Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА - ЖОБАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада химия сабағында жобалап оқыту технологиясын қолдану жайында қарастырылады. Оқыту мен оқуда көптеген әдіс тәсілдерді пайдаланып оқушыларға білім беруде бұл әдістің орны ерекше.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА - ЖОБАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы №2 Мәртөк мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Молдағазы Нұрғаным Алтайқызы

nurganymmoldagazy@gmail.com

Аңдатпа

Мақалада химия сабағында жобалап оқыту технологиясын қолдану жайында қарастырылады. Оқыту мен оқуда көптеген әдіс тәсілдерді пайдаланып оқушыларға білім беруде бұл әдістің орны ерекше.

Түйін сөздер:

Жобалап оқыту, педагогикалық технология, оқыту технологиясы,

Аннотация
В статье рассматривается использование технологии проектного обучения на уроках химии. Этот метод занимает особое место в обучении студентов, использующих многие методы преподавания и обучения.

Ключевые слова:

Проектное обучение, педагогическая технология, технология обучения,

Annotation

The article considers the use of project-based learning technology in chemistry lessons. This method has a special place in teaching students using many methods of teaching and learning.

Keywords:

Project teaching, pedagogical technology, teaching technology,


Қазіргі кезде оқыту теориясында - «технологиялық қатынас», «технология», «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы», «тәрбие технологиясы», «ойын технологиясы» т.б. ұғымдар кездеседі, оларды бір-бірінен ажыратып, жеке-дара қарастырып, білім берудегі маңызын түсінуіміз қажет.

Педагогикалық технология – дара тұлғаны қалыптастыруға педагогикалық ықпалдарды ұйымдастыру қажеттілігінен туындаған өзара байланысты процестер [1].

Жобалау әдісі 1965 жылдан бері қарай халықаралық деңгейде қолданыла бастады. Бұл әдісті қолданудың басты себебін ғалымдар «мәселені оның дамуында қарастыруға мүмкіндік беретіндігімен» байланыстырады, яғни білім алушылар нақты мәселені шешу үшін әрекет үстінде бірнеше рет теорияға үңіледі, соның нәтижесінде өз ісінің қалай орындалғанын бағалай алады, өз қолдарымен жасалған іс оларға қанағаттанарлық, өзіне сенімділік әкеледі. Ғалымдар бұл технологияның осы артықшылықтарына үлкен мән берген. В.Килпатриктің ойынша, оқу әрекеттері оқытушының қатысуынсыз орындалуы тиіс. Сонда оқушы өз әрекетінің нәтижесін көріп, өзінің қабілетін бағалай алады десе, ал Д.Дьюи оқушының әрекеті мұғаліммен бірлескен әрекет болуын талап етті. Өйткені оқушының әрекетті аяғына дейін орындауына толық білімі жетпеуі мүмкін, ол үшін мұғалім әрекетті орындаудың алдында оқушының барлық ойлау әрекеті сатысынан өтуін қамтамасыз етуі тиіс деген пікір айтады [1].

Яғни, жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу.

Жобалап оқыту технологиясының белгілері:

. өз бетінше ойланып, жұмыс істей білу;

. өз білімі мен біліктілігін практикада қолдану;

. керекті ақпаратты жинау ,іздеу іскерлігі;

. жан – жақты болу;

. оқушының табиғи қызығушылығы арқылы белсенділігінің артуы.

Химия сабағында жобалап оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі. Бүгінгі күні педагогикалық алаңда білім берудің жаңа моделін құраудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оқушымен оқытушы арасындағы тепе-теңдік жағдай, екі тұлға да үйренушілер, үйретушілер;

Оқушымен оқытушы арасындағы өзара сыйластық, бір-бірінің үйренудегі және үйретудегі көмегінің маңыздылығы;Оқушыны өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін құрметтеу; Оқушының ойлау, талдау, іздену қабілеттерін арттыру; 

Сабақта шешуші роль атқаратын оқытушы емес, керісінше оқушы екені туралы пікір қалыптастыру;

Сабақ кезеңдерінде қолданылатын стратегия: Оқушылардың таным белсенділігін «іске қосып»,одан туындаған ойды шешуге бағыттау үшін, сол ойдың белгілі бір жақтары болуы керек және шығармашылық іздестіруге, ойлануға итермелейтін бастапқы мәліметтер болуы тиіс.

Зерттеу жұмысы – шығармашылық үрдіс. Оның барысында өзгертулер, толықтырулардың болып тұруы заңды құбылыс.

Зерттеу жұмысына ең алдымен жоспар жасап алу керек. Жұмыс жоспары «Не істеу керек, қандай жолдары бар, қандай әдістер дұрыс?» деген сұрақтарды қамтиды.

-Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімін жасау. Ғылыми жұмыстарға үңілу.

-Ғалымдардан ақыл-кеңес сұрау.

-Интернетке жүгіну.

-Үнемі байқау, іздеу, жинақтау жұмыстарын жүргізу.

-Тәжірибе жүргізу, оның барысы, нәтижесін жүйелі түрде талдап отыру.

-Қорытынды жасау.

-Бейне материалдар, слайдтар жасау.

-Жұмысты қорғауға дайындалу.


Демек, жобалап оқыту технологиясын қолданып, проблемалық тақырыптың мазмұнын ашу, пікірталасқа түсу, өзіндік ойларын ғылыми дәлелдеудегі мұндай оқу ынтымақтастығын тудыратын топтық жұмыстардың мүмкіндіктері мен тиімділігі мол.

Қорыта айтқанда, жобалау әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі болып табылады. Жобалап оқыту технологиясын қолданатын педагогикалық үдерістегі – оқу қызметтері, оқыту әдістері мен тәсілдері, оқытудың формаларымен байланыста қаралады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Қисымова Ә.Қ., Увалиева Т.Ж. Оқыту технологиялары. – Алматы. 2007, 204 б.

2) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты мақаласы. 12.04.2017ж.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы. https://www.mod.gov.kz/kaz/poslaniya_prezidenta

3)Зуев Д.Д. Школьный учебник как средство обучения. //Вопросы школоведения. - М.: Просвещение, 1982. - С. 170-183.

4) Мұқанов М.М. Бағдарламалық оқытудың негізгі идеялары мен ұғымдары. Алматы, 1973. - 58 б.

5)Мырзабайұлы A. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. - Алматы: Білім, 2004. - 218 б.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2025
113
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12