ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университеті
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі
Орындаған:Усиббай Жанерке
Тараз 2020
Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................3
І Бөлім. Бердібек Соқпақбаевтың өмір жолы мен шырмашылығы……...5
1.1 Өмірбаяны, шығармашылығы..........................................................................5
1.2 Прозаларының тілдік ерекшеліктері, көркемдік желісі.................................7
1.3 Прозаның шығармашылық көркемдігі, оның бейнелі сипаты....................10
II Бөлім. Бердібек Соқпақбаевтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі……13
2.1. Қаламгердің балалар әдебиетіндегі өзіндік қолтаңбасы………………….13
2.2. Жазушы прозаларындағы реализм…………………………………………28
Қорытынды...........................................................................................................31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................33
КІРІСПЕ
Бердібек Соқпақбаев – ұлттық әдебиетімізге соғыстан кейінгі жылдары келіп қосылған, өзіндік келбеті мен дара болмысы бар талантты жазушыларымыздың бірі. Бұл уақыт қазақ прозасының ерекше жемісті, өнімді тұстарының бірі болғандығы белгілі. Нақ осы кезеңде қазақ көркемсөзінің биігіне көтерілген Ә.Нүрпейісов, Т.Ахтанов, С.Шаймерденов, Б.Соқпақбаев, Н.Ғабдуллин т.б. бір топ қарымды қаламгерлер ұлттық прозаға жаңа тақырыптар мен идеялар, мінездер ғана алып келген жоқ, сонымен катар онын поэтикалык өрісін кеңейтті.
Бердібек Соқпақбаев – қазақ балалар әдебиетінде өзіндік өрнегімен, шындықты қарапайым әңгімелеу арқылы мөлдіретіп, көз алдыңа жайып салатын, кейіпкерлерді даралау мен психологиялық бейнелеудің де өзгеше бір жолын тапқан талантты жазушыларымыздың бірі. Жасынан өмір талқысын көп көрген адамның өмірбаяндық деректері оның шығармаларына арқау болды. Ол сол көргендері мен сезінген дүниесін 30-жылдардағы ауылдың ауыр тұрмысы, Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі ауыр кезеңнің шындығына сәйкес жаңартып, ой елегінен өткізіп, типтік орта шындығына лайық типтік бейнелер арқылы аша білді. Бүгінде кез келген қазақтың қара баласына Соқпақбаевтың кім екенін түсіндіріп жату артық болар, оның «Менің атым Қожасы» әрбір үйде Абаймен, Мұхтармен бірге ұлттық қазына ретінде сақталуда десек қателпеспіз. Өйткені, Бердібек Соқпақбаевтың есімі көзі тірісінде-ақ әрбір бала жүрегінен мықтап орын алған болатын.
Балалар әдебиетінің негізін қалауда көп еңбек сіңірген жазушы Б.Соқпақбаев шығармалары 1950-жылдардың орта шеңінде жарық көре бастады. Сол кезден бері балалардың әр буыны оның шығармаларын зор ықыласпен оқып келеді. Жазушы әңгімелерінде балалардың күнделікті тұрмысын, жүріс-тұрысын көбірек сөз етеді, сол арқылы олардың іс-әрекет, мінез-құлықтарын суреттейді.
Қаламгер Б.Соқпақбаев әдебиетке әуел баста ақын ретінде келді. Жазушының тұңғыш өлеңдер жинағы 1950 жылы "Бұлақ" деген атпен жарық көрді. Жинақтағы «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» өлең-тақпақтарда орнымен ойнақы қозғалған тақырып, ой, өнегелік сөз бала ұғымына қона кетеді. Тілінің жеңілдігі мен әуезділігі аса ықшам болып келуі балаларды кызықтырады. Кезінде балғын оқырмандардың ықыласына бөленген бұл жинақ қазақ балалар әдебиетінде өз орнымен ерекшеленеді. Бұл жинақ туралы халық жазушысы М. Әлімбаев: «Сол тұстағы балалар ақындары қолынан шыққан өлеңдерінің ең үздігі де, көрнектісі де, мәдениеттісі де Б.Соқпақбаев жырлары екенін сол кітапша күдіксіз дәлелдеп берді» деп бағалайды.
Шығармашылық жолын өлең жазудан бастағанмен қаламгердің суреткерлік қарымы прозада танылды. Б.Соқпақбаев шеберлік мектебі сана
латын әңгіме жанрында да едәуір еңбектенді. Әңгіме жанрының белсенді жауынгер жанр екендігі қашаннан аян. Ол өзінің нысанасына үнемі көкейтесті мәселені алады. Қазақ әдебиетінде бұл жанр әсіресе, елуінші жылдардың екінші жартысынан бастап жедел дамыды. Б.Соқпақбаевтың «Бақыт жолы» (1953) деп аталатын тұңғыш әңгімелер жинағы дәл осы кезеңде жарық көрді.
Балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білген жазушы Бердібек Соқпақбаев әрбір шығармасында өзі туып өскен Нарынқол таулы өңір табиғатының жанды суреттерін оқырманға үлкен шеберлікпен жеткізе білген. Б.Соқпақбаевтың әңгіме, повесть, романдары және пьесаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап, таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебірене толғайды. Оқысаң еріксіз езу тарттырып, кейде күрсінтіп терең ойға жетелейді. Лезде кейіпкерлермен етене араласып, олар өзің күнде көріп жүрген адамдардай Беркен, Қожа секілді кейіпкерлерімен жадыңда жатталып қалады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Б.Соқпақбаев шығармаларының жалпы әдеби процестегі алатын орнын, қаламгердің идеялық-эстетикалық ізденістерін салмақтай отырып, оның суреткерлік шеберлігін айқындау. Сондай-ақ оның қазақ әдебиетінің дамуындағы үлесін салмақтау. Жас жеткіншектердің психологиялық ой-өрісін қимыл іс-әрекет арқылы бейнелеудегі жазушылық шеберлігін сараптау. Осы мақсатқа орай мынадай міндеттер қойылады:
-Жазушының прозалық шығармаларына бүгінгі күн тұрғысынан талдау жасай отырып, оның әдеби процестегі маңызын көрсету;
- Бала психологиясын бейнелеудегі жазушылық шеберлікті айқындау;
- Кейіпкер тұлғасын даралаудағы мінез бен жағдай мәселесіне назар аудару;
- Шығармадағы монолог, диалог, пейзаж, т.б. көркемдік тәсілдердің қолданылу ерекшеліктерін айқындау;
- Өмірлік шындықты көркемдік шындыққа айналдырудағы жазушы шеберлігін сараптау.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
І Бөлім. Бердібек Соқпақбаевтың өмір жолы мен шырмашылығы.
1.1 Өмірбаяны, шығармашылығы.
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген. Қазақ совет жазушысы, балалардың танымал жазушысы. Бердібек Соқпақбаев ҚазПИді бітірген соң 1950-1952 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында, содан кейін «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында редактор болып жұмыс істейді. Оның «Бұлақ» атты өлеңдер жинағы, жастардың дүниетанымын арттырып, жан-жақты суреттейтін «Он алты жасар чемпион», «Алыстағы ауылда», «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», қазақтың ғалым-демократы Ш. Уәлихановтың өмірі туралы жазылған «Дала жұлдызы», «Аяжан», «Қайдасың Гауһар» повестері мен «Өлгендер қайтып келмейді» романы, «Жексен жеке меншік» сурет кітапшасы жарық көрді. Шығармаларында негізінен Ұлы Отан соғыс жылдарындағы, одан кейінгі ауыл өмірінің тіршілік-тынысы және жастардың махаббаты суреттетелді.
Бірқатар шығармалары ССРО халықтары мен шетел тілдеріне аударылған.Әсіресе, ана тіліндегі мазмұны қызықты, ойы да тапқыр, тілі де жеңіл әрі көңілді күлкіге бөлейтін шағын өлеңдер де жетерлік еді. Соның бірі «Саққұлақ» деген өлеңі еді.
Күшігім менің Саққұлақ
Келеді әне шапқылап.
Сақтығыңды көрейін,
Қойшы атайға берейін.
Колхоз малын күзетіс,
Қасқыр келсе, ала түс.
Қасқыр – малдың қас жауы,
Ауызыңды сала түс.
Ақ балтаны ала сап,
Мен де жетіп барайын.
Сен екеуміз ортаға ап,
Тарттыралық сазайын [1].
Бұл – сол кездегі өмір шындығы. Жалпы, Б.Соқпақбаев шығармалары оқыған әрбір балаға да, үлкенге де ой салып, жан дүниесін жаңа бір ұмтылысқа әкетеді. Оқырманның қиялын ұштайды. Кейде ересек жандардың өзі де балалық шағына қайта оралады. Отанды сүю, ұлтын құрметтеу, ұлы тұлғалары мен данышпан ғұламаларын қастерлеу айрықша орын алады. Мысалға жүгінелік. «Абай мен Қасымды қанша оқысам да менің сусыным қанбайды, қайталап оқи бергім келеді, оқи бергім келеді. Мен Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерін тыңдағанда өзімді ұмытып кетемін. Махамбет жырының әр сөзінің астынан дүрсілдеген ат дүбірін, қарш-құрш сілтескен найза, қылыш үндерін естігендей боламын. О, қасиетінен айналайын, қазақ жері. Осының бәрі сенің топырағыңда өсіп, өнген кереметтер емес пе?!..» депті жазушы «Менің атым Қожа» повесінде. «Бердібек не нәрсені жазуды, оны қалай жазуды еркін игеріп, меңгерген суреткер жазушы»[2], дейді талантты замандасы Тахауи Ахтанов. Мұндай ақиқат сөзге не алып, не қоса аласың! Б.Соқпақбаевтың оқырманды жалықтырмай, қайта қызықтыра, құлшындыра түсетін бір ерекшелігі – оқиғаны әсерлі де нанымды, нақты да дәл баяндауында. Сонан соң суреткердің тіл шеберлігіне ынтығасыз. Жүйткіген жорға тіл әңгіме-хикаяттарында бауырын еркін жазып, көсіле шабады. «Нақтылы жазу, ұтымды жазу Бердібектің үлгісі деп тартынбай-ақ айтуға әбден болады. Оның туындыларының електен өткен дүниедей болып мөлдіреп тұратыны сондықтан. Оның шығармаларының оқырман жүрегіне қона кететін, ұзақ жасайтын қасиет-қадірі де осында!» [3],- дейді Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сыйлас досы Сафуан Шаймерденов. «…Ол суреттеліп отырған дәуірдің көріністерін шынайы шындықпен бейнелеп, оқушыға жаңа өмір ашады» дейді академик Серік Қирабаев. «Менің кітаптарымды оқуға шыдамы жеткен құрметті оқушыларым олар да біраз нәрсені ойында тұтса, екінші біреулерге сайрап айтып бермей, өзің оқы деп, кейбір нәрселерін жеткізе алмай тұрса, маған бұдан артық ештеңенің қажеті жоқ. Жазушылық мақсат тек осы ғана» депті өзі балалар баспасөзіне берген бір сұхбатында.
«Менің атым Қожаны» қолдан-қолға көшіріп, тоздырып оқыған оқырмандарға фильмнің түсірілуі де тіпті үлкен тарту болғаны анық. Алатаудың тамаша табиғатының аясында әрі Нұрғиса Тілендиевтей біртуар талантты композитор әнімен әрлеген кино қаламгер абыройын аспанға бір-ақ шығарды. Әлемнің талай тілдеріне аударылған Қожаның қызықты хикаяттарын кітаптағыдай шынайы кино тілінде сөйлеткен А.Қарсақбаев шеберлігі шексіз еді. Повесть қандай құрметке кенелсе, фильм де Қазақ еліне зор мақтаныш әкелді. Иә, «Менің атым Қожа» соншалықты неге қызықты? Неге құнды? Мұнда тәлім-тәрбиемен қатар, ұлттық мәселе көтеріледі. Қожа қанша бұзақы, тентек болса да, ақылды. Ол өмірге ересектер көзімен қарайды. Өмірдегі, қоғамдағы қайшылықтарды өз сана-сезімінде саралауға бейім. Әділет, шыншылдық жолында ештеңеден аянбайды. Жанармен арадағы балаң сүйіспеншілік те соншалықты нанымды бейнеленеді. Қожа өзінің қателіктерін біледі, түсінеді. Одан қалайда қорытынды шығаруға тырысады. Жайлауға шығарып салып тұрғанында анасының «Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай бақыт жоқ» деген сөзінің көпке дейін құлағынан кетпеуі ойсыз емес екенін білдіреді. Анасына: «Адам боламын, қалай да адам боламын» дейді. Сонымен бірге: «Жазушы болып шықпасам неғыл дейсің» деп жақсылық жолына ұмтылады. Сөйтіп, Қожа алдына асыл мақсат қояды. Б.Соқпақбаев кітабында бүгінгі уақытта жиі айтып жүрген өзін-өзі тану мәселесі көтерілген. Ол қандай бұзақылық, тәртіпсіздік жасаса да, мектептің, ата-ананың тәрбиесі аздай көрінеді. Қаламгер әркім өз ісіне жауапты дегенді меңзейді. Сана-сезімі, түйсігі болса, өзінің қателігін өзі түзеуі тиіс деген қорытындыға келеді. Қожаның өз мінезін түзеуге ықыласы нанымды берілген. Ол педсоветте, содан соң класс жиналысында тәртібі талқыланғаннан кейін Қожа: «Әрине, бәріне өзім айыптымын. Осының бәрі тәртіпсіздіктің, мінез-құлықтың нашарлығының кесапаты. Әйтпесе, ана Темір құсап өзімді-өзім үлгілі ұстап, тең жүріп, тең тұрсам, мұндай жағдай болар ма еді. Жоқ, жетеді! Ақымақтықты енді доғаруым керек! Түзелуім керек».
Бұл кейіпкер монологы ғана емес, Қожаның өзіне қойған қатаң талабы. Кешкі астан кейін оңаша бөлмеде «құпия» кеңес ашып, қаулы қабылдауы, онда тәртіп, сабақ мәселесін қарауы, алдына нақты міндеттер қоюы оның жаңа адам болуға талпынысын аңғартады. Қабылданған «қаулы» мақсатты ұмтылыс нышаны.
Бердібек Соқпақбаев – қазақ балалар әдебиетіндегі жаңашыл жазушы. Оның жаңашылдығы Америка классигі Марк Твен үлгісіндегі шығарма жазуы емес. Осы бағытты негізге алып, коммунистік идеология жүйесінде ұлттық тәрбие мәселесін өткір қозғады. Шығармашылық шынайылығы сондай, оқырманға ой салды, толғантты.
Қазақтың талантты ақыны, балалар поэзиясының классигі Қадыр Мырза Әлі де мұны пайымды пікірімен растай түседі: «Бердібек Соқпақбаев кітаптарының соңғы беттерін жапқанда көркем шығарма оқып шыққандай болмайсың, өзіңнің ең тату-тәтті дос, жолдастарыңды ұзақ сапарға шығарып салғандай боласың. Қимайсың. Көңілің бұзылады. Жазушы үшін бұдан асқан бақыт болуы мүмкін емес» [2], - дейді білімдар ақын.
1.2 Прозаларының тілдік ерекшеліктері,
көркемдік желісі.
Қалыптасқан көркем әдебиет тіліне тән белгілердің кең етек ала бастауы 20 ғасырдағы көркем проза үлгілерінен анық байқалады. Солардың бірі – Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» романы. Ауыз әдебиетіне тән белгілер романның басталу үлгісінен, сөйлем баяндауыштарының шақтық формасынан, кейіпкерлерді әңгімеге кірістіріп таныстыру ерекшелігінен анық байқалады. Ауыз әдебиетіне тән көркемдеуіш тәсілдер де мол. Ауызекі сөйлеу тілінің элементтері тұрақты тіркестер түрінде (ауыздарының суы құрысып жүрді, топ жинап тәрбие қылу, тас бақадай қағыстыру т.б.), шешендік сөздер үлгілері арқылы беріледі. Шығармада халық тілінің лексикалық, фразеологиялық мол қабаты пайдаланылды. Түсініктеме беруді керек ететін тұрақты тіркестер мен диалект сөздер де мол: тіл тартпай келу (сөйлеспеу), іргеден шығу (бөлектену), сүре болу (үлкен іс болу), әйкел (сөмке), аққұйрық қағаз (ақша), көлденең билік (басқаша пікір) т.б. Кейіпкерлердің мақалдап, мәтелдеп сөйлеуі де, шешендік тіл өрнегінің келісті кестесі де бар. Өз тұсындағы халық тілінің мол байлығын пайдалана білудің өзі жазушы шеберлігінің бір қырын танытады.
Көркем әдебиет тіліне тән көркемдік сапа, эстетикалық қасиет сөздердің контекстегі көтерер жүгіне, алар салмағына қарай, образ құру ерекшелігімен өлшенсе керек. Көркем тіл жүйесіне қатысты ерекше белгі – сөздер өздерінің негізгі мағыналарында жұмсала отырып, жаңа байланыстарға түседі, қосымша ассоциациялар тудырады, сөйтіп шығарма идеясының арқау қазығына айналады. Олардың байланысынан қосымша информация туып, олар жаңа ойларға жетелейді [4].
Көпшілік Бердібек Соқпақбаевтың есімі ауызға алынса, «Менің атым Қожаны» еске алады. Сөз жоқ, «Менің атым – Қожа» классикалық шығарма. Повесть ғана емес, повестің желісінде түсірілген фильмі де қазақ киносының классикасы еді. Абдолла Қарсақбаевтай дара режиссер мен Бердібек Соқпақбаевтай таланттың бірлескен жобасынан классикалық дүние тумауы мүмкін емес еді. Әрине, «атын айта бастаса, тілі таңдайына жабысып» қала беретін Қожаның кез келген баланың көңілінен шығуы мүмкін. Ал мен үшін «Балалық шаққа саяхат» пен «Өлгендер қайтып келмейдінің» орны бөлек. Соқпақбаев десе, ең алдымен, ойыма осы екі шығарма оралады. Неге екенін білмеймін, Соқпақбаев шығармаларын оқыған сайын, әрбір кейіпкерінен қаламгердің өзін көргендей боламын. «Менің атым Қожадағы» «Қара Қожа» да, «Жекпе-жектегі» Мұрат та, «Өлгендер қайтып келмейдідегі» Еркін де – жазушының нақ өзі. Ал «Балалық шаққа саяхат» – қаламгердің өмірбаяны, «өмір мектебі». Жазушы шығармашылығын оқыған сайын, әрбір бала өзінің бейнесін табады. Қараңызшы, дәл тентек Қожадай баланы еліміздің кез келген түкпірінен кездестіруге болады. Болмаса, Мұрат сияқты чемпион болғысы келетіндер елімізден табылмауы мүмкін емес. Бала психологиясын дәл беруде қаламгердің шеберлігіне тәнті боласыз.
Ал «Өлгендер қайтып келмейді» ше? Романды оқыған сайын, соғыс жылдарындағы азапты тағдыр иелерінің бейнесі еріксіз көз алдыңызға келеді. «Үйге бір қайыршы бала кіріп кетті!» Роман туралы ойлағанда, тұп-тура осы эпизод еске түсетіні несі екен. Соғыстан кейінгі арып-ашыққан ауыл. ФЗО-дан қашып, түрмеге түскен қашқын бала кейінірек қолына қалам ұстаған жазушыға айналуына дейінгі уақытта талай-талай қиындықты бастан өткереді. Бұл оқиғалардың бәрі соғыс кезіндегі әрбір ауылдан көрініс береді. Қаламгер шығармаларынан өзгелерге ұқсамайтын ащы сарказм, жеңіл юморды елемей қалу мүмкін емес. Бұл Соқпақбаевқа ғана тән машық болуы мүмкін. Өйткені әрбір шығарманы оқыған сайын Бердібек Соқпақбаевтың мінез-құлқы, табиғи болмысы ашыла түсетіні айқын.
Б.Соқпақбаев көптеген классикалық шығармалардай кейіпкерлерін үнемі жағымсыз жақтарымен көрсете бермейді. Оларды біртіндеп балалықтан арылтып, есейтеді, тірліктің кейбір қиын сәттерінде сынға салады, шыңдайды. Өмірден сабақ алғызады, жақсыдан тағылым түйдіреді. Өз қателіктерінен үйретеді. Қиқар қылығынан арылтады. Жазушы әр кейіпкерді өмір тартысына араластырады, мінез-құлқын, ерекшелігін ғана емес, арман, үміттерін де бейнелейді. Кейіпкердің сөйлеу тілі де, білімі, талабы, мінезі бәрі нанымды сомдалғаны сондай, ортамызда жүргендей сезінетінбіз. Суреткердің әр әңгімесі, повесі, романы қалай баурап алса, А.Қарсақбаев түсірген, жоғарыда айтқан «Менің атым – Қожа» және «Балалық шаққа саяхат» фильмдері қанша көрсек те, жалықтырмайтын, қайта қызықтыратын құнды дүние. Тіпті кейбір тұстарындағы тұспалдап социализм заманын мінеп отырғанын енді ғана аңдағандаймыз. Мектеп күзетшісі Сәтбекпен арадағы диалогтар фильмде де қалжыңбас қарт пен қиқар баланың мінез-бітімін айнытпай бейнелеуімен ұтымды. Немесе жайлауға бара жатқанда Сұлтан екеуі Жұмағұл шопанның үйіне соққан тұстағы Дәулет пен Сұлтанның диалогтары қулық пен сұмдықтың, аңқаулық пен пәктіктің айқасы іспетті. А.Қарсақбаевтың мықтылығы осынау повесть оқиғаларының негізін сақтаумен бірге, кейіпкер сөздерінің тартымдылығына аса мән бергендігі дер едім. Қазақ балалар әдебиетінің алыптарының бірі, халық жазушысы Мұзафар Әлімбай талантты жазушының шығармашылығындағы батылдығы мен берік мақсаткерлігі туралы кезінде былай депті: «Саясаттан сая іздемей, ресми идеологияны құптамай өткен Бердібек шығармаларында өз тенденциясын берік ұстанып, сонысынан айнымай, ақиқатшылықты темірқазық тұтты» [5]. Шындықты бетке айту қашан да оңай болмаған. Әсіресе, мыңдаған, миллиондаған адамдарға таралатын кітаптарда ұлт, ел өмірінің ақиқатын баяндау, астарлап жеткізу нағыз қайсар, табанды, ұлтжанды таланттарға тән ерекшелік. Б.Соқпақбаев – кеңестік үкімет билігіне іштей бойсынбаған санаулы батыл қаламгерлердің бірі еді. «Бердібек ағай өзінің шығармалары арқылы өмірдің соншалықты ауыр екенін, өмірде әділеттің сақтала бермейтінін, содан адам жаны жараланатынын мейлінше шыншыл баяндап берген жазушы» [6],- дейді белгілі әдебиетші ғалым Қ.Ергөбек. «Ойға алып, санада сараптап, қағазға түсіретін қаншама шығармалары жазылмай қалды. Өзінің басына түскен көп жағдайда жазушы тағдыры – ауыр тағдыр. Ол өмір құбылыстарын, қаны сорғалаған қоғам қайғы-қасіреттерін шынайы көрсетуі керек. Ал оған сенің қарым-құлашың жеткенмен, анық та айқын бейнелеуге мүмкіндігің бар ма? Мәселен, мен мына романымда кейіпкерлерді қиялдан туғызғаным жоқ. Өмірдің өз өзегінен ойып алдым. Оным өзіме ұнағанымен, басқаларға, басшыларға ұнады ма? Қара бояуды қалың жаққансың, деп көп жерін, тұздығы татыды-ау деген нағыз дәмді жерлерін сызды да тастады. Қанша шырылдадым. Жүрегімді жұлғаннан кем әсер еткен жоқ. Басың байлаулы, аяқтарың тұсаулы болған соң, көретін күнің сол екен. Тарынбай қайтейін, торықпай қайтейін!» [7],- дейді «Ақжарқын да адал еді» атты естелігінде жазушының қаламдас, сыйлас, ақылшы ағасы Ә.Мейірбекұлы. Бұл шынайы сөз. Жазушының жан күйзелісін айтып отыр. Торығуын әрі сол кездегі қаламгер қауымның ортаға тартпауы көрнекті суреткердің томаға-тұйық тірлік кешуіне әкеп соққанын еске салады. Болашақ ұрпаққа әлі де айтары да, жазары да жетерлік жазушы өмірден, қоғамнан түңілген күйі ажал түнегіне сіңді де кетті. Алайда, артында оқырманы сүйіп оқыған ғаламат кітаптары қалды. Бектастай, Қожадай, Мұраттай қазақ көркем прозасындағы мәңгілік кейіпкерлері бар танымды, тағылымды туындыларымен ұрпақтар жүрегінде жаттала береді. Санаулы саңлақ суреткерлердің санатындағы Соқпақбаев – қазақ барда құрметтен кенде болмайтын жасампаз тұлға!
1.3. Прозаның шығармашылық көркемдігі, оның
бейнелі сипаты.
Б.Соқпақбаев өмірі қазақ мәдениеті тарихының ең бір жарқын беттерінің бірі болып саналады.
Жан-жақты талант иесі Бердібек жас әдебиеттің барлық жанрында қызмет етті. Проза, поэзия, драматургия саласында елеулі шығармалар туғызды. Әдебиет сынымен, зерттеу жұмыстарымен айналысты. Ол әдебиеттің жаңа дәуір талабына сай жаңашыл болуы үшін күресті. Әсіресе, қазақ поэзиясы саласында елеулі жаңалықтар жасады. Аға жазушы есебінде ол Қазақстанда жазушылар ұйымын құруды ұйымдастыру жұмыстарына басшылық етті. Әдеби күштерді біріктіріп, пролетарлық бағыттағы жаңа әдебиеттің қалыптасуына күш салды, әдебиеттің жас ұлттық кадрларын тәрбиелеуге ұйытқы бола білді. Ұлттық әдебиеттің партиялық, советтік позицияда берік орнығуына мол еңбек сіңірді [9].
Үлкен қоғамдық-саяси жұмыс пен әдеби шығармашылығын қанаттастыра жүргізе отырып, өз жылдарында аса көрнекті совет ақыны болып қалыптасты. Ол көптеген танымал жаңа заман дәуіріне сәйкес өлең-поэмаларын жариялады.
Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздікке қол жеткелі бері өткен өмірімізге сын көзбен қарап, жіберген қате, кемшіліктерімізді елеп-екшеуден өткізіп келеміз, және де өткеніміздің бәрін жоққа шығара алмасымыз тағы айқын. Рухани мұрамыздың бір саласы әдебиетте сол біз өмір сүріп өткен кеңестік, социалистік қоғаммен бірге жанасып келді. «Абай жолы» романынан бастау алған тарихи шығармалармен қатар 1970 жылдар әдебиетінде прозамыздың шағын жанрлары үлкен роль атқарып, салмақты жүк көтерді. Әдебиетіміздегі осы шағын жанрдың өсіп-өркендеуіне мол үлес қосқан бір топ таланттар шоғырында Бердібек есімі ерекше аталады. Оның қай шығармасы да көпке кеңінен танымал, қазақ әдебиеті тарихынан өзіне лайық орын алған айтулы туындылар. Сондықтан, төл сөз өнеріміздің, оның ішінде жалпы әңгіме жанрының бірінші даму барысы, арналы ағысы жөнінде сөз қозғап, ой толғағанда, Соқпақбаев әңгімелерінің атқарар рөлі айрықша бөлек..
Б.Соқпақбаев – ұлттық өмірімізден тарихи- психологиялық, әлеуметтік-психикалық шығармалар жазып, қазақ әдебиетінде ерекше із қалдырған бірегей суреткер.
Әдебиеттің негізгі обьектісі – адам. Жазушы өз шығармларына сол адам тағдырын арқау етеді. Оны көрсету үшін жазушы өз кейіпкерлерін әр түрлі саяси, әлеуметтік жағдайларға қояды. Сан алуан адамдармен қарым-
суреткер өз қаһарманының характерін жасайды. Қимыл, мінез үстінде адам характері әр қырынан ашылады. Оқиға өрісінде шығармадағы кейіпкерлер бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды, сондағы олардың іс-әрекетіне, ой-сезіміне қарап кейіпкерлердің адамдық сипаттарын анықтайды.
Көркем шығармадағы негізгі айшық - адам образы. Жазушы өз шығармасында талай адамдарды сахнаға шығарады. Сол образдар бір-бірімен байланысқан, бірінсіз бірінің «мені» толық ашылмайды [10, 33].
Олай болса, шығармадағы образдарды бір-бірімен байланыста қарастырмасақ, біз кейіпкер мінезін әр жақты аша алмаймыз,
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бердібек Соқпақбаевтің балалар әдебиетіне қосқан үлесі

шағым қалдыра аласыз