Берекелі-мерекелі Наурыз!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Берекелі-мерекелі Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесіне арналған сценарий. сыныптан тыс іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАЛДӘУРЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

ОҚУ-АҒАРТУ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ

МИНИСТРЛІГІ ОРТАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ


БІЛІМ КЕШЕНІ

________________________________________________________________

«Наурыз – бейбітшілік пен көктем мерекесі!» жас орындаушылардың республикалық фестивалі

«Берекелі мереке» наурыз мейрамына арналған мерекелік кештің сценариі

Жауапты: Қанаева С.М.

Жандарова Ж.С.

Абуов Ж.А.

Ермекбай Б.А.

Өткізілу орны: «Балдәурен» РОСО филиалы, АКТ залы

Өткізілу уақыты: 28.03.2024 ж. сағат 20:00

Қатысушылар: ауысым қатысушылары, мұғалімдер, қонақтар.

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні, Әз наурыз мерекесінде балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді жаңғырту, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.
Күтілетін нәтиже: Рухани азық алады, ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіреді, мерекені сезінеді.

Ақылбай ақсақал /Абуов Жалғас/

Бәйбіше /Балнұр/. Немере /оқушы бала/ Нұрғазы/ Салтанат/

Қонақтар /Жасұлан. Есқали. Бекжан. Жумагүл. Гүлбақыт/

Сценарии /Салтанат апай жауапты/

Қазақ биі: /Гүлжан мен Аяулым апайлар жауапты/

Дәстүрлі ән мен күй: /Жұмагүл апай жауапты/

Көрініс: /Мұғалімдер/




Іс-шараның барысы: Таңғы уақыттағы құстардың, төлдердің /жалпы ауылдың/ дауысы естіледі. Ақылбай ақсақал немересін ертіп келіп көшет отырғызады.

Бала: Ата, ата бұл қандай ағаш?

Ақылбай ақсақал: Балам, бұл алма ағашы. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын»-деген.

Бұйыртса алдағы жылда бүршік атып жемесін берер.

  • Осы кезде ,Ақылбай ақсақалдың ауылына бір топ қонақтар келеді.

Көрісу дәстүрі: Қонақтар аман-саулық сұрасып, қол алысып, көкірек қағысады.

Есқали -Ассалаумуағалейкум ақсақал!

Ақылбай ақсақал - Уағалейкум ассалам!

Есқали: Армысыздар, бармысыздар, ауыл аймақ аман ба?

Ақылбай ақсақал - Аманбыз. Бармыз замандас!

Бәйбіше - Қош келдіңіздер, төрлетіңіздер!

Бекжан - Алыстан ат терлетіп ауылыңызға келіп қалдық Ақсақал.

Ақылбай ақсақал - Бүгін күн менен түн теңеліп , ескінің жаңарған күні. Ұлысымыз оң болсын! Наурыз құтты болсын ағайын!

Салтанат - Наурыз келсе құт келгені халайық, есік ашып, шашу шашып, ел болып наурызды қарсы алайық!

Көңілашар күйі орындалады: Гүлбақыт пен Жұмагүл шашу шашады.

Ақылбай ақсақал Ат басын ауылымызға бұрған екенсіңдер, мерекеге жайылған дәмнен ауыз тиіп отырыңдар.

Бәйбіше - қымыздан алып отырыңыздар!

Бекжан - Жақсылыққа бас болып, ауылымызда ас болып, келге Наурыз құт болсын!

Есқали - Бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Жұмакүл -Наурыз сән-салтанатымен болсын думандатып отырайық.

Салтанат -Ал ендеше өнерпаздарымыз сонау Арқадан құр келмепті, өнерін тамашалайық.

Дәстүрлі ән: --------------------------------------------------------------------------------------------


Жасұлан - Ақылбай ақсақал осынау ұлыстың ұлы күнінде мынау немеремнің тұсауын кестірейін деп арнайы келген жайым бар еді.

Ақылбай ақсақал – Олай болса ортамызда көпті көрген, ауылымызға сыйлы, абыройлы апамыздың жолын берсін деп, қызымыздың тұсауын кесуді Гүлнәр апамызға берейік.

Салтанат - Ия, осы кісінің жолын берсін!

Көрініс «Тұсау кесер» дәстүрі орындалады

Жұмагүл мен Салтанат - баланы алып шығады.

Қаз- қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Асулардан аса ғой,

Алға қадам баса ғой!

Жұмагүл ала жіппен пышақты береді.

Гүлнәр апай тұсау кеседі, Ақылбай ақсақал бата береді.

Жақсылыққа Алла қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет!

Ізет, абырой, бақ-дәулет,

Қызыр қарап, бақ қонып,

Жақсылық үшін қызмет ет! Аумин.

ӘН: Наурыз әні /Даная/

Бір топ серілер кіріп келеді.

Батыр - Оооу жараңдар, жараңдар,Бізге де бір қараңдар, ауылымызға серілер келіп қалыпты, қарсы алайық!

Бәйбіше - Қош келдіңіздер! Наурыз құтты болсын!

Ақылбай ақсақал - Ауылымызға ат басын бұлған екенсіздер, той тойға ұлассын әндетіп, думандатып отырайық.

Салтанат - Серілерден қонақ кәде сұрайық.

Серілер: - күмбірлеген домбыраның қоңыр үнін ала келдік.

Күй: Ауысым қатысушылары.

Серілер: Ақсақал батаңызды беріңіз, келесі ауылға жол тарталық.


Есқали ақсақал ақ жол тілеп, батасын береді.

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықылас пен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Жорытқанда жолдарың болсын,

Қыдыр баба жолдасың болсын.Аумин.


Көңілашар күйі орындалып тұрады.

Салтанат: Наурызға алып келген сый-сыйапатымыз бар еді, осында күш сынасып, жеңіске жеткендерге берсем дем едім.

Бекжан: Қанекей онда құрыш білекті, мойны жуан мен мықтымын деген төрт жігіт ортаға келсін. Қол күрестіріп, желке тартыстырып көрейік. Жеңімпаздарға сыйлығымыз бар.

Ұлттық ойын: Қол күрес: Желке тартыс:

Екі жігіт ортаға шығады, қол күрестіреді. Жеңімпазға сыйапат жасалады.

Бекжан: Батаменен ер көгерер, Жаңбырменен жер көгерер Ақсақалдар мына жігіттерге баталарыңызды беріп жіберсеңіздер.

Нұрғазы ақсақал:

Өрендерің ер болсын,

Көргендерің той болсын.

Жауға найзаң тисін,

Елге пайдаң тисін. Аумин.

Есқали: Мерекеміз мерекеге ұлассын ағайын, жігіттердің өнерлерін көрдік, ал енді қыздарымыздың қандай өнері бар екен?

Салтанат: Қыздарымыз шетінен әнші, биші дермісіз. Бірінен - бірі асып түсетіндей өздері. Қанекей қыздардың өнерін тамашалайық!

Би: Қазақ биі. «Балдәурен» тобы.

Ақылбай ақсақал -Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын, қымыздан алып отыралық.

Есқали ақсақал - Достығымыз берік болсын, жаңа жылымыз жарылқап, ескі жылымыз есіркесін.

Осы кезде Жараппазан айтып «Жастар» кіріп келеді.

Жараппазан: Жастар.

Жараппазан айтып бола бергенде Ақылбай ақсақалдың немересі сүйінші деп жүгіріп шығады.

Немере: Сүйінші, сүйінші қой қозылады ата.

Ақылбай ақсақал: Қонақ келсе қой егіз табады демекші, мына тайлақ сіздерге бұйырған екен. Ал қанекей бата беріңдер.

Жастар: Бата береді.

Бата, бата, батасы,

Нысанбектің жотасы.

Қораң толы қой болсын,

Шараң толы май болсын.

Балаларыңның мінгені,

Жорға, жорға тай болсы.

Жорғалатып келгенде,

Көңілдерің жай болсын. Аумин.


Бата беріп болған соң, жастар тайлақты иығына салып алып кетеді.


Ән: Байлығым берекем:


Соңы: Қатысушылар орнынан тұрыпәр қайсысы бір-бір сөзден айтып қорытындылайды.


Жалғас -Ұлыс оң болсын! Салтанат -Ақ мол болсын!

Есқали - Ауадан жаудырып, жерден өндірсін! Бекжан - Ынтамақ бірлік болсын! Жұмагүл – Той тойға ұлассын

Бірге; Наурыз құтты болсын!

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.04.2024
121
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі