жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Би өнерінің балаларды тәрбиелеудегі ерекшелігі"
Би
қойылымдары мен жұмыстану арқылы балалардың танымдық қабілеттерін
жетілдіру
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі тәрбие бүкіл қоғамдық, жалпы
халықтық іс болып отыр, себебі қоғам өміріндегі өзгерістер – жан -
жақты дамыған, білімді, парасатты адам тәрбиелеп, өсіруді талап
етеді.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі кезеңде балалардың ақыл - ой
қабілеттерін жан - жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше
мән берілуде, себебі осы кезеңде балалардың таным қабілеттерін
дамыту мүмкіндіктері мол. Баланың ақыл - ой ерекшеліктері
жаратылыстан шығармашылық, ізденгіштік сипаттарға ие, бірақ оны
дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әртүрлі, сондықтан баланың танымдық
қабілеттерін дамыту, оның бағыттарын анықтау ең алдымен оның жас
және дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты. Сондықтан
мен өз жұмысымда қызықты сахналық би қойылымдары арқылы балалардың
логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағыттадым.
Мектеп жасына дейінгі балаларға сахналық билерді үйрету үшін
қазіргі кезде көптеген би жетекшілері түрлі би қойып қызмет етуде.
Бірақ орындалатын бидің астарын ашу, көрерменге мағынасын жеткізу
үшін көп ізденіп, мол тер төгуі қажет ететіні белгілі. Жақсы,
сапалы балалар биін қою, би қоюшының ой - өрісі мен эстетикалық,
педагогикалық, психологиясына, тәлім - тәрбиесі мен біліміне
байланысты.
Үлкенді, кішілі би қойылғанда басынан аяғына дейін әр - түрлі
тәсілді жүйесі болады.
Біріншіден, би драматургиясы - ол бидің негізін қалайтын ой -
өрісі. Бұл биде не көрсетіп, не айтқымыз келетінін нақ басып
жеткізу.
Екіншіден, саз (музыка)- қандай да би қойылмасын, оның болашағы
таңдап алынған сазды әуенге көп байланысты. Драмалық ойды ашуда
сазды әуен негізгі роль атқарады.
Үшінші - қимыл (дене, қол, бет - пішін қимылы ) барлығы осы бір
сөздің ішіне сыйып тұр. Енді ойымыз күрделене түсті, осы би
қимылдары сазды әуенмен үндестік табуы өте қажет, Әуенін естіп
отырып қимылды көргенде, драмалық ой - өрісі ашыла түсіп барлығы
бір дүние іспеттес болуы хақ.
Төртінші - ол осы ойлаған драмалық ойымызды, сазды би
қойылымдарымен үйлестіре отырып, сахна кеңістігінде дұрыс қозғалыс
табу.
Төртінші - әр түрлі ракурстар. Осы сахналық қозғалыстардың
(суреттердің) дұрыс көрініс табуы. Би қою тәсілінде, бидің басталуы
- яғни көрермен бишінің қай уақытты, қай ел - жерді, қай
халықты(киім үлгісіне, сазды әуеніне, сол халыққа тән би қимылымен
сазды әуеніне байланысты) қай мезгілді, кімді көрсететінін түсінуі
керек. Енді сахнаға шыққан би орындаушы балалар белгіленіп берілген
сурет бойынша сахна кеңістігінде қимылдарды билей жөнеледі. Келесі
сазды әуенмен би қимылдарының, ракурстарының шыңына жеткізу кезеңі.
Бидің драматургиялық түйіні бидің аяғы. Бірақ осы түйіннің өзі, ой
- өрісті дұрыс өргізіп әкеліп түйіндеуді керек
етеді.
Би өнерінің балаларды тәрбиелеудегі ерекшелігі.
Би – өмір сүру символы.Ол адам баласын үнемі көтеріңкі көңіл-күйде, қанаттанып жүруге мәжбүрлейтін өнер.Сонау ерте дүниеден адам аң мен құстың қимылына қарап, жапырақтардың сыбдырына, бұлақ суының сылдырына елтіп, соларды жанына тоқып дамыған. Би өнері сұлулық, сымбаттылық, әсемдік сыйлайды, еңбектенуге баулиды. Ол этика мен эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, жанға қуат береді.
Би өнерімен айналысу балалардың көркемдік талғамын дамытады, олардың орындаушылығының сұлулығы мен байсалдылығын тәрбиелейді, жалпы мәдениетін қалыптастырады, балалардың гормоникалық, көркемдік-эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді. Классикалық бимен айналысу балаларды әдемілікке және қимылдарының нақтылығына үйретеді, күші мен икемділігін арттырады. Олардың бұлшық-қозғағыш аппаратын, тыныс алу және жүрек-тамыр жүйелерін дамытып, мүлтіксіздігін нығайтады. Сонымен қатар, балалардан күш-қуатты, жинақылықты талап ететін би өнері олардың еңбексүйгіштігін көтереді, ерігі мен мінез-құлқын шынықтырады.
Мен 1998 жылы Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтын тәмәмдаған соң ұстаздықты таңдадым. Білім беру саласында би үйірмесіне жетекшілік етіп, көптеген педагогикалық жетістіктерге қол жеткіздім. «Ақбота» және «Балғын» би ұжымдарын құрдым. Оқушылардың би өнеріне деген сүйіспеншілігін оятып, тұрақты қызығушылығын қалыптастырдым. Қазіргі таңда 100-ден астам сахналық киімдеріміз және өз фонотекамыз бар.Сахналық киімдерге дизайн жасаумен өзім айналысамын. Шәкірттерімнің репертуарына көп мән беремін. Нәтижесінде мінекей, бүгінде менің өнерлі өріндерім, ата-аналарын ғана емес, облыс көлемінде өнер көрсетіп қошеметке бөленіп жүр.
Кез келген ұлттық биі әр түрлі мағынада, әр түрлі жағдайда бастау алған. Мысалы, испан билері көбіне махаббаттан; ұйғыр билері тікелей өз мінездер сипаттаудан; қытай, жапон билері ішкі сезімді білдіруден; үнді билері өздерінің құдайларын баяндаудан бастау алған. Ал қазақ биі салты-дәстұр, тұрмыс-тіршілік, ою-өрнегімізден басталады. Әсіресе, қол мен дененің пластикалық икемділігін, қыздардың еркелігі мен назын, сұлулығын көрсетіп, ер адамдардың керісінше жанып тұрған өткірлік, түрлі күрделі секірулер мен буын қимылдары, ат шабыс, өзге де жігерлі қимылдарды сипаттау арқылы ерекшеленеді.
Би өнері – тілсіз өнер, оның айтар мағынасы болуы шарт. Философиялық мағынаға бай болуы тиіс. Былай айтқанда, спектакль іспеттес. Жүректегі, ойдағы жазуды би тілімен, жеткізу, халықты бұған сендіру – басты мәселе. Осы жағынан келгенде, қолдың, саусақтың, буынның, дененің әр қимылы – пәлсапа!
«Қамажайды» білмейтін қазақ жоқ! Қазақ биі дегеніміз – Ш.Жиенқұлованың «Былқылдағы», Г.Талпақованың «Ерке баласы», Т.Ізімованың «Жезтырнағы», А.Татиева мен Г.Пішенбаеваның билері, Ө.Жәнібеков, Д.Абиров, З.Райбаев сияқты ағаларымыз қалдырған «Қаражорға», «Келіншек», «Ұтыс биі», «Қоян-бүркіт», «Асау ат», «Алтынай», «Аса таяқ», «Даулпыз», «Айжан қыз», «Аққу», «Домбыра» бұлар тарихы тереңге жатқан қазақ биі туындыларының маржандары. Қазақ биінің классикасы, фольклоры, этнографиясы әлі сол қалпында қалуда.
1 Жүргізуші:Құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, сүйкімді де, сүйікті бүлдіршіндер. Бүгінгі "Би билейміз балақай "атты ашық оқу іс-әрекетіне қош келдіңіздер!
Баршамызды бала тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата-ананыі арманы мен тілегін,
Бала емес пе, бал бұлақтан жалғайтын.
2 Жүргізуші:
Шалқытып мерекеге ән салайық,
Өнерпаз өнерліге тамсанайық.
Алдарында шығатын бүлдіршінді
Бәріміз қошеметпен қарсы алайық.
Балабақшамыздың өнерлі бүлдіршіндерінің орындауында ән «Қошақаным қайда»
Сайқымазақтар:Сәлеметсіңдер ме балалар! Қандай әдемі болып, құлпырып кеткенсіңдер?
1 Жүргізуші:Сәлеметсіңдер ме, сайқымазақтар. Бүгін балабақшамызда ерекше, көңілді күн. Біздің балалар би билеп ән салғысы келіп тұр..
Сайқымазақтар:балалар, аспандарың ашық, дендерің сау, біздердей көңілді болып жүріңіздер.!
Балалар, біздермен ойын ойнағыларың келе ме?
Бәрекелді, балалар! Ойын «Кәм жылдам?»
Сайқымазақтар:балалар, барлығымыз көңілді би билейік.
Би:" Сайқымазақтар"
2 Жүргізуші:Балалар, көңіл-күйлерің қалай?
Сендерге ұнап жатыр ма?
Дара, Боти, Қоян
Сәлемет пе, балалар!
Боти:Қандай ғажап әлем? Біз қайда келдік саяхатшы Дара?
Би: "Би билейік балақай"флешмоб
Дара:Бұл қуаныш пен сүйіспеншілік балалар мекені «Ботақан» балабақшасындамыз. Бұл елде ақылды, білімді, өнерлі де, сүйкімді балалар тұрады.
Қоян:балалар, көңіл-күйлерің көтеріңкі көрінеді. Сендердің әсем әндеріңді естіп, ертегілер әлемінен мерекені тойлауға келіп қалдық. Алақай-ау алақай
Той тойлайық, балақай!
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық, балақай!
Балалар, барлығымыз бірігіп көңілді би билейік.
Би: "Қуыршақ"
1 Жүргізуші:Бәрекелді, бүгінгі күніміз тамаша өтуде. Балалар, бәріміз бірігіп көтеріңкі көңіл-күймен «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайық.
Балдырғандар көңілді,
Шақырамыз ортаға.
Тойымызға сән беріп,
Дөңгеленсін ортада, - дей отырып, балаларды шеңберге шақырамыз. Балалар, Отанмызға, балабақшамызға, бір-бірімзге ізгі ниет тілектерімізді, жылы лебізімізді білдірейік.
Заманымыз тыныш болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Күніміз жарық болсын!
Бақшамызға бала толсын!- деп қолымыздағы шарды аспанға ұшырамыз.
Бүгінгі «Ботақан» балабақшасының ұйымдастыруымен өткен «Би билейміз балақай» - атты ашық оқу іс-әретті аяқталды. Кездескенше күн нұрлы болғай.«Бала тілі – бал», «Өнерлі бала өрге жүзер», «Адам болатын бала алысқа қарайды».. Айта берсек, бала туралы мақал-мәтелдер көптің қасы. Ата-бабамыз бұндай сөздерді бекер айтпағандығын да байқап жатамыз. Бала дарынды, өнерлі, талантты және жан-жақты болса, оған да таңқалмасқа болмас. Сондай жас таланттардың бірі – Тараз қаласының кішкентай ғана тұрғыны,№32" Ботақан"балабақшасының"Қызғалдақ"тобының тәрбиленушісі Кәусар туралы әңгіме қозғайтын боламыз. Өзі 5 жаста, өзі әнді де айтады, би билейді, мәнерлеп өлең оқиды Анасының айтуы бойынша, 2 жасында тілі шыға бастаған Кәусар ән айтуға құмар болыпты. Естіген әнін бірден жаттап алады, көргеніне қызығушылық танытып, білмегенін сұрап алатын әдетін байқаған анасы баламен жұмыс жасауға толықтай беріледі. А.Құнанбайұлы, Ы.Алтынсарин, М.Мақатаевтың шығармаларымен де таныстырған. Көлемі үлкен өлеңдерді де бірден жаттап алады.
«Балаға көбірек көңіл бөліп, бойындағы дарынды дамытуға көп еңбек пен уақыт керек» – деген анасы, Мектеп табалдырығын әлі аттай қоймаған бүлдіршініміз сәл-сәл әріптерді де танып келеді, онымен қоса ағылшын тілін де меңгере бастапты. Иә, бұл балақайымыз осындай қабілеттерімен көзге түспей қоймасы айдан анық. Адамдармен тез тіл табысады, ақкөңіл, өзі қазақилыққа құмар екен. Өзінен кіші биші сіңлісі бар екен, бос уақытында би қимылдарын бірге қайталап, арасында үйретіп қояды. Өнерлі Кәусардың ерекше арманы да бар. Ол – елбасымен кездесу. Ендеше, арманың орындалсын дейміз! Шырағың сөнбесін, өнерлі балақай!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген