Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бейнеу орта мектебі, дене тәрбиесі ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
- Әдістемелік апталықтар мен семинарларды сапалы өткізу, оның педагогтардың кәсіби біліктілігі мен әдістемелік шеберлігін жетілдірудегі ролін арттыру; -Оқытудың белсенді әдіс-реформалары мен тиімді технологияларын іздестіре отырып, тәжірибе-апталықтар жүргізу; -Өзара тәжірибе алмасу жиындарын өткізе отырып жас мамандардың кәсіби қалыптасуын қамтамасыз ету; -Мамандардың біліктілігін арттыру жұмысын жүйелі ұйымдастыру; -Педагогикалық шығармашылыққа ынталандыруға жағдай туғызу; -Мұғалімдердің облыстық,республикалық басылымдарға мақала,сабақ үлгілерін жариялауын жандандыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың І бөлім:

Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын қалыптастыру.

Мектеп: Абай орта мектебі КММ

Күні:


Мұғалім аты жөні: Алданов Нурнияз

СЫНЫП: 5
Сабақ 3

Қатысқандар:12
Қатыспағандар:-

Бөлім №1

Жүгіріп келіп және бір орында ұзындыққа секіру техникасын

үйрету

Оқу мақсаты

5.1.2.2 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындай алу


Сабақ тақырыбы

Жүгіріп келіп және бір орында ұзындыққа секіру техникасын үйрету



Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары







оқушыларға жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру тәсілін үйрету, көрсеткіштерімен таныстыру;

Аяқ бұлшық еттерінің, буындарының секіруде атқаратын жұмыстарын түсіндіру.

Жүгіру техникасы.

Бір орыннан секіру техникасы.

Ұшу және орнығу

Бағалау критериі

Дескриптор -0 орындамаса. 1- төмен орындаса. 2- орындаса. 3 жақсы орындаса.

Оқушы жүгіру алдын дайындықты дұрыс орындай білсе-1

Жүгіру барысында қол-аяқ қозғалысын үйлесімділігін қадағаласа-1

Бір орыннан секіру фазаларын білсе-1

Жүгіріп барып секіріп түсу фазасын білсе-1

Ұшу және орнығу әдіс-тәсілдерін білсе-1

Сабақтың тілдік мақсаты

Негізгі сөздер мен фразалар: секіру, жүгіру, ұшу, орнығу.

Құндылықтар

Жеңіл атлетика сабағы барысында бір-біріне деген құрмет көрсетуі және ынтымақтастық артады.

Пәнаралық байланыс

Сабақ барысында қозғалыс кезінде кететін күш - қуат физика пәнімен, дұрыс тыныс алу және қалыпқа келу биология пәнімен байланысты.

Алдыңғы білім

Үй тапсырмасын сұрау арқылы кері байланым жасаймын

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекеттер

Дерек көздер

0 – 8 минут













9-15 минут


Ынтымақтастыру атмосферасын орнату. Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

Миға шабуыл. Оқушыларға сұрақтар беріледі:

Секірудің қандай түрлерін білесіңдер?

Секіру бойынша олимпиада чемпиондарынан кімді білесіңдер? (Ольга Рыпакова).

Постермен жұмыс. Оқушыларға үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың олимпиада ойындарында көрсеткен өнерінен үзінді беріледі. Белгіленген уақытта постерге Ольга Рыпакова жетістікке қалай жеткендігі туралы өз ойларын сатылап жазып шығады.

Жалпы дене жаттығулары:

Жүру бағытында орындалатын жаттығулар:

1.Екі қолды жоғары,аяқтың ұшымен жүру.

2.Екі қол белде,өкшемен жүру.

3.Қол желкеде,жартылай отырып жүру.

4.Қол тізеде,толық отырып жүру.

Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар:

1.Тізені жоғары көтеріп жүгіру.

2. Өкшені жамбасқа лақтырып жүгіру.

3.Аяқтың басын алға сілти жүгіру.

5.Сол қапталмен қолды артқа айналдыра жүгіру..

6.Оң қапталмен қолды алға айналдыра жүгіру.








Постер, маркерлер


Бейнефильм: https://www.youtube.com/watch?v=hy_pDEt1Q1Y


16-36 минут


















Негізгі бөлім.

Ұзындыққа екпіндеп секіру төрт сатыға бөлінеді:

Екпін. Екпін керекті жылдамдықты жинап алу үшін қажет. Екпін алғаннан кейін секіруші жүгіріп жылдамдық алады. Мұндағы жүгіру адымдық жүгіру деп аталады. Секіруші өзінің әр жүгіру адымын, қозғалысын қадағалау керек және жүіріп келе жатып оң, солға қозғалмай түзу жүгіру керек, адымы өте кең болу керек.

Итерілу. Итерілуге жақындағанда секіруші соңғы 3-4 адымдық жылдамдығын көбейту керек. Белгіленген сызыққа келгенде секіруші сызықтан аспай бар екпінмен жерге түсу үшін ұшады.

Ұшу. Секіруші белгіленген сызықтан екпін алып секіргеннен кейін ұшу кезеңі басталады. Ұшу кезінде секіруші өзін бір қалыпта ұстап, мүмкіндігінше алысқа жерге түсудің тәсілдерін орындайды.

Ұшу кезеңінде тәсілдерді үш түрге бөліп қарауға болады:

ұшу кезінде бір аяқты бүгу

2) ұшу кезінде екі аяқты бүгу

3) ұшу кезінде екі аяқты қайшыландыру, яғни ұшып бара жатқанда екі аяқты ауада кезек-кезек сермеу

Ұшу кезіндегі тәсілдер - секірушінің қаншалықты ұзындыққа секіретінін

көрсететін шешуші тәсілдер.


Жерге түсу. Бұл секірудегі соңғы тәсіл, секірушінің қанша ұзындыққа секіргенін көрсетеді. Жерге түсу кезінде екі аяқтың тізесін жазады, иықты, кеудені алдыға қарай бүгіп, екі қолды төмен немесе алға жібереді.









Жүгіріп келіп ұзындыққа секірудің көрсеткіштері:

ұ лдар – 2,60м. («3»)

3,00м. («4»)

3,20м. («5»)
қыздар – 2,20м. («3»)

2,60м. («4»)

2,80м. («5»)


2. Оқушылар жаңа тақырыпты практика жүзінде көрсетеді. Оқушылар 2 топқабөлінеді. Топқа футболшылар мен олимпиада чемпиондарының суреттерін топтастыру арқылы бөлінеді. 1-топ ұзындыққа секірут әсілдерін үйреніп жатқанда, 2-топ секіртпе жіппен секіреді.

3. Эстафета. «Кімалысқасекіреді?»

Шарты: 2 топ оқушылары кезекпе-кезек бір орында тұрып, ұзындыққа секіреді. Әроқушының секірге нұзындықтарын бормен белгілеп, соңғы оқушы секіргенне нкейін әртоптағы барлық оқушының ұзындыққа секірген өлшемдер іқосылады. Қайтоптың ұзындыққа секірген өлшемі көп, сол топ жеңіскежетеді.


4 . Диалогтік әдіс. «Жетістіккеқалайжетті? Әртопқа үшқарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың суретіжабыстырылған плакат беріледі. Белгіленген уақытта плакатқа Ольга Рыпакова жетістікке қалай жеткендігі туралы өзойларын сатылап жазып шығады.


Мұғалім оқушыларды өзінің төмендегі бағалау парақшасына бағалайды.

Секіру техникасын бағалау

ФИО

Жүгіріп келіп секіру,см

Бір орында тұрып секіру, см

Ұшу және орнығу, см














Ысқырық, секундомер









Соңы

37- 40

1.Тыныс алу жаттығулары: Қолды көтеріп терең дем алу, қолды жібергенде демді шығару.

2. Үй тапсырмасы: Үйде сөреден дұрыс шығу, мәреге жету жаттығуларын қайталау


Қосымша ақпарат. Кітап ғаламтордан қосымша ақпарат алу

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?


дамытуды қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай

жоспарлайсыз?

Дискриптор және

Критерий жасақтаймын

Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ сілтемелері

Физика, биология.




















Құндылықтар

Барлық оқушылар; Жүгіріп келіп, ұзындыққа секірудің әдістерін біледі.

Оқушылардың көбісі; ұзындыққа секірудің әдістерін практикада қолдана алады.

Оқушылардың кейбірі: Өздерінің және өзгелердің орындаған жаттығуларын бағалайды, дамыту үшін ақыл кеңес береді

бақылау, тыңдау, сұрақтар беру, постермен жұмыс, бағалау парағы арқылы

Сабақ барысында қозғалыс кезінде кететін күш - қуат физика пәнімен, дұрыс тыныс алу және қалыпқа келу биология пәнімен байланысты.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.





Сабағым мақсатына жетті.Себебі оқушылар жылдам жүгіруді үйренді.Берілген тапсырмалардан кейін оқушылар деңгейге бөлініп ерекшеленіп шықты.Төмен орташа,жоғары, деңгейдегі оқушыларға сараланған тапсырмалар берілді.Түрлі түсті суреттер арқылы оқушыларды топқа бөліп,бір мезгілде түгендеп,уақытты тиімді пайдаландым.





Қорытынды бағалау


Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуді)

1: Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.

2: Топтағы жеңіске ерісуге болған ынталануы


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйретуді)?

1: Сөреден дұрыс шығыуды үйрету

2: Секірудегі соңғы тәсілін дұрыс үйрету


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
468
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12