Бейімделген бағдарлама ктп 4 тоқсан 3 сынып

Тақырып бойынша 16 материал табылды

Бейімделген бағдарлама ктп 4 тоқсан 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейімделген бағдарлама ктп 4 тоқсан 3 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

«БЕКІТЕМІН»

директоры

Ж.Т.

___________








Арнайы педагогтың жеке сабақтарының IV тоқсанға жасаған күнтізбелік-тақырыптық жоспары


3 «А» сынып оқушысы___________________

(Олқылықпен жұмыс, қайталау сабақтары)

27.03.-31.05.2023 ж.






















Түсінік хат

Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығына сүйенді.

КТЖ әзірлеуде 2022-2023 оқу жылында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты ескерілді.

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды жалпы білім беру ұйымына қосу мүмкіндіктері (түрлері) білім беру жүйесінің қолданыстағы нормативтік құжаттарымен бекітілген. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінің үлгілі қағидаларының18-тармағына бекітілген. Ата-аналарының немесе өзгеде заңды өкілдердің мүдделерін ескере отырып, жергілікті білім беру басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарына ерекше білім алуды қажет ететін, оның ішінде оқу бағдарламасын меңгеруде қиналатын (үлгерімі төмен) оқушылар мен қалыпты оқушылардың бірлесіп оқытылуы тиіс. Инклюзивтік және арнайы сыныптардағы даму мүмкінділігі шектеулі барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын арнайы педагогтар (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жүзеге асырады. Жалпы сыныпта отыратын ЕББҚ балалар бейімделген жалпы білім немесе жеке оқу бағдарламалар бойынша білім алады.

Сабақ оқу бағдарламаларын меңгеруде қиындықтарды бар оқушылар үшін жалпы дамытушы және пәндік бағыттылық сынды білімдегі кемшіліктердің орнын толтыру бойынша жеке және топтық түзету сабақтар ұйымдастырылады.

Сабақ жалпы мектептің «Әліппе», «Математика», қажет болған жағдайда « Дүниетану», «Әдебиеттік оқу» пәндеріне сүйене отырып күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрылады.

Сабақтың мақсаты жалпы оқушылардың деңгейін арттыру, алдыңғы оқыту мен дамудағы кемшіліктердің орын толтыру, жеткіліксіз меңгерілген оқу білігі мен дағдыларын қалыптастыру бойынша жеке жұмыс жасау, жаңа оқу материалдарын қабылдауға мақсатты бағытталған дайындық болып табылады. Бір оқушымен жүргізілетін сабақтың ұзақтылығы 45, сабаққа қажеттілігіне қарай аптасына 2 рет келеді.

     3-сынып, IV-тоқсан

Барлығы: 18 сағат, аптасына: 2 сағат.














  3-сынып, IV-тоқсан

Барлығы: 18 сағат, аптасына: 2 сағат.



Бөлімшелер/Ауыспалы тақырыптар

Сабақтардың тақырыптары

Оқудың мақсаттары

Сағат саны

Мерзімі

1

Грамматикалық нормаларды сақтау

/ Қазақ тілі


Сөз таптары

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу.

2



2

Грамматикалық нормаларды сақтау

/ Қазақ тілі



Зат есім

3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/ жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу.


2



3

Жазба жұмыстарын түрлі формада ұсыну

/ Қазақ тілі



Зат есім

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу.

2



4

Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу

/ Қазақ тілі


Сын есім


3.​3.​3.​1* оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу;

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу.

2



5

Жанды табиғат

/ Математика

1000 көлеміндегі сандар

3.1.1.1 1000-ға дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау

3.1.1.2 үш таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру

3.2.2.1.Қарапайым теңсіздіктердің шешімін жиынын табу

2



6

Жанды табиғат

/ Математика

Разрядтық қосылғыштардың қосындысы

3.5.2.1 көп таңбалы сандардың графикалық моделін құру, кластар мен азрядтар кестесін қолдану

3.1.1.3 үш таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштар сомасына жіктеу

3.2.2.1.Қарапайым теңсіздіктердің шешімін жиынын табу

2



7

Жанды табиғат

/ Математика

Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту

3.1.2.5 үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау

3.4.3.1 1000-ға дейінгі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау

2



8

Жанды табиғат

/ Математика

Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту

3.1.2.5 үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау

3.2.2.1.Қарапайым теңсіздіктердің шешімін жиынын табу

3.2.1.2 әріптердің берілген мәніндегі екі айнымалысы бар өрнектің мәнін табу

2



9


Қайталау сабағы

Өткен тақырыптарды қайталап өту, бетіту.

2




Арнайы педагог:

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2024
411
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі