400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бердібек Соқпақбаев реферат

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев
Материалдың қысқаша нұсқасы



Shape1

qwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmrtyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmrtyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmrtyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmrtyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmrtyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmrtyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmrtyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnm









БЕРДІБЕК САЛҒАН СОҚПАҚ ЖОЛ









ЖОСПАР:

Бердібек Соқпақбаевтың өмір жолы

Бердібек Соқпақбаев туралы айшықты ойлар

Бердібек Соқпақбаевтың туындылары

«Әр жазушы әуелі өзін жазады» (жазушының өз ойы,өз пікірі)

Қорытынды

Бердібек Соқпақбаев (13.10.1924 жылы туған, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе ауылы) — қазақ жазушысы. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген соң (1949) Нарынқол ауданында мұғалім болды. "Жұлдыз", "Балдырған" журналында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952-70). "Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы, "Он алты жасар чемпион" (1951), "Бақыт жолы" (1952), "Алыстағы ауылда" (1953), "Балалықшаққа саяхат", "Дала жұлдызы" (1960), "Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965), "Гауһар" (1966) повестерін жазды. "Менің атым Қожа повестсі" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Балалық шаққа саяхат" атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де фильмғе түсірілді (1965). "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды. Б.Соқпақбаев "Бозтөбеде бір қыз бар" (1958), "Әпенденің айласы" (1960), "Менің атым Қожа" (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды. Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969).


Бердібек Соқпақбаев туралы айшықты ойлар


Шынайы да шыншыл суреткер көркемдік әлемінің азаптарын бастан кешкен кезде ғана, бір белестен екінші белеске сәтті көтеріле біледі. Демек, екінші сөзбен айтқанда, болашақ шығарманың да жұлдызы жарық болады. Бердібектің «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа», «Қайдасың, Гаухар!» повестері мен «Өлгендер қайтып келмейді» романы осындай биік талғамның, көркемдік әлемінің сәтті туындысы болды. Бұл шығармаларда тек жазушы Бердібекке ғана тән тапқырлық пен тиянақтылық, суреттеу құралдарының дәлдігі, кейіпкер әрекетінің табиғилығы, сезім арпалысының сенімді суреттері «мен мұндалап» тұр…. Мен Б. Соқпақбаевтың шығармаларын Сэллинжер мен Беллге қарсы қоюдан аулақпын. Менің айтпағым, Бердібек өз шығармаларына әдеби үлгілерден емес, өмірдің өзінен келгендігі…

… Б. Соқпақбаев – бірінші жақпен жазуды мықтап меңгерген жазушы. Мұның өзі оқиғаға өмірде болған қилы-қилы құбылыстарға сенімділікті, жазушының нақтылы оқиғаға тікелей қатысып танытады. Бердібектің «мені» маған қан-сөлі тамып тұрған өмір, бәріміз тіршілік етіп жүрген жер бетіндегі үлкенді-кішілі адамдардың әрекеті, болмаса қуаныш-күйініші боп көрінеді…

… Бердібек не нәрсені жазуды, оны қалай жазуды еркін игеріп, меңгерген суреткер жазушы.

Т. Ахтанов

… Қаламгердің анық өсіп, шеберліктің белгілі бір биігіне шыққанын көрсеткен туындысы – «Менің атым Қожа» повесі…

… Қожа бейнесі қазақ балалар әдебиетіне қосылған қомақты олжа. Оның еңсесі барған сайын биіктеп, Марк Твеннің Том Сойерімен, Аркадий Гайдардың Тимурымен, қазақ фольклорының Тазша баласымен тайталаспай-ақ, тіпті соларға жете қабыл жүргеннің өзі әдебиетіміз үшін аз бедел ме?!

Қастек Баянбаев

… Саясаттан сая іздемей, ресми идеалогияны ықтамай өткен Бердібек шығармаларында өз тенденциясын берік ұстанып, сонысынан айнымай, ақиқатшылдықты темірқазық тұтты. Өзі қалтқысыз білетін өмірді ғана қалтқысыз жазып кетті.

Артында өшпес мұралар қалдырған аса биік дарын, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев көзі тірісіндегідей ұстаздығынан жазбай, рухани тірлігін жалғастыра беретіні хақ. Өнерпаз атаулының өлместігі осында.

Мұзафар Әлімбаев

… Бердібек Соқпақбаев сөзіне берік, ісіне ұқыпты жан. Мен білетін жазушылардың ішіндегі қарапайым, шаруақоры. Ол қаламды ғана емес, орақ пен күректі қалай ұстауды білетін жазушы. Өзіне де, өзгеге де қатал, тура, әділ. Творчество адамы, әдетте, салдыр-салақтау болады. Бірақ, Бердібек олай емес, әскери адам сияқты, әбден жинақы.

… Ол жұмыс істеп отырған кезде еденде, не стол үстінде көлденең жатқан дүние көрмейсің. Тіл өнерінде де солай: әр сөздің, әр сөйлемнің өз орнында тұрғанын қалайды. Қашан көңілі толғанша түзетуден талмайды…

… Бердібек Соқпақбаев кітаптарының соңғы беттерін жапқанда көркем шығарма оқып шыққандай болмайсың, өзіңнің ең тату-тәтті дос, жолдастарыңды ұзақ сапарға шығарып салғандай боласың. Қимайсың. Көңілің бұзылады. Бердібек Соқпақбаев шығармалары, міне осындай. Жазушы үшін бұдан асқан бақыт болуы мүмкін емес.

Қадыр Мырзалиев

… Бәріміз де бала болдық. Қазір есейдік, ересек тарттық. Дегенмен, сонау кезіміздегідей пәк емеспіз. Ал сол көңіл-күйімізді айна қатесіз бейнелеген «Менің атым Қожаны» барлығымыз оқып шықтық. Біз соны жазған Бердібек ағамызға сол кезде-ақ балалық көңілдің Мемлекеттік сыйлығын сыйлап қойғанбыз…

Марат Қабанбай

Әрбір шығарманың тууының өмірге келуінің себептерін іздеген жағдаятта, оның авторының қилы-қилы қам-қаракеті, тағдыр-тәлейі болатыны зерттеу еңбектерінде сөз етілетіні болмаса, былайғы жерде ауызға алынбай, тіпті елеусіз қалатыны да шындық. Дұрысы – қаламгерлік игілікке мін түсірмей, тіршіліктің аумалы-төкпелі толқындарында да сыр бермей, өз еңбегінен үлгі мен сенім тапқан қаламының балы бар, жазушының мазасын алмау, азаматтық парызды өтеп отыру. Біз қадірлейтін адамгершіліктің үлкен үлгісі, міне, осы.

Сайын Мұратбеков

… Бердібек өз көзімен көрген нәрсені ғана жазатын, қағазды бекерден-бекер шимайламайтын еді ғой. Жазады – түбін түсіріп барып бір-ақ тоқтайды. Бұл Бердібектің шырайы, Бердібекке ғана тән нәрсе.

Нақтылы жазу, ұтымды жазу Бердібектің үлгісі деп тартынбай-ақ айтуға әбден болады. Жоқтан бар етпеген қаламгер. Шындықтың алдына бас имейтін не нәрсе бар? Осындай шырай Бердібек қаламынан шыққан шығармалардың баршасына тән. Оның туындыларының електен өткен дүниедей болып мөлдіреп тұратыны сондықтан. Оның шығармаларының оқырман жүрегіне қона кететін, ұзақ жасайтын қасиет –қадірі де осында! … Бердібек туындыларындағы геройлар өмірдегі бар қалпында көрініп, шығармаға ширатылған сәтте де оншалықты киіндірілмей, жалаңаш жүрген жандар тәрізді боп көзге түсетіні де ғажап емес. Бұл жазушының кемшілігіне қарадүрсінділігіне жатпайды. Сезінуі, дүние қызықтарын түйсініп, қабылдауының қыры бұл. Осы тұрғыда, табиғи өлшеммен түзілген геройлар галереясы барынша сенімді, барынша шыншыл сымбатымен оқырман жүргенінен жол тауып, олармен қолтықтасып өмір базарында жүргендей болады.


Туындылары


Чемпион. Повесть (1951)

Алыстағы ауылда. Повесть (1953)

Менің атым Қожа. Повесть (1957)

Бала шаққа саяхат. Повесть (1960)

Өлгендер қайтып келмейді. Роман (1963 — 1 том, 1974 — 2 том)

Аяжан. Повесть

Жекпе жек. Повесть

Ақ жал.Әңгімелер

Қайдасың, Гауһар?Повесть



«Әр жазушы әуелі өзін жазады» Бердібек Соқпақбаевтың өзі жайлы мұрағаттан

Сегіз жасымда шешем өліп жетім қалдым. Колхоздастырудың алғашқы жылдары – ең бір қиын кез. Содан соңғы басымнан кешкендерімді ойлай бастасам осы күннің өзінде жүрегім қарс айырыла жаздайды. Япыр-ау, қалай тірі қалдым, осы күнге қалай жеттім?! Нағыз итжандының өзі екенмін ау деп таңданам». «Балалық шаққа саяхат» повесі – міне, осы толғаныстардан туған дүние. Ондағының бәрі де шын, бәрі де болған. …

Мен жазған дүниелердің ішінде жұртқа көбірек танылғаны «Менің атым Қожа» повесі болса керек. Бұл шығарманың әуелгі аты «Өзім туралы повесть» Алматыда біраз қиналыспен басылды. Қожаның жағымды қылықтарынан жағымсыз қылықтары көп. Балаларға бұл кітап қандай тәрбие бермек деп, алая қарағандар аз болған жоқ… Мектептегі барлық баланы хулиган етіп шығарғыларыңыз келсе, бұл кітапты тезірек басыңыздар депті рецензент… Орыс тіліндегі «Қожаның» тұсауын Москва кесті. …Қазақтың сүйкімді де қара сотқар баласы осыдан соң бүкіл Совет Одағын аралап кете барды… Біраздан кейін кітап Парижде француз тілінде басылды. Қазақфильм «Менің атым Қожа» повесі бойынша көркемсуретті кинофильм түсіруге кірісті. Режиссері – Абдулла Қарсақбаев. 1967 жылы Францияның Канн қаласында өткен халықаралық кинофестивальде жүлдеге ие болды. Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым: жақсылыққа тәрбиелеу. Қожа – есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға «жаман бала», «қиын бала» болып, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес қой…



Қай жазушы болсын, өзінің жақсы сезінген, көрген, білген, жете зерттеген жайларын жазады. Және үлкен бір қаламгер: «Әр жазушы әуелі өзін жазады» деген екен. Осыларға саятын болсақ, мінез құлық, іс-әркет жағынан Қожа менің балалық шағыма көбірек ұқсайды. Повесть өзім, достарым, мектебім, туып-өскен ауылым жайында әңгіме қозғайды. Сондықтан да шығарманың 1957 жылы бірінші жарық көргендегі әуелгі аты – «Өзім жайлы повесть» болатын.



Қорытынды

Қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы Бердібек Соқпақбаев тірі болғанда биыл 96 жасқа толар еді. «Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді» демекші, балалардың сүйікті жазушысы артына «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар» және «Ергежейлілер елі» сынды бірқатар әңгіме, хикаялар қалдырды. Балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білген жазушы әрбір шығармасында өзі туып өскен Нарынқол таулы өңір табиғатының жанды суреттерін оқырманға үлкен шеберлікпен жеткізе білген. Б.Соқпақбаевтың әңгіме, повесть, романдары және пьесаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап, таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебірене толғайды. Оқысаң еріксіз езу тарттырып, кейде күрсінтіп терең ойға жетелейді. Лезде кейіпкерлермен етене араласып, олар өзің күнде көріп жүрген адамдардай Беркен, Қожа секілді кейіпкерлерімен жадыңда жатталып қалады…

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
1387
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі