Материалдар / Бесеудің хаты.

Бесеудің хаты.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бесеудің хаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Сәуір 2024
149
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ :

Мектеп:

Сынып: 10

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

10.1.2.1 - әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану;

10.3.1.1 - шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау.


Сабақ мақсаты:

әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану

шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау


Бағалау критерийлері

шығарманың жанрлық табиғатын таниды

шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтайды;

өзіндік көзқарасымен баға береді;


Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» бағдарламасының «Зайырлы қоғам және жоғары» құндылықтары арқылы құрмет, ынтымақтастық, ашықтық қасиеттерін қалыптастыру

Пәнаралық байланыс:

Тарих

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы қолданылады

Осыған дейін меңгерілген білім

Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы бірінші сабақ

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

дер

Сабақтың басы 5 мин


Амандасу. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылар төмендегі сауалдарды талқылайды:

  • Драма дегеніміз не? Диалог, монолог туралы не білеміз?

  • Шығармадағы ел басына түскен нәубеттегі жандайшаптардың бейнесі қалай суреттеледі?

  • Сталиннің теріс саясатын асыра сілтеген Голещекиннің көроқырлығы қалай көрініс табады?

  • Қалай ойлайсыздар, бұл қасіретке қазақ халқы қалай ұшырады? Кім кінәлі?

Бағалау: Мадақтау, толықтыру


Слайд



Сабақ ортасы

20 минут
















































1-тапсырма.

Мақсаты Драманың жанрлық табиғатын көрсету.

Кестені толтырыңыз.

Сұрақ

Жауап

Дәлел

Шығарманың идеясы қандай?



Шығарма қандай әдеби жанрда жазылған?



Драмалық туынды құрылысындағы ерекшелік неде?



Драматург адам мінезін, бейнелеп отырған өмір шындығын қалай көрсете білді?




Дескриптор:

Сұраққа дұрыс жауап береді;

Өз жауабын мысалдармен дәлелдейді.


Ықтимал жауап


Сұрақ

Жауап

Дәлел

Шығарманың идеясы қандай?

Ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры.

Шығармада Қазақстанда ХХ ғасырдың басында болған тәркілеудің зардабы, 1932 жылғы қазақ халқының басына түскен ауыр қасірет суреттелген

Шығарма қандай әдеби жанрда жазылған?

Драма

Драмалық туындылар, яғни пьесалар театр сахнасына қоюға арнап жазылады. Осыған байланысты пьесаның көлемі, құрылысы, тілі, адам мінезін танытуы тұрғысынан өзге жанрдағы туындылардан өзіндік ерекшеліктері бар. Сюжет кейіпкерлердің диалогымен ашылады.

Драмалық туынды құрылысындағы ерекшелік неде?

Драмалық туындының ерекшелігі кейіпкерлердің диалогі мен монологіне құрылуы. Диалог те, монолог те пьесадағы тартысқа қатысушы адамдардың алуан мінезін, көзқарас-мақсатын айқын танытатындай мағыналы да көркем болуы керек

Автор қазақ халқының бастан кешкен нәубетін, ұлттық трагедиясын жеткізуде кейіпкерлердің сөздерін шебер қолданған. Диалог кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін ұтымды ашады.

Драматург адам мінезін, бейнелеп отырған өмір шындығын қалай көрсете білді?

Драматург өмір шындығын пьеса кейіпкерлерінің сөзі (диалог, монолог) мен іс-әрекеттері арқылы көркем аша білді. Сол кездегі өкімет басшылары мен оның қасындағы жандайшаптардың бейнесіне жан бере суреттеді.

Ш.Мұртазаның драматург ретіндегі шеберлігінің өзі сонда, ол кейіпкерінің мінез-құлқын ғана ашып қоймай, оның жандүниесін көрсете білді Пьеса тілінен кейіпкерлердің өзіне лайық мінезін, психологиясын ,өзіндік ерекшеліктерін көреміз

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар өздерін ықтимал жауап бойынша тексереді.


2-тапсырма Тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, баға беріңіздер.


Драманың тарихи құндылығы

Драманың көркемдік құндылығы

Сіздің берер бағаңыз






Дескриптор:

Драманың тарихи құндылығын анықтайды;

Драманың көркемдік құндылығын анықтайды ;

Құндылығына баға береді


Ықтимал жауап

Драманың тарихи құндылығы

Драманың көркемдік құндылығы

Сіздің берер бағаңыз

Шығарманың құндылығы-Қазақстандағы ұжымдастыру қасіретін, 1930-1933 жылдардағы ашаршылық жайлы ашық көрсетуі.

Ұжымдастыру науқаны халқымызды негізгі кәсібі мал шаруашылығынан ажыратып, малынан айырған еді. Малынан айрылған ел жаппай аштыққа ұрынды. Қолдан ұйымдастырылып, халқымызды қынадай қырған сол зымиян саясатқа қарсы шыққан наразылық хаты сұрапыл кезеңнің шындығын көрсеткен құжат ретінде тарихта қалды.

Шығарманың мазмұны нақты тарихи фактілерге сай жазылған.




Бұл шығарма -тарихи оқиғаны, ел білген шындықты көркем сөздің қуатымен оқырманның жүрегіне жеткізуімен құнды.

Қылышынан қан тамған Сталин саясатын айыптап, өкімет билігін теріс пайдаланушыларды ерекше шеберлікпен әшкерелейді

Қазақтың басына нелер нәубет келмеді?! Соның ішіндегі сорақысы қолдан жасалған ашаршылық. Аштықтан қаншама халық жапа шекті.Шығармада халықтың тағдыры мен тұрмысын нанымды көрсетеді.

Ел тағдырына қатысты әлеуметтік мәселелерді халықтық мүдде тұрғысынан тамаша толғай біледі.

Тарихи шындықты көркем шығарма етіп беру оңай емес. Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясатын, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқырлығын жазушы ашына жеткізеді.

Бұл қасірет қоғам белсенділерінің қабырғасын қақыратқаны шындық. Сталинге хат жазған бесеудің есімі тарихта қалары сөзсіз. Ұлт үшін жасаған азаматтық қадамы, адамгершілік қасиеті арқылы ұлт зиялысына айналды. Алаш үшін адамгершіліктен айныған жоқ. Басын бүркеп, бұқпантайлап билеуші партиядан жасқанбады

Мүсірепов: «біз,халық қырылып жатқандықтан атыламыз. Ал,сендер халық қайта тірілгендіктен атыласыңдар! Халық қайта тірілгенде сендер екі дүниеде де орын таппай қаласыңдар! »-деп, айтқандай халық тірілді,өз тәуелсіздігіміз бар, егемен елге айналдық.

Ендеше бұл шығарманың қазақ халқы барда, еңсесі қашан да биік болмақ


Жазылған жұмысты оқып, дескрипторларға сай өзара бағалау жүргізіледі:

Драманың тарихи құндылығын анықтайды;

Драманың көркемдік құндылығын анықтайды ;

Құндылығына баға береді





Слайд кесте




















Оқулық,

слайд, кесте

















Сабақтың соңы

5 минут


Рефлексия.

Бүгінгі сабақта қандай өмірлік білім алдым?

Cабақта маған тапсырманы орындауға не көмектесті?

Cабақта маған тапсырманы орындауға не кедергі болды?

Маған қиындықтарды жеңу үшін не істеу қажет?

Оқу тапсырмасы

Драманың идеясын негізге ала отырып, адамгершілік тұрғысынан талдап, «Арда туған Алаш арыстары...» тақырыбында әдеби эссе жазыңыздар

Слайд



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ