жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Берел қорғандары
|
Мектеп |
Астана қаласы әкімдігінің № 78 «мектеп – гимназия» КММ |
||||||
|
Пән мұғалімі |
Аглакова Айнаш Алибековна |
||||||
|
Сынып |
5 «Б» |
||||||
|
Пәні: |
Қазақстан тарихы |
||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Берел қорғандары |
||||||
|
Негізгі түйінді идея: |
Археологиялық ескерткіштерді сипаттау, ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау. |
||||||
|
Оқу мақсаты: |
Берел қорымының археологиялық ескерткіштері мен олардан табылған тарихи жәдігерлер арқылы сақтардың мәдениетін және дүниетанымын сипаттау. Берел қорымынан табылған тас құрылыстар мен тарихи жәдігерлердің ерекшеліктерін анықтау. |
||||||
|
Табыс критерийлері |
|||||||
|
Барлық оқушылар |
Көпшілік оқушылар |
Жекеленген оқушылар |
|||||
|
Берел қорымының археологиялық ескерткіштері мен олардан табылған тарихи жәдігерлер арқылы сақтардың дүниетанымын сипаттайды. |
Берел жәдігерлері арқылы ерте темір дәуірінде мекендеген сақ тайпаларының мәдениеті туралы түсіндіреді. |
Өз бетімен тақырыпты меңгереді, қорытынды жасай біледі. Берел қорымынан табылған тас құрылыстар мен тарихи жәдігерлердің ерекшеліктерін анықтайды. |
|||||
|
Уақыты |
Кезеңдері |
Тапсырма |
Мақсаты |
Мұғалім іс-әркеті |
Оқушы іс-әркеті |
Ресурстар |
|
|
5 минут |
Ұйымдастыру. Тақырыптар бойынша топқа бөлу. |
Оқушылар суреттерге байланысты үш топқа бөлінеді. І - топ
ІІ –
топ.
ІІІ –
топ.
|
Оқушыларды бірігіп жұмыс жасауға үйрету. |
Оқушыларды суреттер арқылы үш топқа бөледі. |
Оқушыларды суреттер арқылы топқа бөледі. |
|
|
|
5 минут |
Үй тапсырмасы |
Жұптық жұмыс. «Желпуіш» әдісі арқылы оқушылар бір – біріне сұрақ дайындайды.
|
Өткен тақырыпты қайталау. Оқушылардың түсіну дәрежесін бағалау. |
Оқушыларға «Желпуіш» әдісі арқылы оқушылар өткен тақырыптар бойынша бір – біріне сұрақ дайындайды. |
Оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
|
2 минут |
Негізгі бөлім |
Ой қозғау: Суреттерді көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу. |
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысын жетілдіру. |
Суреттерді көрсете отырып оқушыларға сұрақ қоямын және жаңа сабақты түсіндіріп өтемін. |
Оқушылар суреттерді көре отырып тақырыпты табады. |
Тақта, суреттер, карта |
|
|
10 минут
|
|
Топтық жұмыс. «Жүйелік органайзер» әдісі
І – топ.Қорымнан табылған заттарды археологиялық фактілер арқылы және сурет бойынша сипаттап, әңгімелейді.
ІІ – топ. «Тарихи диктант». Берілген мәтін бойынша кілт сөздерді пайдаланып, көп нүкте қойылған жерге дұрыс жауабын табу. ІІІ – топ.
Берел қорғандары тақырыбына
байланысты берілген бірнеше суреттерден топ болып коллаж
жасайды.
|
Өз еріктерімен оқуға, түсіндіруге мүмкіндік беру. |
Бақылаймын, сұрақ қоямын, бағыт беремін. |
Оқушы топ ішінен оқиды, талқылайды, білімін жинақтайды. |
Оқулық, дәптер, флипчарт, маркерлер |
|
|
|
Бағалау:
|
Оқушылардың түсіну дәрежесін бағалау. |
Формативті бағалайды. |
Формативті бағалайды. |
|
|
|
|
10 минут |
Кері байланыс
|
«Кезбе тілші» әдісі арқылы бір оқушы журналист ретінде жаңа тақырып бойынша сұрақтар дайындап келіп, бірнеше оқушыға сұрақтар береді 1. Берел қорымы қай жерде орналасқан ? 2. Бұл жерден табылған археологиялық ескерткіштер қай ғасырға жатады? 3. Осы жердегі № 11 обаны қай ғалым зерттеді? 4. Есік, Бесшатыр обаларынан Берелдің ерекшелігі неде? 5. Аталған обадан не табылды? 6. Берелдіктер мәйітті ұзақ сақтау үшін қандай әдіс қолданды? 7. Обаның асты неден тұрады? 8. Берел обасынан табылған адамды салтанатты жерлеу ғұрпына қарап, қандай болжам айтады?
|
Өтілген сабақты пысықтау.
Өтілген сабақты пысықтау.
|
Оқушыларға тапсырма беру арқылы білімдерін пысықтаймын. Оқушыларға сөйлемді аяқтауды тапсырамын. |
Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.
Сөйлемді аяқтайды. |
|
|
|
1 минут |
Үй тапсырмасы. |
Оқулықтағы сурет бойынша әңгіме құрастыру. |
Өтілген тақырыпқа қосымша мәліметтер жазу. |
Үй тапсырмасына түсінік береді. |
Күнделікке тапсырманы жазады. |
Оқулық |
|
шағым қалдыра аласыз







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген