жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Би Темірге бірінші толғаудағы» маңызды үзінділер
Сабақ : қазақ әдебиеті |
Мектеп: |
|||||||||||||||||||||||||||
Күні: 23.10.2018ж |
Мұғалім: Г.С.Айтқұлова |
|||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар:
|
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
«Би Темірге бірінші толғаудағы» маңызды үзінділер |
|||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
8.Т\Ж 4. Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану
|
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: |
Өлеңнің әрбір үзінділеріне өзіндік көзқарасын дәлелді түрде білдіру |
|||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту: |
«Мәңгілік ел» жалпы қоғамдық құндылығы:
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады |
|||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: |
Тарих, қазақ тілі |
|||||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: |
Интербелсенді тақта |
|||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Қалаған үзінділерге өз пікірін білдіре алады |
|||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: |
Менің ойымша...,Менің түсінгенім бойынша... |
|||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
«Би Темірге бірінші толғаудағы» Темір образына сипаттама |
|||||||||||||||||||||||||||
Жоспар |
||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин |
1.Ұйымдастырушылық кезеңі 1.Сәлемдесу 2. Топқа бөлу 4 түрлі гүл дестелері арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді. Гүл дестелерінде жасырылған топ басшыларын сайлайды. Өткен сабақты бекіту Гүл дестесінде әр топқа үш-үштен сұрақтар жасырылады сол сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақ бекітіліп, жаңа сабаққа болжам жасалады. 1. Шалкиіз қай ғасырда өмір сүрген? 2 Шалкиіздің нағашы атасы кім? 3. Шалкиіз жырларының негізгі тақырыбы қандай? 4. Шалкиіз жырау қай бидің ақылшысы болды? 5. Би Темірге айтқан толғауының негізгі идеясы ? 6. Жырау өз толғауында Би Темірді қалай мақтайды? 7. Би Темір қандай адам? 8. Шалкиізді Би Темір неге шеттетті? 9. Би Темірге айтқан бірінші толғауында Темірді қалай суреттеген? 10. Жыраудың тағы қандай толғауларын білесіңдер? 11. Жырау өз толғауларында нені аңсайды? 12. Осы толғаудың бүгінгі күнде қандай маңызы бар? Өзіңнің көз қарасың? Қ.Б. мұғалім смайликтер арқылы бағалайды
Сабақтың тақырыбын таныстыру
|
Төрт түрлі гүл дестелері.
Смайликтер |
||||||||||||||||||||||||||
Сабақ ортасы
10 мин
4 мин
8 мин
Сабақ соңы 7мин
|
Жырау толғауы жайлы бейнеролик көрсету.
Т.Ж Екі жақты күнделік
Дескриптор: толғаудан алған үзінділерден өзіндік көзқарасын, пікірін білдіреді және қарама-қайшы элементтерді табады. ҚБ. Оқушылар ұнаған топқа екі жұлдыз бір тілек бойынша бағалайды Мұғалімнің ынталандыру, уәждеуші сөздерімен жүзеге асырылады
Ұ.Ж. «learningapps сандық білім ресурсы арқылы көркемдік ерекшелігін сәйкестендіру
ҚБ. Мұғалімнің ынталандыру, уәждеуші сөздерімен жүзеге асырылады.
Мұғалім: Жыраудың Би Темірді мадақтауына қарағанда елінің қамын ойлаған, кемеңгер болған тәрізді.Осындай тұлғалар қазір бар ма? Бар болса атын атап, қандай мақтауға тұрар істері бар екенін айтып берсеңдер.
Ж.Ж. «ПОПС формуласы» 1. Менің ойымша,.. 2. Өйткені мен мұны былай дәлелдеймін... 3. Тағы да бір айта кетерім... 4. Қортындылайтын болсам...
ҚБ. Мұғалімнің ынталандыру, уәждеуші сөздерімен жүзеге асырылады.
Қорытынды:
Тарихта өшпес ізі қалған жыраулардың еңбегі өте зор соның ішінде бүгінгі Шалкиіз жыраудың ел ынтымағын ,татулығын тілеп, халықтың болашағына алаңдағанын толғауларынан байқаймыз. Осы жыраудың арманы бүгінгі күні орындалып отыр. Бүгінде Елбасымыздың Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында осы өткен бабаларымыздың ақыл-нақыл сөздерін, толғауларын оқып, жадымызда жаңғыртудамыз. Және де Мәңгілік ел идеясының жүзеге асуына барлығымыз өз үлесімізді қосуымыз керек. Елбасының тағы да бір алға қойған мақсатының бірі латын қаріпіне көшу қолға алынуда. Сендер қазақ тілі сабағында латын әліпбиінің қаріптерімен танысқансыңдар. Олай болса бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді латын қаріптерімен мына SMS хабарламаға жіберіңдер. Рефлексия «SMS хабарлама» арқылы жүзеге асады. Оқушылар латын әліпбиіне сүйене отырып, алған әсерлерін жазып іледі.
|
бенеролик
Флипчарт, маркер,
https://learningapps.org
Латын әліпбиі үлгісі А4 қағазы , Түрлі түсті маркерлер |
||||||||||||||||||||||||||
|
Үйге тапсырма: Бір сәт жырау болып толғансам!... (эссе)
|
|
||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1. 2.
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2.
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?
|
||||||||||||||||||||||||||||
І
топтың тапсырмасы:
1.Жырау
би Темірді қалай мақтайды?
2.Оны
дала өміріндегі қандай нәрселерге
балайды?
3.Толғаудың
бір шумағын құрылысына талдау.
4.Үлгі
боларлық қорытынды:толғаудан келешекте
қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға
бола ма?
ІІ
топтың тапсырмасы:
1.Толғауда
қандай өсиет сөздер айтылады?
2.Толғаудан
метафораларды тауып,жасалу жолын
түсіндіріңдер.
3.Толғауда
жырау тағы қандай көркемдегіш құралдар
пайдаланған?
4.Маңызды
өмірлік даналық:толғаудың негізгі ойын
бір сөйлеммен білдіріңдер.
Шалкиіз
жырау толғауынан үзінді (Бекболат
Тілеуханның орындауында)
ҮІ.Ой
толғанысЕгер сендер XXI ғасыр жыраулары
болғандарыңда не жайлы жырлар едіңдер?
(егемендік туралы, бірлік туралы,
отансүйгіштікке шақырар едім)
Шалкиіз қандай жырау?
Тәуелсіз елдің ұрпағы өздеріне Шалкиіз жырау болп аманат, тілек-бата , ақыл сөз айтып көріңдер
Аллитерация |
Жақсыңнан мені кем көрдің, Жаманыңмен тең көрдің. Жақсыңнан мені кем көрсең, Жаманыңмен тең көрсең.... |
Анафора
|
Сен алтынсың- мен пұлмын, Сен жібексің- мен жүнмін, Сен сұлтансың- мен құлмын Сен сұңқарсың – мен қумын. |
Метафоралар |
Алдаспаным,қағбам,арабы торым лтынсың,жібексің,сұңқарсың
|
Ақыл-нақыл,афористік сөздер |
«Жоғары қарап оқ атпа Жуық түсер қасыңа» т.с.с. «Құладан жаман қу аламас»
|
Салыстыру,балау |
«Сен алтынсың-мен тұлмын Сен жібексің-мен жүнмін»
|
Эпитет,теңеу: |
ақ сұңқарым
|
Шалкиіз
жырау
Шын
есімі- Телағыс
Жігіттік
шағы нағашысы Мұса бидің маңайында
өтеді.
1540
жылдары ноғайлы әміршісі Темірбидің
төңірегінде болады.
ХҮ
ғасырдың 40 жылдарынан ары қарай Қазақ
ханы Хақназар маңында
өмірінің соңғы кезін өткізеді
Қазіргі кезде бізге жеткен мұрасы 760 жолдай, 500 жолдайы қазақ
арасынан,
260 жолдайы ноғайлар арасынан жиналған
Шығармалары
алғаш қазағ бетіне ХІХ ғ ІІ жартысында
түскен
Білімді шыңдау
Кітаппен жұмыс. Өлеңдерін талдау.
Шалкиіз жырларынан троптың түрлерін табу (ассонанс, аллитерация, метафора)
Асанқайғы Шалкиіз
Арғымаққа міндім деп Жоғары қарап оқ атпа
Артқы топтан адаспа Жуық түсер қасыңа
Күнінде өзім болды деп Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа
Кеңпейілге таласпа! Күндердің күні болғанда
Артық үшін айтысып Сол жаман айғақ болар басыңа
Достарымен санаспа Жаманнан туған жақсы бар
Ғылыммен жұрттан асты деп Адам айтса нанғысыз
Кеңессіз сөз бастама Жақсыдан туған жаман бар
Жеңемін деп біреуді Күндердің күні болғанда
Өтірік сөзбен қостама Бір аяқ асқа алғысыз
Жыраулар поэзиясынан ақыл- ғибрат, өсиет- өнеге ақыл- нақылға толы екен.
ІҮ Сергіту сәту
Жыраулар поэзиясы. Қазақ хандығынан
Ү Жыраулар поэзиясының ұқсастығы
Қоғалы көлдер, қом сулар Қоғалы көлдер, қом сулар,
Қоныстар қонған өкінбес Кімдерге қоныс болмаған,
Арыстандай екі бұтын алшайтып, Саздауға біткен қара ағаш,
Арғымақ мінген өкінбес. Кімдерге сайғақ болмаған
(Доспамбет жырау) (Шалкиіз жырау)
ҮІ Шығармашылықпен жұмыс
Сен ХХ ғасырдың жырауы болсаң, жырдың тақырыбы етіп нені қозғар едің ?
ҮІІ Қорытынды
Сонымен, балалар, Шалкиіз жырауды кім деп білеміз.
Ш- Шалкиіз поэзиясының жыраулар поэзиясындағы орны ерекше
А- ақиқатты айта білген
Л- лашын құстай қалықтаған, халқына қамқор болған
К- көп ішінде бір жалғыз
Көп мұғайып жылайды
Күйбеңдеген көп жаман
Сөз тигенге ұқпайды- деп күн алдындағы табиғат суреті мен өзінің көңіл күйін, соққы жейтін жырлайды.
И- игілікті ісімен халықтың қалаулысы бола білген жыраудың толғаулары, нақыл сөздері, бізге үлгі- өнеге
І- ізгіліктілігімен де, жырымен де, халқын адалдыққа, адамгершілікке үгіттеейді.
З- Заманында жырау елі, жері үшін емірене жыр төккен , сол елдің елдігі,
Бүтіндігі жолында қызмет еткен
Ж- жауынгер, батыр, жорықшы жырау болған.
Ы- ынтымақ пен бірлікті, ерлік пенен батырлықты жырына ту еткен
Р- реалистік тұрғыдан алғанда , өміршең толғаулар жырлаған
А- адамгершілік жайында толғаныстары өте көп
У- уәдеге берік, турашылдығынан танбаған жырау.
1.Шығармашылық тапсырма
1 топ Толғаудағы биТемір бейнесін жазып қорғау
2 топ Жыраудың өз бейнесін табу
3 топ Толғаудағы метафора, анафораны табу
4 топ алитерация мен ақыл нақыл сөзді табу
«Би Темірге бірінші толғауы»: Темірдің іс-әрекетіне риза болмай шығарған толғауы.Толғауда Темірді аспандата,асқақтата мадақтайды,тіпті фантастикалық бейнеге жеткізеді.
Темір бейнесін жасаудағы поэтикалық тіл:
Метафоралар: алдаспаным
қағдам,арабы торым
алтынсың,жібексің,сұңқарсың
Ақыл-нақыл,афористік сөздер: «Жоғары қарап оқ атпа
Жуық түсер қасыңа» т.с.с.
«Құладан жаман қу аламас»
Салыстыру,балау: «Сен алтынсың-мен тұлмын
Сен жібексің-мен жүнмін»
Мінездеу,суреттеу: «Кендір баулы ақ желкен
Көк теңізді жал толқынға жеткіздің»
Эпитет,теңеу: ақ сұңқарым
Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп,тапсырмалар берілді:
1-тапсырма:Темір тұлғасы,бейнесін көрсететін сөздерді жинақтап жазу,ол сөздер ішінен теңеу,метафора сияқты көркемдегіш сөздерді табу.
2-тапсырма: Толғаудағы ассонанс пен аллитерацияны табу,қай дыбыстар көп пайдаланылған. Мысалы: «Ж», «Т», «С» дауыссыз дыбыстарының жиі кездесуі.
3-тапсырма:Жырдағы қайталанулардың,әсіресе сөздердің басқы буындары қайталанып келетін қатарды табу.
Сынып оқушыларына жалпы берілетін тапсырмалар:
-Жыраудың кез-келген толғауын алып,өлең құрлысына:буын,тармақ,бунақ,шумаққа талдау.
Мысалы: Шығармақ бұлт/жай тастар,/7/а
Ағытқан ойды/жол бастар,/8/а
Ақ желкенді/жел бастар,/7/а
Ғадыл төре/ел бастар./7/а
Темір бейнесін жасаудағы поэтикалық тіл:
Метафоралар: алдаспаным
қағдам,арабы торым
алтынсың,жібексің,сұңқарсың
Ақыл-нақыл,афористік сөздер: «Жоғары қарап оқ атпа
Жуық түсер қасыңа» т.с.с.
«Құладан жаман қу аламас»
Салыстыру,балау: «Сен алтынсың-мен тұлмын
Сен жібексің-мен жүнмін»
Мінездеу,суреттеу: «Кендір баулы ақ желкен
Көк теңізді жал толқынға жеткіздің»
Эпитет,теңеу: ақ сұңқарым
Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп,тапсырмалар берілді:
1-тапсырма:Темір тұлғасы,бейнесін көрсететін сөздерді жинақтап жазу,ол сөздер ішінен теңеу,метафора сияқты көркемдегіш сөздерді табу.
2-тапсырма: Толғаудағы ассонанс пен аллитерацияны табу,қай дыбыстар көп пайдаланылған. Мысалы: «Ж», «Т», «С» дауыссыз дыбыстарының жиі кездесуі.
3-тапсырма:Жырдағы қайталанулардың,әсіресе сөздердің басқы буындары қайталанып келетін қатарды табу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген