400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білгенге маржан

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қазақ тілі туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өтілетін орны: Мәжіліс залы

Уақыты: 13.10.2017 сағ: 12:00

Қатысушылар: 9 «А», «Б» сынып оқушылары.


Тақырыбы: «Білгенге маржан» сайысы
Мақсаты:

1.Білімділік: Балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді жан – жақты болуға үйрету. Ой –өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу.

2. Дамытушылық: Сөздерді бір – бірімен байланыстырып сөйлеуін , дыбыстардың дұрыс айтылуын түзетіп отыру.

3. Тәрбиелілік: Балаларды жылдам ойлана білуге тәрбиелеу.

Жоспары:

  1. Таныстыру

  2. Жедел жауап.

  3. Тіл - өнер.

  4. Бәрін білгім келеді.

  5. Мықты болсаң тауып көр.

  6. Сурет бойынша әңгіме құрау.

  7. Полиглот.

  1. Таныстыру.

I – топ «Білгірлер» тобы

Ұраны: Білікті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

II – топ «Тапқырлар» тобы

Ұраны: Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Бұл ойында оқушылар өз білімін пайдаланып, санасының өскенін, сөз байлығының молдығын көрсетеді.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл мықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - демекші, қазылар алқасын таныстырып өтейін.

1.ДОІЖО Арымбаева С

2. Орыс тілі мұғ.Усманова М

3. Қазақ тілі мұғ. Шохатова Қ

Ал, қанекей келіңдер,

Біріңе – бірің еріңдер.

Біліміңізді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңіздер.

Ойынға қатысушыларға сәт сапар!

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер, - деп сайысымызды бастаймыз

  1. Жедел жауап

Бұл бөлімде әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншы жауап беруге мүмкіндігі болады.

Сұрақтары:

  1. Қазақтан шыққан атақты, алып күрес шебері кім? (Қажымұқан)

  2. Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан белгілі композитор, Әнұранның әнін жазған кім? (Ш.Қалдаяқов)

  3. Қазақстанның рәміздерін атап бер. (Ту, Әнұран, Елтаңба)

  4. Қазақтың үш биін атап бер. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

  5. Қазақтың тұңғыш Президенті кім және қашан сайланды? (Н.Ә.Назарбаев. 1991 ж 1 – желтоқсан)

  6. Тәуелсіздік күнін Қазақстан қай күні тойлайды? (16 – желтоқсан)

  7. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі қай қалада орналасқан? (Түркістан)

  8. Қазақтың ақын – жазушыларын атаңдар. (А. Құнанбаев, М.Әуезов, Ж.Жабаев, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, І.Жансүгіров.......)

  9. Оңтүстік Қазақстан облысында қандай қалалар орналасқан? (Шымкент, Кентау, Түркістан, Арыс, Сарыағаш)

  10. Оңтүстік Қазақстан облысында қандай өзен – көлдер бар? (Арыс, Шардара, Бөген, Боралдай...)

  1. Тіл – өнер.

Мақалдың жалғасын табу.

Әр топқа 5 мақал беріледі, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

1 – топқа:

  1. Ең тәтті де тіл, .....(ащы да тіл)

  2. Оқу – білім бұлағы,...... (білім – өмір шырағы)

  3. Өнер алды –...... (қызыл тіл)

  4. Ашу дұшпан, .....(ақыл – дос)

  5. Еңбек түбі – .....(береке)

2 – топқа:

  1. Отан – оттан да .......(ыстық)

  2. Мектеп- кеме, ........(білім - теңіз)

  3. Еңбек етсең ерінбей, ......(тояды қарның тіленбей)

  4. Ер жігіт елі үшін туады, .....(елі үшін өледі)

  5. Тіл қылыштан да ....( өткір)

Ән. 9 «Б» сынып оқушысы Төребектің орындауында.

  1. Бәрін білгім келеді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен әр топқа 5 сұрақ беріледі, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

  1. Фонетика нені зерттейді? (Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейді)

  2. Қазақ тілінде неше септік бар? (Атау, ілік, барыс, табыс, шығыс, жатыс, көмектес)

  3. Заттың атын білдіретін сөз табы? (Зат есім)

  4. Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді? (Хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты)

  5. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді және атаңдар. (2 – ге бөлінеді тұрлаулы – бастауыш, баяндауыш, тұрлаусыз – анықтауыш,

пысықтауыш, толықтауыш)

  1. Қазақ балалары үшін мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)

  2. Қазақ әліпбиінің негізін салушы? (А.Байтұрсынов)

  3. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды ..... өлеңінің авторы кім? (Абай)

  4. «Менің атым Қожа» повестінің авторы кім? (Б.Соқпақбаев)

  5. Қазақ ауыз әдебиеті түрлерін атаңдар. (ертегілер, аңыз – әңгімелер, жұмбақ, мақал – мәтелдер, .....)

  1. Мықты болсаң тауып көр.

Берілген жұмбақтарды шешіңдер.

  1. Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. (қалам)

  1. Сырты жасыл қатты,

Іші қызыл тәтті. (қарбыз)

  1. Жаңбыр одан өтпейді,

Қабат – қабат тоны бар,

Түймелеуге жетпейді. (орамжапырақ)

  1. Жаңбыр жауып басылды,

Аспан шайдай ашылды.

Қызыл, сары, жасылды,

Көкте бір зат асылды. (кемпірқосақ)

  1. Терезені өрнектеп,

Әдемі сурет салыпты.

Кім екенін табайық,

Көрінбей кетіп қалыпты. (аяз)

  1. Сумен кірді ашады,

Өзі судан қашады. (сабын)

  1. Әдемі түнде, мен жүрсем, жүреді бірге. (ай)

  2. Қарап тұрсақ өзіне,

Сурет түсер көзіңе.

Ол суреті ұқсайды,

Тура сенің өзіңе. (айна)

  1. Өзі қу,

Жүрген жері, айқай да шу. (түлкі)

10.Аппақ – аппақ мамық,

Жазда жоқ, қыста бар. (қар)

  1. Сурет бойынша тірек сөздерді пайдаланып, әңгіме құраңдар.




Shape2 Shape1

Күз мезгілі

Жаз мезгілі







Би. 9 «А» сынып қыздары.


  1. Полиглот.

Әр топқа 5 минут беріледі, сол уақыт ішінде өздеріне берілген 10 сөздің орысша атауын атап жазу керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

1 – топқа: 2 – топқа:

  1. Гүл 1. Дос

  2. Сағат 2. Қыз

  3. Терезе 3. Сөмке

  4. Үй 4. Ән

  5. Доп 5. Қалам

  6. Мұғалім 6. Шаш

  7. Айна 7. Тіс

  8. Алма 8. Жасыл

  9. Қара 9. Сызғыш

10.Ана 10. Кітап


Қорытынды.

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты бүгін шыңдарына,

Бүгінгі сайысымыз аяқталды,

Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау. (жеңімпазды марапаттау)

Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі сайысымыз осымен аяқталды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
1174
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі