жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Берілген санның пайызын табу
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.4А Пайыз. |
Мектеп: «З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернаты» КММ |
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Темирешова Мейрамгул Кузаировна |
|
Сынып: 4 |
Қатысқандар саны:4 Қатыспағандар саны: 0 |
|
Сабақтың тақырыбы |
Берілген санның пайызын табу. |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасынасілтеме) |
5.1.2.34 Берілген санның пайызын табу; |
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: пайыздармен бөлшектер арасындағы байланысты түсінеді, санның пайызын таба алады; Оқушылардың басым бөлігі: шама мәндерінің пайыздық кемуін немесе артуын түсінеді; өлшем бірліктердің берілген пайызын таба алады. Кейбір оқушылар: санның пайызын табуға берілген мәтіндік есептерді шығарып, талқылайды. |
|
Бағалау критерийі |
Берілген санның пайызын есептейді. |
|
Тілдік мақсаттар |
Санның пайызын табуды түсіндіре алады, пайызбен өрнектелген нәтиженің математикалық мағынасын түсіндіре алады, мәтін есептің шешу жолын түсіндіре алады, шаманың пайыздық өзгерісін күнделікті өмірмен байланыстыра біледі. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: -пайыз; - пайыздық қатынас; - пайыздық арттыру; - пайыздық кеміту ; - қарапайым пайыздық өсім; - күрделі пайыздық өсім Диалогқа, жазылымға сәйкес тіркестер: - санның пайызын табу үшін ... керек; - ондық бөлшекті пайызбен өрнектеу үшін ... керек; - сан ... %- ға артты; - сан … %- ға кеміді; |
|
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы негізінде оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. |
|
Пәнаралық байланыс |
Жаратылыстану |
|
Алдыңғы білім |
Бөлігін және бөлігі бойынша санды табу ережелерін білу және қолдану. |
САБАҚ БАРЫСЫ
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 3 мин |
Уәж туындату. 1.Жағымды ахуал туғызу 2.Оқушыларды «Пайыз» және «Қатынас» топтарына бөлу. 3.Сабақ мақсаты мен критерийлерін таныстыру.
|
«Пайыз» және «Қатынас» деген сөздері жазылған смайликтер арқылы оқушыларды топқа бөлемін.
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы (32минут) |
1.Оқушылардың ойларын шоғырландыру үшін: «Қар кесегі» әдісі арқылы өткен тақырып қайталанады.
1. 1℅-ы 26, 100℅-ы неге тең? 2. 100℅-ы 1500, 1℅-ы неге тең? 3. 9 санының 1℅-ы неге тең? 4. 1℅-ы 0,03 болса, онда сан ... тең? 5. Асықтың 35℅ жиналса, онда қанша пайызы жиналуы тиіс? 6. Пайыз деген не? 7.1℅-ы 20, 100℅-ы неге тең? Бағалануы: «Бас бармақ» арқылы 1.«Өкіл» әдісі арқылы топтар берілген тапсырмаларды талқылайды, қорытындысын жасайды (әр топтан екі оқушы келесі топқа ауысып, өздерінің шығару тәсілін екінші топқа түсіндіреді). 1-топ:Кестені толтырыңдар:
Қорытынды жасаңдар. Санның пайызы қалай табылады? 2-топ: Кестені толтырыңдар:
Қорытынды жасаңдар. Санның пайызы қалай табылады? Кері байланыс «Тамаша идеялар» әдісі арқылы:
Мұғалімнің сындарлы кері байланысы Кейбір оқушыларға есеп шығару барысында санның пайызын табудың тәсілдерін жақсы меңгерген, барлық оқушылар ережесін қолданып есептің жауабын таба алды, көпшілік оқушылар өз ой-қорытындысын жасай алды. 2.Сергіту сәті. «Қарлығаштар» ырғақты би. 3.Оқулықпен жұмыс. Оқушылардың қарқынын, қабілеттерін ескере отырып, жеңілден күрделіге бойынша тапсырмалар . А деңгей - №835 В деңгей - №836 С деңгей -№863 Бағалануы: «Бағдаршам» арқылы.
|
Маркерлер
5-сынып Математика А.Е. Әбілқасымова, Т.П. Кучер, З.А. Жұмағұлова. Алматы «Мектеп»,2017ж
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы (10мин)
|
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма. «Элективті тест» әдісі.
А)20 В)16 С)15 Д)14 Е)13 Дескриптор: Білім алушы
2. Күршім ауданында құрылыста істеп жүрген 800 адамның 20℅-ы сылақшылар. Құрылыста қанша сылақшы? 1. А)100 В)200 С)150 Д) 110 Е)160 Дескриптор: Білім алушы
3.Марқакөл қорығында 2000 марал бар. Қазіргі кезде олардың саны 10℅-ға көбейді. Марқакөл қорығында қазіргі кезде қанша марал бар?
А)2200В)16000 С)15000Д)10000 Е)1900 Дескриптор: Білім алушы
Рефлексия: БББ тәсілі. Оқушылар өздеріне белгілі мағлұматтар мен жаңа деректерді салыстыруға, бұрыннан білетіндерінің негізінде өздерінің танымдық тaлаптарын анықтауға үйренеді. Нені білемін? Нені білгім келеді?Нені білдім? Сұрақтарына жауап жазып, стикерлерін «Табыс ағашына» жапсырады. Үйге тапсырма: математикалық сауаттылықты дамыту үшін өмірдегі қолданыс орнын анықтау.
|
Интербелсенді тақта Слайд
Қосымша1
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басынан соңына дейін бойында қалыптастырушы бағалау жүргізіп отырамын. Деңгейлік тапсырмалар пайдаланып, көмекке мұқтаж оқушыларға қолдау көрсетіп, саралау жүргіземін. Мен тапсырма құруда бүгінгі сабақтың жалпы мақсаттарына сәйкес саралаудың жіктеу тәсілі aрқылы жұмыс жасаймын. Сабақ барысында көмек қажет ететін балалардың қасына барып қолдау көрсетемін. Деңгейі әр түрлі тапсырмалар құрдым. Кейбір оқушыларға жоғары деңгейлі шығaрмашылық тапсырма дайындадым. Жалпы менің дайындаған тапсырмaларымның барлығы оқушылардың мақсатқа жетуіне бағытталған. |
Оқушылардың ойларын шоғырландыру үшін: «Қар кесегі» әдісі арқылы өткен тақырып қайталанады. «Джиксо» әдісі арқылы оқушылардың біліктілігін дамытамын. Қалыптастырушы бағалауға арналған деңгейлік тапсырмаларды ұсынамын. Кері байланысқа «Элективті тест» әдісін қолданамын. Сабақ қорытындысын «Табыс ағашы» әдісімен аяқтаймын. |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту «Қарлығаштар » әдісі Оқушылардың партада дұрыс отыруларын қадағалау.
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытку болды ма? Және неліктен? |
Менің бүгінгі сабағымдағы оқу мақсаты мен сабақ мaқсаттары оқушыларға қолжетімді болады деп ойлаймын.
Оқушылардың көпшілігі бүгінгі сабақта санның пайызын табудың екі тәсілін де біледі деген сенімдемін. Деңгейлік тапсырмаларды бере отырып жүргізілген саралау жұмыстары оқушылардың сабақ мақсатына жетуіне оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Сабақтың кезеңдерінде өзім жоспарлағанымдай уақытты тиімді пайдаланамын деген ойдамын.
|
||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы бағалау:
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: . ЖИГСО әдісі. Оқушылар жеке,жұппен,топпен белсенді жұмыс істейді.
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Кері байланыс арқылы сыныптың алдыға ілгерілеуін ,көшбасшылығын дамыту. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? Кейбір оқушылар тапсырманы тез уақыт аралығында орындайды. Келешекте сондай оқушылармен жеке жұмыс жасап, оларды әр түрлі деңгейдегі конкурстар мен олимпиадаларға дайындаймын. |
|||||||||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз










Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген