Материалдар / «Би Темірге бірінші толғау», образдарды бейнелеуде автор қолданған көріктеу құралдары

«Би Темірге бірінші толғау», образдарды бейнелеуде автор қолданған көріктеу құралдары

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сыныптарға арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар. Бұл "Атамұра" баспасы бойынша жасалған 1-тоқсан материалдары.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Қазақ әдебиеті

14-сабақ


Бөлім:

1-бөлім: «Дананың сөзі- ақылдың көзі»

Педагогтің тегі, аты,

әкесінің аты :

Күні:

Сынып: 8


Қатысушылар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

«Би Темірге бірінші толғау», образдарды бейнелеуде автор қолданған көріктеу құралдары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.2.1.1 - композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау;

8.3.2.1 - шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.

Сабақтың мақсаты

Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдай алады;

Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға бере алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

5 минут











Сабақтың

ортасы

8 минут





















7 минут
















7 минут


































8 минут






















5 минут








Сабақтың соңы

5 минут

Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.

Психологиялық ахуал

«Орныңды жылдам ауыстыр» жаттығуы


2. Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады.

1-тапсырма

Топтық жұмыс

Берілген үзінділердің мағынасын талдаңдар. Сол арқылы автордың мақсат- мұратын ажыратыңдар.

1-топ:

Жақсыңнан мені кем көрдің,

Жаманыңмен тең көрдің.

Жақсыңнан мені кем көрсең,

Жаманыңмен тең көрсең,

Ұялы берікке қос артып,

Сен есен де, мен сау да,

Ырысымды сындайын,

Сегіз қиыр шартараптан іздермін!

2-топ:

Тобылғының берегі

Иіл болып беріш бітсе,

Айбар болар тірегі.

Атаның ұлы жақсыға

Малыңды бер де, басың қос,

Бір күні болар керегі.

3-топ:

Бар күшіңді сынамай,

Балуандармен күреспе-

Таң боларсың әлемге,

Сөз боларсың күлемге.

2-тапсырма

Жеке жұмыс

Автор осы үзіндіде қандай қасиетке мән береді? Автор позициясына талдау жаса.


Жағасына қыршын біткен тал еді, -

Жапырағын жайқалтып,

Терек етсе, Тәңірі етті!

Тебінгінің астынан

Ала балта суырысып,

Тепсінісіп келгенде

Тең атаның ұлы едің,

Дәрежеңді артық етсе, Тәңірі етті!



3-тапсырма

Шалкиіз жыраудың«Би Темірге айтқан бірінші толғауының» тақырыбы мен идеясын Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауымен салыстырыңыз



тақырыбы

идея

сы

ортақ үндес

тік

«Би Темірге айтқан бірінші толғау»




«Еңсегей бойлы Ер Есім»




ЕББҚ оқушыға тапсырма


1.Шалкиіз жырау қай кезеңде өмір сүрді?

2. Жиембет Бартоғашұлықай кезеңде өмір сүрді?

3.Екі жыраудың бойында қандай ортақ ұқсастық бар?




Шалкиіз жырау


Жиембет жырау


Ортақ ұқсастығы:



4-тапсырма

Шалкиіз жырау мен Жиембет жырау толғауларының көркемдік ерекшеліктерін бағалаңыз.

Көркемдік ерекшелік

тері

Шалкиіз

Жиембет


теңеу




эпитет




метафора




риторикалық сұрау




дыбыстық қайталаулар т.б.





Екі жыраудың тілдік қолданысында қандай ортақ ұқсастық бар?





Қорытындылау

Толғаудан келешекте қажет болатын қандай қорытынды шығаруға болады? Ой-пікірлеріңді жұптарыңмен талқылап, пікірлесіңдер. Ой-пікірлеріңді сынып алдында жариялаңдар.


Рефлексия

«Плюс» – оң әсер еткен жағдайды атаңыз.

«Минус»-қай тапсырма түсініксіз болды?

«Қызықты» - өздерін таңғалдырған немесе жаңа ақпарат , проблеманы шешу жолдары.


Психологиялық ахуал

«Орныңды жылдам ауыстыр» жаттығуы

Нұсқау: Ойыншылардың ішінен бір жүргізуші таңдалынады. Ол барлық ойыншыларда кездесетін бір затты байқап, команда береді. «Кімнің киімінде қалтасы бар, солар орын ауыстырсын». Сол кезде осы команданың қатысы бар ойыншылар жылдам орындарын ауыстыруы керек, ал олар ауысып жатқанда жүргізуші бос орындыққа отырып қалу керек. Қай қатысушы орынсыз қалса, сол келесі жүргізуші болып ойынды жалғастырады.








Топтық жұмыста

берілген үзінділердің мағынасын талдайды. Сол арқылы автордың мақсат- мұратын ажыратады.


Сұрақтарға жауап береді.











Үзіндіде автордың қандай қасиетке мән бергенін анықтап, автор позициясына талдау жасайды.









Шалкиіз жыраудың«Би Темірге айтқан бірінші толғауының» тақырыбы мен идеясын Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауымен салыстырады.











Берілген сұрақтарға жауап беріп, екі жыраудың бойындағы ортақ ұқсастықты анықтайды.


















Толғаудан келешекте қандай қажет болатын құндылықтарды алуға болатынын өз ойлары мен пікірлері арқылы

«Ойлан, жұптас, пікірлес» тәсілі бойынша талдау жасайды.




















Бүгінгі сабақта оң әсер еткен жағдайларды, алған білімін сараптайды.

Түсініксіз болған жайттарды мұғаліміне айтады.


Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!







Дескриптор:

-үзіндідегі қасиеттерді анықтайды;

-автор позициясын талдайды.


Топтың өзара бағалауы




Дескриптор:

-автордың қандай қасиетке мән бергенін анықтайды;

-автор позициясына талдау жасайды;

-өз ойын тұжырымдайды.




Дескриптор:

-Жиембет жырау мен Шалкиіз жыраудың шығармаларының тақырыбын салыстырады;

-идеясын салыстырады;

-ортақ үндестігін анықтайды.






Дескриптор:

-екі жыраудың өмір сүрген кезеңін анықтайды;

-ортақ ұқсастығын табады.


Дескриптор:

-Шалкиіз жырау мен Жиембет жырау толғауларының көркемдік тілін салыстырады;

-құндылығына баға береді;

-ортақ ұқсастығын табады.



Жетон арқылы бағалау




Оқулық

8-сынып

«Атамұра» баспасы

2018жыл



Қалыптас

тырушы бағалауға арналған

тапсырма

лар жинағы

8-сынып




Оқытуда

ғы жаңа әдіс-тәсілдер қоржынынан Есбосын Нағиша Қожаққызы














21 Желтоқсан 2024
146
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі