Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бекет Ата рухына арнау

Материал туралы қысқаша түсінік
Бекет Атанын 260 жылдық мерейтойына арналған өлең жолдары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекет Ата рухына арнау

( 260 жылдық мерейтойына арнау)

Отпан тауы «От Адамның» мекені,

От боп бір кез атылған жер жүрегі

Табиғатпен ғұламалар тілдескен,

Өтіп кетті дана шалдар кешегі.



Ұран оты Отпан тауда жағылған,

Бес қаруын белдігіне тағынған

Бұл кешегі ереуіл ат белдеуде

Жеткен екен жаугершілік заманнан.



Шежіре дерегіне көз жүгіртсек,

Балуанияз, Балтеке, Асар, Тұрманбет

Батырларым ұлы жеңіске жеткенде,

Отпан тауда Ұран оты жағылып ет.



Ту байлаған сырық бірақ сықырлап,

Адайдың туы айшықты желсіз желбіреп,

Жұлынып қолдан шыққысы келсе керек.

Бекет Ата немересі Асар сонда:

«Жеңуін жеңерміз – ау Иншалла

Бірақ жеңіс арзанға түспес» , - десе керек.



Адайдың қара шаңырақ Мұңалы бар,

Оның да көрінуге құмары бар.

Алдымен ағаларын айтып болсақ,

Адайдың «Бекет» деген ұраны бар.



Отпанның табиғатын суреттеуге,

Айналып тұр мақтауға тіл жетпеуге,

Күмән де жоқ Отпанның ырыс несібесіне,

Қасиеті тасыған киелі тау екеніне.



Адамдардың жанына рух сыйлар,

Қасиетті 362 әулие бар

Ен далада төңірегіне көрік беріп,

Сан ғасырлар тарихтың куәсі боп

Шерғала, Айрақты тауы жатыр керіліп.



Ел аузында Отпан тауы бұл күндері,

Бабалар ұран отын жаққан тауы.

Шоқының сол басынан от көрінсе,

Қапыда жай бұрылған шапқан жауы.



Халықпен бірге кешіп қасіретін,

Қиналғанда көрсеткен қасиетін.

Бекет Ата киелі асқарымыз,

Ұрпақтары тағзым етіп, бас иетін.



Маңғыстаудың кіндігі Отпан тауда,

Тұрғызылып кесенесі Адай Ата

Өркөңілді, кеңпейіл өмір сүрген,

Халықымыздың ұлысы Адай – Ата.



Ниет қабыл, істеріңіз оң болсын,

Біріктірген ынтымақ елдің басын.

Әруағын асыратын Адай Ата рухын

Пірім Бекет тілекші боп қолдасын.



Ортақ болған Маңғыстауға атамыз,

Орнап жатқан сіздің берген батаңыз

Адай Ата қазағыма жол ашар,

Ұрандаған халқымызға сәт сапар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
572
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12