Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бейбіт аспанда шарықтаңдар, қанатты достар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға құстардың пайдасы туралы мағлұматтар беру, құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бейбіт аспанда шарықтаңдар, қанатты достар.

Мақсаты: балаларға құстардың пайдасы туралы мағлуматтар беру, құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу; көңілді көктемде құстардың оралуы, олардың азайып кетуінен сақтандыру, құстар туралы ой-өрсін, түсініктерін дамыту; балаларды Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.



Көрнекілігі: суреттер, тақырып жазылған плакат, буклет, нақыл сөздер.

Әдісі: Сайыс

Түрі: Ашық бөлме сағаты

Өту барысы: а) Таныстыру

ә) Кім жылдам? (сұрақ – жауап)

б) Ойлан, тап (Ертегіні жалғастыру)

в) Кім тапқыр?

г) Егер де мен....(Өзін құстың орнына кою)

е) Қорытынды.



Тәрбиеші: Табиғат – тіршілік атауының құтты қоныс мекені, тіршілікті түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер-Ана, атамекен, туған жер деген ұғымдар бірімен тамырлас әрі тағдырлас.

Табиғаттың сұлу сымбат мүсіні, көрікті келбеті бар тамаша туындыларының бірі – құстар.

Халқымыз ежелден-ақ көптеген құстарды көзінің қарашығындай.

«Көк құрақ – көлдің сәулеті, құс пен аң – ердің дәулеті». Құстардың құбылтып салған әндері біздерді сүйсіндірмей қоймайды.

Сонымен, біз бүгінгі «Бейбіт аспанда шарықтаңдар, қанатты достар» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.


1.Таныстыру

«Сәлем сөздің - анасы» дегендей әр топ өздерін таныстырады.( 3 топ) Халық өз ортасынан шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға, төгіліп ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, Отан үшін, ел үшін жанын қиятын батырларын қыранға, елден асқан сұлуды аққуға теңеп жатады.

Қарағым, оку оқы, босқа жүрме!

Ойынға құр қаларсың, көңіл бөлме.

Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге. (Мағжан Жұмабаев)


2. Кім жылдам?

Менен сұрақ, сіздерден жауап. Сіздердің жылдамдықтарыңызға қарай қай топ тез әрі дұрыс жауап берсе, сол 1 ұпай алады. (Әр сұрақ бір ұпай!

1) Қандай құс хат тасушы атанған? (көгершін!

2) Ең кішкене құс (колибри)

3) Құстың негізгі баспанасы (ұя)

4) Қыранның балапаны (ақүрпек)

5) Дене салмағы 80-90 кг-ға дейін жететін құс (түйеқұс)

6) Құстардың өңешінің кеңейген бөлігі (жемсау)

7) Қолға үйретілген үй құстарының ірісі (күркетауық)

8) Аққудың балапаны (көгілдір)

9) Құстардың миы неше бөліктен тұрады? (бес)

10) Шөлді далада сексеуіл бұтақтарында ұя салатын құстар

(дала бүркіті, бөктері, аққұйрық, сауысқан)

11) Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (бүркіт)

12) Антарктидада тіршілік ететін құс (пингвин)

13) Құстардың алдыңғы аяғы неге айналады? (қанатқа)

14) Зиянды бунақденелермен қоректеніп, орманға пайда келтіретін

тазалықшы құс (тоқылдақ)

15) Жаңа Зеландияда кездесетін қанатсыз түйеқұс (киви)

16) Африкалық құс (стаус)

17) Еліміздегі су айдынындағы құстарды қорғау мақсатындағы құрылған

үлкен қорық (Қорқалжың)

18) Қай құстың қауырсынын қадірлеп бас киімге, домбыраға, үйге,

бесікке іліп қояды (үкі)

19) Күзде ұшып кетіп, көктемде елімізге қайта оралатын құстар

(жыл құстары)

20) Зоология ғылымының құстарды зерттейтін аласы (орнитология)


3.Ойлан, тап

Жас мұраты – білім,тәлім талабы,

Таудай болсын оңалуға алабы.

Жан қанжары*жүректегі жігері,

Өнер, оқу – жастың қару-жарағы.

Құстар адам өміріне сән-салтанат беріп, әсем сазды үнімен жаныңды рахатқа бөлейді. Сондықтан атадан балаға мұра болып келе жатқан халық шығармашылығында адам бойындағы ең үздік қасиеттерді құстарға теңеп: «Аққұ мойын», «Қасы қарлығаштың қанатындай», «Қаршыға көз», «Бүркіт тұмсық», «Қаз дауысты», «Ұлардай әдемі» деп атаған.

Бұл кезеңде үш топқа ертегі беріледі. Ертегіні әрі қарай аяқтайды.

1. Екі әтеш (орыс ертегісі)

2. Бүркіттің досы – сұңқар (халық ертегісі)

3. Құмырсқа мен көгершін (үнді ертегісі)


1. Екі әтеш (орыс ертегісі)

Ерте бір кемпір мен шалдың әтеші болған. Олар қолдарына түскен жемдерін сол әтештерге беріпті.

Бір күні кемпір құстарына жем шашады. Қарындары ашқан әтештер жүгіріп келді. Шұбар әтеш қасындағы жүрген досынан жемді қызғанады.


2. Бүркіттің досы – сұңқар (халық ертегісі)

Бір күні бүркіт өзіне сенімді дос іздеп, әлемге хабар беріпті. Сонда бүркіт:

-Кімнің қандай қасиеті бар? Деп сұрапты.

Бірінші болып қаз сөйлеген екен:

-Мен суда жүземін, жер жерде жүремін, ұша да білемін, - депті.

Жапалақ ортаға шығып:

-Меннен басқа құстар түнде ұшып көрген емес, деп мақтаныпты.

Құстардың көбі өзін-өзі мақтаған екен, сонда бүркіт алыстау тұрған сұңқардан;


3. Құмырсқа мен көгершін (үнді ертегісі)

Бір күні құмырсқа шөлдеп өзенге барған екен.

Суды ағынды жерінен іше берем дегенде, толқын оны жағадан ағызып алып кетеді. Сол маңдағы ағашта отырған бір көгершін мұны көріп, жаны ашиды да, бір жапырақты тұмсығымен жалма-жан бұтақтан жұлып алып суға тастайды. Құмырсқа сол жапыраққа жармасып жағаға шығады.

Арада бірнеше күн өткеннен кейін көгершін баяғы ағашқа тағы да қонады. Сол мезетте құс торушы жасырынып келіп, оған торын тастауға ыңғайланған екен. Көгершін бұл қауіпті сезбей бұтақта бейқам отыра беріпті. Ал құмырсқа сол маңда жүрген екен.


Кім тапқыр?

1.Кеудесі қайқаңдап,

Жүреді байпаңдап (қаз)


2. Орыннан орынға ауысқан

Ұшқалақ қарала......(сауысқан)


3. Мойны сұрақ белгісі,

Бұл қандай көл құсы (аққу)


4. Шабақ аңдып жағада

Шарқ ұрады........(шағала)


5. Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады (қарлығаш)


6. Тарағым бар, таранбаймын,

Орағым бар, ора алмаймын.

Сақалым бар, ал бірақ

Мен ақсақал бола алмаймын. (әтеш)


Егер де мен....(Өзін құстың орнына кою)

Халық (Көкек келді – көктем келді! Дейді. Көктемнің бір тамаша бір айын көкек деп атайды. Өз ұрпағыңа ұқыпсыз болса да көкек пайдалы құстардың біріне жатады. Көкектің балапаны бік күнде 39 шегіртке, 43 жұлдызқұрт, зауза қоңыздың 5 жұмыртқасын, шатырлақ қоңыздың 50 жұмыртқасын, 4 өрмекші, құмырсқа жұмыртқаларын корек етеді.

«Сөз – ойдың көрінісі, ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр!. Өздеріңізді құстардың орнына қойып шешендіктеріңізді көрсетіңіздер.


1.Аққу, 2.қарлығаш, 3.тауық


Қорытынды:Тамлыжыған тамаша табиғаттың көрікті көктемінде құстар әні толастамайды. Құстар тойы тойға ұлассын! Бейбіт аспанда қалықтаңдар, шаттана шарықтаңдар, қанатты құстар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2019
558
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12