400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Биквадрат теңдеулерді шешу, 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сынып оқушыларына арналған сабақ жоспары, мұғалімдерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2A: Квадрат теңдеулер

Квадрат теңдеулер

Мектеп: К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ургенишбаева Фариза

Сынып: 8


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Теңдеулерді шешу ( 8 сағат, 5-сабақ)

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.5 – |ax2+bx|+c=0; ax2+b|x|+c=0 түріндегі теңдеулерді шешу

8.2.2.6 – бөлшек-рационал теңдеулерді шешу

8.2.2.7 – квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешу

Сабақтың мақсаты

Оқушылар биквадрат теңдеулерді шешеді.

Ойлау деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

  1. Жаңа айнымалы енгізеді.

  2. Теңдеудің түрін анықтап, шешу әдісін таңдайды

  3. Теңдеуді шешеді


Тілдік мақсат


Пәндік лексика мен терминология

  • квадрат теңдеу;

  • екінші дәрежелі теңдеу;

  • толымды және толымсыз квадрат теңдеу;

  • келтірілген квадрат теңдеу;

  • дискриминант;

  • рационал теңдеу;

  • биквадрат теңдеу;

  • бөлшек-рационал теңдеудің мүмкін мәндер облысы;

Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

  1. Қандай теңдеулерді биквадрат теңдеулер деп атаймыз?

  2. Жаңа айнымалы енгізу әдісін қарастырудың қандай қажеті бар?

  3. Неліктен квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулердің түбірлеріне тексеру жүргізу керек?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы негізінде «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» құндылықтарын дамыту.

Пәнаралық байланыс

Физика – қозғалыс есептері, геометрия – аудан табу есептері.

Алдыңғы білім

Квадрат теңдеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстары

Сабақтың басы

8-10мин


Ұйымдастыру бөлімі. Өзара амандасу; оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарларын аудару.


Оқушыларды топтауда есепті шығару қабілеті жоғары 6 оқушыны шақырып, квадрат теңдеудің түрлері жазылған таратпалар ұсынамын. Олар: толымсыз квадрат теңдеу, толық квадрат теңдеу, келтірілген квадарат теңдеу, |ax2+bx|+c=0 түріндегі теңдеу; ax2+b|x|+c=0 түріндегі теңдеу, бөлшек рационал теңдеу.

Қалған оқушылар таратпалар алып, әркім өз тобына отырады.

Топтарға өтілген тақырыптарды жүйелеу мақсатында тұжырымдама жасайды.




Квадрат теңдеу



Келтірілген квадрат теңдеу

Толық квадрат теңдеу








Өткен тақырыпты қаншалықты білетінін «Неліктен?» сұрақтар әдісі арқылы кері байланыс аламын.

  1. Неліктен квадрат теңдеуге тұжырымдама жасауға жоғарыдағы екі түрін ғана алдық?

  2. Неліктен Виет теоремасы келтірілген квадрат теңдеуді шешуде қолданылады?



Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаймын.

Оқушылар, сендер квадрат теңдеу және оның шешу тәсілдерін білесіңдер. Ал, х3+8х²-9х=0 түріндегі теңдеулерді кездестірдіңдер ме? Мұндай теңдеулердің неше шешуі мүмкін? х⁴+8х²-9=0 түріндегі теңдеулерді қалай шешуге болады?Неше шешімі болуы мүмкін? х⁴+8х²-9=0 түріндегі теңдеулерді шешу жолдарына тоқталамыз.



. Алгебра,

Оқулық 8 сынып, Ә.Н. Шыныбеков, Д.Ә.Шыныбеков, Р.Н.Жұмабаев, Алматы «Атамұра» 2018.

,






Сабақтың ортасы

20мин















































Жаңа материалды меңгеру


Анықтама. ах⁴+bх²+с=0, мұндағы а≠0, түрінде берілген теңдеу биквадрат теңдеу деп аталады.

Оқушыларға оқулықтың ішіндегі ақпаратпен жұмыс жасау жоспарланды. Ақпаратпен жұмыс жасауға денотатты граф әдісін пайдаланамын. Топқа түйінді сөз бен етістіктер жазылған плакаттар таратамын.



Әр топтың жазған тармақтарын тексеріп, толықтырулар енгіземін.

Мысалы, х⁴+8х²-9=0 теңдеуін шешейік.

Шешуі: х²=t белгілеу енгізсек, онда t²+8t-9=0 квадрат теңдеуі шығады.

Шыққан теңдеуді шешіп, t₁=-9, t₂=1 түбірін аламыз.

Енді х айнымылысының мәнін табу үшін х²=t теңдігіне t-нің мәндерін қоямыз. Сонда х²=-9 және х²=1 теңдеулері шығады. х²=-9 теңдеуінің түбірі болмайды, ал х²=1 теңдеуінің х₁=-1 және х₂=1 болатын екі түбірі болады.

Қарастырылған есепте берілген төртінші дәрежелі теңдеуді шешу үшін жаңа t айнымалысын еңгіздік. Теңдеулерді шешудің мұндай әдісі жаңа айнымалыны еңгізу әдісі деп аталады.

Олай болса балалар, квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді жаңа айнымалы енгізу әдісімен шешу үшін келесі алгоритмді қолданамыз.

Биквадрат теңдеулерді шешу қадамдары:

  1. Теңдеудегі қандай да бір өрнекті жаңа айнымалы арқылы белгілеу;

  2. Берілген теңдеудегі өрнектің орнына жаңа айнымалыны еңгізіп, жаңа айнымалыға байланысты квадрат теңдеу алу;

  3. Шыққан квадрат теңдеуді шешу;

  4. Алмастыру арқылы алғашқы айнымалының мәнін табу;

  5. Табылған түбірлерге тексеру жүргізіп, берілген теңдеудің түбірлерін анықтау;


Сабақты бекіту: № (х2 +4)2+(х2+4)-30=0 теңдеуін беріп, денотатты граф әдісін жалғастырамын.



Оқулықпен жұмыс:

Жұппен жұмыс


№ 2.117 А деңгейі

Биквадрат теңдеулердің түбірлерін табыңдар:

№ 2.120 В деңгейі

Теңдеуді шешіңдер:

Есептің жауаптарын тақтада көрсетемін. Топтағы жұптар бір-бірін тексереді, ауызша комментарий береді, келесі дискрипторларды пайдаланып, әрбір теңдеуді бағалайды:






Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

балл

1.Жаңа айнымалы енгізеді.

Теңдеудегі өрнекті жаңа айнымалы арқылы белгілейді.

1

Жаңа айнымалы енгізеді.


1

2.Теңдеудің түрін анықтап, шешу әдісін таңдайды

Теңдеудің түрін анықтайды.

1

Теңдеуді шешу әдісін таңдайды.

1

3.Теңдеуді шешеді


Квадарт теңдеуді шешеді

1

Алмастыру арқылы алғашқы айнымалыны табады.


1

Теңдеудің түбірлерін анықтайды

1


























Алгебра, Оқулық 8 сынып, А.Әбілқасымова, В.Корчевский, А.Абдиев, З.Жұмағұлова, Алматы «Мектеп» 2012, 65-66 б.б


















Алгебра,

Оқулық 8 сынып, Ә.Н. Шыныбеков, Д.Ә.Шыныбеков, Р.Н.Жұмабаев, Алматы «Атамұра» 2018,85б


Сабақтың соңы

10-12мин


Сабақты қорытындылау

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы алынады.


Рефлексия. Балалардың сабақта нені біліп үйренгенін, әлі түсініксіз тұстарын, қандай бағытта жұмыс жасау керектігін білу үшін салыстыруға арналған графикалық органайзер Венн диаграммасын пайдаланылады.


Квадрат теңдеу

Биквадрат теңдеу







Үй тапсырмасы:

№ 2.118 А деңгейі

№ 2.122 В деңгейі



Қосымша 1




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Жаңа тақырыпқа берілген оқу материалында 1 анықтама, 1 кесте, 3 мысал бар.анықтама мен кесте жаңа тақырып меңгеруге жеткіліксіз болғандықта

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
2710
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі