қабылдап, жихад жариялайды. 1260 жылдың тамыз айында Құтыз мәмлүк
әскерімен
Мысырдан шығады. Құтыз әскері Шам билеушісі Салахуддин Юсефпен 1254
жылы он
жылдық бейбіт шартқа қол қойған христиан иеліктерінің ниетін білмек
болып
Акка бағытын бетке алады. Мысвыр осы шартқа 1256 жылы қосылған
болатын.
Христиан әскерлері мұсылман әскерлерінің өз жерлері арқылы өтуіне
рұқсат
беріп, кейбір тарихшылар көрсеткендей, әскери көмек беруге де
дайындықтарын
білдіреді. Алайда Құтыз олардан бейтарап саясатын ұстануларын
сұрайды.
Олардың көмек беруге шамасы да жоқ еді. Өйткені 1256 жылы Венеция
мен Генуя
арасындағы бұрқ ете қалған соғыс Жерорта теңізі жағалауындағы
христиан
иеліктерінде шарпып өткен еді.
Сұлтан Құтыздың әскері шамамен 40 мыңдай болатын. Ал Кетбұқа
ноянның әскері
10 мыңға жуық еді. Кетбұқа ноян Хулагудан қосымша әскер сұрамай
шайқасқа
өзі шығады. Онымен бірге Киликия армяндарының патшасы Хетун және
оның күйеу
баласы Антиохия билеушісі Боэмунд болды. Хулагу әскерінің 3 мыңын
армян,
грузин жасақтары құрайды.
1260 жылдың 3 қыркүйегінде екі әскер арасында кескілескен шайқас
болады,
екі жақтан да шығын көп болды. Нәтижесінде мәмлүктер жеңіске жетті.
Кетбұқа
қаза тапты. Тарихта бұл соғыс Айн Джалут шайқасы деген атпен қалды.
Айн
Джалут шайқасында Хулагу әскерінің жеңілуі христиан иеліктерінің
алысқа
кететін жолдарын жүзеге асырмай тастады. Мәмлүктер мен моңғолдар
арсында
бейтарап саясат ұстанған христиан иеліктері өздерінің болашақтарына
кері
әсер ететін айқындама ұстанды. Олардың позиципясы шайқастың
мұсылмандар
пайдасына шешілуіне белгілі бір дәрежеде әсер етті.
Әрине біз үшін маңызды жақтардың бірі Айн Джалут шайқасы аттарын
бүкіл
әлемге жацған қыпшақтар өздерінің ата жұрты Алтын Орда мен тікелей
байланыс
орнатуына тікелей жол ашты. Соғыс аяқталуымен Бейбарыс пен Құтыз
арасында
қарым – қатынас шиеленісе түсті. Бұған әртүрлі себептер
келтіріледі.
Нәтижесінде аң аулауға шыққан Құтызды Бейбарыс басқа әмірлермен
сөз
байласып өлтіреді. Құтызды өлтірген соң Бейбарыс сацыт –
саймандарын
асынып, нөкерлерімен сұлтан ордасына келіп әмірлермен кездеседі. Ол
жерде
Құтыздың мәмлүктері және Александрия абақтысынан Құтыз босатқан
әмірлер,
Ғаззада кездескен, әмір Балапан әр-Рашиди, әмір Джамалуддин
Айдоғды, әмір
Сейфуддни Баһадур және бір топ әмірлер болды. Сонда Атабек тұрып
Уаллаһи,
егер Құтыз тірі болса немесе оның баласы болғанда, мойнымызда
антымыз бар,
осы қылышпен сендермен соғысар едім. Бірақ, оның сағаты өтті. Кім
оны
өлтірсе сол сөзсіз басын қатерге тікті. Сондықтан оның орнына оны
өлтірген
адам хақылы дейді. Сонда Бейбарыс тұрып өзі өлтіргенін айтып
төрге
жайғасады. Сұлтандар оған ант береді. Содан кейін Бейбарыс атқа
қонып Каир
қаласына жол тартады. Сөйтіп 1260 жылдың 23 қазаны күні кешке
қамалға кіріп
сұлтан тағына отырады. Осыдан бастап өзінің тағын бекітуге және
елдің
сыртқы саясатын бекітуге, шекараны кеңейтуге кіріседі.
1.2 Сұлтан Бейбарыстың құрған мемлекетінің
құрылымы
Бейбарыс сұлтандығы
Сонымен Бейбарыс султан тағына отырып салтанат
құрады. Химс, Хама,
Сихиун, Моусил, Алеппо және барлық мұсылман иеліктеріндегі қалалар
мен
қамалдардың әмірлеріне Бейбарыстың сұлтандық тағына отырғандығы
жөнінде
хабар жолданады.
Бейбарыс сұлтандық тағына отырысымен өзінен бұрынғы сұлтан жиһад
жолында әр
адам басынан бір динардан салған салықты жояды. Сұлтандық
тұрғындары жаңа
сұлтанның өзгерістерін қуанышпен қарсы алды. Бас бостандықтарынан
айырылып,
абақтыларда жатқандарға кешірім жариялап, біраз мәмлүктерге де
азаттық
береді. Әмірлерге мол сый-сыйяпат көрсетеді. Қамал абақтысында
жатқан Айбек
сұлтанның балалары сұлтан Али, оның інісі Қақан мен олардың
шешелеріне
бостандық беріп, Византия императорлығының астанасы
Константинопольге
жолдарын ашады.
Өзінің үзеңгелес достарына мол сый-сияпат көрсетеді. Оларды
мемлекеттік
маңызды мансаптарға тағайындайды. Біз сол тізімнен Бейбарыстың
таққа
отыруына септігін тигізген адамдардың аты жөндерін көреміз. Олар:
Әмір
Фарусиддин Ақытай – атабек, әмір Лашын ад- Дарфил –бас дауадар,әмір
Балапан
ар-Рашиди-екінші дауадар, әмір Баһауддин Яқуб аш-Шаһрузури-ахур бас
әмірі,
әмір Айбек әл-Афрам әмір жандар болып тағайындалады.
Бейбарыс сонымен қатар әмір Бадруддин Байсары аш-Шамеи, әмір
Бектұт
Жукандар, әмір Байтуған әмір Унус ал-Исфаһандилерге мыңбасылық
дәрежелер
беріледі. Әмір Рукнуддин Айашы мен әмір Сейфуддин Бекшора сұлтанның
бірінші
және екінші хаджибтері- камергерлері, әмір Ақұш ұстадар болып
тағайындалады.
Бейбарыс билігі орнығып, қуаты артқан кезде әмір Білікті өзінің
наибы етіп
тағайындайды. Бейбарыстың оған сенгені соншалық Білік сұлтанмен
ақылдаспай-
ақ өз бетімен шешім қабылдай беретін болды. Жер иеліктерін
тарату,
мансаптарға тағайындау және басқада мемлекеттік істерде оның қолына
ешкім
байлау болмайды.
Ішкі бүліктер. Мәмлүк мемлекеті араб бәдеуи тайпалары мен
аюбидтер
тұқымдарымен Мысыр мен Шамдағы билікке таласта олардың
қарсыластарын тез
басып, Кетбұқа ноянның қосын қиратып өздерінің әскери
басымдылықтарын айқын
көрсетті. Алайда, сыртқы қатерлі факторлардың шешім пайдасына қатар
білген
бейбарыс өзінің сұлтандық құрған бастапқы кезеңде бірнеше ішкі
толқуларды
бастан кешірді. 1260 жылдың күзінде Бейбарыс сұлтан болып
жарияланысымен
Каир мен Дамаскіде екі бүлік бұрқ ете түсті. Қараша айында Дамаск
билеушісі
сұлтан Құтыздың наибы әмір Илмудддин Санжар әл-Халабидың Бейбарысқа
қарсы
шығуы ұстазының өліміне наразылығы мен антқа адалдығы деп бағаласа
болды.
Алайды, аталған әмір жаңа сұлтанды мойындамақ тұрмақ өзін сұлтан
деп
жариялап, өз атынан ақша соқтырады.Мысырдан біржолата бөлініп жеке
өз
алдына сұлтандық құрмақ болды. Дамаск қаласының ішіндегі қамалды
күшейтеді.
Тарихшылар қамалды күшейту жұмысына қара халық, әйелдерге дейін
қатысқанын
жазады. Өзінің сепаратистік пиғылына тартпақ мақсатта
маңайындағы
қалалардың билеушілеріне, атап айтқанда Алеппо, Хама, Химс және
т.б.
әмірлеріне өз билігін мойындауға шақырып хат жолдайды. Алайда,
Бейбарыстың
сескенген әмірлер бұл күмәнді қадамға барудан бас тартады. Олардың
ішінен
әмір Лашын ғана хатында Кім Мысырды иеленсе соған бағынамын-деп
жауап
береді.
Бейбарыс болса қан төгуге бармау үшін бүлікшіл әмірмен бейбіт
жолмен
келіскісі келеді. Санжардың қасындағы әмірлерді өз жағына тарту
үшін ақша
күшінде пайдаланып көреді. Келіссөздер нәтиже бермегендіктен
бүлікті басуға
өзінің ұстазы әмір Айтегін басқарған әскерді Дамаскіге
жолдайды.
Айналасындағы әмірлердің қолдауынан айырылған бүлікшіл әмір бір
айдан соң
аяқ-қолы бұғауланып Каирге жеткізіледі де қамал ішіндегі зынданнан
орын
алады. Әмір Айтегін сұлтан Бейбарыстың Шамдағы наибы болып
сайланады.
Алайда, Бейбарыс бұл жолы мәмлүктерге тән кешірімділікпен жауына
бостандық
береді. Кеше өзіне қарсы шыққан әмір Санжарға Шамдағы ірі
иеліктердің бірі,
кезінде өзіне Құтыз қимаған, Алеппо өңіріне әмір етіп жібереді.
Сол кезеңде болған екінші бүлікті Каир қаласынада тақуалық өмір
кешкен
Курани деген шиит басқарады. Курани өасында топтасқандарды мәмлүк
сүннит
билігін шиит билігімен күштеп алмастыруға үгіттеп, билік басына
келген
жағдайда оларға жер иеліктерін молынан кесіп беруге уәделер
береді.
Сонымен, Курани бастаған бүлікшілер 1260-жылдың аяғында Каир
қаласының
көшелеріне шығып, Иә, Әли деген ұрандарымен қару-жарақ дүкендерін
тонап,
әскери атқораларға шабуыл жасайды.
Ол кезде темірдей қатаң тәртіпке бағынған жүйелі мәмлүк атты
әскеріне қарсы
тұра алатын күш жоқ болатын. Бейбарыстың жауабы тез болды, атқа
қонған
мәмлүк әскері көтерісшілерді қоршауға алып, көзін
жояды.
2. Қайыр мен Сарай арасындағы дипломатиялық елшіліктердің қатынауы
Мысыр Мамлук мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арасындағы байланыстар тақырыбының ішінде дипломатиялық қарым-қатынастары өзіне ерекше назар аударуды қажет етеді. Бұл тақырыпта арнайы зерттеу жүргізген, жоғарыда аталған Әмин әл-Холидің «Силат бейна аннил уа әл-вулга» атты еңбегінде біршама зерттелген тақырыптардың бірі. Автор өз зерттеуінде екі мемлекет арасындағы дипломатиялық байланыстар тақырыбын Әл-Мақризи, Әл-Омари, Әл-Қалқашанди, Ан-Нуайри сынды орта ғасыр араб авторларының деректеріне кеңінен сүйенген. Алайда, ол бұл тақырыпты жалпылама қарастырып, дипломатиялық елшіліктердің қатынау жылдары, оны бастап барған елшілердің есімдері, негізгі тапсырмалары мен апарған сыйлықтардың тізімін берумен шектелген. Ол өзінің зерттеуінде кеңінен пайдаланған деректер мен дерек көздеріне галдау жасамаған.
Қарастырып отырған тақырыпқа қатысты негізгі зерттеулердің бірі ретінде, кітаптың тарихнама тарауында карастырған С.Закировтың «Дипломатические отношения Золотой Орды с Египтом ХІІІ-ХV вв.» атты еңбегін атадық және оның ерекшеліктері мен кемшіліктерін де атап өттік. Сонымен бірге, осы тарауда қарастырып отырган тақырыпқа арналған тұңғыш және бүгінгі күнге дейін жарияланған жалғыз зерттеу екенін тағы айта кеткен жөн.
Мәмлүк мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар тақырыбына жазылған арнайы зерттеуде автор бұл тақырыпты барынша ашуға тырысады жэне екі мемлекет арасындағы орын алған дипломатиялық елшіліктерді толығымен қамтиды. Алайда, зерттеуші Қайыр мен Сарай арасындағы дипломатиялық байланыстардың күшеюі мен әлсіреуінің негізгі кезеңдерін анықтамауға талпынбайды және оның себептерін ашып көрсетпеуі себепті бұл мәселе жан-жақты толық қамтылмаған.
Сұлтан аз-Заьир Байбарыс Берке-ханға 1262 жылы елшілікке Дешті-Қыпшақ елі мен оның тілін жақсы білетін мамлүк өмірі Күшбекті және Қыпшақ елінен жақында келген, Шариғат пен Ислам заңдарының білгірі Маджид ад-Дин мен Нафранды аттандырады. Сұлтан Байбарыс Берке-ханды бұл жолы да көпірлерге қарсы қасиетті «джихадқа» қатысуға шақырып хат жолдап, онда Мысырдағы ислам әскерлерінің күш-қуатын, оның этникалық құрамын сипаттап, Ислам әлеміндегі Мысыр сұлтанына бой ұсынатын патшаларды атап көрсетеді. Құлағудың жаулап алған жерлерінде мұсылмандарға қысымшылык пен зұлымдық көрсетіп жатқандығын, оның ісі Аллаға жеркенішті екенін және оған қарсы соғыспауға болмайтынын айта келе, Берке-хан әскерлерінің Мысырға келгенін, оларға үлкен сый-құрмет көрсетілгенін хабарлайды. Дешті елшілері Ордаға қайтарында сұлтан Аббас әулеті халифасының туыстарын елшілікке қосып сапарға аттандырады. Елшілермен жіберетін хатты жазу мэселесі бойынша үлкен жиын ұйымдастырып, оган Аббас әулетінің халифасы Әл-Хаким би-Амрилланы қатыстырып, елшілер сапарға аттанар алдында олармен бас қостырады. Бұл дерек екі билеуші арасындағы әскери-саяси жақындасудың діни жағының да аса күшті болғанын айқын көрсетеді.
Берке-хан сұлтан Байбарысқа жіберген елшілерімен бірге жолдаған хатында шүкіршілік пен мақтау, өзінің ризашылық сәлемін айтып, Құлағуға қарсы соғысқа әскери көмек сұрайды. Құлағу-ханның мұсылмандарға қарсы соғысы Шыңғыс-хан өсиет қылған «Ұлы Йаса» заңын бұзғандығы, деп жария етіп, оның күнәсі мен қылмысына қарсы Берке-хан өзінің төрт ағайынымен бірге Ислам орнату жолында барлык жақтан оған (яғни, Құлағу-ханға) қарсы соғысып жатқанын жеткізеді.
Халифа оларға лайық қымбат киімдерді сыйға тартып, сұлтан Байбарыс, Исламның киелі жерлері — Мекке, Медине және Құдыс мешіттерінің мінбелерінен сұлтанның есімінен кейін Берке-ханның есімі аталып дұға айтылсын, деген өмір жаздырады.
Берке-хан сұлтан Байбарысқа сол жылы елшілерін жіберіп, оны бастап келушілердің ішінде әмірлер — Арбұға, Артемір және Аунамаспен бірге Қайыр елшілігін бастап келген Шихаб ад-Дин Ғази болады.
Елшілер сұлтан Байбарысқа Берке-ханның хаты мен ауызша жолдауында Құлағу-ханның жеңілісіне ислам үмметінің қуанышын хабарлайды. Түркі-қыпшақ елі мен руларының Ислам дінін қабылдағанына қуанып, Ибн Шихаб ад-Дин сүлтанға Берке-ханның Құлағуға қарсы соғысының куәсі болғанын жеткізеді.
Сұлтан Байбарыс Берке-ханның елшілерін жылы қабылдап, оларга қымбат сыйлықтар тарту етеді. Халифа елшілерге Берке-ханга арнаган ауызша жолдауында Шариғат пен Алла жолындағы қасиетті «Джиьад» соғысы, Ислам дініндегі әділеттілік жайында және т.б. өсиеттерін айтып жеткізуді тапсырады.
Сол жылы сұлтан Байбарыстан Берке-ханға аттанған ел-шілікті бастап барғандар мамлүк өмірлері — Фарис ад-Дин Ақуш ас-Сауди әл-Асади және Аш-Шариф Имад ад-Дин Абд ар-Рахим әл-Хашими — Қайырға келген Берке-ханның елшілерімен бірге Сарайға аттанады. Берке-ханға жолдаған хатында сұлтан тағы да қасиетті «Джиьад» соғысы мен Алланың елшісі Мұхаммед Пайғамбардың жолына түсу, оған иман келтіріп, илану керектігі туралы және т.с.с. үгіт-насихатын айтады. Оған жіберген сыйлықтарының ішінде: Қасиетті Құранның «Осман нұсқасы», деп аталатын, қызыл атласпен капталып, ою-өрнектермен безендірілген нұсқасы; былғарымен астарланған қобдишаға салынған жэне оған піл сүйегі мен қара ағаштан жасалған, күміспен әшекейленген орындығы; кілемдер мен жайнамаздар; май шамдары; бір жираф; есектер; жүйрік араб түйелері; қымбат бағалы сыйлықтар; Александриялық киім-кешектер; қылыштар мен найзалар; садақтың жібек шектері; тұлпарлар, үзеңгілер мен ертоқымдар; үйретілген маймылдар; Африкадан әкелінген кара нәсілді құл қызметшілер; аспазшы құл әйелдер; жіберілген хайуандардың қараушылары және т.б. Яғни, Мысыр елінде бар ғажайып пен қызықты заттарды көптеп жібереді. Оларға арнайы үлкен кеме даярлап, оған саналуан түрлі қымбат сыйлықтар жинап, оларға көптеген теңіз әскери мәмлүктерін қосып, бір жыл мерзімге жабдықтап сапарга аттандырады. Бірақ, бұл елшіл ік Константинопольде ұзақ уақыт кідіріп қалады. Сол себепті, Қайыр мен Константинополь арасында саяси шиеленіс орын алады.
Сұлтан Байбарыстан Берке-ханға 1264 жылы елшілік жіберіліп, оны Шуджа ад-Дин ибн ад-Дайа әл-Хаджиб бастап барады. Онымен жолдаған хатында, Константинополь әміршісі Әл-Сакрисидің (араб деректерінде бұл есім Әл-Ашкари деп берілген. автор) сұлтан Байбарысты Қыпшақ елінің патшасы алдында араға түсуіне өтініш білдіруі себепті Берке-ханның Константинопольге қарсы шабуылдарын тоқтатуын сұрайды. Елшілікпен бірге Берке-ханга арнап «омра» (Кіші қажылық, автор) жасаған Құран аяттары мен Хадистер жазылған үш сәлде (омраға барғандағы киім автор), «Зәм-зәм» суы құйылған екі құмған, бальзам майы және т.б. діни мағынасы бар заттар жібереді.
Сұлтан Байбарыстан 1267 жылы Берке-ханның ағасының баласының баласы — Мүңкетемір-ханға елшілерін жіберіп, Берке-ханның қазасына байланысты көңіл айтып, Мүңкетемірдің таққа отыруына өз құттықтауы мен арнайы сыйлықтарын жібереді. Бүл елшілік Берке-хан қайтыс болған кезде, Қайырда сұлтан Байбарыстың алдында болған Сарай елшілерімен бірге сапарға аттанады.
Мұңкетемір-ханнан сұлтан Байбарысқа 1271 жылы елшілік аттандырылып, олармен жолдаған хатында Мүңкетемір сұлтан жауларын өзінің жауы санайтынын және сұлтанды өте құрметтейтінін хабарлап, Құлағуға қарсы соғысуға әскери көмек сұрайды. Құлағудың қолындағы бүкіл мұсылман елдері сұлтандікі болуы қажет, деп жазады.
Сұлтан Байбарыстан Мұңкетемір-ханға 1272 жылы жіберілген елшілікті әмір Сайф аддин ас-Сауаби әл-Михмандар және Бадр ад-Дин ибн Азиз әл-Хаджиб бастап барады. Елшілік Қайырдан қайтқан Сарай елшілерімен бірге сапарға аттанды. Елшілікпен бірге жолданған саяси хатында Құлағудың ұлы Абақаның әрекеттері мен оның жеңілісі туралы хабарлайды.
Мүңкетемірге арнайы кымбат сыйлықтар, оның өзі сұратқан дәрілер мен дэрілік шөптер жіберіледі.
Сарайда Мүңкетемір қайтыс болып, таққа Таданмүңке отырады.
Таданмүңке-хан сұлтан Қалауынға 1283 жылы жіберілген елшілікті Қыпшақ еліндегі ислам заңдарының білгірлері Маджид ад-Дин Ата мен Нур ад-Дин Ата бастап барады. Олармен бірге сұлтанға жолдаған хатында өзінің ислам дінін қабылдағаны мен такқа отырғанын хабарлап, жіберген елшілері қажылық жасап қайтуын өтінеді. Ауызша жолдауында Таданмүңке хан халифа мен сұлтанға өзінің елшілері арқылы екеуінің ортақ жауларына қарсы соғысатындығын жеткізуді тапсырады. Ханның сұрауы бойынша екі елші қажылық жасап қайтады.
Таданмүңке-ханнан сұлтан Қалауынға 1286 жылы жіберілген елшілерінің құрамына содан үш жыл алдындағы жіберілген елшілігіне қатысқан, сол келуінде сұлтан қаржысына Мысыр кереуенімен қажылыққа барған, ислам діні мен заңдарының білгірі Маджид ад-Дин Атаны жібереді. Сұлтан Қалауын қалағанның барлығын жауапсыз қалдырмайтындығын хабарлайды.
1304 жылы Тоқтай-ханнан сұлтан Қалауынның ұлы сұлтан Ан-Насир Мухаммад ибн Қалауынға елшілік жіберіліп, оны әмір Қарақшы бастап барады. Елшілікпен бірге көптеген сыйлықтар мен тартулар, жасөспірім мамлүктер мен құл әйелдерді қосып жібереді. Тоқтай-ханның бітіспес жауы Ғазан-ханға қарсы соғысқа аттануын сұрайды. Харбанды қаласын қоршауға алып, оның елін талқандап тастаудың қажеттілігін айтады.
Сұлтан Ан-Насир ибн Қалауын Тоқтай-ханға елшілері Бадр ад-Дин Икміш жэне Фахр ад-Дин аш-Шамсиді жібереді. Бұл елшілік Қыпшақ елінен келген елшілікпен бірге 1306 жылы Сарайға аттандырылып, сұлтан Ан-Насир оған өзінің жауабында Харбанды елімен бейбітшілік келісім орнатқандығын және оны бұзудың лайық емес екендігін хабарлайды.
Тоқтай-ханнан сұлтан Ан-Насирге 1310 жылы жіберілген елшілікті Ала ад-Дин Али бастап барады. Сұлтан Ан-Насирдің сұлтан тағын қайтарып алуымен және Тоқтайдың қарсыластарын жеңуімен құттықтайды.
Өзбек-ханнан сұлтан Ан-Насирге 1314 жылы жіберілген елшілікті Берке-ханның балалары мен ұрпақтарынан, барлығы 174 адамнан құралған елшілікті Манғуш бастап барады. Бұл елшілік оның алдында Сарайға келген сұлтан Ан-Насирдің елшілігімен бірге аттандырылады. Сұлтанға жолдаған хатында сүйек жаңғыртып өзара құдаласуға ұйғарым жасалып, өзінің алдында болған Тоқтай-ханның қызына үйленуін ұсынады.
Сұлтан Ан-Насир Өзбек-ханға 1316 жылы елшілік жіберіп, оны елшілері Ала ад-Дин Айдоғды, Хусейн ибн Сары және Мысыр копты христиандарының патриархы бастап барады. Елшілік Өзбек-ханның елшілерімен бірге Қайырдан Сарайға сапарға шығып, өздерімен бірге көптеген сыйлықтар мен тартулар, оның ішінде маталар, соғыс құрал-саймандарын, алтын үзеңгілер мен ертоқымдары бар жүйрік тұлпарлар, алтынмен безендендірілген мысыр қылыштарын апарады. Бұл елшілік 1314 жылгы елшілік алып келген қүдаласу жайындағы ұсыныс үлкен маңызға ие болып, оларға керемет қымбат сыйлықтар берілгеніне қарамастан, Сарай жағы қалыңмал мен құдаларды күту мерзіміне келгенде анық жауабын бермейді.
Өзбек-ханнан 1319 жылы сұлтан ан-Насирге жіберілген елшілерінің ішінде көптеген қариялар, жоғары мансапты дәулер, Өзбек-ханның имамы Бурхан ад-Дин, Сарай қаласының қадиі, қыз-ханзадалар жэне 150 ер азаматтар болады. Елшілікпен қосып 60 күл әйелдер мен үш мың мәмлүк сыйға жіберіледі.
Осы жылы Мысыр жеріне келін және онымен бірге қымбат сый, тартулар келіп жетеді. Келін мен елшілердің Қайырға келуіне байланысты ұйымдастырылған күтіп алу салтанаты мен жайылған дастархандарыныңбайлығы мен молдыгы сол заманғы орта ғасыр деректерінде ерекше сипатталған. Ол жайындагы деректердің хабарлауынша: «ол барлық замандар мен барлық жерлерде болған ең үлкен той-думандармен бәсекеге түсе алады». [4.69 бет].
1334 жылы Өзбек-хан сұлтан Ан-Насирге аттандырған елшілерімен бірге оған хат жолдап, онда Өзбек-ханның ағасының қызы, қыпшақ ханзадасы жайлы сұлтанға айып тақты. Хаттың мазмұны — Ан-Насирге қалындыққа жіберілген хан әулетінің тандаулы қыздарының бірін өзінің қажеттілігіне лайық болмаған жағдайда сұлтан оны, яғни ханзаданы алған жеріне қайтаруга міндетті екендігі айтылады.
Бұл хат және оған жауап жайындағы ресми деректер көмескі және ол туралы анық мағлұматтар келтірілмейді. Сол заманның бірқатар тарихшыларының хабарлауынша, екі мемлекеттің билеушілері арасында 1328 — 1336 жж. аралығында хат жазысу тоқтап қалған.
Сұлтан Ан-Насир Сарайға 1336 жылы жіберген елшілігі Сыр Тоқтақай жэне Хауаджа Омардың бастауымен Өзбек-ханға арнайы қымбат сыйлықтар жэне сол елден мамлүктер мен құл әйелдер сатып әкелу үшін 20 мың алтын динар ақшамен сапарға аттандырылады.
Өзбек-хан тарапынан Қайырға 1338 жылы жіберілген елшілікті Музаффар ад-Дин ат-Таджир бастап барып, елшілік өзімен бірге көптеген мамлүктер мен құл әйелдер алып келеді. Олардың біразы Орданың беделді екі әмір бекзадасынан, ал біразы өзінің елшісі Музаффар ад-Дин ат-Таджирден сұлтанға тарту етіледі.
Өзбек-ханнан сұлтан Ан-Насирге 1338 жылы аттандырылған елшілік 1336 жылы Сарайға елші болып келген Сыр Тоқтақаймен бірге 153 адамнан тұратын елшілікпен бірге сапарга шығады. Сұлтан Ан-Насирдің қыздарының бірін Өзбек-ханға қалыңдыққа беруін сұрайды. Бірақ, Өзбек-ханның бұл сұрауына қайтарған жауабында сұлтан қыздарының әлі кішкентай, ең үлкенінің жасы алтыда болуы себепті ханның бұл сұрауын орындай алмайтынын және жасы кәмелетке жеткен соң жіберетіндігін хабарлайды.
1340 жылы сұлтан Ан-Насир Мұхаммад Ибн Қалауын қайтыс болады.
Жәнібек-хан сұлтан Ан-Насирдің таққа отырған баласы Хасан ибн ан-Насирге 1342 жылы әмір Қара-Бахадур бастаған елшілігін аттандырып, онымен бірге сыйлықтар мен тартулар, оның ішінде, алты сұңқар, аңшы құстар, мамлүктер, түркі әйел құлдар және бұлыңғыр терілері жіберіледі.
Сонымен, ХІІІ-ХV ғасырларға жататын аутентивті араб жазба деректері Мамлүк мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арасындағы дипломатиялық қатынастар туралы келтірген мағлұматтардың негізінде екі мемлекет арасындағы дипломатиялық байланыстардың ең дамыған кезендерін анықтадық. Олардың ішінде сұлтан Байбарыстың билік еткен кезін, нақтырақ айтсақ 1261-1277 жж. аралығын ерекше атауға болады. Өйткені, бұл кезең екі мемлекет арасындағы әскери-саяси байланыстар мен дипломатиялық қарым-қатынастардың негізі қалануымен қоса, саяси жақындасудың ең жоғары деңгейіне, яғни сұлтан Байбарыстың Берке-ханның қызына үйленуі арқылы саяси құдаласуды жүзеге асырды. Сөйтіп, Мамлүк мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арасындағы байланыстардың ең күшейген кезінің алғашқысы, әрі ең мықтысы Мысырда сұлтан Байбарыстың, ал Дешті-Қыпшақта Берке-хан және одан кейін билікке келген Тоқта-хан биліктері кезеңін жатқызуға болады. Сонымен қоса, бұл кезендегі екі мемлекет арасындағы жақындасуда белгілі жағдайда діни фактордың әсерінің күшті болғанын ерекше айту керек.
Дипломатиялық байланыстар 1279-1290 жж. аралығында билік еткен сұлтан Қалауынның кезінде де мықты болды. Сұлтан Қалауын ішкі саясатта да, сыртқы саясатта да сұлтан Байбарыстың салып кеткен жолын берік ұстанды және Дешті-Қыпшақпен байланыстарын одан әрі нығайтуга атсалысты. Алайда, оның кезінде бұл қатынастарда елеулі ерекшеліктер байқалмады.
Мәмлүк мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арасындағы дипломатиялық байланыстардың жаңа карқынмен күшею кезеңі Мысырда билікке сүлтан Ан-Насир Мухаммад ибн Қалауынның келуімен байланысты болды. 1293-1341 жж. аралыгында Мысыр тағына үш мәрте келіп, барлығы 41 жыл билікте болған сұлтан Ан-Насир Мухаммадтың Дешті-Қыпшақпен байланыстары ерекше орынға ие. Ол Дешті-Қыпшақ ханы Өзбек-ханның билігі кезінде онымен ерекше тығыз қарым-қатынастар жасасты. Бір жағынан, аталған екі билеуші кезінде екі жақты дипломатиялық қарым-қатынастардың ең бір күшейген кезі болуымен қатар, бұл кезеңде бірқатар жағымсыз мәселелерге қатысты бір-біріне сын мен айып таққан фактілер болғаны да белгілі. Атап айтсақ, 1321 жылы Мысыр сұлтаны Ан-Насирге Өзбек-хан оның Елхан мемлекетіне қатысты әскери позициясы туралы ащы сын айтса, ал 1334 жылы сұлтанға қалыңдыққа жіберілген хан тұқымының ханзадасы туралы тағы айып тағылады. Алайда, бұл жағдайлар екі мемлекет пен олардың басшылары арасындағы қарым-қатынастарға айтарлықтай кері әсерін тигізбегенге ұқсайды. Себебі, екеуінің арасындағы дипломатиялық байланыстар үзілмейді және үлкен саяси мәселелерге қатысты қайшылықтар тудырмайды. Дегенмен, екі билеуші арасында жоғарыда атап өткен мәселелердің орын алуына қарамастан, сұлтан Ан-Насир мен Өзбек-ханның биліктері тұсында екі мемлекет арасындағы саяси байланыстар өте күшті болды жэне дипломатиялық елшіліктер жиі қатынауымен қоса, олардың алдына қойылған мәселелер де аса маңызды болды.
ДЕШТІ ҚЫПШАҚ ХАНДАРЫ МЕН МАМЛҮК СҰЛТАНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚҰДАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР
Ніл мен Еділ арасындағы достық байланысты нығайтудың негізгі фоаторларының бірі – Мысыр сұлтандары мен Алтын Орда хандары арасындағы өзара құдаласу болды. Қилы замандарда, әртүрлі мемлекеттер арасындағы саяси қарым-қатынастарды қыз алысу арқылы нығайту, тарихқа ертеден белгілі, ежелгі саяси жолдардың бірі болды.
Екі мемлекет арасындағы өзара құдаласуға негіз болған көптеген факторлардың ішінде, ең біріншісі, ол – туысқандық фактор, яғни, Мысыр мамлүктері мен Қыпшақ елін мекендеген халықтың тектік негізінің бірлгі. Мамлүк сұлтандары мен моңғол-қыпшақ хандарының біріне-бірін тартып, тығыз байланыстырып, жан-жақты қарым-қатынас орнатқан туысқандық негіз, олардың арасындағы болған ресми хат жазысудан анық байқалады. Мамлүк сұлтандары, өзінің хаттарында: «Біз және сендер бірміз», — деп, екі мемлекет арасындағы дипломатиялық елшіліктер мен өзара жазысқан хаттарында, бірін-бір, «ағамның баласы» деп атаған. Қаны бір, діні бір, мүдде-мақсаттары ортақтасып, саяси бағыттары біріккен екі ел арасындағы табиғи құдаластық оңды және нәтижелі болды.
1260 жылы, сұлтан тағына келген, Мысыр мамлүк мемлекетінің негізін салған, сұлтан Аз-Захир Байбарыс, Алтын Ордамен саяси-әскери одағын нығайту мақсатымен Берке ханның қызына үйленеді. Бұл неке – екі мемлекет арасындағы саяси некелерге жол ашып берген, ең алғашқы неке болғаны белгілі.
Жалпы алғанда, мамлүктер, өздеріне жат тектен қыз алмағаны белгілі, яғни көшпелі түркі-моңғол халықтарының өкілінен басқаларға, (араб, парсы) т.б. үйленбеген. Ол, тек мамлүк сұлтандары мен әмірлеріне ғана қатысты емес, жалпы түркі-моңғол текті мамлүк атауларының бәріне ортақ заң болып қалыптасып, әсіресе, Мысыр мамлүк мемлекетінде қатты сақталған. Мамлүктер, саны жағынан өздерінен көп басым, тегі бөтен араб елінде, өздерінің тегі мен қанын таза сақтап, жергілікті халық тарпынан туып, кейін келе дәстүрге айналған шаралардың бірі болса керек. Сұлтан Байбарыстың «Шариғат» бойынша алған, заңды төрт әйелі оған дәлел болады, олар:
Хисам Ад-Дин Берке-ханның қызы;
Сайф Ад-Дин Ноғайдың қызы;
Сайф Ад-Дин Керейдің қызы;
Сайф Ноғай Ат-Татаридің қызы.
Осы жерде айта кететін бір жай, ол – арабжәне Мысыр тарихшылары көшпелі түркі халықтары мен моңғол, ойраттарды бір этнос, деп есептеп, оларға қатысты «қыпшақ», «татар», «моңғол» сөздерін бірінің орнына бірін пайдалана берген. Яғни, олардың осы айтқандары мен мамлүктердің үйленудегі «қан алмастырмау» принципін берік ұстауы, осы халықтардың тегінің бір екендігіне дәлел секілді. Сондай-ақ, 19-20 ғғ. араб және Батыс зерттеушілері, 1382 жылы, сұлтан тағына келген сұлтан Барқұқтан бастап, Мысыр мамлүк мемлекетінің тарихында «Шеркеш» текті мамлүк сұлтандарының тарихы басталады деп олардың тегін түркі-қыпшақ тегінен бөліп, Кавказдық «черкестеріне» жатқызып жүр [16; 19]. Бұл, олардың, мамлүктердің шыққан тегінің шежіресін білмеуден туған қателік болса керек. Себебі «Шеркеш» мамлүктерінің де, өзінің алдындағы мамлүктер сияқты, өз тегінен басқамен «қан алмастырмау» принципін ұстаған және Алтын Ордамен байланысын үзбей, оларға жолдаған хаттарында: «Біз және сендер бірміз» [16; 19] деуі – олардың көшпелі түркі-қыпшақ халқының өкілдері екенінің бірінші дәлелі болса, сұлтан Барқұқтың, Ирақ жеріндегі Жалайыр мемлекетімен достығын нығайту мақсатында, Жалайыр сұлтаны Ахмад Ибн Уайстың қызына үйленіп, құдалық қарым-қатынас орантуы – оның екнші дәлелі бола алады. Осыдан көп ұзамай-ақ, Әмір Темірдің Таяу Шығысқа жасаған жорығына қарсы, Ирақ Жалайыр мемлекеті мен Мысыр мамлүк мемлекеті арасында саяси-әскери одақ құрылғаны [16; 19] тарихқа белгілі факті.
Сондай-ақ мамлүктердің, тек өз тегіне үйленуіне байланысты, назардан тыс қалдыруға екінші фактор, өздерінің сөздеріне жүгінсек, ол – көшпелі түркі халықтары қыздарының соның ішінде, әсіресе, ойрат қыздарының адам айтқысыз сұлулығында [16; 19], дейді біраз деректер.
Сонымен, осы аталған жақсы негіздер, екі жақтың өзара қыз алысып, құдаласуына түрткі болып, екі жақтың өзара туыстық сөздеріне себебін тигізіп, өздерінің сөзімен айтсақ: «бір заттай болып, барлық замандарда да, біріне-бірі тірек болып, соғыста жауларын жеңген, Алла сөзін ұстау үшін кәпірлерге қарсы қасиетті «Джихад» соғысына бірге аттануға негіз берген күштің негізі – осы тусқандық байланыста жатыр.
Қыз аларда, екі жақтың да назары негізгі саяси іске бағытталып, бір-біріне қалың-мал төлеуі формалдыққа жақын болды. Мысалы, құдаллықты тиянақтап, оның атқарылуын жеңілдеті үшін, сұлтанның жіберген елшілерін ақшамен қаржыландыруды Қыпшақ елінің саудагерлеріне міндеттеп, келін ханзаданы Мысырға аттандырады. Араб деректері, Мысыр жеріндегі келін аттандыру мен үйлену тойлары, Ислам кезеңіндегі тарихта белгілі, ең үлкен той-думандармен бәсекелесе алатындығын хабарлайды [16; 19]. Енді сол замандағы Мысыр өмірін, оның молшылығы мен салтанатын суреттеп, Мысыр тарихындағы ақиқат, шыншыл, тура білімді толықтыру үшін, солардың бірнешеуіне кеңірек тоқталып өтейік:
Ұзақ жылдар бойы, екі астана ортасында сый, тартулардың қатынауы нәтижесінде, екеуінің арасындағы байланыс нығайып, бір-біріне деген сенімі артып, өзара құдаласып, сүек жаңартыу туралы пікірі жетіледі. Сөйтіп, хиджраның 720 жылы, яғни, 1320 жылы, Шыңғыс-хан тұқымының қыз ханзадасы Қайырға аттандырылады. Оның есімін дұрыс келтіруде, деректер өзара қайшылық келіп, бірінде «Талынбаш» болып, екіншісінде «Толынбай» болса, үшіншісінде «Долынбай» түрінде берілген. Оның себебі, аты жергілікті халық үшін жат болып, оны жақтырмаған мысырлықтардың ықылассыз көзқарасымен, оның атын айтқанда, жіберген дыбыстық қателіктерінен болса керек. Ортағасырлар мысыр тарихшысы Ал-Мақризи, оны «Долбие» «Толыбие» немесе «Толыбай» деп атап, Қайыр қаласының Дарб Ар-Рашиди көшесінің қарсы жағындағы үлкен сарайды оның есімімен атап өтеді.
Сонымен, келін ханзада мысырға, арнайы үлкен елшілікпен жеткізіледі.
Оны, йықтарына, арнайы орындығымен бірге көтеріп, Хан әулетінің көптеген адамдары, төрт бекзада, Өзбек-ханның имамы Шейх Бурхан Ад-Дин, Сарайды қадиы (ислам сотының басшысы), сондай-ақ, бірнеше ондаған қыз ханзадалар, бір жүз елу ер адам келеді. Оған қоса, алпыс құл әйел, үш мың мамлүк жіберіледі. Елшілікпен бірге Өзбек-ханның, сұлтанға арнап жіберген, қымбат сыйлығы болды. Сарайдан Қайырға сапар, ыңғайлас желдің болмағаны себепті, жолдары ауыр, әрі ұзақ болып, біраз уақыт Константинопольде кідіреді. Оның билеушісі, Сарай елшілеріне сый-құрмет көрсетіп, өз тарапынан елшілерін даярлап, оларды Александрия портына дейін жеткізіп салады.
Александрияда, Сарай елшілігін салтанатпен күтіп алу мен сый-құрмет көрсетудің рәсімдері басталады. Келін ханзада кемеден, дөңгелектердің үстіне орнатылған «Харака»-ға яғни, үй тәрізді алтындармен безендірілген шатырға өтеді. Оны, мамлүктер, Александриядағы сұлтан сарайына дейін арқанмен тартып апарып, елшілерге, сый-құрметке толы қонақжайлық көрсетіп орналастырады. Олардың Қайырға сапары үшін он сегіз «харрақа» яғни өзен кмелерін даярлайды. Келін ханзада кемелердің ең үлкені – сұлтан кемесіне, ал елшіліктің басқа мүшелері қалған кемелерге отырып, Ніл өзенімен жүзіп келіп, Қайыр қаласының қарсы бет жағалауына тоқтайды. Олардың келуіне орай, сұлтан майданының, көз жететін жерінің бәріне кілем төселіп, арбалар, яхтылар, жүк таситын мал даярланып, бүкіл майданға жібек атыластан жасалған, көптеген шатырлар тігіледі.
Келін ханзаданы кемеден, арнайы зембілге отырғызып, оны йықтарына көтерген мамалүктер кемеден алып, түсіп, сұлтан майданындағы арнайы үлкен бөлмеге апарады. Майданда оған, сұлтанға аранйы істелген металл түсті атластан, ұзыннан-ұзақ коридор төселеді. Келінге, және онымен бірге келгендерге лайық дастархандар жайылады. Оларды орналастырып, жайғап, үш күн сый-құрметпен күткен соң, сұлтан, келінді көру үшін өзінің әмірін жібереді. Сосын, оны дөңгелектері бар, атлас перделермен жабылған, және сол кездегі белгілі, ең қымбат маталармен безендірілген күйменеі ішіне отырғызып, оған жегілген көлік жануардың екі жағынан екі мамлүк жетектеп, «Қалаа Ал-Джабалға» (тау үстіндегі сұлтанның қамалына) әкеліп тоқтайды. Сол заман тарихшылары, ол туралы: «Бүкіл Ислам мемлекетінде оған тең келетін бөлме болмаған» [16; 19], — деп, суреттейді.
Сосын, сұлтан, елінен келген елшілермен және олармен ілесіп келген Константинополь елшілерімен отырыс жасап, оған қатысты көптеген әмірлер мен мемлекеттік жоғары мансаптың иелері, салтанатты киінген әскери және мәдени азаматтардың алдында, Сарай елшілігінің үлкені, Өзбек-ханның сұлтан Ан-Наср Мұхаммедке жазған хатын оқып, Өзбек-ханның ауызша сәлемін айтып, оған:
«Сенің ағаң, Өзбек-хан саған:» «Сен елшілік жіберіп, Хан сүйегінен, яғни, оның тегінен қыз сұрадың. Егер, біз оны әкелмеген болсақ, сенің көңіліңе жақпас еді. Ұлы үйден, саған әкеліп жеткізгеніміз саған ұнаса, ал! Онда, сенің үйіңде, одан Алла Тағаланың: «Инна Алла иамурукум ан тауадду ал-аманат ила ахлиха» («Алла тағала сендерге, аманатты өз еліне жеткізуге әмір етеді»), деген сөзімен сәйкес амал қыл» — дейді.
Сұлтан, Ханның ауызша сәлеміне: «Біз әдемілік пен сұлулықты қаламаймыз! Біз, Ұлы әулетті, ұлы шаңырақты үлкейтіп, ағам Өзбек-ханмен туысқан болып, біз және ол тұтас бір заттай болуымызды қалаймыз!» – деп жауап қайтарады [16; 19].
Сосын Өзбек-ханның имамы Шейх Бурхан Ад-Дин, сұлтанға арналған, Ханның екінші ауызша сәлемін айтады. Бірақ, оның айтқан деректері сақталмаған.
Одан кейін, елшілерге асқан игі, керемет сұлу киімдерді, молшылықпен, сол заман деректері келтірген санға жүгінсек, шамамен, бес жүз тарту-киімдер (киіт) сыйға тартады. Дастархан жайылып, кадилар мен мемлекет басшылары төрт көзі түгел қатысып, қамалдың үлкен мешітінде неке шарты бекітіліп, сұлтан Ан-Наср, мешітке 20 мың алтын динар ақша садақаға беріп, кейінге тағы 40 мың тағайындайды. Неке шартын қади Ибн-Джамаа бекітіп болған соң, сұлтан, өзінің уәкіл-куәсі мен келіннің уәкіл-куәсіне, қадиларға, мемлекет басшыларына және осы жиынға қатысқандардың барлығына да тарту-киімдерін сыйлайды. Оның, қандай тарту-киімдер екенін көз алдымызға бір сәтке елестету үшін, солардың бірін, атап айтсақ, Сарайдың қадиіне сыйлаған киімін сипаттап көрейік, ол екі «фараджия», яғни, шейхтар киетін, жеңі кең сырт киім. Екеуінің бірі – қызыл атластан, мысыр алтынымен безендірілген киім [16; 19].
Сұлтан хан тегіне үйленіп, құрметті елшіліктің еркектеріне, сыйлықтарды молынан тарту жасап, олармен бірге, Өзбек-ханға және оның айналасындағыларға арнап, қымбат сыйлықтар жібереді.
Хиджраның 743 жылы, 1342 жылы, сұлтан оған «талақ бергенше, яғни, одан ажырасқанша, ханзада ұлтанның қолында бірнеше жыл тұрады. Одан кейін, оған, өзінің әскеріндегі мыңбасы Сайф Ад-Дин» Мүңкелі-Бұға Нилахдар үйленеді. Сайф Ад-Дин қайтыс болған соң, Нусун, деген мамлүк әмірі үйленеді. Ол да қайтыс болып, сұлтан әмірлерінің бірінің ұлы үйленіп, хиджраның 743 жылы, соның қолында қайтыс болып, Ал-Мақризидің оны «жоғары мәртебелі ханшайым «онда (мамлүк сұлтандарының мәртебелі лақабы) Тулбай Ан-Насрийя Қайыр қаласының «Ал-Барқийя» қақпасының сыртында, оған арнайы салынған қабырға жерленеді», деп баяндайды.
Осы саяси құдаласуда, Қыпшақ елінен келген ханзада мәселесіне келгенде, оның тарихын әңгімелеушілерді жетелейтін, саясатта айыпсыз болмаған бұл уақиғаның, бір қызық баяндаумен толықтырамыз, ол төмендегідей:
«Хиджраның 735 жылы, Өзбек-ханның елшілері Қайырға келіп, өздерімен бірге сұлтанға, Хан әулеті ханзадасының ісі жөнінде сын мен айып айтылған хат жеткізіп, онда Өзбек-хан, сұлтанның ханзадаға кіргенін, сосын, біраз күндер өткен соң, оны өзінің үйінен шығарып, өзінің бірнеше мамлүктеріне, бірінен соң, біріне, күйеуге бергені оны, яғни, Өзбек-ханды қатты қинайтындығын айтады. Сондай-ақ, Ан-Насрға жолдаған хатында, алдындағы жіберген елшілерінің бірі арқылы ауызша жеткізген сәлемінде айтқанын:»
«Хан әулетінің қыздарының бірін сұрап, сұлтан сан мәрте елшілерін жібереді. Мен, сұлтанның алдында ұятты болмас үшін, бұл істі қолдап, Хан әулетінің таңдаулы қыздарының бірін оған жібердім. Егер, ол, яғни, ханзада, сұлтанға қызмет етуге лайық болмаған жағдайда, оны мамлүктеріңе бермей, Ұлы Хан әулетінің қызын қорламай, оны еліне қайтаруыңды талап етеміз. Сенде, құл әйелдерің – көп! Мемлекетің – үлкен!» – деп, қайталап айтады.
Сұлтан өзіне хатпен және ауызша жіберілген сын мен айыпқа: «менің ағам Өзбек-ханға жеткен бұл хабар – өтірік, оған, яғни, ханзада тарапына ешқандай менсінбеу мен немқұрайды қарау мүлдем болған жоқ, өйткені, Алла Тағланың әмірі – шарасыз емес. Маған, ағамжіберген ханзадаға кірдім, өзіммен бірге тұрғыздым, бір жыл өткен соң әлсіздеп, Алла Тағаланың мейірімділігіне қайтты, яғни, қайтыс болады», деп жауап хат жазады.
Бұл саяси өтірікке қадилік заң тарапынан қолдау жастып, оны нығайту мақсатымен өзінің қадилік Бадр Ад-Динді істің мән-жайымен таныстырып, оған: «Ханзаданың өліміне Өзбек-ханның елшісі сенетіндей дәлел келтіру қажет» — дейді. Қади оған: «Оның жолы – екі қызметшіні қатыстырып, екі мамлүк: «пәленнің қызы, пәлен деген ханшайым, ауруының асқынуынан қайтыс болғанын өз көзімізбен көрдік» — деп, куәлік етсін – деп жауап береді. Сонымен, сұлтан мен қади екеуі, келіскендерін жүзеге асырып, бір қызметші және екі мамлүкті қатыстырып, олар қадидің алдында куәлік беріп, қади оны мәжіліс хатына түсіреді. Оны, сұлтан қадиден алып, жазушылармен толтырылған дәлел құжатқа сенген, Өзбек Ханның елшісіне тапсырады.
Осы әңгімені баяндаушы тарихшылардың біразы: «… патшаларды айыптағанда, жәй адамдарға да қисыны келмейтін, көркемдеп, әсірелеу үшін шығарылған өтірік әңгіме» деп сендіргісі келеді.
Бірақ, бұл әңгіменің растығын жақтаушылар, «қарғыс атқан, лас саясатта» мұндай уақиғалар көптеп кездесе бермейді, дейді.
Сөйтіп, бейшара ханзада, хиджраның 735 жылы өлді деген, ресми құжат жазылғанына қарамастан, бұдан кейін де, ол сегіз жыл өмір сүреді. Ал, кейбір деректер, бұл уақиғадан кейін, оның отыз жыл өмір сүргені, Қайыр қаласында үлкен үйі болғаны және шынымен қайтыс болған кезде, өзіне арнайы салынған қабырға жерлергені жайында Өзбек-ханның сұлтан Ан-Насрдың қызына құда түскені белгілі. Бірақ, Қыпшақ елінен келген ханзадаға істегенін, Өзбек-хан да тура солай істегісі келеді, деп күдіктеніп, қызының әлі кішкентай екенін себеп қылып, кешірім өтінеді.
Бірақ оған қарамастан, екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынас әлсіреп, әскери-саяси одақтың ара-жігі ажырамайды. Керсінше, екі ел арасындағы туысқандық негізі мықты байланыстар одан әрі нығайып, Сарай мен Қайыр арасында екі елдің елшіліктері қатынауын тоқтатпайды. Алтын Орда хандары мен Мысыр мамлүк мемлекеті сұлтандарының арасындағы ресми хат жазысуында әрдайым: «Біз және сендер бірміз!» [16; 19] – деуі. Сондай-ақ 1356 жылы, Жәнібек-ханның елшілері әкелген хатқа қайтарған жауабында, сұлтан Ан-Насрдың ұлы сұлтан Хасан: «Менің әкем мен сенің әкең – бір адамдай болған!», – деп жазады. Қорытып айтар болсақ, Мысыр мен Таяу Шығыстағы түркі мамлүктерінің он ғасырлық тарихында, ислам және адамзат тарихындағы уақиғалардың ағымына әсерін тигізген Мысыр мамлүк мемлекетінің орны ерекше. Оның негізін салған, сұлтан Аз-Захир Байбарыс, Қыпшақ даласымен байланыс орнату мақсатымен, инициативаны өз қолына алып, Алтын Орда мемлекетіне бірінші болып елшілік аттандырады. Нәтижесінде, онымен екі жақты дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, саяси және әскери одақ құрып, стартегиялық даналық көрсетеді. Сондай-ақ, сұлтан байбарыс, Алтын Орда ханы Берке-ханның қызына үйленіп, Ұлы Хан әулетімен құдалық қарым-қатынасқа түскен ммалүк сұлтандарының біріншісі болды.
Бір жағынан, екі мемлекетті де тығыз қарым-қатынас орнатуға негіз берген – туысқандық болса, екінші жағынан, әскери-саяси одақ құруға итермелеген сыртқы саяси жағдай екенін де, ескеру қажет. Мысыр мамлүк мемлекетінің дүниеге келу кезі Ислам әлемі үшін ең ауыр кезеңге тура келеді [16; 19]. Батыс христиан мемлекеттері, алдында болған сәтсіздіктерденес жинап, күшейіп, Франция королі «Луис Тоғызыншы» біріккен кресті әскерлерін бастап жаңа бірнеші қалаларын жаулап алады. Осы кезде, ауруы асқынып, өлім өлім аузында жатқан Ал-Айуби әулетінің соңғы сұлтаны Салих Наджм Ад-Дин қайтыс болады. (1250 ж.). жауға тойтарыс беру ауыртпалығы Фарис Ад-Дин Ақтай, Рукн Ад-Дин Байбарыс, Сайф Ад-Дин Қалауын сияқты беделді мамлүк әмірлері бастаған алдымен, «Думиат» түбінде, сосын, «Фарскур» маңайында кресті әскерлеріне күйрете соққы беріп, «Луис Тоғызыншыны» және оның айналасындағы көптеген әмірлер мен бекзадаларын тұтқынға түсіреді. Бұл шайқаста, мамлүк әмірлері мен мамлүк жасақтарының жеңісі, олардың беделінің одан әрі күшейіп, ислам әлеміндегі маңыздылығының едәуір артуына себебін тигізеді.
Сондай-ақ, Шығыстан Шыңғыс-ханның немересі Құлағұл-хан бастаған жаулаушылық ислам әлеміне қырғидай тиіп, аз уақыт ішінде, Иран және Ирақтың әскерлеріне тас-талқан етіп, олардың жерлерін жаулап алады. Сол кездегі Ислам Халифатының орталығы болған, бағдат қаласын басып алып, ондағы Аббас әулетінің халифасын өлтіріп, мұсылман халқын қырғынға ұшыратқаны жайлы хабар бүкіл Ислам әлемін дүр сілкіндіреді. Ендігі ретте, Құлағұлдың әскерлері, Ислам әлемінің күйретілмеген соңғы қамалы – Мысыр мамлүк мемлекетіне қарсы шапқыншылығын бастап, әскерлерін Шам еліне қарай бағыттайды. 1260 жылы болған, атақты «Айн-Джалут» шайқасында Мысыр мамлүк әскерлері, ешқешен жеңіліс көрмеген, «жеңімпаз» атанған моңғол әскерлеріне тұңғыш рет күйрете соққы береді [16; 19]. Бұдан кейін де, талай шайқастарда жеңіске жете алмаған моңғолдардың ниетін жақсы білген батыс крестілері, оларға елшілік жіберіп, ортақ жауы – Мысыр мамлүк мемлекетін күйрету үшін әскери-саяси одақ құру мақсатымен екі жақты келіссөз жүргізуге кіріседі. Сөйтіп, олар Ислам әлеміндегі соңғы қарсыласы Мысыр мамлүктеріне Батыстан және Шығыстан бір мезгілде соққы беріп, оны біржолата күйретпек болады [16; 19].
Мүны білген Сұлтан Байбарыс, біріккен күштерге төтеп беру үшін өзіне мықты одақтастың қажеттілігін сезіп, оны өзінің кіндік қаны тамған отаны – Қыпшақ даласынан табады. Сөйтіп, 1260 жылы, Байбарыс сұлтан тағына отырғанына бір жыл толар-толмаста, 1261 жылы Алтын Орда мемлекетінің ханы Берке-ханға алғашқы елшілігін аттандырды [16; 19]. Нәтижесінде, екі мемлекет арасында әскери-саяси одақ құрылып, Берке-хан, өзінің немере ағайыны Құлағұлдың жорығына қатысып жүрген әскерлерін кейін шақыртып алып, оған қарсы соғыс ашып, оның Шам еліне шабуылдарын тоқтатады. Саяси және әскери жағдайларды ұтымды пайдаланған Сұлтан Байбарыс бар күшін, Таяу Шығыста орңығып, күшейіп алған христиан мемлекеттеріне қарсы және олардың құрған кресті әскерлері мен ордендеріне талқандауға жұмылдырып, оларға сан-мәрте күйрете соққылар беріп, талай қамалдарын алып, көптеген бекіністерін қиратып, тек Таяу Шығыстағы ғана емес, сондай-ақ, Батыс Европа христиан мемлекеттеріне өзін мойындатады [16; 19]. Кейінгі ретте, олардың көбісі, Мысыр мамлүк мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, онымен санасуға мәжбүр болады.
Сұлтан Байбарыс пен Берке-ханның құрған әскери-саяси одағының тарихи және саяси маңызының ең үлкені – Ислам әлемі мен Ислам дінін крестілер мен моңғолдардың қолынан жойылып кетуінен сақтап қалғанында. Сол уақиғалардың замандасы, Мысыр араб тарихшысы Ал-Айни ол жайында: «Мұхаммед пайғамбар дүниеден қайтқалы, мұсылмандардың басына мұндай ауырлық пен қайғы-қасірет тумаған еді» [16; 19] – деп тиянақтайды.
Сол алыс замандарда, әлемнің ең мықты мемлекеттерінің бірі болған Мысыр мамлүк мемлекетінің негізгі тірегі — әскери күш-қуатын жаңа мамлүктермен толықтырудың бірден-бір көзі болған Қыпшақ даласының тек мамлүктер жіберумен ғана тынбай, қасиетті «Джихад» соғысына өзінің де қатысып, Исламның ұлы жеңіске қол жеткізуінде тарихи ролі үлкен болды.
Сондай-ақ, екі мемелекеттің ғасырларға созылған, тығыз қарым-қатынастарының нәтижесінде, Мысыр мен Таяу Шығыс елдеріндегі араб ислам мәдениетіне көшпелі түркі-қыпшақ халықтарының мәдени, өркениеттік, тілдік және рухани ықпалы мен әсері күшті болып, оны жан-жақты байытуға септігін тигізгені сөзсіз. Бүгінгі күні, оның белгілері, негізінен, мамлүктер заманынан қалған бай архитектуралық ескерткіштер, қолжазбалар мен мұрағаттарда сақталған.
Түйіп айтар болсақ, мамлүктер мен олардың кіндік қаны тамған отаны – Қыпшақ даласы арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар шыңына жетіп, ең гүлденген кезеңін қарастырдық. Сұлтан Байбарыстың өмірбаянын және Мысыр мен Таяу Шығыстағы мамлүктердің тарихын терең зерттеген Мысыр ғалымы, доктор Саид-Абд Ал-Фаттах Ашур өзінің «Аз-захир Бейбарыс» атты монографиясында, Мысыр мамлүк мемлекеті мен Алтын Орда арасындағы дипломатиялық байланыстарға: «Екі елдің арасын бөліп жатқан жер қашықтығы мен соғыс өрті лаулап жанған заманның қиындығына қарамастан, Сарай мен Қайыр арасындағы, бір жарым ғасырдан астам уақытқа созылған дипломатиялық елшіліктер, өзінің саны мен сапасы жағынан, оған ең тең келетіндей дипломатиялық елшіліктер, өзінің саны мен сапасы жағынан, оған ең тең келетіндей дипломатиялық байланыс адамзат тарихына белгісіз!» [16; 19], — деген баға береді.
2.4 Сұлтан Байбарыс: Дін және сауда, этникалық, мәдени, әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік, тілдік және антропонимдік байланыстар.
ХІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХVI ғасырдың басына дейін Мысыр мен Шам елінде екі жарым ғасырдан астам уақыт билік еткен. Алтын Ордамен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып әскери-саяси одақ құрған. Батыс христиан мемлекеттері тарапынан ұйымдастырылған кресті жорықтарына тосқауыл қойған. Шығыстан Құлағу бастаған моңғол шапқыншылығын тоқтатқан. Ислам діні мен Ислам араб әлемін құрып кетуден қорғап қалған Мысыр Мамлүк Мемлекетінің тарихы Сұлтан Байбарыстың есімімен тығыз байланысты. Бұл мемлекеттің белсенділігі тек сыртқы жауларға қарсы күресумен ғана шектелмеген, өзінен кейін көптеген мемлекет және саяси қайраткерлердің есімі мен ғылым, әдебиет, мәдениет, дін, архитектура салаларындағы қалдырған бай мұралары жалпы адамзат тарихында өшпес із қалдырды.
Таяу Шығыстағы, атап айтсақ Мысыр мен Шам еліндегі бүгінгі Сирия, Палестина, Иордания, Ливан, Иордания, Ливан, Израйлдің біраз бөлігі мен Түркияның оңтүстігі мамлүктердің он ғасырға жуық 833-1811 жж. үлкен мерзімді қамтитын тарихында Сұлтан Байбарыс негізін салған Мысыр Мамлүк Мемлекетінің 1250-1517 жж. орны ерекше.
Осы мемлекеттің негізін салған тарихи тұлға Сұлтан Байбарыстың толық аты Сұлтан Рукн Ад-Дин Аз-Захир Бейбарыс Ал-Бундуқдари Ас-Салихи Ан-Наджми Ат-Түрки кей дерктерде Ал-Кипшаки деп қосылған Рукн Ад-Дин – «діннің тірегі» деген мағынада әмір лауазымына жеткенде қойылған лақабы: Аз-Захир – «Айқын, жарқын» мағынасында, сұлтан болғанда қосылған лақабы: Байбарыс – өзінің төл аты: Ал-Бундуқдари – ең бірінші ұстазы Ала а Ад-Дин Айтегеін Ал-Бундуқдардың мамлүгі деген атауы: Ас-Салихи және Ан-Наджми – Сұлтан Ас-Салих Наджм Ад-Дин Айубтың қарамағындағы малүктерге қойылатын атау: Ат-Түрки және Ал-Қипшақи – шыққан тегін білдіретін атау.
Сұлтан Байбарыстың тегі туралы орта ғасырлық деректер және бүгінгі күнгі зерттеулероның Қыпшақ даласын мекендеген көшпелі түркі халқының өкілі және ерте балалық шағы туған жерінде өткенін бір ауыздан мақұлдайды. Бірақ, оның анық дәл қай рудан шыққандығы, туған жылы мен мекеніне келгенде талас пікірлер көп. Араб тарихшылары оны Қыпшақ елінде туды, деп жалпылайды, ал Қыпшақ елі Волга өзенінің бассейні мен Каспий теңізінің төңірегіндегі жерлерді қамтыған, деген анықтама береді. Ол арнайы терең зерттеуді қажет ететін ашық тақырып. Дегенмен, қолдағы бар деректерге сүйенсек, ол шамамен 1225 жылы қазіргі Қазақстанның батыс аудандарының бірінде дүниеге келген деуге болады. Орта ғасырлар шапқыншылық заманында қолға түскен әйелдер мен жасөспірім балаларды құлдыққа сату кең етек алған. Таяу Шығыс елдері, Византия және Венецияда құл базарларында құлдардың бағалары тегіне, жасына, т.б. байланысты өзгеріп отырған. Африкадан әкелінген қара құлдарды «абд» деп, ал ақ құлдарды «мамлүк» (көпшесі мамалик) деп атаған. Уақыт өте «мамлүк» сөзінің аясы тарылып ол тек көшпенді түркі тайпаларының өкілдерінен құралған арнайы әскери жасақтарға ғана қатысты қолданылатын болды.
Осындай жолмен құл базарына түскен жасөспірім байбарыстың бірінші ұстазы болған Ала′а Ад-Дин Айтегін Ал-Бундуктар деген мамлүк 800 күміс дирхамға сатып алады. Кейін ол Мысыр сұлтаны Ас-Салих Наджам Ад-Дин Айуб тарапынан қудалауға түсіп, бар мүлкі мен мамлүктері сұлтанның қарамағына көшеді. Сұлтан Ас-Салихтің «Ал-Бахария» деп аталатын мамлүктердің қатарына қосылып, талай шайқастарда ерлік пен тапқырлық көрсеткен Байбарыстың жұлдызы жанып, көп ұзамай-ақ әскери мансабы өсіп, мамлүк әмірлерінің қатарына көтеріледі.
ХІ ғасырдың аяғында Батыс христиан мемлекеттері тарапынан ислам мемлекеттерін жоюға бағытталған кресті жорықтары ХІІІ ғасырдың екінші жартысына қарай аса күшейген еді. Оған қоса Шығыстан моңғол әскерлері Иранды, Ирақты жаулап алып 1258 ж. Ислам халифатының орталығы бағдадты басып алып, онда Аббас әулетінің халифасын өлтіріп, мыңдаған мұсылмандарды қырғынға ұшыратады. Ендігі ретте, моңғолдар Шам еліне қарай бет алып, исламның соңғы қамалы Мысыр Мамлүк Мемлекетін күйретуге бел байлайды.
Сол кездегі ауыр жағдайды Мысыр тарихшысы Ал-Айни: «Мұхаммед пайғамбар дүниеден кеткелі мұсылмандардың басына ешқашан мұндай қасірет пен ауыртпалық түспеген еді». «…Пайғамбарымызға Алла тағала Ислам дінін адамдарға жеткізуді жүктесе, ал Сұлтан Аз-Захир Байбарыстың иығына сол дінді сыртқы жаудан қорғап қалуды жүктепті» деп түйеді.
Көптеген зерттеулер Аз-Захир Байбарысты Мысыр Мамлүк Мемлекетінің төртінші сұлтаны, кейде бесінші сұлтаныболғанына қарамастан оны осы мемлекеттің негізін салушы деп атайды. Ол аз уақыт ішінде Мысыр мен Шам елін біріктіріп бір мемлекет құрайды. Крестілерді талқандап, Ирусалимді және көптеген мұсылман жерлерін қайтарып алады, билігін Хиджаз (Мекке. мединеге) Нуба, Иеменге дейін созады. Мысыр Мамлүк әскерлерін Шыңғыс ханның «Иаса» ұлы заңы негізінде қайта құрады, Мысыр әскери теңіз флотын құрып, нәтижесінде Жерорта теңізіндегі ең мықты мемлекетке айналады. 1258 ж. моңғолдар Бағдадты құлатқан Аббас әулетінің халифатын Қайырда ғана емес, билігі жайылған жерлердің бәрінде де әскери, діни, мәдени, ауыл-шаруашылық құрлыстарын жүргізеді. Тек Қайыр қаласында оның салдырған бір медресесі «Ал-Мадраса Аз-Захирия» және үлкен мешіті «Масджид Аз-Захир Байбарыс» бүгінгі күнге дейін жеткен. Иерусалим қала-қамалының тоғыз қақпасының бірінде Сұлтан Байбарыстың белгісі «бір-біріне қарап келе жатқан екі барыстың тасқа қашалып жасалған мүсінді барельеф белгілері де сақталған. «Барыстың» белгісі оның басқа да құрылыстарында орын тепкен ең айқын таңбасы болған. Сондай-ақ, Сұлтан Байбарыс Меккедегі «Масджид Ал-Харам» (Ал-Харам мешітін), Мединедегі «Ал-Масджид Ан-Набауий Аш-Шариф» (Қасиетті пайғамбар мешітін), Иерусалимдегі «Масджид Ас-Сахра» Жартас мешіттерінде жөндеу мен реставрация жұмыстарын жүргізеді және әскери, діни, азаматтық, қайырымдылық, ауылшаруашылық суландыру жүйелерін, дамбыларды, т.б. құрылыстарын өз қол астындағы мемлекетінің барлық бұрышына дейін жеткізеді.
Доктор Саид Абд Ал-Фаттах Ашурдың «Аз-Захир Байбарыс» кітабында Сұлтан Байбарыстың заманындағы мамлүктерге қатысты біраз қызық деректерді қарастырайық.
Сұлтан Байбарыс қымыз ішуді өте жақсы көрген және оны Мысыр Мамлүк Мемлекетіндегі тек мамлүктерге қатысты негізгі дәстүрлерінің біріне айналдырған. Араб тілінде қысқа дауыстылар жазылмауы себепті ол «ҚМЗ» деп жазылған, оған автор: «бие сүтінен жасалатын шараптың түрі», деген анықтама береді [16; 20; 21; 22].
Сұлтан Байбарыс жасақтарына арнайы дыбыстық белгі беру үшін қобыз пайдаланған. Бұл сөз де «ҚБЗ», деп жазылған. Оған автор: «көшпенді түркі тайпаларының шекті музыкалы аспабы», деген түсініктеме береді.
Үлкен той-думандарда мамлүктер жылқы сойып жеген. Сұлтан Байбарыс мамлүктерінің жауынгерлік қабілетін жоғары дәрежеде сақтау үшін соғыстан бос уақытта Қайыр қаласының сыртындағы «Қарақуш» деген алаңда әскери ойындар ұйымдастырып тұрған. Оның ішінде «қабақ» (арабша жазылуы «қбқ») ойыны өте әйгілі болған.
Ол – әжептәуір қащықтықта ағашқа асылып қойған асқабаққа садақтан оқ атып мергендікті таныту. Сондай-ақ, аталған алаңда мамлүктер басқа да ойындар ойнап, атқамінерлік пен әскери қабілеттіктерін көрсеткен.
Мамлүктер өздерінің әуелде құл болғандарын ешқашан ұмытпаған. Олар бірі жауынгер, бірі әмір, бірі сұлтан болғанына қарамастан, бір-біріне «хашдаш», яғни қандас, әріптес, теңім деген.
Сонымен қатар, мамлүктер араб тілінің бай болғанына қарамастан оған өздерінің, яғни түркі-қыпшақ тілінің біраз элементтерін де кіргізген. Мәселен, «балта», арабшасы «фа′с», «курайк», немесе «курик» – күрек, арабшасы «миджрафа», «буйиа» – бояу, арабшасы «сыбға» немесе «дихан», «найзак» – найза, арабшасы «римах» және т.б.
Мысыр мен Шам малүктерінің түркі-қыпшақ тегі өкілдері екенін олардың тарихта есімдері қалған сұлтан мен әмірлерінің аттарын мысал ретінде келтіре кетейік: Ақтай, Ақсұңқар, Сұңқар, Алмас, жанболат, Санжар, таныбай, Қаныбай, Қоңқабай, Моғолтай, Мүңкелі, Барысбай, Тұманбай, Қайтбай, Қосын және т.б.
Мамлүктер ешқашан арабтармен және өз тегінен басқалармен қан араластырмаған. Бұл заң тек сұлтандар ғана емес, барлық мамлүктерге қатысты заң болған. Араб тарихшылары «моңғол», «татар», «қыпшақ» бәрі бір халықтың аты деп ұғынып, бұл атауларды бірінің орнына бірін ауыстырып қолдана берген.
Сұлтан Байбарыс 1260 ж. таққа отырысымен ішкі қарсыластарын жеңіп, мемлекет пен әскерді күшейтіп, крестілер мен моңғолдарға қарсы «Джихад» Алла жолындағы қасиетті соғысын бастайды. Мамлүк әскерлерімен жеке-жеке соғысқанда талай жеңілістерге ұшыраған крестілер мен моңғолдар Сұлтан Байбарыстың мемлекетіне күйрете соққы беру үшін әскери одақ құру мақсатымен бір-біріне елшілер жібере бастайды. Мұны білген Сұлтан Байбарыс ендігі ретте өзіне мықты әскери және саяси одақтас іздейді және оны табады. Сөйтіп, 1261 жылы Еділ жағасында орналасқан Берке ханның ордасы Сарайға бірінші елшілігін жібереді. Екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнап, нәтижесінде әскери-саяси одақ құрылады. Берке ханға жолдаған хатында оны Ислам дініне кіруін үгіттеп, исламның жауларына қарсы күреске шығуға шақырады.
Берке ханның Сұлтан Байбарысқа жолдаған жауап хатында … Мен ислам дінін қабылдадым. Ислам дінін Алтын Орда мемлекетінің ресми діні етіп жарияладым. Құлағумен менің қаным мен етім бір болса да, ол Аллаға және оның пайғамбарларына иман келтірмейді, сондықтан ол менің жауым. Мен оған қарсы соғысамын», – деп шын мәнінде де Құлағудың жорығына қатысып жүрген әскерлерін кейін шақыртып алып, оған қарсы соғыс бастайды. Сөйтіп, Сұлтан Байбарыс бар күшін Шам еліндегі крестілерді талқандауға жұмылдырады. Сарайдан қайтқан Байбарыстың елшілері» … Сарайда әрбір ханзада мен ханшайымның жеке имамы мен азан шақыратын му′аззині бар екен, бәрі намаз оқиды, ал медреселерінде жас балалар Құран оқиды…», дейді.
Доктор Сайд екі мемлекет арасындағы бұл одақтың тарихи маңыздылығын ерекше бағалады.
Бұл одақты күшейту мақсатымен саяси құдаласу басталады. Сұлтан Байбарыс Берке ханның қызына үйленеді. Сұлтан Байбарыстың әмірі бойынша Ислам дінінің Мекке, Медина, Иерусалим сияқты қасиетті жерлеріндегі мешіттерде және Мысыр мен Шам еліндегі мешіттердің бәрінде азан шақырылған соң бірінші Мұхаммед пайғамбардың есімін, сосынөзі Қайырда қайта жандандырған Аббас әулетінің халифасы Абу Ал-Қасим Ахмад есімін, сосын Сұлтан Рукн Ад-Дин Аз-захир Байбарыстың сосын Берке ханның есімін атап Аллаға дұға айтылатын болды.
Бұл некеден екі ұл көреді. Үлкені Ас-Сайд Наср Ад-Дин Мұхаммад Берке хан Ибн Байбарыс. Ол Сұлтан Байбарыс қайтыс болған соң екі жылға жуық уақыт сұлтан тағында отырады. (1277-1279 жж. Екінші ұлы – Ал-Адил Бадр Ад-Дин Сламыш Ибн Байбарыс. Ол ағасынан кейін тақта үш ай ғана отырады.
Сыртқы саяси жағдайлардың ауыртпалықтарын пайдаланып, Байбарыстың ескі достарының бірі Әмір Ал-Мансур Сайф Ад-Дин Қалауын Ал-Алфи таққа келеді.
Бірақ, Сұлтан Байбарыс негізін салған Мысыр Мамлүк мемлекеті екі жарым ғасыр, ал Алтын Ордамен жасаған дипломатиялық қарым-қатынастары 170 жылға жуық уақыт үзілмейді. Қайыр мен Сарай арасында жер қашықтығы мен жол қауып-қатерге тола болғанына қарамастан екі ел арасында 47 ресми елшіліктер қатынайды.. Оған Доктор Сайд: «…Бұл – бұрын-соңды тарихта болмаған теңдесі жоқ, тарихи саяси мәні зор байланыстар», деген жоғары баға береді.
Сұлтан Байбарыстың жас кезі сияқты бұл да әлі толық жан-жақты зерттелмеген тақырыптардың бірі. Оның зерттелуі Алтын Орда тарихының көп жақтарына айқындық берері сөзсіз.
Сұлтан Байбарыс 1277 жылы 30-шілде күні 17 жыл 2 ай 10 күн билік етіп, жасы 50-ден асқан шағында Дамскіде дүние салып, өзінің өсиеті бойынша Дария деген қаланың жанында жерленеді.
Сұлтан Байбарыстың өлімі жөнінде сол заман тарихшылары Кутуб Ад-Дин Ал-Иунайни, Байбарыс Ад-Даудар Ал-Мақризи, Абу Ал-Мухасин бір ауыздан оған қымызға у қосып беріп өлтірген деген тұжырымға келеді. Оның растығын басқа да тарихшылар қуаттайды. «Сұлтан Байбарыс уланған қымыз ішкен соң он үш күн денесі қызып, ауруы асқынып, қатты нашарлап, ақырында қан құсып, қиналып өледі», дейді Абу ал-Мухасин.
Сұлтан Байбарыстың өлімі туралы хабар бүкіл мұсылмандарға қатты әсер етіп, «Алла жолында істеген игілікті істері мен қасиетті джихад соғысын үзбей Араб ислам отанын қорғауда жанын аямаған, сирек кездесетін батылдығы, ақылдылығы мен даналығына бәрі бас иеді».
Ал-Мақризи Сұлтан Рукн Ад-Дин Аз-Захир Байбарыстың тарихи тұлғалық бейнесіне арнаған естелік жолдарын «… түйіп айтар болсақ. Ол – исламдағы ең қайырлы патша болған», деген сөздерімен аяқтайды [16; 20; 21; 22].
Мысыр мамлүк мемлекетінің Дешті Қыпшақпен мәдени байланыстарының бір белгісі ретінде Мамлүк архитектурасында кеңінен кездесетін «қошқар мүйіз» өрнегінің қыпшақтың мәдени әсерінің қатарына жатқызуға болады. Қазақтың төл өрнегі есептелетін, әсіресе халқымыз көшпелі өмір кешкен замандарда киіз үйді және басқа да тұрмыстық заттарды безендіруде кеңінен пайдаланылған, текемет, сырмақ, киім тігуде кеңінен пайдаланылып келген «қошқар мүйіз» өрнегін [23, 82 б.] Мысыр жеріндегі мамлүктер билік еткен замандағы салынған ғимараттардың бойынан көптеп кездестіруге болады.
Мысыр жерінде ең алдымен тәуелсіз мамлүк мемлекетінің (868-905 жж.) негізін салған түркі мамлүгі Ахмад Ибн Тулунның Қайыр қаласында салдырған мешіті тұңғыш мамлүк архитектуралық ескерткіші есептеледі. Сонымен қоса, ол тек өз заманында ғана емес, бүгінгі күні де ең үлкен мешіттер қатарына жатады. Ислам дәуіріндегі Мысырдың архитектуралық гүлдену кезеңі Сұлтан байбарыстың билікке келуімен басталады. Оның Қайыр қаласында салдырған «Аль-мадраса Аз-Захирия» медресесінен бүгінгі күнге тек кішкентай бөлігі ғана сақталып қалған. Өз заманында ең ғажайып мешіттердің бірі есептелген «Джамиа Аз-Захир Бейбарыс» мешіті басынан не бір уақиғаларды кешіріп, көрсе адам жыларлық халде біздің күнімізге дейін жеткен. Оның реставрация жұмыстары шамамен он жыл бұрын басталып, өзінің өте баяу қарқынына қарағанда бірнеше онжылдықтарға созылатын сияқты. Сұлтан Байбарыстың өнегесімен кейінгі мамлүк сұлтандары мен әмірлері де діни архитектура саласына үлкен көңіл бөліп, мешіттер, медреселер, сондай-ақ, сопыларға, жетімдерге, қарияларға, мүсәпір-жолаушыларға арнайы үйлер, кітапханалар, қайырымдылық мекемелерін, т.б. көптеп салдырып, олардың көбісін «Алла жолына» деп, уақфқа мұсылмандарға қайырымдылық үшін тегін мұрагерлік еткен. Бір ғана мысал келтіре кетейік, Қайыр қаласында Сұлтан Байбарысқа дейінгі алты ғасырдан астам уақыт ішінде небары он шақты мешіт-медреселер салынса, мамлүктердің екі жарым ғасырлық тарихы кезінде, тек Қайыр қаласында 136 діни ғимараттар салынып, олардың көбісі өзінің үлкендігі және әсемдігімен қоса архитектуралық тәсілдерімен де бүгінгі архитекторлар мен құрылысшыларды таң қалдырады. Мамлүк мемлекетінің алтын кезеңі олардың салдырған мешіт-медреселерінің саны мен сапасы жағынан ғана емесч, ислам архитектурасына енгізген жаңалықтары мен жаңа әдістері бүгінгі күні де кеңінен пайдаланылып жүр. Мысыр ғалымы, доктор Айман Фуад Саид мырзаның («Қайыр қаласының негізі салынғаннан бері, бүгінге дейін архитектуралық дамуы»), (Қайыр, 1997), атты кітабына жүгінсек, Қайыр қаласының негізі 973 жылы Ал-Фатимилер әулетінің мемлекеті кезінде салынса, оның архитектуралық гүлденуі Мысыр Мамлүк мемлекетінің билік еткен кезеңіне сәйкес келеді. Бүгінгі таңда бүкіл Ислам әлеміндегі ең көне және ең үлкен университет есептелетін «Аль-Азхардың» негізі 970 жылы Ал-Фатимилер әулетінің билігі кезінде жай мешіт ретінде салынып, онда аздаған шәкірттерге тек «Шииттік» бағытта ғана дәріс берілсе, мамлүктер билігі кезінде исламның төрт, яғни ханафи, шафии, ханбали және малики мазхабтарын бірдей оқытатын діни орталыққа айналдырып, оны рухани және діни жағынан гүлдендіріп қана қоймай, сондай-ақ оны архитектуралық жағынан көркейтіп жібереді, атап айтсақ, мамлүк әмірі Ақбұға медресесі (Аль-Мадраса Ал-Ақбуғауийя); мамлүк әмірі Тайбарыс медресесі (Аль-Мадраса Ат-Тайбарсийя); мамлүк әмірі Қоңқабай медресесі (Аль-Мадраса Аль-Қунақбаийя); мамлүк сұлтаны Қайтбай салдырған мұнара мен қақпа; мамлүк сұлтаны Қансуа салдырған екі басты мұнара сияқты зәулім құрылыстар Мамлүк Мемлекетінің кезеңінде салынады. Бұл аталған зәулім құрылыстар мамлүктердің ортағасырлық ислам тарихындағы күш-қуатының символы болып, бүгінгі күні де Қайыр қаласының қақ ортасында тұр. Мұны өз көзімен көрген қазақ ұрпағы өзінің ата-бабаларының құдіреті мен даналығына сүйсінерліктей таң қаларлық халге түсері сөзсіз.
Исламның діни архитектурасын терең зерттеген мысыр ғалымы доктор Саад Махир өзінің 1971 жылы Қайыр қаласында жарық көрген «Масаджид Мыср уа аулииауха ас-салихун» (Мысыр мешіттері және оның тура жолдағы әулиелері), атты бес томдық еңбегінің үш томынан астамын толығымен мамлүк стилінің, әсіресе, түркі шеркеш мамлүктерінің ееркше стилінің, қалыптасуын көрсетеді. Осы жерде, Алматы қаласында әл-Фараби даңғылы бойындағы Мысыр Мәдени Орталығының ішіндегі мешіт «Шеркеш мамлүк» стилінде салынғандығын айта кету орынды болар. Жоғарыдағы автор, Ислам архитектурасында берік қалыптасқан, бүгінгі күні де кеңінен пайдаланып жүрген, азан шақыратын мұнараның негізгі екі түрін атап көрсетеді, олар: осман стиліндегі мұнара (ұшы ұшталған қалам тәрізді). Византия жерін жаулап алған Селжүк және Осман түріктері сол жерде өздеріне дейін салынған христиан шіркеулерінің архитектурасынан алғандығы белгілі. Екіншісі – мамлүк мұнарасы, оның ішінде «шеркеш мамлүк мұнарасы» өзінің архитектуралық әдісі мен ою-өрнектік эстетикалық-көркемдік жағынан мүлде өзгеше. Ислам орталығы Меккедегі «Масджид Ал-Харам» (харам мешіті) мен Мединедегі «Масджид Ан-Набауий Аш-шариф» (Қасиетті Пайғамбар Мешіті) мешіттерінің мұнараларының негізінде «шеркеш мамлүк» стилі жатыр. Бұл стилдің ең елеулі ерекшеліктерінің бірі – ол, қазақтың сонау ерте заманнан бері бүгінгі күнге шейін, үй-тұрмыстық заттары, соғыс құрал-саймандары, сырмақ-текеметтері мен киім-кешектерін әшекейлеп, сәндеу үшін кеңінен пайдаланып жүрген «қошқар мүйіз» өрнегін кеңінен пайдаланылып, ол – мамлүк ислами архитектурасының ажырамас бөлігіне айналуда. Яғни, Таяу Шығыс пен Мысыр еліне түркі мамлүктері өздерімен бірге әкелген көшпелі түркі мәдениеті мен өркениетінің белгілері жергілікті отырықшыл көне мәдени өркениетіне ғасырлар бойына үлкен ықпалын тигізіп, онымен біте қайнасып, нәтижесінде бай ислам араб өркениеті дүниеге келеді. Араб тарихшылары мен зерттеушілерінің осы тақырыпты зерттеуіндегі үлкен кемшілігі ол – араб ислам мәдениетіне сіңіп кеткен «қошқар мүйіз» өрнегін төл арабтың өрнегі, деп қарастырып, оның шығу тегі мен келу жолдарын зерттемеу арқылы түркі өркениетінің араб ислам өркениетінің дамуына қосқан үлесін жоққа шығармақ болады. Жалпы айтсақ, ол – мамлүктер тарихындағы әлі зерттелмеген тың тақырыптардың бірі. Оның жан-жақты және терең зерттелуі түркі өркениетінің көп жақтары мен ашылмаған сырларына жарық түсетіні сөзсіз. Мұндай үлкен тақырып болашақта терең зерттеліп, өзінің тарихи орны мен бағасын алар деген үміттеміз. Мамлүктер өздері билік еткен еткен Мысыр мен Шам елінен басқа өздеріне бағынышты болған Хиджаз (қазіргі Сауд Арабиясы), Йемен елінде де жаңа діни құрылыстарды кеңінен жүргізіп, жаңа мешіт, медреселер салып, бар мешіт, медреселерге рестоврациялар жасап отырған. Көшпелі түркі өркениетінің негізі бар мамлүк архитектурасының ескерткіштерін үш діннің орталығы қасиетті Ирусалимде, Ислам дінінің оталығы қасиетті Мекке, Мединеде, сондай-ақ, мамлүктер заманында Шам елі, деп аталған бүгінгі Сирия, Иордания, Ливан, Палестина, Израиль, Түркияның оңтүстік шығыс бөлігі жерлерінде де көптеп кездестіруге болады [24, 44-47 бб.].
Ислам діні өзінің прогрессивті идеялардың арқасында адамзат тарихында феномен жасап, аз уақыт ішінде орасан үлкен территорияға жайылады. Ислам дінінің пайда болу, даму және жайылу кезеңдерін зерттеген зиялы қауым «ислам әскерлерінің алға жылжуынан ислам діні идеяларының таралуы жылдам болып, ислам әскерлері келген жерлердің көбісінде жергілікті халық оларды «азат етушілер қатарында соғыссыз, сый-құрметпен қарсы алып отырды деген тұжырыммен келісері сөзсіз [25, 22-23 бб.].
Исламға дейінгі араб тайпалары Аравия түбегінің оңтүстігіндегі Йеменнің жерінен шығып, ұзақ ғасырлар бойында сол түбекті мекендеген және негізінен мал шаруашылығы және саудамен айналысқан көшпелі халық болғаны тарихқа белгілі. Ол замандарда Мысыр жерінде өзінің көне тұрғыны «Коптар», Африка құрлығының солтүстік аймақтарында, қазіргі Ливия, Тунис, Алжир және Марокко жерлерінде көшпелі «Бербер»тайпалары, Ирақ пен Сирияның жерлерінде «Финикийлер» мен «Ассирийлер» мекендеген тарихқа белгілі.
Осы аталған жерлерге Ислам дінінің келуімен байланысты біртұтас араб ұлты пайда болды. Ислам дінімен қоса араб тілін, араб әдет-ғұрыптарын қабылдаған, кейінгі ретте арабша сөйлеп, арабша жазған халықтардың барлығы да өздерін «арабпыз» деп атап, араб ислам дінін, мәдениеті мен өркениетін дамытуға атсалысып, ғасырлар бойы біте қайнасып бір халық болып қалыптасып кеткен [25, 22-23 бб.]. Ислам тарихының бастапқы кезеңінде, атап айтсақ VII-VIII ғасырларда «таза араб тегі» негізгі рөл атқарып, олардың арасынан тарихтааттарын қалдырған дарынды әскери қолбасшылар мен дін, ғылым және саясат салаларында көптеген қайраткерлер шыққаны белгілі. VIII ғасырдың аяғы мен ІХ ғасырдың басынан бастап, Ислам дінін қабылдаған ескі және парсы халықтарының белсенділігі бірінші орынға шығып, кейінгі ислам тарихында олардың рөлі үлкен мәнге ие бола бастайды.
Солардың ішінде, әсіресе түркі халқының орны ерекше. Түркі халқы Ислам дінін қабылдауының нәтижесінде Исламның жан-жақты дамуына атсалысып, ғасырлар бойына біте қайнасса да, өзінің түркі атауын әрқашан биік ұстаған. Түркі халқының арасынан, ислам тарихының ортағасырлық кезеңінде бетке ұстар, әлемдік аты бар алдыңғы қатарлы ғалымдар, саяси қайраткерлер және тарихи тұлғалар мен батырлар өте көп шыққан. Мысал үшін олардың бірнешеуін атап өтейік: философ, ғалым Әбу Наср Мухаммад әл-Фараби, сопы Ахмет Ясауи, дәрігер, ғалым Ибн Сина , ғалым әл-Бухари, ақын Алишер ан-Науаи, сұлтан Ахмад Ибн Тулун, тарихшы Ибн Тағри-Берди, сұлтан Рукн ад-Дин Аз-Захир Байбарыс әл-Бундуқдари, тарихшы Байбарыс ад-Дауадарәл-Мансури, сұлтан Сайф ад-Дин Қалауын, сұлтан Ан-Наср Мухаммад Ибн Қалауын және т.б. айтуға болады. Ислам тарихы мен өркениетіне атсалысқан түркі текті қайраткерлер мен тарихи тұлғалардың көптігі соншалықты, олардың тізімін шексіз жалғастыра беруге болар еді.
Жоғарыда келтірілген кішкентай мысалдың өзінен-ақ, Ислам дінінің күшті ықпалы нәтижесінде түркі халқының арасында араб ислам кісі аттарының кең тарағандығын оңай аңғаруға болады. Бұл құбылыс, тек түркі халықтарына ғана емес, жалпы мұсыцлмандар арасында кең тарағандығы соншалықты, кейбір халықтарда тіпті өздерінің исламға дейінгі төл кісі аттары қолданыстан шығып, ұмыт қалғандары да аз емес. Ата-анасы дүниеге келген жас нәрестеге араб-ислам атын пәк, яғни таза мұсылман болсын деген ниетпен қойса, ал діни және саяси тұрғысынан келгенде барлық мұсылмандардың, яғни бұкіл ислам әлемінің құрамына кіретін халықтардың ара-жігін одан да бетер жақындататын, оларды бір-бірімен тығыз байланыстыратын идеологиялық құрал қызметін атқарса керек.
Ислам дәуірінде кең тараған кісі аттары өз негізін араб тілі мен Ислам дінінен алады. Олардан түркі аттарын ажырату оңай болу мақсатында ең көп тараған араб аттарының біразына шолу жасап, оларды өз алдына бірнеше төмендегідей топтарға топтастырайық, олар:
Құраннан алынған пайғамбарлар мен тарихи адамдардың аттары:
Ибрахим, Сара (әйел аты), Исхак, Исмаил, Иақуб, Муса, Иса, Йахйа.
2. Төл араб аттары: Мухаммад, Махмуд, Ахмад, Хамди, Хамада, Мустафа, Хамза, Али, Фуад, Хасан, Хусейн, Хусни, Мубарак, Муаммар, Хафиз, Омар, Осман, Амру, Асад, Фахд және т.б.
Әйел аттарынан: Хадиша, Фатима, Зайнаб, Айша, Уркия, Мариам, Амал, Жамила, Камила, Амина және т.б. атап өтуге болады.
3. Ислам дінінің әсерімен араб тілінің грамматикасының негізіне сәйкес жасалған аттар, оларды өз алдына бірнеше топқа бөлсе болады:
а) «Алла» сөзінің алдына басқа сөз қосу арқылы жасалған қосарланған аттар: Абд Алла (қазақша мағынасы «Алланың құлы»), Сайф Алла (қаз. «Алланың қылышы»), Наср Алла (қаз. «Алланың жеңісі»).
Ескерту араб тілінде бұл аттар Абдулла, Сайфулла және Насрулла болып айтылады.
ә) Алла тағаланың 99 сипатын білдіретін аттарының алдына «абд» яғни «құл» сөзінің қосылуы арқылы жасалған қосарланған аттар: Абд Ар-Рахман (қаз. «Мейірімді Алланың құлы»), Абд Ас-Самад (қаз. «Мықты, әрі Мәңгі Алланың құлы»), Абд әл-Хамид (қаз. «Мақтаулы Алланың құлы»), Абд әл-Маджид (қаз. «Мәңгі Алланың құлы»), Абд әл-Хаким (қаз. «Данышпан Алланың құлы»). Ескерту: Араб тілінде бұл аттар Абдурахман, Абдусамад, Абдулхамид, Абдулмаджид, Абдулхаким болып дыбысталады.
б) «Дин» сөзінің алдынан басқа сөз қосу арқылы жасалған қосарланған аттр: Рукн ад-Дин (қаз. «Діннің тірегі»), Сайф ад-Дин (қаз. «Діннің қылышы»), Наджм ад-Дин (қаз. «Діннің жұлдызы»), Баха ад-Дин (қаз. «Діннің әдемілігі») және т.б. Ескерту: Бұл аттар арабша дыбысталуында Рукниддин, Сайфуддин, Наджмиддин, Бахауддин болып айтылады.
4. Араб тілінде сөздің алдына «Әл» артиклінің қосылу арқылы белгілі халді білдіретін грамматикалық категорияның көмегімен жасалған аттар, оларды өз алдына бірнеше топқа бөлуге болады, а) Төл араб сөздерінің қосылуы: Аз-Захир (қаз. «Айқын»), Ас-Салих (қаз. «Дұрыс, жарамды»), Әл-Адил (қаз. «Әділ»)
б) Адамның туылған мекенін, шыққан тегін, немесе қожайынына, я болмаса кәсіптік тиесілігін, я болмаса т.б. қасиеттерін білдіруі, кейде ол араб тіліне кірме сөздерге де қосыла береді. Әл-Фараби (Отырар қаласын ортағасырларда арабтар Фараб деп атаған, әл-Фараби сонда туылғандықтан оған осы атауды берген); Әл-Бухари (Бухарада туылған); Қадырғали Қосын-ұлы әл-Жалайри (Жалайыр руының өкілі); Сұлтан Рукн ад-Дин Аз-Захир Байбарыс әл-Бундукдари – ең бірінші ұстазының кәсібіне сәйкес қойылған аты; Ас-Салихи және Ан-Наджми – сұлтан Ас-Салих Наджм Ад-Дин Айубтың қарамағындағы мамлүк жасақтарының қатарына қосылғаннан кейін қойылған аты; Ат-Түрки және әл-Қипшақи – теген біәлдіретін аты.
Сұлтан Сайф Ад-Дин Қалауын әл-Алфи (араб тілінде «алф» сөзі мың дегенді білдіреді, Әл-Алфи атауы оның құл базарында бір мың алтын динарға сатылды дегенді білдіретін лақабы).
5. Әке мағынасындағы «Әбу» сөзінің қосылуымен жасалған аттар: Әбу Наср Мухаммад әл-Фараби (қаз. Насрдың әкесі Мухаммад әл-Фараби);
6. «Ұлы», «баласы» мағынасындағы «Ибн» сөзінің қосылуы арқылы жасалған аттар:
Ортағасыр араб тарихшылары Ибн Фадлан, Ибн Батута, Ибн Тағри-Берди және т.б. Осымен ең негізгі араб-ислам аттарын қарастырып болып, ортағасырлардағы араб жазба деректерінде кездесетін түркі-қазақ адам аттарының біразына тоқталамыз.
Араб Ислам әлемінде, әсіресе Мысыр мен Таяу Шығыс аймағында ғасырлар бойына билік еткен түркілердің, атап айтсақ көшпелі түркі халқының өкілдерінің араб жазба деректерінде сақталған аттарын олардың тегін анықтаудағы ғылыми деректерге тоқталамыз [25, 25 б.].
Араб тілінің түркі тілінен фонетикалық және грамматикалық өзгешеліктеріне сәйкес түркі аттарын арабша дыбысталуында біраз ерекшеліктері бар. Біздің тақырыбымызға тікелей қатысы барбірнешеуін қарастырып өтейік, олар.
1. араб тілінде «ай» дыбыстық дифтонгі жіңішке дыбыстарға басым сөздерде «ей» немесе «эй» болып дыбысталады. Мысалы: байт (үй) – бейт; Зайнаб – Зейнаб; Хайр (жақсы, жақсылық) – хэйр; Осы себепті, арабша жазылуында – Байбарс, ал арабша айтылуында – Бейбарс. Бұл дифтонг араб тіліндегі жуан дифтонгілерден кейін қалай жазылса өзгеріссіз солай айтылады. Мысалы: жазылуында Тайбарс, айтылуында да Тайбарс.
2. Араб тілінде, егер сөздің құрамында созылыңқы дыбыс болмаса, екпін әрқашан бірінші буынға түседі. Ал түркі және қазақ тілінде екпін негізінен соңғы буынға түсуі заңдылық. Сондықтан да, әр тілдің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес бір аттың түрлі айтылуы заңды құбылыс. Оған мысал: Сұлтан Байбарыстың аты бір жерде Бейбарс, басқа жерде Байбарс болып, әркім әртүрлі қолданып, бүгінгі қазақ зиялылары мен ғалымдарының өздері бірізгілікке келе алмай жүр. Қазақшасы – Шыңғыс-хан, орысшасы – Чингизхан, арабшасы – Джинкизхан болып, бір адамның аты әр тілде өзінің фонетикалық ерекшеліктеріне сәйкес әртүрлі айтылуы тұрғысынан келгенде, «арабтандырып», «еуропаландырып», «орыстандырып», жіберген төл қазақ аттарын қазақша айтуымызға қазақтың тілдік және ұлттық қырынан келуге міндеттіміз. Сондықтан да, дұрысы Байбарыс болады (салыстыру үшін – тарихымыздағы Жолбарыс Хан бабамыздың атын келтіруге болады). Араб жазба деректері түркі есімдерін көптеп сақтап қалған. Әсіресе, Мысыр мен Таяу Шығыс елдерінде XIII-XVI ғғ. аралығында билік құрған, тарихқа «мамлүк» деген атпен белгілі көшпелі түркі халықтары өкілдерінің түркі есімдері олардың тегін көрсететін дәлел бола алады. Олардың аттарын негізінен бірнеше топқа топтастырса болады. Олар:
1. «Тегін» сөзінің кісі атына жалғанып келуі, мысалы; Алып-Тегін, Күл-Тегін, Мүңке-Тегін, Беш-Тек және т.б.
2. «бек» сөзінің кісі атына жалғанып келуі, мысалы: сұлтан Изз Ад-Дин Айбек, әмір Күшбек, әмір Назбек, әмір Жәнібек, әмір Қайырбек, Ешбек және т.б.
3. «бай» сөзінің кісі атына алдынан немесе соңынан жалғанып келуі, мысалы: сұлтан Рукн Ад-Дин Аз-Захир Байбарыс, сұлтан әл-Музаффар Рукн Ад-Дин Байбарыс әл-Джашинкир, сұлтан әл-Ашраф Сайф Ад-Дин Барсбай, әмір Байбарыс Ад-Дауадар әл-Мансури, әмір Байбарыс Ад-Дауадар әл-Мансури, әмір Байбарыс әл-Хайати, сұлтан Аз-Захир Сайф Ад-Дин Балбай, сұлтан әл-Ашраф Сайф Ад-Дин Қайтбай, сұлтан әл-Адиль Сайф Ад-Дин Тұманбай, әмір Қонқабай, әмір Қаныбай, әмір Таныбай, әмір Толыбай және т.б.
3. «тай» сөзінің кісі атына жалғанып келуі, мысалы: әмір Фарс Ад-Дин Ақтай, әмір Моғолтай, әмір Тайбарыс, әмір Тайбұқа және т.б.
4. «бұқа» немесе «бұға» сөзінің кісі атына алдынан немесе соңынан жалғанып келуі, мысалы: сұлтан Аз-Захир Темірбұқа, әмір Құтбұқа, әмір Есенбұқа, әмір Ақбұқа (Ақбұға), Елбұқа (Елбұға) және т.б.
5. Ешқандай жалғауысз келетін кісі аттары: сұлтан Ас-Саид Наср Ад-Дин Берке хан Ибн Байбарыс (Алтын Орда ханы Берке ханның қызынан туған Байбарыстың ұлы);
сұлтан әл-Адил Бадр ад-Дин Сыламыш Ибн Байбарыс (екінші ұлы);
сұлтан әл-Мансур Сайф Ад-Дин Қалауын,
сұлтан әл-Мансур Хисам ад-Дин Лашын;
сұлтан аз-Захир Сайф ад-Дин Барқұқ,
сұлтан аз-Захир Сайф ад-Дин Шақмақ;
сұлтан әл-Ашраф Жанболат
6. «Темір» атының жеке және басқа сөздермен қосылып келуі: әмір тас-Темір, әмір Аз-Темір, әмір Темір-Тас. Ескерту. «Темір» және «Тас» сөздері көне түркі және араб деерктерінде «Демир» және «Таш» болып кездеседі. Бүгінгі күні Қайыр қаласының бір ауданы «Демирташ» деп аталады [25, 26 б.].
7. Бүгінгі қазақ тілінде мағынасы айқын аттар: әмір Сұңқар, әмір Ақсұңқар, әмір Қарасұңқар, әмір Санжар, әмірн Алмас, әмір Сырғатмыш, әмір Қашмас, әмір Қорқмас, әмір Қосын және т.б. Бұлардың ішінде Сұңқар, Санжар, Алмас сияқты аттар бүгінгі қазақтың арасында кеңінен тараған.
9. «Ай» сөзімен қосылып жасалған кісі аттары: сұлтан Айбек, әмір Айдоғды, әмір Айтегін және т.б.
Жоғарыдағы түркі аттарын топтастырудағы ескеретін бір қызық жәй – ол, қосарланған аттардағы сөздердің орын ауыстыра беруі. Мысалы: «бай» сзімен келген аттар: байбарыс, Барсбай; «бек» сөзімен келген аттар: Бектемір, Айбек; «тай» сөзімен келген аттар: Тайбарыс, Ақтай және т.б. Сол замандарда кеңінен қолданыста болған бұл түркі тіліндегі заңдылық қазіргі қазақ тілінің нормаларына толық сәйкес келдеді және де қазақ арасында «бай», «бек», «тай» сөздерімен бірге келетін аттар ең көп тарағандығына ешкім дау тудырмаса керек.
Сондай-ақ, жоғарыдағы мысалда келтірілген мамлүк сұлтандары мен әмірлерінің аттары тарихта аты қалған тұлғалардың арасынан теріліп алынған толық емес тізімі ғана. Сан мыңдаған мамлүк әмірлері мен жауынгерлерінің аттары тарихта қалмаған. Оның үстіне, көптеген мамлүк сұлтандары, әмірлері және жауынгерлерінің атында түркі аттары мүлдем сақталмағандары да көп. Сақтап қалғандарының өзінде, он шақты аттар мен лақабтардан құралған аттарында араб-ислам аттарының басымшылық етіп, бір ғана төл аты түрікше болып келеді. Мысалы: Рукн ад-Дин Аз-Захир Байбарыс әл-Бундуқдари Ас-Салихи Ан-Наджми Ат-Түрки.
Араб жазба деректеріндегі түркі мамлүктерінің аттары, біріншіден олардың шығу тегін және бүгінгі күнде қай халықтың өкілі екенін көрсететін дәлел болса, екіншіден – сол кездегі мамлүктердің арасында болған көптеген қалмақ, ойрат, моңғолдардың түркі текті мамлүктерден тектік айырмашылығының болмағанын айқын көрсететін дәлел бар, олар:
1. «тек өз тегін ғана қабылдау» принципін қатаң сақтаған түркі мамлүктерінің қатарында моңғол, қалмақ ойраттардың болуы;
2. Тегі бөтен араб және парсылармен ешқашан қыз алыспаған түркі мамлүктері қалмақ, ойрат, моңғолдармен кеңінен қыз алысқан;
3. Оладың арасында әдет-ғұрыптық, салт-тұрмыстық ортақтығының көптеген белгілерінің болуы, мысалы: көшпелі өмірде негізінен малшылық, аңшылық және жаугершілікпен айналысуы, жылқы сойып жеуі, бие байлап қымыз ішуі және т.б.;
4. мамлүктердің көбісі, тіпті сұлтандардың біразы араб елінде тұрғанына қарамастан, араб тілінде емес, өз тілдерінде қарым-қатынас жасағанын, яғни олардың тілдік ортақтығы болғанын көптеген араб деректері хабарлайды. Ал, ол қандай тіл болғанын жоғарыдағы мамлүктердің аттарынан көруге болады.
5. мамлүктер бірін-бірі «ағамның баласы» деп атаған, яғни бұл факті олардың бір атадан тараған туысқан екендігін аңғартады [25, 27 б.].
6. Шыңғыс-ханды Қазақ хандарының Қазақ ақ киізге салып көтеруі, оның тектік жағынан кімге жақын екендігін аңғартады. Сондай-ақ, ұлдарының аттарын Жошы, Шағатай, Үкітай, Төле деп түркі, әсіресе қазақ аттарына мағыналық және рухани жақын етіп қоюы тегін болмаса керек.
Бұдан шығатын қорытынды, бүгінгі Қазақстан, Орта Азия, Монғолия және Алтай жерлерінен табылып жатқан археологиялық материалдар көне түркі өркениетінің ескерткіштерінің жайылу географиясына қарап осы кең байтақ аймақтарды мекендеген халықтардың бір өркениетке жататындығын дәлелдей түседі.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қатты дамыған «Пантүркизм» ағымыгың концепциясында «Түркия мен Венгриядан» Тынық мұхитқа дейінгі аралықты алып жатқан аумақты түрік, татар, Еділ-Орал халықтарын біртұтас саяси, мәдени одақ тұлға етіп ұйымдастыруға талпыныс жасаған. Мұндай талпыныс кезінде «пантүркизм» («пантұранизм») деп атаған. Олар: түрік тілі, моңғол тілі, тұңғыс тілі, фин тілі, венгр-мажар тілі және басқа да кейбір тілдер (аталмыш Еділ-Орал тілі) – осы аталған тілдердің түп-төркіні бір деп есептейді» [25, 27 б.; 26].
«Мамлүк антропонимиясы ортағасырлардағы Мысыр мен Сириядағы мамлүк ортасының этнонимі жөнінде ғана құнды дернек емес, сонымен қатар Дешті-Қыпшақтың рулық, тайпалық құрылымы жөнінде қосымша мағлұматтар береді» [27, 141 б.].
Әдебиеттер мен деректер тізімі:
1.Сайфетдинова Э.Г. Личность султана Бейбарса и его роль в развитии взаимоотношений мамлюкского Египта с Золотой Ордой по арабским источникам // Золотоордынское обозрение. – Т. 5. – № 4. – 2017. – С. 726-735.
2. Әлібекұлы А. Бейбарыс бейнесі халық қиялы мен тарихи жазбаларда // Қазақ әдебиеті. – 2013. – 7 қараша.
3. Әміржанұлы А. Бейбарыс сұлтан // Қазақ батырлары. – 2000. – № 10 (27).
4. Жеңіс Ж.Ж. Көне ирандық тайпаларының таңбалары // Қазақтану. – 2009. – № 7. – Желтоқсан. – 18–24 б.
5.Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ вв. по арабским источникам. -Алматы: Гылым, 1987. -121 с.
6.Бейбарыс: Арабтың халық романы (орыс тілінен аударған С. Абдрахманов). – Астана, Елорда. – 2000. – 325 б.
7. Нұртазина Н. Қазақ мәдениеті және ислам (тарихи-мәдениеттанулық зерттеу). –Алматы: Өнер. 2002. –208 б.
8. Жеңіс Ж.Ж. Ежелгі және ортағасырлардағы Иран мен Тұран. –Алматы: Алтын шаңырақ. 2016 ж. – 238 б.
9.Гумилев Л.Н. Тысячилетие вокруг Каспия. –М.: ООО Издательство АСТ, 2000. – 439 с.
10. Құл-Мұхаммед М. Бейбарыс сұлтан // Жас Алаш. – 2000. – №12. – 16 қыркүйек.
11. Кекілбайұлы Ә. Бейбарыс. Тұла бойы тұнған жұмбақ тұлға // Егемен Қазақстан. – 1999. – 8 қазан.
12. Первым, кто применил артиллерию на поле боя, был султан Бейбарс. – URL: https://smkz.kz/pervym-kto-primenil-artilleriyu-na-pole-boya-byl-sultan-bejbars/.
[23:46, 26.11.2023] Меруерт:

