400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бес нәрсеге асық бол

Материал туралы қысқаша түсінік
Бес нәрсеге асық бол
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Бес нәрсеге асық бол...» Қариялар күніне арналған сынып сағаты

(«Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы)

Мақсаты: Оқушыларға ұлы Абайдың «ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл қасиет (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) жөнінде кеңінен түсінік бере отырып ойлау қабілеттерін дамыту, адамгершілікке инабаттты болуға, еңбексүйгіштікке баулу арқылы ақыл тәрбие беру.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Бес нәрсеге асық бол», яғни ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл қасиет туралы болмақ. Қане, балалар ең алдымен ұлы Абай Құнанбайұлының қай кезде өмірге келгенін, оның қысқаша өмірбаянын кім біледі екен?

1-оқушы Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда Семей өңірі, Шыңғыстау баурайы, Қасқабұлақ бойында дүниеге келген.

2-оқушы: Абай Құнанбайұлы қай жылы дүниеден өтті ?

1904 жылы жазда дүниеден өткен (60 жасқа қараған шағында)

Мұғалім: Абай Құнанбайұлының қандай өлеңдері білеміз

Оқушылар : «Желсіз түнде жарық ай», «Қыс», «Жаз», «Жазғытұры», «Айттым сәлем Қаламқас», «Сегіз аяқ», «Жігіттер», «Ойын арзан, күлкі қымбат», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба».

Абай Құнанбайұлының жылдың төрт мезгіліне арнаған қандай өлеңдерін білеміз, әуені мен айтылатын қандай өлеңдері бар.

3-оқушы « Қыс туралы өлеңі»

Ақ киімді денелі ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды

4-оқушы «Желсіз түнде жарық ай»

Мұғалім: Балалар, осы соңғы «Ғылым таппай мақтанба»өлеңін мәнерлеп кім айтады.

5-оқушы «Ғылым таппай мақтанба»

Ғылым таппай мақтанба

Орын таппай баптанба

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге

Бес нәрседен қашық бол

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз,

Тілеуің, өмір алдында

Оған қайғы жесеңіз

Өсек, өтірі, мақтаншақ

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз

Талап, еңбек терең ой

Қанағат, рақым, ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз

Мұғалім: Ой рахмет, енді осы өлеңдегі бес асыл қасиетті атайық

Бес асыл қасиет: 1.Талап

2.Еңбек

3.Терең-ой

4.Қанағат

5.Рақым

Ең алдымен талап туралы сендерге айтып өтейін.

Адам өмірде өз орнын табуда талапты,

Адам қабілетті, еңбекқор болуы қажет және жігерлі талмас талабы арқылы көздеген мақсатына жете алады.

Талап туралы білетін мақалдар айтайық.

6-оқушы 1.Талап-талмас қанат

7-оқушы 2.Таудай болса талабың,

Бағың болып жанамын.

8-оқушы 3. Талапты елге нұр жауар,

Талапсыз неме құр қалар

Ән. Жас дәуірдің түлегіміз

Мұғалім: Екінші асыл қасиет еңбек

Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Өмірде еңбекті бағалай білген адам құрметке бөленеді.

Еңбек туралы білетіндеріңді тыңдасақ.

9-оқушы 1.Еңбектің наны тәтті

Жалқаудың жаны тәтті

10-оқушы 2.Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей

11-оқушы Еңбек-қуаныш, жалқаулық-айырылмас

Мұғалім: Үшінші асыл қасиет-терең ой.

Адам ойлылығы іс-әрекетінен, ақылынан көруге болады. Әр ісін ойлап, ақылмен істеген адам өз мақсатына жетеді. Өз ортасына сыйлы болады.

12-оқушы Наурыз: Қыран қанат құстаймын

Талабыңды ұштаймын

Зерделіге достаймын

Дарындыны қостаймын

13-оқушы Терең ой-асыл қасиет

14-оқушы Бой жетпеген жерге ой жетеді.

Ән- Хор : «Айгөлек»

Мұғалім: Төртінші Қанағат-асыл қасиет

Төзімділікке үйрену, барға қанағат ету, қиындықты жеңе білу, ұқыпты, тиянақты, адам өмірде өз орнын табуға көмектеседі.

15-оқушы

16-оқушы Не берсең соны аларсың,

Не ексең соны орарсың.

17-оқушы Қанағат қарын тойғызар

Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар

Ән «Дос туралы жыр»

Мұғалім: Бесінші асыл қасиетіміз-рақым

Басқа адамның кемшілігін, қателігін кешіру және өз қатесін түсініп, мойындап кешірім сұрау-адам бойындағы жақсы қасиет.

18-оқушы Ашу-дұшпан, ақыл дос

Ақылыңа ақыл қос

19-оқушы Кешірімділік анадан,

Кішіпейілдік данадан

Ән-хор: Ұстазым әні

Мұғалім: Оқушылар бүгін біз ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл қасиетке тоқталдық. Ал балалар талапты, кешірімді болыңдар.

Мұғалім: Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
10 қаңтар
221
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі