Материалдар / "Білгірлер бәйгесә интелектуальды ойын
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Білгірлер бәйгесә интелектуальды ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
"Білгірлер бәйгесі" интелектуальды ойын қазақ тілі мен әдебиет пәніне арналған ойындар, тапсырмалар, сұрақтар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2021
365
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Интеллектуалды ойын: «Білгірлер бәйгесі»

Интеллектуалды ойынның мақсаты:

Білімділік: студенттердің өткен тақырыптары бойынша алған білімдіерін пысықтап, ой-өрісін білім деңгейін кеңейту.

Дамытушылық: түрлі әдіс-тәсілдер арқылы студенттердің тіл байлығын, ойлау қабілетін жетілдіру

Тәрбиелік: студенттерді білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.

I.ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ.

Ойынға 4 топ қатысады. Ойын 3 айналымнан тұрады. Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін, ұранымен таныстырады.

Құрал –жабдықтар: Презентация, тақта,

Жүргізуші:

- Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.

Жүргізуші:

Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда, - дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ


1. Ойын ережесімен таныстыру.

 1 кезең «Зымыран сұрақтар» сайысы. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар бөлек беріледі. Жауап нақты әрі тез болу керек. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 ұпаймен белгіленеді.

1-топ сұрақтары

  1. Алғаш мектеп ашқан қазақтың ағартушы – педагогы? «Ыбырай Алтынсарин

  2. Халықаралық нашақорлықпен күрес күні қай күнге белгіленген? 26 маусым

  3. Қазақ тілінде неше септік бар? (7 септік бар)

  4. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы. (домбыра)

  5. Антоним дегеніміз не? (Бір - біріне қарама - қарсы сөздер)

2- топ сұрақтары

  1. Қазақ тілінде қанша стиль бар? 5стиль

  2. Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)

  3. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)

  4. ҚР - ның валютасы? (Теңге)

  5. Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, тәуелдік, септік, жіктік)

3-топ сұрақтары

  1. Абай Құнанбайұлы қай жерде туылған? ШҚО Семей қаласында

  2. «Өзім туралы» өлеңінің авторы. Қасым Аманжолов

  3. Қ.Р. тәуелсіздігі қашан жарияланды? ( 16.12.1991)

  4. Орфография нені зерттейді? (дұрыс жазылуын)

  5. Қазақ тіліңде қанша сөз табы бар?

4-топ сұрақтары

  1. Тыныс белгісін не зерттейді? (пунктуация)

  2. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)

  3. «Абай жолы» романының авторы кім және бұл роман қанша томнан тұрады?

  4. Тәуке ханның тұсындағы заңдар жинағы қалай аталады? «Жеті жарғы»

  5. Ұлттық рәміздерді атаңыздар.

2 кезең. Мақал – мәтел сайысы.


Бұл турда ойыншылар кезекпен мақал - мәтелдерді айтып жарысады. Екі топтан да әр бір оқушы кезекпен мақал – мәтел айтуы тиіс. Кім тоқтап қалса, келесі ойыншыға кезек келеді. Әр топ қанша мақал – мәтел айтқанына байланысты бағаланады. Әр жауап үшін 5 ұпайдан беріледі.

3 сайыс «Дода»деп аталады.

Мұнда бізде тарихи жәдігерлер, қазақ әдебиетінің ақын,жазушылары, қызықты қазақ тілі деген үш бөлімнен тұратын 10. 20. 30. 40 ұпайы бар ұяшықтар берілген. Әрқайсысында 1 сұрақтан. Студенттер ұяшықтарды өздері таңдап алады.


Сұрақтар ұпайдың өсуіне орай қиындатылып отырады. Бірінші болып ұяшықты ұпайды көп жинаған топ таңдайды. Егер ойыншы сұраққа жауап бере алмаса, басқа ойыншылардың жауап беруге мүмкіндіктері бар.

Тарихи жәдігерлер.

  1. 10 ұпай. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған. Отырар ауданнында орналасқан кесене қалай аталады?

  2. 20 ұпай. Тайқазан —  алты ғасырлық тарихы бар қасиетті, алып қазан. Бұл қазан әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің тапсырысымен 1399 жылы  Ирандық шебер Әбділ Әзиз Шарафаддин Тебризиге жасатқан.

1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі атақты музей Эрмитажға, Иран шеберлерінің III Халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы 18 қыркүйекте ғана қайтарылды.

Сұрақ. Тайқазан қай жылы қай кесенеге арнап салыңған? Бүгінгі уақытта тайқазан қай қалада тұр?

  1. 30ұпай. Бұл кесене 12 ғасырда салынған сәулет өнері ескерткіш. Кесене Жамбыл облысы, Жамбыл ауданыңда орналасқан. Бұл кесенені Қарахан өзінің әйеліне арнап салдыртқан. Бұл қай кесене?

  2. 40 ұпай. Қазақстан жерінен қанша алтын адам табылған?

Қазақ әдебиетінің ақын жазушылары.

  1. 10 ұпай. Мына өлең жолдарының авторы кім?

Жасымда ғылым бар деп ескермедім!?

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?

Адамның бір қызығы – бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Өзім де басқа шауып, төске өрледім,

Қазаққа қара сөзге дес бермедім.

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.



  1. 20 ұпай. Суретте қандай ақын жазушылар көрсетілген?



  1. 30 ұпай. Қазақ әдебиетіңде өзіндік орны бар,  қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, ұлы ақын, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы, айтыскер. Атақты ақын Сүйінбайдың шәкірті болған қазақтың ұлы ақыны кім?

  2. 40 ұпай.

Қызықты қазақ тілі.

  1. 10 ұпай. Кітап беттерінде сандар мен әріптер берілген. Сандардың орнына әріптерін қойып, білім туралы нақыл сөзді іздеп табыңдар.



  1. 20 ұпай. Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын ашыңыз.

Ит өлген жер. (Алыс,шалғай)

Жұмған аузын ашпау (Сөйлемеу)

Қой аузынан шөп алас. (Момын,жуас)

Кірерге тесік таппау. (Ұялу)



  1. 30 ұпай. Ең әуелі аралас әріптерден мағыналы сөздер шығарып, қасындағы ұяшыққа орналастырыңдар. Табылған әріптерді сандарының реті бойынша төмендегі ұяшыққа орналастырып, кілтті сөзді табыңдар. Бұл тақырып қалалардың аттарына байланысты.



  1. 40 ұпай. Лексикалық ойын.

Көп нүктенің орнына сан есімді қойып мақалды толықтыр..


  1. Білімді............... жығады, білекті............... жығады.

  2. ............ауыз сөздің тобықтай түйіні.

  3. ............ ала болса ауыздағы кетеді , ............... түгел болса төбедегі келеді

  4. Айдағаның ............ ешкі ысқырығы жер жарар.



ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ. 

Студенттер ойынға қатысу арқылы тіл байлығын, ой байлығын дамытты. Қазақ жеріңдегі тарих орындар мен тарихи жәдігерлер туралы қазқ әдебиетінің зиялы өкілдері туралы ақпарат жинады. Топпен жұмыс жасауды ұйымшыл болуды үйренді.


Жүргізуші:

«Біліктілер бәйгесі » атты интеллектуалды ойынды аяқтауға рұхсат етіңіздер. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.




ПЦІК төрайымы ____________



Қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы _____________

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«МИРАС» КОЛЛЕДЖІ МЕКЕМЕСІ



КЕЛІСІЛДІ

БЕКІТЕМІН

Колледж әдіскері


__________Г.А.Оспанова


«_____» __________2021ж.

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары


__________ Д.Қ.Жарқынбек

«_____» _____2021ж.











САБАҚТАН ТЫС ІС-ШАРАЛАР

Тақырыбы / Тема: «Білгірлер бәйгесі»




Оқу пәні /Учебная дисциплина: Қазақ тілі және әдебиеті


Мамандығы/Специальность: 0512000 «Аударма ісі», 0516000 «Қаржы»

Біліктілігі/ Квалификация:


Курс: 1

Топ / Группа: А201, Ф202


Оқытушы/ Преподаватель: Көмек А.Ә











Шымкент 2021 ж.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!