Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тілдік дағдыларды дамытуда мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тілдік дағдыларды дамытуда мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдері» атты әдістемелік құрал қазақ тілі пәнін оқыту үдерісінде тілдік құзыреттілікті арттыруға бағытталған тың еңбек болып табылады. Құралда мәтінмен жұмыс жүргізудің заманауи әдіс-тәсілдері жүйеленіп, оқушылардың тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым дағдыларын дамыту жолдары нақты мысалдармен берілген. Автор оқу үдерісінде мәтін арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, шығармашылық белсенділігін арттырудың тиімді жолдарын ұсынған. Әдістемелік құралдың құрылымы жүйелі, мазмұны ғылыми және практикалық тұрғыдан құнды. Мұғалімдерге сабақ жоспарын құруда, мәтінмен жұмыс түрлерін ұйымдастыруда әдістемелік көмекші құрал ретінде пайдалануға өте ыңғайлы. Құралдың ерекшелігі – мәтінмен жұмысты коммуникативтік және құзыреттілік тұрғыдан қарастырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталғаны.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бердібек Соқпақбаев: Қазақ жастарына өнеге болған қаламгер

Өнербек Ақерке, Абай облысы, Жарма ауданы, Қаражал негізі мектебінің 8-сынып оқушысы. Жетекшісі: Қамшыгер Мадияр Талгатұлы



Балалар әдебиеті – әрбір ұрпақтың ой-өрісі мен рухани әлемін қалыптастыратын ерекше өнер саласы. Бұл әдебиет адамның ең алғашқы танымы, санасы мен мен жүрегіне әсер етіп, өмірлік құндылықтарды сіңіреді. Балалар әдебиетінің басты мақсаты – баланың ой-өрісін кеңейтіп, өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру, рухани құндылықтарды бойына сіңіру деген мақсаттарға негізделген. Балалар әдебиетіндегі шынайы шеберлер осы жанрдың бәйтерегі іспетті, себебі олар адамзаттың болашағын тәрбиелеуге үлес қосады. ХХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиетінің бәйтерегіне баланған көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаев атамыздың жас ұрпаққа қалдырған мұрасының өзі бір төбе. Ол қазақ әдебиетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген көрнекті жазушы.Әрине, Бердібек атамыздың балалар әдебиетіне және де жас ұрпаққа өнеге болған, өзіндік өнер туындылары, танымды әңгімелері, өзге де шығармалары мөл. «Менің атым Қожа» атты шығармасында Қожа есімді кейіпкерді айқын да әсерлі етіп бейнелеген десем, артық айтпаспын. Повесті оқыған болсаңыз, бала Қожаның балалық қылықтары, жүріс-тұрысы, ішкі мінез-құлқы, аузынан шыққан әр сөзінің өзінен-ақ кіршіксіз шынайылықты сезінесіз. Қожаның ішкі жан-дүниесін ашып, арман-мақсаты мен өмірлік құндылықтарын бүкпесіз суреттеген. Бұл бір ғана шығармасының өзі балалар мен ересектерге бірдей терең ой салатын туынды.

Болашаққа салынған алтын көпірді нығайтқан, балар әдебиетінің бәйтерегі – Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевтың туғанына биыл 100 жыл толып отыр. Оның «Балалық шаққа саяхат», Менің атым Қожа», «Өлгендер қайтып келмейді» атты шоқтығы биік туындылары қазақ әдебиетінің деңгейін Алатаудай асқақтатқан көркем дүниелер. Жазушының әдеби әлемі бай, бүкіл шығармашылық жолында қазақ әдебиетіне 20-дан аса жауһар қазына берген жазушы менің және өзім сияқты кітапсүйер ұрпақтың жадында мәңгі тірі жүре бермек.Жас ұрпаққа дұрыс жол сілтеп, өмірдің мағыналы екенін жазып ұғындыру – нағыз шебер қаламгерге тән қасиет. Нағыз шебер жазушы мен үшін Бердібек атамыз екені сөзсіз. Себебі «Менің атым Қожа» шығармасының басты кейіпкері Қожаның балалық шақтың барлық ерекшеліктерін айқын көрсетіп, оның еркелігі, достыққа деген адалдығы, жалғыздық сезімі мен ата-анасына деген сүйіспеншілігі тура өзімнің образымды айнадан көргендей жаулап алды. Кітапқа деген махаббатымды ашқан алғашқы әңгіме осы екендігін айтқым келеді. Мен сияқты жастарға өнеге болған тұлғалар көп шығар, бірақ Бердібек Соқпақбаевтай ішкі ойынды дөп басып, жан-дүниендегі қуаныш немесе ренішіңді сезгендей етіп жазатын сырлас қаламгер өте аз.

Әдебиет арқылы ұрпақ өз болашағын таниды, өмірлік жолын табады және өмірлік бай тұлға болып қалыптасады. Жас ұрпақтың рухани тәрбиешісі әрі сенімді серігі. Әрбір бала осы әдебиеттің арқасында жақсылық пен жамандықты ажыратуды, адалдық пен еңбектің маңызын түсінеді, санасына ізгілік дәнін сеуіп, болашақта соны ормақ. Бердібек атамыздың шығармалары әдебиеттегі бәйтерек секілді тамыры терең, ал оның жемісі -тәрбиелі, білімді, рухани бай ұрпақ болмақ. Жазушының жазған шығармалары бір ұрпаққа ғана емес, мәңгілік болашаққа қызмет ететін – өнегелі ұстаз, рухани сырлас.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2025
136
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12