400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Білгір Кітапханашы" (мектеп кітапханашыларына арналған зияткерлік ойыны)

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітапханашылар арасында өзара татулық орнату, кітапхана саласы бойынша білімдерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл күйлерін көтеру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Білгір кітапханашы» зияткерлік ойынының

СЦЕНАРИЙІ


Қатысушылар: кітапханашылар

Мақсаты: кітапханашылар арасында өзара татулық орнату, кітапхана

саласы бойынша білімдерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл күйлерін көтеру.

Құрал-жабдықтар: микрофон, музыкалық сүйемелдеу, проектор, слайдтар.

Іс-шараның барысы:

Фанфарлар ойнайды, жүгізуші шығады


1-слайд

Жүргізуші:Қайырлы кеш, құрметті кітапханашылар және қадірменді қонақтар!

Бүгінгі мектеп кітапханашылары арасында өтетін «Білгір кітапханашы» зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие беретін мәдени орындардың бірі –

мектеп кітапханасы.Мектеп кітапханасының ауқымы кішкене болғанымен, атқарар қызметі зор.Рухани құндылықтарымызды жаңғыртуда кітапханашылар кәсіби қызметін жоғары деңгейде атқарып мәдени шаралар өткізуде.Көпшілік шаралардың бірі - кітап флешмобы. Ал қазір сіздермен бірге біз би флешмобын өткізейік.

(би қимылдары көрсетіледі, залдағы барлық көрермен қосыла қайталайды)

Жүргізуші: Біз бүгін зияткерлік сайысымызда өзіміздің ойы зерек, қиялы жүйрік, өзінің

кәсіби шеберлігін шындаған, оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттың

тиімдісін демдеп беріп отырған, білімді кітапханашылардың ішінен «Білгір

кітапханашы» атағын алатын кітапханашыны таңдаймыз.

Жүргізуші: Сахна төріне «Білгір кітапханашы» зияткерлік ойынында білімдерін сынға

салып, біліктілігін жетілдіру үшін келген ойыншыларымызды шақырамыз.

7қатысушы сахна төріне шығады

(кітапханашылардың аты-жөні, қайдан келгені жазылады)

Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәдік шықты

Білім мен тапқырлықты бағалайтын

Әділқазылар алқасы әділ,мықты,-деп

ендігі кезекте, әділқазы алқасының құрамымен танысып өтейік (әділқазы мүшелерінің аты жөні аталып,таныстырылады)

Жүргізуші: Алдымен сайысымыздың шартымен таныс болыңыздар.Сайыс 3кезеңнен тұрады.

Аз балл жинаған қатысушы кезең сайын ойыннан шығып отырады. Мысалы

бірінші кезеңде аз ұпай жинаған (3) сайыскер ойыннан шығады, екінші кезеңде (2)

сайыскер ойыннан шығады. Супер ойында 2 қатысушы сайысқа түседі.

Бірінші кезеңдегі дұрыс жауапқа 10 баллдан берілетін болады. Екінші кезең 10-40

балл арасында болады.Соңғы 3ші Супер ойын кезеңінде әр дұрыс жауап 50

баллмен бағаланады.

4-слайд «Блиц турнир»


Жүргізуші:Бірінші кезеңде қатысушылар тест тапсырады. Экранда берілген үш нұсқада бір

дұрыс жауапты таңдау керек. Таңдаған жауабыңызды алдыңыздағы әріптермен

берілген таяқшаны көтеру арқылы жауап бересіздер.Ескерту; ойын ережелерін

міндетті түрде сақтау қажет.

Ал ойынымызды бастайық.

«Блиц турнир» атты кезең

  1. «Кітап» сөзі арабша қандай мағына береді?

А. Шығарма

В. Жазба

С. Медиа


2.Инвентарлық нөмер беріледі:

А.Кітапханаға келіп түскен барлық басылымдарға

В.Газет-журналдардан басқа басылымдарға

С.Кітаптар мен мерзімді басылымдарға


3. Кітапхана қорын қай тақырыпта кім немесе не толықтай аша алады?

А. Кітапханашы

В. Жүйелі каталог

С. Алфавиттік каталог


4. Кітапханада белгілі бір кітаптың бар немесе жоқ екендігіне жауап беретін?

А. Жүйелік каталог

В. Алфавитті пәндік көрсеткіш

С. Алфавиттік каталог


5. Кітаптың шифрі нені білдіреді?

А. УДК (ББК) бөлімі мен авторлық белгі

В. УДК бөлімі және инвентарлы нөмір

С. Авторлы белгі мен инвентарлы нөмір


6. «Кітапхана қорын тіркеу кітабы» тұрады:

А. 2бөлімнен

В. 3бөлімнен

С. 4бөлімнен


7. Тарих білімнің қай саласына жатады?

А. Қоғамдық ғылым

В. Филология ғылымы

С. Жаратылыстану ғылымы


8. Оқырманмен әңгіме дегеніміз не?

А. Ұйымдасқан жұмыс формасы

В. Әдебиеттерді кешенді түрде насихаттау

С. Жеке жұмыс формасы, ақпараттық қажеттілікті білу тәсілі


9. Библиографиялық нұсқаулық – бұл...

А. Библиографиялық аппарат

В. Библиогафиялық тізім

С. Библиографиялық шолу


10. Брошюра дегеніміз?

А. 4 беттен кем емес және 48 беттен аз емес көлемдегі кітап басылымдары

В. 40 бет көлеміндегі кітап басылымдары

С. 48 бет көлеміндегі кітап басылымдары


11. «Буккроссинг» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

А. Кітапты сатып алу

В. Кітап алмастыру

С. Кітапты сату


12. ИФЛА дегеніміз?

А. Кітапханалық ассоциация мен мекемелердің Халықаралық Федерациясы

В. Қазақстан Республикасының кітапханалық ассоциациясы

С. Мәдениет,білім және ғылым саласы бойынша халықаралық қауымдастыққа жауап беретін БҰҰ-ға қарасты ұйым


13.Қазақстандағы ең ежелгі ірі кітапхана:

А. Ұлттық кітапханасы

В. Отрар кітапханасы

С. Ғылыми кітапханасы


14. ҚР Ұлтық кітапханасының тарихы қай жылы басталды?

А. 1929 ж

В. 1917 ж

С. 1910 ж


15. «Бір ел-бір кітап » дегеніміз?

А.Кітапханаға оқырманды тарту

В.Қазақ әдебиетін танымал ету

С.Интеллектуалды өсу


Жүргізуші: І кезең өз мәресіне де жетті.Әділқазылар шешімін дайындағанша, экранға назар аударамыз.

Жүргізуші:Құрметті әділқазы мүшелері, ойыншыларымыздың ұпай санын санап, жариялауларыңызды сұраймыз.

(Әділқазылар 1 кезеңнің қорытындысын жариялайды)


Жүргізуші: Қатысушыларымызға үлкен рахмет! Олай болса, сайысымыздың «Кітапханашы –

мамандығым» деп аталатын ІІ кезеңімізді бастаймыз.

Жүргізуші:ІІ кезең «Кітапханашы - мамандығым» ережесі бойынша қатысушыларға 3 тақырыпта ұяшықтар берілген. Әр ұяшықта берілген тапсырмалар 10, 20, 30, 40 баллмен бағаланады.Тапсырмалар мынадай категорияларға:

«Кітапхананың қызметі»;

«Көпшілік шаралар қызметі»;

«Абай - әлем мойындаған дана ұстаз, ақын» ( 175 жылдығына орай)


ІІ кезең.Кітапханашы – мамандығым»


Жүргізуші: «Кітапханашы –мамандығым» атты 2 кезеңімізді бастайық.

«Кітапхананың қызметі»

10. Кітапханашы өзі қызмет ететін кітапханадан кітап,журналдар алады.Кітап беру үрдісі қалай жүргізіледі?(Кәдімгі оқырманға рәсімдегендей барлық ережелерге сай кітапты жазбада тіркеледі)

20.Энциклопедия, сөздіктер, анықтамалық қандай басылымдарға жатады?(анықтамалық басылымдарға)

30.Кітапханалық істің дамуына көп көңіл бөлген қазақтың ұлы ағартушысы (Ы.Алтынсарин)

40.Библиографиялық шолу дегеніміз не?(Жазбаша және ауызша түрде өзара баяндалған библиографиялық нұсқаулық)


2. «Көпшілік шаралар қызметі»

10.«Бір ел-бір кітап » жобасы ҚР кітапханаларына қай елден келді? (АҚШ)

20 Көрме викторина, көрме сұрақ көрменің қай түріне жатады?(Дәстүрлі емес көрме түрі)

30.Шолу неше бөлімнен тұрады, қандай?(3 бөлімнен; кіріспе, негізгі бөлім,қорытынды)

40.Оқушыны кітап оқуға қызықтыру жолдары қандай? (Әңгімелесу,кітапқа шолу,буккроссинг әдісі,отбасымен жұмыс арқылы т.б.)


3. «Абай әлем мойындаған дана ұстаз,ақын» (175 жылдығына орай)

10.Абай Құнанбаевтың қысқаша өмірбаяны (туған жылы, туған жері ,шығармалары ) (Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, қазақ әдеби тілінің негізін салушы, Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында Тобықты руында дүниеге келді.

«Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғұтыр», сонымен қатар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегіз аяқ» Қара сөздері,аудармалары т.б.)1904 жылы қайтыс болды.


20.Абайдың өлендерінен үзінді оқу


30.Мына суретте М.Әуезовтың Абай жолы кітабы қай тілде шығарылған?(КИЕВ: ДИШПРО, 1985 ж. Шлях Абая украин тілінде)


40.Абайдың нешінші қара сөзі екенін табыңыз? «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер» (31 қара сөзі)

Жүргізуші: Ойынға қатысушылар, жауаптарыңызға көп рахмет. Бұл кезең өте тартысты өтті.

Жүргізуші: Сөз кезегі әділ қазы алқаларында, кімдердің Супер ойын «Кітапхана маркетингі»

кезеңіне өткенін жариялайтын болады.


ІІІ кезең. Супер ойын «Кітапхана маркетингі» (өз кітапханаларын жарнамалау)


Жүргізуші:Білім сүйсең, кел күн сайын осында,

Кітап сенің айналады досыңа.

Талаптансаң үйренуге ұмтылып,

Келші жас дос, ізденейік қосыла,- демекші, келесі 3-ші Супер ойын «Кітапхана

маркетингі» атты кезеңді бастаймыз. Бұл кезеңде толық, нақты ұтымды мәлімет

берген жауапқа 50 ұпай беріледі.

(Кітапханашыларға дайындыққа 3 мин. уақыт беріледі.)


Жүргізуші: Сонымен, «Білгір кітапханашы» зияткерлік ойыны өз мәресіне келіп жетті, ойынның аты - ойын, ал жеңіске бір ғана ойыншы ие болады. Әділқазы алқасы өз шешімдерін шығарғанша, ұйымдастырушы – ұстаз Бақытнұр Думанның орындауындағы «Жүрегім қазақ» атты әнін қабыл алыңыздар.


Жүргізуші: «Жеңілген палуанға да бәйге берем, адалдығы көрініп тұрар болса» демекші, бүгінгі ойында барлық қатысушы кітапханашылар - жеңімпаз деген пікірмен құттықтау сөз және марапаттау рәсіміне кезек берейік


Марапаттау


Жүргізуші: «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз» демекші, білімгерлерді оқыта жүріп, өзіміз де үйренуден жалықпайық деген тілекпен бүгінгі «Білгір кітапханашы» зияткерлік ойынын аяқтаймыз. Ойынға қатысқан кітапханашыларға мың алғыс, келесі осындай игілікті сайыстарда кездескенше, амандықта жолығайық!


Жауапты: Набиева Ш.О.

Қапшағай қаласы, «Балдәурен» РОСО кітапханашысы

9


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
1940
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі