400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

бестемше

Материал туралы қысқаша түсінік
Бестемше ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазандық, 10 отау, 50 шардан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазандық, бес отау және 25 шардан тиесілі. Шарлар әр отауға бес-бестен салынады. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бестемше» сайысы


Мақсаты: балабақша қызметкерлерімен ата - аналардың арасындағы қарым - қатынасты нығайту, ата - аналарды балабақша өміріне белсенді қатысуға баулу.
Міндеттер:
1) бестемшеге деген қызығушылықтарын арттыру;
2) балабақша қызметкерлеріне және ата - аналарына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу

Қажетті құралдар: үстел үсті бестемшесі, тастарымен.

Қатысушылар: әр топтан 1 жанұя.
Сараптаушы: қазылар алқасы.


ӘНҰРАН


Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қазылар алқасы, сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар. Бүгінгі, біздің балабақшамыздағы ата - аналардың қатысуымен алғашқы рет өткізіліп жатқан «алаңдағы бестемше» атты спорттық жарысқа қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Спорт біздің досымыз,

Күш қайратын сынға алған,

Спорт біздің досымыз,

Бала кезделген шыңдалған,-деп ортамызға жарысқа қатысушы отбасыларымызды шақырамыз.

Жүргізуші: Ендеше жарысқа қатысушылар,жарысымызды бастамас бұрын алдымен әділ-қазылармен таныс болайық.

1. Балабақша меңгерушісі: Жолбарысова М. А

2. Балабақша әдіскерлері- Абдульдинова А. А. Намазбаева Р.Т

Жарысымызды бастап беру үшін балабақшамыздың меңгерушісі Жолбарысова М. А сөз кезегін береміз

Жарыстың шарты: Бестемше ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазандық, 10 отау, 50 шардан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазандық, бес отау және 25 шардан тиесілі. Шарлар әр отауға бес-бестен салынады. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды



Ендеше әділ-қазылар алқасы өз шешімдерін тапқанша ортада көңілді әнімен «Парасат» тобының тәрбиеленушісі Еламанды шақырсақ

Ән «Мен қазақпын»



Жүргізуші: Ендеше әділ қазылар алқасын ортаға шақырып,марапаттайық

Сайысқа 7 ата-ана қатысты


Марапаттау: бас жүлде – Серікбай Айшолпан «Зерделі» тобы


Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,бүлдіршіндер,осымен біздің топтық спорттық жарысымыз өз мәресіне жетті.Әрқашан жұбымыз жазылмаған,тату тәтті отбасы болуларыңызға тілектеспін. Қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.05.2023
840
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі