«Қызылқайың орта мектебі мектеп жасына
дейінгі шағын орталығы бар» КММ
9- сынып оқушысы
Даутбек Шынар
Бейсен ағаға арнау
Айтуға оңай бұл өмір жалған деп тегі,
Айтуға қиын бір есіл ердің кеткені.
Айтуға оңай өмір ғой жалған өтпелі,
Айтуға қиын өртенген өксіп өкпені.
Үзбедің жақсылықтан күдеріңді,
Еске алсам мұң шалады жүрегімді.
Мәңгілік білсек- дағы өмір жоғын
Мойындау қиын болды бұл өлімді.
Алдымызда жанардың ақ дидарың
Жүзіңнен көрінуші ед ар- иманың.
Санамызда сақтаулы жетеуі де
Қазық қып өзің қаққан қағиданың.
Әр сөзіңді өскелең таниды әлі,
Ұрпағыңа игі ісің дариды әлі.
Отауыңның ошағын сөндірмейтін
Қалдырдың Гүлмирадай жар ибалы.
Телеарнадан естуші ек әз үніңді,
Бүгінде көңіл сенбей, әр арнаға көз үңілді.
Кеткенің ойға түссе оралмасқа
Еріксіз жанарлардан жас үзілді.
Байсалды ғана бағына біткен қазақтың,
49 жас жасап, сүрсең де өмір аз- ақ күн.
Қамшылап қарекетке әр қазақты
Бейсендей аға бар болмысыңмен ғажапсың.
Қайысты бар қазақтың қабырғасы
Қайғыдан қара шекпен жамылғасын.
Тілеріміз жеңіл боп топырағың,
Алдыңнан Аллам өзі жарылқасын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бейсен Құранбекке арнау
Бейсен Құранбекке арнау
«Қызылқайың орта мектебі мектеп жасына
дейінгі шағын орталығы бар» КММ
9- сынып оқушысы
Даутбек Шынар
Бейсен ағаға арнау
Айтуға оңай бұл өмір жалған деп тегі,
Айтуға қиын бір есіл ердің кеткені.
Айтуға оңай өмір ғой жалған өтпелі,
Айтуға қиын өртенген өксіп өкпені.
Үзбедің жақсылықтан күдеріңді,
Еске алсам мұң шалады жүрегімді.
Мәңгілік білсек- дағы өмір жоғын
Мойындау қиын болды бұл өлімді.
Алдымызда жанардың ақ дидарың
Жүзіңнен көрінуші ед ар- иманың.
Санамызда сақтаулы жетеуі де
Қазық қып өзің қаққан қағиданың.
Әр сөзіңді өскелең таниды әлі,
Ұрпағыңа игі ісің дариды әлі.
Отауыңның ошағын сөндірмейтін
Қалдырдың Гүлмирадай жар ибалы.
Телеарнадан естуші ек әз үніңді,
Бүгінде көңіл сенбей, әр арнаға көз үңілді.
Кеткенің ойға түссе оралмасқа
Еріксіз жанарлардан жас үзілді.
Байсалды ғана бағына біткен қазақтың,
49 жас жасап, сүрсең де өмір аз- ақ күн.
Қамшылап қарекетке әр қазақты
Бейсендей аға бар болмысыңмен ғажапсың.
Қайысты бар қазақтың қабырғасы
Қайғыдан қара шекпен жамылғасын.
Тілеріміз жеңіл боп топырағың,
Алдыңнан Аллам өзі жарылқасын.
шағым қалдыра аласыз













