Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Биікте жұмыстарды жүргізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәнекерлеу ісі мамандығына
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Биікте жұмыстарды жүргізу
Биіктегі жұмыстарға оларды орындау кезінде жұмыскер жерден 1,3 метр және одан
жоғары биікте, жабында немесе жұмыс төсенішінде және биіктік бойынша құламадан кемі
2 метр қашықта тұрған жұмыстар жатады.
Биіктегі жұмыстарды орындауға арналған ағаштар, мінбелер және басқа да
айлабұйымдар арнайы құрал болуы және үлгі жобалар бойынша дайындалуы тиіс.
Арнай құрал ағаштардың, мінберлердің және қақпақтардың жасаушы зауыт
(кәсіпорын) берген төлқұжаты болуы тиіс.
Арнайы құрал емес ағаштарға айрықша жағдайларда жол беріледі және олардың
мығымдығына, сондай-ақ олардың барлық бөлшегінің беріктігіне есептеу болған ретте
жеке жобамен жасалады.
Ағаш төсеніштерге, мінберлерге және жүк көтеретін алаңшаларға жүктеме жобамен
(төлқұжатпен) жол берілгеннен, белгіленгеннен аспауы тиіс. Ағаштарға және мінберлерге
жол берілетін жүктеме және оны орналастыру сызбасы көрсетілген плакттар ілінеді.
Биіктігі 4 метрге дейін ағаштар мен мінберлер оларды жұмыстар жетекшісі
«Ағаштарды және мінберлерді қабылдау және қарау журналында» жазып, қабылдаған соң
пайдалануға жол беріледі. 15
Бір ай және одан да артық жұмыс жүргізілмеген, сондай-ақ жауыннан немесе
жылдың суық мезгілінде жылымықтан кейін діңі бұзылған ағаштар пайдалануға қайтадан
қабылданады.
Кездейсоқ тіреуішпен (жәшіктермен, бөшкелермен, тақталармен және т.б.) жұмыс
істеуге жол берілмейді.
Еден деңгейінен 1,3 метр және одан жоғары биікте тіреуішсіз қысқа мерзімді
жұмыстар жүргізу (такелаж қондырғыларын ілу) кезінде сақтандырушы белбеулері
қолданылады. Жұмыскерлерге қалай және қай жерден көтерілу, не нәрсеге сақтандыру
белбеулерінің ілгектерімен беку керектігі туралы нұсқама беру қажет.
Сақтандыру белбеулерінде келесі сынақ күні туралы белгі бар тақташа болуы қажет.
Сынақ жасау, сынақ мерзімінің өткені немесе қарау кезінде ақау табылғаны туралы белгілер
жоқ ретте сақтандыру белбеулерін пайдалануға тиым салынады.
Биікте жұмыс істеу кезінде төмен түсу жолы ашық және қауіпті аймақ қоршалған
болуы тиіс.
Тор алаңқайлардағы жұмыс кезінде одан құралдардың және материалдардың түсіп
кетуін болдырмау үшін өтетін жолға тығыз тақтай төсем жасалады. 82. 4 метрге дейінгі
биіктегі көлемі шағын әрі қысқа мерзімді жұмыстар басқыштарда және жима сатыларда
орындалады.
Дәнекерлеу жұмыстары, электр және пневматика құралдарын қолданатын
жұмыстар, сондай-ақ құрылыс-құрастыру пистолеттермен орындалатын жұмыстар
сүйемелдеуші көшпелі басқыштарда және жима сатыларда жүргізілмейді. Мұндай
жұмыстарды орындау үшін ағаш немесе жоғарыда алаңқайы бар, жақтаулармен қоршалған
жима сатыларда орындалады.
Сүйемелдеуші басқышпен жүк көтеруге және түсіруге әрі онда құралды қалдыруға
жолберілмейді.
Басқыш тепкішектерінде бар адамнан артық тұруға жол берілмейді.
Мына жағдайларда биікте жұмыс істеуге тиым салынады: 1) желдің күші 6 балл (10
– 12 м/с) және одан артық болуы; 2) желдің жылдамдығы 8 м/с және одан артық болған
кезде қолмен істеу тәсілімен сұйыққоймадағы мұнай өнімдері деңгейлерін өлшеуге және
сынамалар алуға арналған жұмыстар; 3) мұз қатқанда; 4) найзағай кезінде; 5) көру
жеткіліксіз жағдайларда.
Жүккөтергіш машиналар мен механизмдер
Тиеу-түсіру жұмыстары Саймандармен және айлабұйымдармен жұмыс істеу
кезіндегі қауіпсіздік қағидаларның [10] және Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану
кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету 16 қағидаларының [11] талаптарына сай


Page 2

механикалық тәсілмен көтеру-көлік жабдықтарының және шағын механикаландыру
құралдарының көмегімен орындалады.
Жұмыстарды жүккөтергіш машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып
орындау кезінде мыналарға жол берілмейді: 1) көтеруші құрылмалардың беріктігін алдын
ала есептеп алмай аражабындарға, тіректерге және алаңшаларға жүк түсіруге және оларды
жол берілетін жүктемеден артық жүктеуге; 2) ғимараттардың, құрылыстардың,
құбырлардың құрылмаларына және осы мақсатқа арналмаған басқа жабдықтарға жүк ілуге;
3) крандар және машиналар жебелерінің астында, теміржол жолдарында, механизмдер мен
крандар жолдарында, сондай-ақ қажет болмаса жұмыс істеп тұрған жылжымалы және
орнықты механизмдерге (крандар, тиегіш машиналар, таспалы конвейерлер және өзгелері)
жақын тұруға; 4) орларға құбыр немесе жабдықтар мен арматуралардың басқа бөлшектерін
түсіру уақытында оның ішінде, сондай-ақ жабдықтар мен құбыр тораптары бекітілгенге
дейін олардың астында тұруға.
Электр берудің әуе желісі күзет аймағында құрылыс машиналарында (жебелі
жүккөтергіш крандарда, экскаваторларда, тиегіштерде және басқаларында) жұмыс істеуге
жүктелім-пұрсат бойынша кернеуден ажыратылған жа ғдайда және осы желіні
пайдаланушы ұйымның жазбаша келісімі болған жағдайда жол беріледі.
Егер әуе желісін кернеуден ажырату мүмкін болмаса, Тұтынушылардың электр
қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларымен [7] белгіленген
жағдайларда күзет аймағындағы құрылыс машиналарында жұмыс істеуге жол беріледі.
Көлік құралдары мен механизмдерінің барлық түрінің жүргізушілері (машинистер)
кім болғанда да «STOP»дабылдарын орындауы қажет.
Жүккөтергіш механизмдер (крандар, шығырлар, аспалар, тельферлер, жүк ұстаушы
айлабұйымдар) қолданылатын тиеу-түсіру жұмыстары жарақат алу қаупінің ықтимал
көздері болып табылады және олар мына ережелер сақталған жағдайларда жүргізілуі тиіс:
1) жүккөтергіш жабдық пен механизмдер жарамды, куәландырылған және белгіленген
тәртіпте және мерзімдерде пайдалануға рұқсат етілген; 2) жүккөтергіш крандарды, алмалы-
салмалы жүкұстағыш айлабұйымдарды және ыдыстарды қауіпсіз пайдалануды және
жүктердің орнын ауыстырушы крандардың жарамды жай-күйде болуын және қауіпсіз
жұмыс істеуін қадағалау жөніндегі жауапты адамдар белгіленген тәртіпте тағайындалған;
3) жұмыстарды орындаушылар (крандар машинистері, матаушылар және т.б.) белгіленген
тәртіпте оқытылған және аттестатталған; 17 4) жүктерді матау схемалары әзірленген және
жұмыстарды орындаушылардың назарына жеткізілген; 5) жүктің салмағы жүккөтергіш
және жүкқармағыш жабдықтардың жол берілетін жұмыс жүктемесінен артпауға тиіс; 6)
жүккөтергіш жабдықтарда орнатылған барлық қауіпсіздік құрылғысының тексерілуі,
сынақтан өтуі және жұмыс істеуі; 7) әрбір жүк көтеру операциясының алдында
жүккөтергіш және жүкқармағыш жабдықтарды қарап шығу; 8) жебелі өзі жүретін
крандармен оның кез келген орналасуында, сондай-ақ жүктен 42В және одан артық
кернеуде тұрған электр беру әуе желісінің ең жақын сымынан жерге кескін құрайтын
көлденең жазықтыққа дейін кранның көтергіш жылжымалы бөлігінен 30 метрден жақын
қашықтықта жұмыс істеуге жүктелім-пұрсат ресімделген; 9) крандарды еңістерге және
шұңқырларға жақын орнату және оның жұмысы шарттары сақталған; 10) жүктерді жинау
орындары мен ауқымы, оларға кіре беріс жолдар айқындалған.
Тыйым салынады: 1) астында адамдар болған жағдайда жүктердің орындарын
ауыстыруға; 2) салмағы белгісіз жүктердің орындарын ауыстыруға; 3) жүктерді және
адамдарды жылжыту мақсаттарына арналмаған жүккөтергіш механизмдермен орнын
ауыстыруға; 4) қатып қалған немесе топырақтың астында қалған не құрылмалармен
қысылып қалған жүкті көтеруге; 5) адамдардың кранның бұрылатын және бұрылмайтын
бөліктері арасында қысылып қалуын болдырмау үшін олардың жұмыс істеп тұрған жебелі
өзі жүретін және мұнаралы крандардың маңында тұруына; 6) тиісті бағыттаушы
айлабұйымдар қолданылмай жүк арқандары көлбеу жағдайда болғанда кран ілмегімен
жүкті жермен, еденмен немесе рельспен тартуға; 7) жүкпен қысылып қалған


Page 3

матауыштарды, арқандарды және шынжырларды кранның көмегімен босатуға; 8) жүкті
көтеру, орнын ауыстыру және түсіру уақытында тиісті бағыттаушы айлабұйымдар
қолданбай оны тартуға; 9) жылжытатын жүкті ілулі тұрғанда қолмен теңестіруге,
матауыштарды түзетуге; 10) арнайы қабылдау алаңшасы немесе арнайы айлабұйымы жоқ
терезе ойығына және балкондарға жүк беруге; 11) ақаулы қауіпсіздік аспаптары
жағдайында жұмыс істеуге; 12) желдің жылдамдығы 10 м/с болғанда 10 м биіктікте жұмыс
істеуге.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
01.06.2021
212
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12