жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Библиокафе. Үш бәйтерек»
«Н.Островский атындағы Күршім №4 орта мектебі» КММ
Библиокафе
«Үш бәйтерек»
(Б.Майлин,С.Сейфуллин,және І.Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойларына арналған мерекелік шара)
2019 - 2020 оқу жылы
Сценарий
«Библиокафе. Үш бәйтерек»
Мақсаты
:
Ұлағатты адамдардың өмірімен
шығармашылық жолын оқушыларға таныстыру,
азаматтық тұлғасын таныту. ауызша
сөйлеу, көпшілік алдында сөйлей білу,
есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Шығармашылық жұмыс істеуге, өздігінен
қорытынды шығаруға, іздемпаздыққа
үйрету.
Оқушыларды
биік адамгершілікке, елжандыққа баулу.
Оларды елінің тарихын біліп, болашағына
еңбек етулеріне шақыру.
Барысы:
Жүргізуші:Салеметсіздер ме,құрметті оқырмандар!
«Әдеби талғам» библиокафесіне қош келдіңіздер!Бүгін сіздерді осы библиокафеге туған күнге шақырып отырмыз,өйткені биылғы жылы «Үш бәйтерегімізге» С.Сейфуллин,І.Жансүгіров және Б.Майлинге 125 жыл толады.Сондықтан,бүгінгі мерекелік шарамызды осы бәйтеректерімізге арнамақпыз.Ал ,енді сіздер-де неліктен библиокафе деп таң қалып отырған шығарсыздар? Өйткені, кітап- адамның рухани азығы,білімі.Кітап адам баласы ақыл ойынан туған рухани байлықты азықтандырып,сақтап,оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын,білім және тәрбие беретін құрал.Кітап –адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі.Міне,осыған орай, біздің бүгінгі мәзірімізде бәрі кітаппен және оқумен байланысты.Барлықтарыңыздын алдарыңда жатқан библиокафенің мәзірімен , таныс болыңыздар.
2-жүргізуші:Библиокафеның мәзірі:
1.Тіске басар
Мақал-мәтелден салат (кітап ,еңбек ,оқу ,білм )
Коктейль «Жұмбақтар»
2.Ыстық тағамдар:
Құнды ақпарат: «Үш бәйтерек» шолу
«Шұғаның белгісі» повесін талдау
3.Библиокафе тартуы
Оқуға ұсынылатын кітаптар тізімі.
4.Десерт
Саммариді қалай жазарсың?
5.Рефлексия(шайлық)
1-жүргізуші:
І.
Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б. Майлиннің
өмірі мен шығарамашылығы туралы
мәліметтермен танысамыз. Олардың бір
заманның өкілі екені анық. Қазақ халқы
«Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс
Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет
Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын,
қарымды қаламгер, дарынды драматург
ретінде үлкен үлес қосты. Олардың
қаламынан Қазақстанның дарқан даласы,
өндіріс орындары мен еңбек адамдарының
іс-әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары,
болашаққа үміт-сенімдері кеңінен
көрінеді.
«Үш бәйтерек» ұлттық сөз
өнерін азаматтық бейне, беделімен де,
қайраткер, қаламгерлігімен де биік
белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты
туындыларымен, тақырып байлығымен,
жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен
байытты. Әдебиеттің «Үш бәйтерегі»
өмірдегі өрнекті өнегелерімен халық
жүрегінде жол тапты.
2-жүргізуші:
Ән: Жакупов Болат ағаның орындауында:
1-жүргізуші: Библиокафемізге қош келдіңіздер дей отырып, тойбастар таратуға рұқсат етіңіздер.
Бүгін бізде тіскебасарға «салат» жасап қойдық,салаттың құрамына өте қызық әрі сіздердың ойларыңа өте пайдалы төрт түрлі тақырыптан тұратын (кітап ,еңбек ,оқу ,білм )туралы мақалдарды кіргізіп қойдық ....
Мақал-мәтелдер
Кітап оқығандікі ,...білім тоқығандікі.
Кітап - ...асыл қазына.
Кітап -алтын сандық, іші толған....қазына құт.
Кітап –білім ....бұлағы,білім өмір шырағы.
Оқу түбі ....тоқу.
Әліппенің ар жағы-....білім бағы.
Кітапсыз-білі жоқ,білімсіз ....күнің жоқ.
Күш ...білімде,білім-...кітапта
Кітап –ғылым,....тілсіз-мұғалім.
Оқусыз білім...жоқ,білімсіз...күнің жоқ.
Білім ...тозбайды,ақыл....азбайды.
Кітап-...ақылшы дос.
Кітап –ең сабырлы ....ұстаз.
Ойна да күл,....оқы да біл.
Көз жұмыққа-кітап.... арзан,
Көз ашыққа-кітап ......маржан.
Наданмен дос болғанша....кітаппен дос бол.
Кітап -....көптің ұстазы.
Жақсы кітап - ...жан азығы.
Еңбегі аздың,...өнбегі аз.
Еңбегіне қарай-құрмет, жасына қарай ...ізет.
Еңбегің сайлы болса,...ішің майлы болар.
Еңбегің өнімді болса, ...көңілің сенімді болар.
Еңбек –ата,...жер –ана.
Еңбек еткен-....мұратқа жеткен.
2-жүргізуші:
Келесіде біздің мәзірде тәтті коктейль әзірлеп қойдық,коктейльдің құрамында өте қызықты да бұрын сіздер татып көрмеген жұмбақтар бар....
Жұмбақтар.
1).Қабат.қабат қаптама,ақылың болса аттама.(кітап)
2).Оқушы жанының бағбаны (мұғалім)
3).Кітапты жазған адам қалай аталады? (автор)
4).Кітапханаға барып үнемі кітап оқитын адамқалай аталады? (оқырман)
5).Тұрады ылғы сөреде,іші толғанөнеге (кітап)
6).Тілі бар,үні жоқ,өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да,қаны жоқ,сөйлеп тұрған ішінен (кітап)
7).Бір нәрсе білмегенді білгізеді,ұзын-ұзын,ұзын жол,ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,түбіне жеткен бар ме екен?
Түбіне жетіп бұл судың,қанып ішкен бар ма екен? (оқу)
8).Үндемес серік,ақылы берік (кітап)
9).Сай бойында сары алтын (білім)
10).Теңіздей түбі терең,сүңгіген жетер әрең (білім)
11).Жаны жоқ,бірақ ізі бар,
Жетектеп өзің жүресің.
Сол ізді қайта зерттеп кеп,көп нәрсені білесің (қалам ,жазу).
12) Бір санға өсірді,Өзі қалып орнында,бізді алға көшірді. (Класс)
13) .Жаны жоқ болса да,ақылды адам ісін істейді. (кітап).
14).Ата тегі ағаштан болды,ақылын тауып,әсем жанды.
Теңіз беті шимайланды,бірақ ойым симай қалды. (қағаз,дәптер
1-жүргізуші:
Әрі қарай біздің мәзіріміз бойынша ыстық тағамға арнайы пісірілген
1-ші ге «Үш бәйтерек» атты шолу,
2-ші ге «Шұғаның белгісі» повесін талдауына ұсыныс жасамақпыз....
2-жүргізуші:
Мәзірдің тізімі бойынша библиокафе қызметшілерден сіздерге арнайы жасаған тартуы - рулет бар,оны сіздерге пайдалы азық ретінде қолдануға болады.Бұл рухани азықты сіздер кез келген уақытта үйде болсың ,мектепте үзіліс кезінде болсын қолдануларыңа болады.
1-жүргізуші:
Келесі кезекте Асыл апайларың сіздер үшін әзірлеген десертті татып көрерсіңдер. ...
«Балалар өлең оқиды» жобасына қатысқан оқушылар жайлы айту, видео көрсету.
«Кітап оқып, рухани бай бол» жобасына қатысқан оқушылар жайлы айту.
Саммариді қалай жазарсың?
Саммари- белгілі бір кітаптың бос сөздерін алып тастап, оқырманға ең қажетті тұстарын, қаймағын, былайша айтқанда мазмұнын беру. 400 беттік кітаптың саммариі 40 бет, 200 беттік кітаптың саммариі 20 бет болуы мүмкін. Адам саммари оқу арқылы кітапты толық оқығандай болып, уақытын үнемдейді.
Саммари не үшін қажет?
1.Уақыт үнемдеу үшін
2. Аз уақытта бірнеше кітаптың мазмұнымен танысу үшін,
3. Бір уақытта бірнеше кітапты оқып танысып, дүниетанымды кеңейту үшін;
4. Көркем әдебиетті дұрыс таңдап оқу үшін;
5. Тілдік қорды молайту үшін;
6. Сауаттылықты дамыту үшін;
7. Көлемді шығарманы мәнді мазмұндау үшін;
Саммари қалай жазылады?
Мәтінмен толық танысу қажет;
Қысқаша мазмұнын беретін әр азат жолды белгілеу;
Саммари жай сөйлеммен жазылу керек.
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырып, оны да құрмалас сөйлемге айналдырмай, жай сөйлеммен нақты мазмұнын жеткізуге тырысу керек.
Саммари көлемді мәтіннің нақты қысқаша мазмұндамасы мен автордың айтар ойын жеткізетіндей болуы керек.
Саммариде есімдіктерді көп қолданбай қажет.
Нақтылық басым болуы керек
Саммариді оқыған адам көлемді мәтінді толық оқып шыққандай әсерде болуы керек.
Саммари жазуға нұсқаулық:
1.Мәтінді толық оқып шық.
2. Қажет деген азат жолдарды белгіле.
3. Мазмұнын қысқаша жазып, автордың айтар ойын ашуға тырыс.
4. Жазып шыққан мәтінді біреуге оқуға беріп, оның саммариден не түсінгенін сұра.
5. Талқылаудан кейін саммариге қайта оралып, толықтырып, өңдеу жұмыстарын жүргіз.
6. Саммариді көпшілікке ұсын.
Осымен біздің библиокафе жабылады.Осы кафеге күнделікті келулеріңізге болады,сіздер үшін есігіміз әрқашан да ашық.
Сіздерден сұрайтыным біздің библиокафедегі мәзірі ұнады ма,соған шайлықтарыңызды –(бағаларыңды ) беріп кетсеңіздер.
Кітапхана меңгерушісі: Сергазина Гульбаршин Нуролдиновна

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген