Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Берік қадам

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар мен ұстаздарға, кез-келген оқырманға арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Берік қадам

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Ұлт жоспарын зейін қойып оқып шықтым. Мемлекет басшысының айтқан әрбір сөзінің астарында өрендерге артқан сенім де, бақытты болашаққа ұмтылған арман да жатыр. Әсіресе, «Бүгінде әр қазақстандық өз бетімен білім алып, алдымен өзінен біздің Отанымыздың дәулеті артуы үшін өзім не істедім деп сұрауы керек. Егер әр азамат осылай пайымдайтын болса, бүкіл еліміз өзінің дамуына қарқын қосарына менің сенімім зор», - деген лебізі өз болашағын бақытты Қазақстанмен байланыстыруды армандайтын әрбір өреннің жігеріне жігер қосары анық.

Мен Президентіміздің бастамасы бойынша былтыр жүзеге асқан «Серпін» мемлекеттік бағдарламасымен қасиетті Қызылорда жерінен қызырлы Қызылжарға білім алуға келдім. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының бірінші курсын тамамдадым. Мұны өз өлкеңнен жырақта жер танытып, тегін оқу мүмкіндігін берген Мемлекет басшысының жастарға жасаған қамқорлығының жарқын айғағы деп білемін. Кешегі солақай саясаттың салқынына ұшырап, тіліміз, дініміз, ұлттық құндылықтарымыз кешеуілдеп қалған өлкеге оңтүстік қарлығаштарын әкелуі мемлекет құраушы қазақ ұлтының кемелденуіне, дамуына тигізген оң әсер деп ойлаймын.

Елбасы міндеттеген «100 нақты қадам» жоспары дамудың даңғыл жолына, өркениетке біліммен, озық технологиямен, ақыл-жігермен ұмтылуымызды көздейді. Белгіленген бағыт-бағдар бойынша жүріп, ондағы тапсырмаларды жіті орындау – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан стратегиялық жоспарды сәтті жүзеге асыру жұмысы жастар үшін де үлкен маңызға ие. Белгіленген басты жүз тапсырмада ғылымның ғаламатын меңгеріп, білімнің биік шыңын бағындырудан бөлек, тіл үйрену төңірегіндегі түйткілдер де айтылды. «Қанша тіл білсең – сонша адамсың» деген бабалар сөзін санасынан шығармаған жастар бірнеше тілді біліп, еліміз үшін пайдалануымыз қажет.

Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті

30 мамыр 2015 жыл

4 жыл бұрын осы мақаланы жазған студент болдым. Ал, қазір университетті жақсы тәмамдап, жас маман болып Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы, Бостандық ауылы, Бостандық орта мектебінде жұмыс жасап отырмын. Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асқан бағдарламаның арқасында өз елімнен алыс жүрсем де, Қазақстанның білімінің дамуына кішкене де болса өз үлесімді қосып жүргеніме мақтанамын. Жастарға артылған ортақ міндеттің орындалуына жастар қауымы барымызды салудамыз деп айта аламын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
378
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12