400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бердібек Соқпақбаев "Менің атым Қожа" сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бердібек Соқпақбаевтің менің атым Қожа атты шығармадан сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сыни тұрғыда ойланта отырып Қожа бейнесін ашу;

Сабақтың міндеттері:

1. Білімділік: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты шығармасы бойынша алған білімдерін бекіту; әңгімедегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау; шығарма бойынша кейіпкерге мінездеме бере отырып, салыстыруға, олардың бейнесін аша білуге, алған білімін қолдана білуге үйрету.

2. Дамытушылық: Өз бетінше, топпен, жұппен шығармашылық жұмыс істеуге баулу. Әр баланың сезіміне ерік бере отырып түрлі жағдаяттарды шешу арқылы шығармашылық қабілетін арттыру.

3. Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі - өнеге алуға шақыру; жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Оқушыларды өзінің және өзгенің бойындағы жағымды – жағымсыз жақтарын көре отырып, ажырата отырып, ұстаз еңбегін бағалап, айналасындағылармен жақсы қарым - қатынаста бола білуге адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Сабақтың формасы: топтық

Әдісі:, ой қозғау, талдау, іздену, шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Б. Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, бейнетаспа (фильмінен үзінді), слайд, таратпа материалдар;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Сандарды таңдап алады, сол санның түстеріне байланысты топқа бөлінеді. Ал сабақ барысында оқушы әр кезеңде өз санының ретімен жауап береді. Сонда сабақ барысында барлық бала сөйлейді.

1 - топ «Қызғылт түс», 2 - топ «Сары түс», 3 - топ «Көк түс».4. «Қызыл түс»

Топ басшысы мен бағалаушыны тағайындау. Бағалау парағын тарату

«Алтын ереже» қабылдау.

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»-деген ереже қабылдайды.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру:

Оқушылардың зерттеу жұмысы.(Оқушыларға «Менің атым Қожа» фильмі туралы мағлұмат жинап келу тапсырылған, оқушылар ақпараты тыңдалады)

Бердібек Соқпақбаев 1924 ж Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында дүниеге келген. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Шәкен Айма- нов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында кеңесші болған.

«Менің атым Қожа» («Өзім туралы повесть»), «Жекпе-жек», Қайдасың, Гаухар?», «Өлгендер қайтып келмейді», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион», «Алыстағы ауылда» шығармаларының авторы.

-Біз«Менің атым Қожа» шығармасына түсірілген фильмді көрдік.

1.«Менің атым Қожа» фильмі

Жанр: комедия, жанұялық

Шыққан жылы: 1963

Режиссер: Абдолла Қарсақбаев

Әңгіме авторы: Бердібек Сокпақбаев

Сценарий: Б. Сокпақбаев, Н.Зелеранский

Сазгер: Нұрғиса Тілендиев

Кейіпкерлерді сомдаған:

Қожа – Нұрлан Сегізбаев

Сұлтан – Марат Көкенов

Жанар – Гүлнәр Құрабаева

Жантас - Е Құрмашев

Миллат- (Қожаның шешесі) – Бикен Римова

Рахманов – Кененбай Қожабеков

Майқанова – Рая Мұхамедиярова (Ғ Мүсіреповтың жары)

Қожаның әжесі - З.Құрманбаева

2. Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев және балалар киносының атасы атанған марқасқа режиссер Абдолла Қарсақбаевтың атағын дүр сілкіндірген осы «Менің атым Қожа» фильмі. Екі алыптың жолдарының кездесуіне себепші болған Тахауи Ахтанов болды. Б.Соқпақбаев: «Жұмыс орнымда отыр едім. Біреу хабарласып, Тахауимен сөйлесті, ол болса, өзің келсең, мында өзі де отыр, не нәрсе болсада шешуге болады ғой деді де телефонды қоя салды.Бердібек сен осы балаларға арналған шығармаларынды киноға дайындасаң қалай болады? Жаңа ғана Абдолла деген режиссерді шақырдым. Киноға келсек, ол үлкен талант. Нағыз таптырмайтын адам деп отыр еді, екі мұрты едірейіп, Абдолла да келді. Абдоллаға қарап: Мына кісінің үлкен жазушы екенін білесің ғой деді, ол ия деді. Сендер бірігіп жұмыс істесеңдер қайтеді деді, Абдолла: Бұл кісінің Қожасын өзім көптен бері зерттеп жүр едім, енді өзі келіссе, деді.Мен болсам, бұрынырақ сценарийді жазып көрмегенмін деп едім, Тахауи: жазбасаң, жазасың. Алдыңдағы сценарийлердің қайсысы жақсы, қайсысы жаман екенін көріп отырған жоқсың ба? Мына Абдоллодай тәжірибесі мол адаммен бірігіп жасайтын болсаң, қадамдарың сәтсіз болмас деді». Сонымен екі алыптың әңгімесінен кейін, Бердібектің өз өмірінен алынған Қожасы фильмге айналып кетті.

3. Талантты режиссер Абдолла Қарсақбаевтың 1963 жылы түсірген фильмі алғашқы көркем фильмі. Көрермен қауымды алғашқыдан бастап өзіне баурап алды. Шетелдіктердің өзі қайран қалып жатты. 1967 ж Францияның Канн қаласында өткен халықаралық фестивальде режиссерлік шеберлігі үшін бәйге алды. Бұған дейін де, бұдан кейін де қазақ киногерлері мұндай үлкен бәйгеге ие болмаған. Фильм Орта Азия бойынша екінші дәрежелі дипломға ие болды. Журналистердің сұрағына ; Өзіңізге ерекше ұнайтын туындыңыз дегенде, ол; Қожам деп айтқан екен.

4. Сұлтанның өмірі.

Оқуын тастап, бұзақылық жасап жүргеніне қарамастан көрермен қауымның сүйіс- пеншілігіне бөленген Сұлтан рөлін ойнаған Марат Кәкенов. Фильмге түсерде денсау лығы нашарлап, Марат өмірден өтті.

5. Жұмағұл қойшының баласы Дәулет.

Анасына ине әпергісі келіп, сол үшін Сұлтаннан ақша сұраған кішкентай Дәулет кино әлеміне кездейсоқ келген. Ұлты – дүнген. Қазір Дәулет – Юнос Шамусев дәрігер.

6. Қожаға ғашық болған Жанар

Озат, тәртіпті сүйкімді Қожа мен Жантасты ғашық еткен Жанар кейін кино өмірінен қол үзген. Жанар – Гүлнәр Құрабаева. Политехникалық институтты тәмамдап, инженер мамандығын алып, өз мамандығымен жұмыс істеуде. Г. Құрабава: «Қожа екеуміз шахмат ойнап отырғанда, ашуланып шахматты шашып, жылау керек кезінде, жылай алмай күле бердім. Соған бола бес алты рет түсірдік.»

7. Кененбаев Қожабеков

Сабырлы, салиқалы ұстаздың рөлін ойнаған атақты актер Кененбай Қожабеков. Абдолланың студент кезінен болған досы. Режиссер актер досына мүгедек болғанына қарамастан фильмдерінен рөл беруге ат салысқан. Досының талантын көре алмаушылармен жаға жыртысуға дейін барған Абдолла актер досы Кененбайдың үйіне бара жатқанда көз жұмған.

8. Бақадан қорыққан Майқанова

Байсалды, байыпты, шыдамсыз сынып жетекшісі Майқанованың рөлін ойнаған, Ғабит Мүсіреповтың жары болған Рая Мұхамедьярова алып шықты. Біраз киноларда ойнаған актриса бүгінде зейнетте.

9. Нұрлан Сегізбаев, Қожа рөлін ойнаған актер:

Кезінде Қожа болып жүрген кезіңізден қандай естеліктер айтып бересіз?

Мені алғаш көргенде, режиссер мені көргенде тілін жұтып қойғандай меңірейді де қалды. Шамасы көңілінде жүрген баланың табылғанына қуанғаны шығар. Кейін Шәкен Айманов келіп; саған керек бала осы деп кетті. Мен актер емес едім. Әр баланың бойында бір талант болады. Соның көзін аша білу керек. Фильмге түсу мен үшін оңай болмады. Сабағым да мәз емес еді. Киноға түсем деп кластан қалып қойдым. Қатты шаршайтынмын. Абдолла аға балалардың тілін қатты табатын. Сұлтан екеуміз төбелесіп қалатын жеріміз бар, сол кезде шын төбелесіп, оның мұрнын қанатып қойғанмын. Сұлтан маған фильмде темекі тартуды үйретсе, Фильмнен кейін өмірде мен оған үйреткенмін. Қарап отырсам бұл фильм қазақ киносының классикасына айналды. Киноға түсерде айына тоқсан сом алдым. Он айға тоғыз жүз сом. Ол ақша маған киімдер мен велосипед алып берді. Отбасымыз үлкен, әкем ғана жұмыс жасайды. 1999 ж анам қайтыс болды, кеңсайға жерледік. Анамды жерлеп жатқанда қарасам, таң қалдым. Тура жанына актриса Бикен Римова жерленген. Кинодағы менің анам. Сөйтіп өмірдегі, фильмдегі аналарым мәңгілік мекендерінде жатыр.

ІІІ. Жаңа сабақ

Міне, сіздер қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым- Қожа» хикаяттының толық мазмұнымен танысып шықтыңыздар. Жазушының бұл хикаяты тіл қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Өздерің ойлап қараңдаршы біз бұл хикаятты қанша оқысақ та, теледидардан көрсек те еш жалықпаймыз. Барлық оқиға желісі Қожа атынан баяндалады. Ал осы хикаяттың оқулықта берілген соңғы тарауы Сәбира Майқанованың «Қожа-түбі адам болатын бала» деген пікірімен аталған. Ал, сіздер осы пікірмен толық келісесіздер ме?

Ендеше, біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты- Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым- Қожа» хикаятты бойынша алған білімдерімізді бекіту.

«Жаңғырық стратегиясы»

«Қай сәт бейнеленген?»Әр топқа үш сұрақ салынған конверт таңдатылады.

Сұрақтар.

1-топ

1. Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түргеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!

Жауабы:Орыс әдебиетінен Анфиса Михайловна А. Пушкиннің «Қысқы кеш» өлеңін жатқа сұрағандағы сәт.

2. Есікті аша бергенде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.

Жауабы:Бақа оқиғасынан кейін апасына кездесер сәт.

3. Маңдайдан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?

Жауабы:Педкеңес болып жатқан сәт.

2-топ

1. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, ... деген аттарды алып қараңдаршы, айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Ол қандай есімдер?

Жауабы:Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт

2. Тағы да мамам тұрып, басын изеп, мақұлдап, бірдеңе айтты. Анасының сөзі.

Жауабы: Шығарсаңдар, шығарыңдар мектептен! Кетсің қаңғып. Менің де жүйкемді жүн етіп етіп құртып бітті бұл оңбаған!

3. Лаула! Лаула жігер оты!- деп шығарма қалай аяқталған еді?

Жауабы:Самға қиял құсы! Асығатыным да аңсайтыным да ертеңгі болашағым.

3-топ

1.Мамам жайлауға жүріп кетті. Мен мектепке келе жатырмын. Көңілім көтеріңкі, бойым сергек. Анасының қандай сөзі құлағынан кетер емес?

Жауабы:Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай да бақыт жоқ.

2.Қадыров түбінде адам болатын бала,-дейді Майқанова. Ахметов не деп қостады?

Жауабы: - Оты бар,-деп қостады.

3.Шешесі таңертең жайлауға қайтпақшы болды. Қожа анасын құшақтап не деп жылады?

Жауабы: Жоқ, маматай, кетпеші, жаным мама! Ендігәрі тәртіпсіздік істесем, оңбай, көгермей кетейін.

4-топ

1.Көк көз келіншек сатушы не деп дауыстап жатыр?

Жауабы: Анау сұр кепкалы балаға бермеңіз. Ол кезексіз кіріп кетті.

2.Қожаның айтуы бойынша Жантас қандай бала?

Жауабы: Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап сыпсыңдағыш, өзі тақтаға шыққанда көрінгенге құлақ түргіш бала.

3.Қолтығымда добым бар. Бүгін оларды қалайда жеңуіміз керек. Қай команда ұтылған еді?

Жауабы:Біздің «Спартак» кеше «Қайраттықтардан»жеті де бес болып ұтылған еді.

Шығармашылық кезең.

1-топ Егер мен Қожаның орнында болсам...

2-топ Қожа әрекетін даттап сөйлеңдер

3-топ Қожаның сотқар болуының себептері мен әдептілік жолға түсу себептері

4-топ Қожа әрекетін жақтап сөйлеңдер

Сергіту сәті

Топтық жұмыс. Оқиғаны жалғастыр. (фильмнен үзінді көрсетіледі)

1-топ Дүкендегі оқиға(5.34)

2-топ бақа оқиғасы (38.35)

3-топ Сәйбек қарттың әңгімесі (43.36)

4-топҚожа айна алдында (47.55)

Кейіпкерге хат жазу

1-топ Қожаға

2-топ Жантасқа

3-топ Майқанова апайға

4-топ Анасына

Тестік тапсырма

1.Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш

А)Қожа Ә)Сұлтан Б)Жантас

2.Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз.

А)Алмас Ә)Сұлтан Б)Қожа

3. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін?

А)Анфиса Михайловна Ә) Сабира Майқанова Б)Оспанов

4. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың ?

А) Анфиса Михайловна Ә) Сабира Майқанова Б)Ахметов

5. Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр.

А) Әубәкір шал Ә) Сәйбек қарт Б)Ахметов

6. Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер ?

А) Зоология мұғалімі Оспанов Ә)Қазақ тілі мұғалімі Майқанова Б)Орыс тілі мұғалімі Михайловна

7. Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай бақыт жоқ-деген кім?

А) Әжесі Ә)Миллат анасы Б)Сынып жетекшісі

8. –Саламат бол, балам! Сен менене, жападан-жалғыз есікті іліп алып отырсың?

А)Әубәкір шал Ә)Сәйбек қарт Б)Нұри кемпір

9. –Қадыров, ұйықтап қалғансың ба? Тоқта галстугіңді түзе!

А)Сабира Майқанов Ә)Анфиса Михайловна Б) Ахметов

10. Сабаққа дайындалмай келуші ме еді. Бастады да сыдыртып тоқтамай айтып шықты.

А)Балабекова Жанар Ә)Тұрсынбаев Жантас Б) Жақанов


Тест жауабы: 1)б 2)б 3)ә 4)ә 5)а 6)а 7) ә 8)а 9)ә 10)а


Қорытынды: Жалпы алғанда, әдебиетте адам бейнесі- типтік бейне, реалистік бейне немесе шынайы бейне болып бөлінеді. Осының ішінде Қожа-реалистік бейне. Ол күнде көріп жүрген, етене араласып жүрген өз танысымыз. Белгілі бір ортада шынайылықпен суреттелген. Қожа бейнесі- кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін, қоғам өзгеруіне қарай ылғи жаңарып отыратын тип.

Бүгінгі сабағымызды Абай атамыздың:

«Баланың жақсысы –қызық, жаманы –күйік»деген қанатты сөзімен қортындылайық. Жаман бала болудан лайым аулақ болып, жақсы бала атанып ата-аналарыңның көз қуанышына айналыңыздар.

«Түбінде адам болатын бала» постермен жұмыс (слайд жүріп тұрады)

Кері байланыс

Үйге тапсырма: “Бақытты балалық шақ” эссе жазып келу.

Бағалау. (Әр кезеңнің қорытындысы бойынша топ басшысына сөз беріледі).

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
1570
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі