Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Білгіштер» зияткерлік ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің

«Құрық балалар өнер мектебі» ЖБҚ МКҚК

жанындағы «Асыл мұра» аула клубы













Shape1

Зияткерлік ойын























Құрық 2022



Сайыстың тақырыбы: «Білгіштер»

Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.


Жүргізуші:

- Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Асыл мұра» аула клуб үйірме оқушыларының арасында өткелі отырған «Білгіштер» атты зияткерлік ойынға қош келдіңіздер.

 

Көңілді тапқыштар, алғырлар,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.


- Ең алдымен сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырамыз..

1 «Гроссмейстер» тобы (шахмат үйірмесі)

2 «Қандықақпан» тобы (тоғызқұмалақ үйірмесі)

3 «Дарын» тобы (актерлік шеберлік үйірмесі)

4 «Smarts» тобы (ағылшын үйірмесі)

5 «Шебер» тобы (қолөнер үйірмесі)


Әділқазы алқасына бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем!

Жүйрік озар сайыстарда неше бір.

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!

Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.


Бүгінгі интеллектуалды ойын 5 бөлімнен тұрады:

«Қас – қағым сәтте»

«Дода»

«Жорға»

«Мақал - сөздің мәйегі»

«Ойлы болсаң, озып көр!»

 

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Бүгін осы сайыста жеңіске жет,

Білімді, әрі білікті жас жеткіншек

- деп сайысымыздың 1 - бөлімін бастаймыз.

 

І - кезең.“Қас – қағым сәтте” деп аталады.

Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 3 ұпаймен есептеледі.

Сонымен, топтарға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.

 


1 «Гроссмейстер» тобы (шахмат)

1. Ханға қауып төніп тұрған жағдайды қалай атаймыз? (шах)

2.Ойын тең нәтиже тіркелген жағдайды шахмат термині бойынша қалай атаймыз? (пат)

3.Ойын аяқталғанды білдіретін және ханға соңғы соққыны қалай атаймыз? (мат)

4.Екі фигура бірдей ұсталып қалған жағдайды қалай атаймыз? (вилка)

5.Қай фигураны шахтан қорғау мүмкін емес? (ат)

 

2 «Қандықақпан» тобы (тоғызқұмалақ)

1. Тоғызқұмалақта неше отау бар? (18 отау)

2. Тоғызқұмалақта қанша құмалақ бар? (162)

3. Тоғызқұмалақта тұздықты қай отаудан ашуға болмайды? (9шы отаудан және қарсыласының ашқан тұздық отауынан аша алмайды)

4.Тұздық неше құмалақтан ашылады? (3 құмалақтан)

5.Бастаушы, қостаушы қазаны деп айтады? (бастаушы қазаны деп жүрісті бастайтын адамның қазанын айтады, қостаушы деп жүрісті қостайтын адамның қазанын айтады)


3 «Дарын» тобы (актерлік шеберлік)

1. «Шеше сен бақыттысың», кімнің поэзиясы? (М.Мақатаев)

2.Жылдың 4 мезгіліне жазылған өлеңдер, қай ақынның өлеңдері? (А.Құнанбаев)

3. Мимика дегеніміз не? (беттер бұлшық еттерінің айқын қозғалыстары)

4. Этюд дегеніміз не? (бір көріністі бейнелеу)

5. Актерлік шеберлік элементтері арқылы эмоцияларды қалай көрсетуге болады? (дауыс арқылы)

 

4 «Smarts» тобы (ағылшын)

1.In what season we pick up the fruits and vegetables? (autumn)

2.When we come to school after holidays? (September)

3.Who are you for your grandparents? (Grandson/granddaughter)

4.What is the month now? (February)

5.What is the seasons now? (winter)


5 «Шебер» тобы (қолөнер)

1. Қазақ қыздарының бас     киімі.  (Сәукеле)

2. Жеңсіз жеңіл киім.    (камзол)

3. Аппликация дегеніміз не? (әртүрлі материалдар мен түрлі бейнелерді суреттеп жапсырмалау)

4. Сәндік үшін білекке тағатын әшекейлі,бағылы бұйым. (білезік)

5. Киізден сырып, оюлап  жасалған төсеніш.   (сырмақ)


1 кезеңнің ұпай сандарын көрсетейік.

Сөз әділқазы алқасына беріледі.




Өз ойыңды ашық айтып,

Түйіндейміз білімді.

Әр нәрсенің жауабын тез

Айтайықшы ұғымды.

 

ІІ-кезең «Дода» Әр топқа 1 жұмбақтан жасырылады. Жұмбақтың шешімін тауып, үш тілге аударып айтасыңыз. Дұрыс жауапқа 3 ұпай

1

Қабат - қабат қаптама, Ақылың болса аттама

(кітап - книга – bооk)

2

Жеті Қазынаның бірі, Адамды қорғап жүретін досы

(ит - собакa - dog).

3

Жүз теңгең болғанша, Жүз.. болсын.

(дос - друг - friend)

4

Тұмсығымен қозғалар,Соңынан аппақ із калар.

(бор - мел – chalk)

5

Тіс жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде

(қаламсап - ручка – реп)


 ІІ- кезеңнің ұпай сандарын көрсетейік.

Сөз әділқазы алқасына беріледі.


ІІІ – кезең «Жорға» Әр топқа 1 логикалық сұрақтан қойылады. Дұрыс жауап 3 ұпай

1. Әйгерімнің әкесінде 3 қыз бар; Гүлсім, Жансая және ..... (Әйгерім)

2. Қай сөз әрдайым дұрыс естіледі? (Дұрыс)

3. Жабық көзбен нені көруге болады? (Түсті)

4. Оқушы мектепке 15 минутта жетеді. Ал 3 оқушы бұл жолмен неше минутта жетеді? (15 минутта)

5. Саябақтың ішінде 6 орындық тұр. Оның 2 ін бояп қойды. Саябақта неше орындық қалды? (6 орындық)

ІІІ- кезеңнің ұпай сандарын көрсетейік.

 

IV - кезең. «Мақал сөздің мәйегі»

Бұл турда мақалдың бірінші жартысы оқылады, ал Сіздер сол мақалдың жалғасын табуларыңыз қажет. Әр топқа 3 мақал - мәтелден беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.


 1 «Гроссмейстер» тобы (шахмат)

Ананың көңілі балада, … (баланың көңілі далада)

Қына тасқа бітеді,... (білім басқа бітеді)

Досы көпті жау алмайды, … (ақылы көпті дау алмайды)


2 «Қандықақпан» тобы (тоғызқұмалақ)

Ақыл – тозбайтын тон,... (білім таусылмайтын кең)

Өзге елде сұлтан болғанша,... (өз еліңде ұлтан бол)

 Білекті бірді жығар,... (білімді мыңды жығар)



3 «Дарын» тобы (актерлік шеберлік)

Туған жердің күні де ыстық, … (түніде ыстық)

Еңбектің наны тәтті,... (жалқаудың жаны тәтті)

Бірлік болмай,... (тірлік болмас)


4 «Smarts» тобы (ағылшын)

Туған жердей жер болмас,... (туған елдей ел болмас)

Оқу – білім бұлағы,... (білім өмір шырағы)

Төртеу түгел болса,... (төбедегі келеді)


5 «Шебер» тобы (қолөнер)

Ырыс алды -... (ынтымақ)

Еңбек етсең ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)

Білім қымбат,... (білу арзан)

 

IV-кезеңнің қорытындысын жасайық.


V кезең – «Ойлы болсаң, озып көр!»

Бұл сайыс топ басшыларына арналған. Әр топ басшысына логикалық 3 тапсырмалар беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай.

 

1. Үш жүзді атаңыз. (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.)

2. А.Құнанбаевтың «Қыс» өлеңінін 1 шумағын айтып берініз.

3. Пешка қарсыластың сызығының соңына дейін жеткен жағдайда неге айналады? (ферзаға) 


1. Он атаны таратып беріңіз. ( әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жамағат)

2. А. Құнанбаевтың туған жылы? (1845ж)

3. 1 т мақта ауыр ма, 1 т темір ауыр ма? (тең)

 

1. Ұлттық ойындарды ата? (тоғызқұмалақ, асық ату, көкпар, қыз қуу т,б)

2. Биыл М. Әуезовтың туғанына неше жыл? (125 жыл)

3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)


1.Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында
не бар? (мен)
2.Қазақтың салт-дәстүрін айтып бер? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, сүндет той, т,б)

3. Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда
екеу Астанада көп? Ол не? (“а” әріпі)


1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? (үш стакан)

2. Үш биді атаңыз. өле би, Әйтеке би, Қазыбек би.)

3. Темір аяқты,

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.05.2022
779
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12