берекелі алтын күз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

берекелі алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
«Берекелі алтын күз» әнімен әсем киінген балаларға залға кіріп, қонақтардың көңіл күйін көтеру үшін қолбұлғап амандасты. Күз мезгіліне арналған өздерінің тақпақтарын айтып, өлеңнен шашу шашты. «Тауық пен әтеш» ойынын ойнады. Ойынның мақсаты: екі баладан ортаға шығып, музыка әуені аяқталғанша тауық – қызыл бұршақ, ал әтеш –ақ бұршақ дәнін жинау керек. Қайсысы көп жинаса соның жеңіске жеткені болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Берекелі алтын күз

Күз... Сарғайған жапырақтардың тал басында желге шыдас бермей жерге түскен сәті, көз алдыңда бүкіл әлем қоңырқай түске боялып, бейне бір салып қойған сурет секілді күйге енсе, аспанның шелегі тесіліп қалғандай әр күн сайын тамшылар тамып, жаңбыр жауса, шіркін, міне, бұл күз ғой. Осы күз мезгілінің ерекшелігімен таныстырып, балаларды табиғатты аялауға үйрету мақсатында біздің балабақшамызда «Күз тамаша» атты ертеңгілік ұйымдастырылды. «Берекелі алтын күз» әнімен әсем киінген балаларға залға кіріп, қонақтардың көңіл күйін көтеру үшін қолбұлғап амандасты. Күз мезгіліне арналған өздерінің тақпақтарын айтып, өлеңнен шашу шашты. «Тауық пен әтеш» ойынын ойнады. Ойынның мақсаты: екі баладан ортаға шығып, музыка әуені аяқталғанша тауық – қызыл бұршақ, ал әтеш –ақ бұршақ дәнін жинау керек. Қайсысы көп жинаса соның жеңіске жеткені болады. Мерекелік ертеңгілік мұнымен аяқталған жоқ, балалар көкөністер қойылымын қойып, би биледі. Күз ханшайымы да қонаққа келіп, балалардың өнерлеріне тамсанды. Одан әрі балалар «Сиқырлы орамал» ойынын ойнады.

Қане, шеңбер құрайық,

Билеп-билеп алайық.

Шыр етіп айналып,

Теріс қарап отырайық.

Балалар теріс қарап тұрғанда күз ханшайымы ортаға орамал жабылған себетті қойды. Ал балалар енді бұрылып қарайық дегенде,

Күз ханшайымы: Орамалды ашайық,

Астында не, қарайық?

Бұл не?

-Себет қой!

Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады.

Екінші рет ойналғанда, себеттің ішінде алмалар болды. Бұл күздің сыйы, байлығы деп алмаларды балаларға үлестіреі. Балаларда күз ханшайымына алғыстарын айтады. Мерекелік ертеңгілік «Жапырақтар» әнімен аяқталды. Күзге айтарымыз, берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын!

Абайдельдина Айнұр Жалгасбековна

Қостанай қаласы

61 балабақшасы тәрбиешісі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2021
382
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі