Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ тақырыбы: Бекеттегі сақшының міндеттері мен әрекеттері
|
Бөлім: |
ҚРҚК-нің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары |
|
|
Педагогтің аты-жөні: |
Абдикешов Д.А. |
|
|
Күні: |
|
|
|
Сынып: 10 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Бекеттегі сақшының міндеттері мен әрекеттері |
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
1. Қаруды оқтау және оғын ала алу. 2. Бекеттегі сақшының қару ұстау күйін білу. 3. Сақшының бекетті қабылдаған және тапсырған кездегі әрекеттерін, өрт шыққанда жəне өз бекеті немесе көрші бекет маңында тəртіпбұзушылық болғандағы əрекеттерін орындай алу. |
|
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Бекеттегі сақшының қару ұстау күйін, қаруды оқтауды және оғын алуды біледі. Оқушылардың басым бөлігі: Қаруды оқтап және оғын ала, сақшының бекетті қабылдаған және тапсырған кездегі әрекеттерін, өрт шыққанда жəне өз бекеті немесе көрші бекет маңында тəртіпбұзушылық болғандағы əрекеттерін орындай алады. Кейбір оқушылар: Күндізгі мезгілде және түнде ауысым жақындағанда сақшының әрекеттерін дұрыс орындай алады; |
|
|
Құндылықтарға баулу |
Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу |
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресур-р |
|
Басы 3' |
Амандасу, түгелдеу, оқушылардың сырт көріністерін тексеру. |
Взвод командирінің орынбасары оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға сабаққа дайындығы жөнінде баяндама жасайды. |
|
|
|
Ортасы 3' |
Постыдағы сақшының қаруын ұстауы Постыдағы сақшының бекітілген сүңгісі бар қаруы (жиналмалы дүмді сүңгі-пышақсыз автоматы) болуы керек; белдікке ілінетін қынаптағы сүңгі-пышақ: түнгі уақытта – тұрып атуға оңтайлы жағдайда; күндізгі уақытта – "белдікке" немесе тұрып атуға оңтайлы жағдайларда; ішкі постыларда және жауынгерлік ту жанындағы постыда – ағаш дүмді автоматтар – "белдікке" күйінде, жиналмалы дүмді автоматтар – "кеудеге", карабин – аяқта болуы керек; жабдықталған оқжатарлар салынған сөмкелердің аузы жабық болуы тиіс. Өрт сөндіру немесе табиғат апаттарының зардаптарын жою кезінде сақшыға қаруын "арқаға" күйінде ұстауына рұқсат етіледі. Қарауыл бастығы жұмысқа таратушылар мен қарауылдың міндеттерін нақты білуін тексереді, қаруды қолдану тәртібіне ерекше назар аудара отырып, қарауылдарға әр постыда қызмет атқару міндеттерін естеріне салады, ауысымды қарауыл үй-жайларынан шығарады да, қаруды оқтайтын алаңда сапқа тұрғызып, "Ауысым, оң жақтан бір-бірлеп оқта!" деп пәрмен береді. Осы пәрмен бойынша оң қанаттағы әскери қызметші алға қарай бір адым басып, сүңгіні бекітеді де, қаруды оқтайды, қарауыл бастығы қарудың оқталуын тексереді. Қаруды оқтап болған соң әскери қызметші: "Қару оқталды және сақтандырғышқа қойылды!" деп баяндайды, сонан соң жеке алып "Белдікке!" күйінде ұстап, бір адым кейін шегінеді. Осындай тәртіпте басқа жұмысқа таратушылар мен қарауылдар қаруды кезектесіп оқтайды. Қару постыға шығар алдында оқталады. |
Тыңдайды, сұрақтарға жауап беру арқылы диалогқа түседі. Дескриптор - Бекеттегі сақшының қару ұстау күйін біледі; - қаруды оқтауды және оғын алуды біледі. |
Дескриптор
|
АӘТД оқулығы |
|
6' |
Сақшыларды ауыстыру тақ немесе жұп сағаттарда, 2 сағ сайын жүргізіліп отырады. Ауаның температурасы – 20°С және одан төмен, жел соғып тұрған және қатты аяз болмаған кезде сыртқы постылардың, сондай-ақ пеш жағылмайтын үй-жайлардағы ішкі постылардың сақшылары 1 сағатық кезекпен ауыстырылады. Сақшыларды 1 сағ сайын ауыстыру туралы нұсқауды қарауыл (әскери бөлім) бойынша кезекші береді. Егер сақшылар 1 сағ-тан кейін ауыстырылса, онда қарауыл бастығы пост ведомосында сақшылар қай уақыттан бастап 1 сағаттан кейін, ал басқа ауысым келгенде – қай уақыттан бастап 2 сағ сайын алмастырылып отырғаны жайлы жазып қояды. Қарауыл үй-жайларына кіре берісте сақшыларды қарауыл бастығы әрбір 30 мин сайын ауыстырып отырады. Ауысым сақшыға 10-15 адымға жақын келгенде, қарауылдың жұмысқа таратушысы: "Ауысым, тоқта!" деп пәрмен береді де, бір қарауылға пост пен оның маңайына бақылау жасауды (ауысым машинамен жүргенде қаруды оқтап, бақылау жасауды) бұйырады. Мысалы: "Қатардағы сарбаз Данияров, пост пен оның маңайына бақылау жаса!" Сақшы ауысым жақындағанда оларға бет бұрып, өздігінен автоматты "белдікке" (карабинді – аяққа) күйінде ұстайды. Сақшы жаңа қарауыл жұмысқа таратушысының пәрмені бойынша, мысалы: "Қатардағы жауынгер Васильев, постыға қарай адымда!" дегенде, тік тұрып оң жаққа бір адым жасайды, ал қарауыл сақшыға жақындап келіп, оның орнына қарсы бағытта бұрылып тұрады. Бұрынғы және жаңа қарауылдың жұмысқа таратушылары сақшы мен қарауылдың екі жағында бір-екі қадам арақашықтықта бір-біріне қарап тұрады. Бұрынғы қарауылдың жұмысқа таратушысының: "Сақшы, постыны тапсыр!" – деген пәрмені бойынша сақшы посты ауызша тапсырады. Бұл ретте сақшы мен қарауыл бір-біріне қарай бастарын бұрады. Постыны ауызша тапсыру кезінде сақшы постының нөмірін атаған соң, постыны күзетуге келген қарауылға пост табеліндегі күзетуге жататын барлық объектілерді атайды, сондай-ақ қызметті атқару кезінде пост маңында байқалған жайттарға назар аударады. Постыны ауызша тапсырып болған соң, сақшы жұмысқа таратушысының: "Сақшы, постыны қабылдап ал!" – деген пәрмені бойынша жаңа қарауыл жұмысқа таратушысымен бірге сақшы мен бұрынғы қарауылдың жұмысқа таратушысының қатысуымен күзетілетін объектілерді қарап шығуға және сақтау орындарының (қоймалардың), есік-терезелерін, қабырғаларын, жарықтандыру жүйесін, қоршауларын, құлыптардың, баулардың, мөрлердің (сүргілердің) бар-жоқтығын және олардың көшірме бедерлеріне сәйкестігін немесе күзетілетін ұрыс машиналарының (басқа қару-жарақ пен әскери техниканың) санын тексеруге, техникалық күзеттегі ұрыс машиналарының (басқа қару-жарақ пен әскери техниканың) санын тексеруге, сондай-ақ, техникалық күзет құралдарының, байланыс, өрт сөндіру құралдарының және пост киімдерінің бар-жоқтығын, жай-күйін тексеруге міндетті. Постыны қабылдап алу кезінде қамалған адамдары бар камералар жанында тұрған сақшы, оған қоса, олардағы қамалып отырған адам санын тексеруге міндетті. Егер постыны тапсыру-қабылдау кезінде қандай да бір болмасын ақаулар (қоршаулар бұзылса немесе мөрлер, сүргілер, құлыптар, баулар, есіктер, терезелер бұзылса) немесе мөрлердің (сүргілердің) көшірме бедеріне, сондай-ақ күзетілетін ұрыс машиналары (басқа қару-жарақ пен әскери техника) пост табелінде көрсетілген санына сөйкес келмесе, жұмысқа таратушы постыны тапсыруды тоқтатады да, қарауыл бастығын шақырады; жаңа қарауыл постыларды қабылдаған кезде, бұл жағдайларда бұрынғы және жаңа қарауыл бастығы шақырылады. Постыны тапсыруды және қабылдауды аяқтаған соң, сақшы мен постыға жаңа келген қарауыл жұмысқа таратушыға қарап тұрып, кезектесіп баяндайды. Мысалы: "Сержант мырза! Қатардағы сарбаз Серіков нөмірі мынадай постыны тапсырды". "Аға сержант мырза! Қатардағы Васильев мынадай нөмірлі постыны қабылдап алды". Баяндаудан және жұмысқа таратушыдан нұсқауларды алғаннан кейін, сақшы қаруды алып, постыдағы өз міндеттерін орындауға кіріседі. Постыда өрт болған жағдайда – сақшы бұл туралы қарауыл үй-жайына шұғыл хабар береді, күзету объектісін бақылау жасауды тоқтатпастан, өрт сөндіру шараларын қолданады. Күзетілетін объектінің сыртқы және ішкі қоршаулары бар техникалық аумағы, сондай-ақ пост маңы өртенген кезде, ол бұл туралы қарауыл үй-жайына хабарлап, қарауыл бастығының нұсқауы бойынша әрекет етеді. Аяқ астынан ауырып қалғанда (жараланғанда), сақшы қызметін тоқтатпастан, таратушыны не карауыл бастығын шақырады. |
Дескриптор - Сақшының бекетті қабылдаған және тапсырған кездегі әрекеттерін біледі |
Дескриптор арқылы бағаланады |
АӘТД оқулығы |
|
18' |
Қолдану Үш бөлімшеге үш түрлі тапсырма беріп, үш оқу жаттығу орнына жіберемін. І-ші оқу жаттығу орнына- 1-ші бөлімше барып, қаруды оқтауға және оғын алуға жаттығады. ІІ-ші оқу жаттығу орнына- 2-ші бөлімше барып, күндізгі мезгілде және түнде ауысым жақындағанда сақшының әрекеттерін орындауға жаттығады. ІІІ-ші оқу жаттығу орнына- 3-ші бөлімше барып, сақшының бекетті қабылдаған және тапсырған кездегі әрекеттеріне жаттығады. Әрбір 8 мин. сайын оқу жаттығу орындары ауыстырылып отырылады. |
Дескриптор - қаруды оқтай және оғын ала алады; - күндізгі мезгілде және түнде ауысым жақындағанда сақшының әрекеттерін орындай алады; -сақшының бекетті қабылдаған және тапсырған кездегі әрекеттерін орындай алады. |
Дескриптор арқылы бағаланады |
|
|
5' |
Талдау Оқу жаттығу орындарын взвод командирінің орынбасарымен аралап жүріп ескерту жасаймын, көрсетемін, әрекеттерін бағалаймын. |
Дескриптор - әрекеттерін дұрыс орындауға тырысады. |
Дескриптор арқылы бағаланады |
АӘТД оқулығы |
|
3' |
Жинақтау 1. Бекетке шабуыл жасалғанда сақшының атқаратын әрекетін түсіндіріңдер және көрсетіңдер |
Дескриптор - Бекетке шабуыл жасалғанда сақшының атқаратын әрекетін түсіндіреді және көрсетеді. |
Дескриптор арқылы бағаланады |
|
|
Аяқталуы 2' |
Кері байланыс Жақсы жұмыс жасаған бөлімше командирлерін атап өтемін. Үйге тапсырма беру Қаруды қолдану тәртібін жаттау. |
Бөлімше командирлері жақсы жұмыс жасаған жас сарбаздар мен бөлімшелерді атап өтеді. |
|
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бекеттегі сақшының міндеттері мен әрекеттері. Далалық оқу жиыны 24-сабақ

шағым қалдыра аласыз