8-11 cынып оқушылары арасында
«Б.Майлин –
әңгіме шебері» атты
оқырмандар байқауының сценарийі

Мақсаты:
Әңгіме жанрының хас шебері Бейімбет Майлиннің
әңгімелерін оқырмандандар байқауы арқылы оқушыларға
насихаттау
Міндеті:
Оқушыларды Бейімбет жайлы тың деректермен
таныстыру, шығармаларын талдау. Өз ойын еркін жеткізе білуге баулу,
сөздік қорын молайту. Сыры ашылмаған дәйектемелер арқылы
дүниетанымын
кеңейту.
Көрнекіліктер: Жазушының
кітаптарынан кітап көрмесі, суреттер, газет-журналдар, үлестірмелі
карточкалар, qr-қод арқылы тест сұрақтары
Қадірлі әдебиет сүйер
қауым, оқырмандар!
Биік парасатты ақиық азамат,
аса көрнекті жазушы, сөз зергері Бейімбет Майлиннің шығармашылығына
арналған арасында «Б.Майлин – әңгіме
шебері» атты оқырмандар байқауына қош
келдіңіздер!
Бейімбет Майлин - қазақтың
біртуар ардақты да аяулы азаматы. Ұшқыр ой-зердесімен, аса жүрдек
қаламымен алуан түрлі сөз өрнегін салып, рухани бай қазына қалдырып
кеткен сан қырлы дарын иесі, шалқар шабыттың биік тұғырынан
көрінген алып тұлға. Ол жазбай кетті деген журналистиканың да,
әдебиеттің де жанры жоқ деген сөзден ешбір жалғандық
сезбейміз.Төгіліп жазған, сенімді сөйлеген. Қай туындысын алмасаңыз
да өз кезіндегі өмірдің, қоғамның қалтарыс - бұлтарыстарын шынайы
да шебер көрсете білген.
Олай болса, бүгінгі сайысымыз
арқылы жазушы мұрасын жаңғырту, оның шығармашылық қызметін
насихаттау мақсатында тоқталып өтсек
дейміз.
Бүгінгі сайысымыз екі кезеңнен
тұрады.
-
Ақын әңгімелерінің желісі
бойынша, qr-қод арқылы сұрақтарға
дұрыс, әрі жылдам жауап беруі қажет.

-
Ақын шығармаларының желісі
бойынша жағдаяттық сұрақтарға жауап береді. Сұраққа жауап беру
барысында оқушылардың сыни көзқарасы, басқа шығармалармен
байланыстыруы, нақты дәлердер келтіруі
бағаланады.
2
кезең
сұрақтары:
-
Шұға мен Әбдірахманның бақытты
бола алмауына заман кінәлі
-
Шұға мен Әбдірахманның бақытты
бола алмауына Айнабай кінәлі
-
Әбдірахманның осал
тұсы
-
Егер Күлпаштың жағдайы басыңа
түссе қалай шығар едіңіз?
-
Раушан берген кеңесті бүгінгі
заман тұрғысынан қалай өзгертер едіңіз?
-
Мақтымды қазіргі ер
азаматтармен салыстырыңыз?
-
Қазіргі қазақ қыздарының
тарғдыры Шұғамен салыстырмалы түрде қандай деп
ойлайсыз?
-
Әбдірахманның орнында болсаңыз
қайтер едіңіз?
-
Шұғаның өліміні қоғам
кінәлі
-
Шұға мен Әбдірахман ХХІ
ғасырда өмір сүргенде бақытты болар ма
еді?
Ойымызды жинақтай келіп,
қорытып айтсақ, Бейімбет Майлин - өзінің жеке басының азаматтық,
адамгершілік қасиеттері жағынан да, шығармашылық, шеберлік
үрдістері тарапынан да біздер мен кейінгі ұрпаққа атап айтарлық,
масаттана мақтанарлық, әркез үлгі - өнеге тұтарлық, тамсандырып
табындырар тағылымдар қалдырған асқаралы заңғар
жазушы.
Сайыс соңында жеңген оқушыны
анықтап, сайысқа белсене қатысып, білімін көрсеткен оқушыларды
бағалау, марапаттау.