Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білікті де білімді ұстаздар- Өрлеуде!

Материал туралы қысқаша түсінік
Біліктілік арттыру курсына кері байланыс, пиар мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы



БІЛІКТІ ДЕ БІЛІМДІ ҰСТАЗДАР-ӨРЛЕУДЕ!


Білім сапасы- мұғалімдер қызметінің сапасы. Ал осы сапаға қол жеткізу үшін біліктілікті жетілдіру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыра білген «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына алғысымыз ерекше.

Орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Математика» жалпы білім беру пәні бойынша колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру онлайн курсын 80 сағат көлемінде мамыр айының 24-нен маусым айының 04-і аралығында оқыдық. Жаңартылған білім мазмұны бойынша халықаралық дәрежедегі тренеріміз –Егембергенова Маржан Ыбрайханқызы. Бағдарламаның мақсаты - орта білім мазмұнын жаңарту мән-мәтінінде ұстаздардың кәсіби шеберлігін жетілдіру болды.

Осы курс барысында математика пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының мақсатын, міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын түсініп, ұзақ, орта және қысқа мерзімді жоспарларды жасау бойынша оқу курсын Түркістан облысының түкпір-тікпірінен келген жиырмадан аса әріптестерім арттырды. Оқу процесін, оқу бағдарламасының оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелеріне сәйкес құрылымдауды үйрендік. Сабақ барысында саралаудың түрлерін, белсенді оқыту әдістерін тиімді қолдануға, қажетті сөз тіркестерін, бағалау критерийлерін және дескрипторларды дұрыс қою білуге машықтандық. Білім берудегі заманауи трендтер, орта білім мазмұнын жаңартудың алғышарттары мен үлгілік оқу бағдарламалары туралы ақпараттарды онлайн форматта оқысақ та, сессиялық залдарға бөлініп, топпен, жұппен, жеке жұмыс жасау формалары арқылы еркін меңгердік.

Әрбір сабақта бөлімдерге сәйкес берілген бағыт-бағдар бойынша қысқа мерзімді жоспар жасап, топ ішінде талқыладық. Жасаған қысқа мерзімді жоспарды плагиатқа тексеруді де қарастырып өттік.

Қорыта айтатын болсам: Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Қашықтан оқыту жүйесінің бұрынғы бетпе-бет оқытудың деңгейінен түсірмеуде түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы қоғам талабынан шыға білген тренеріміз Егембергенова Маржан Ыбрайханқызына және осындай үлкен мүмкіндік беріп отырған Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына ризашылығымызды білдіреміз. ӨРЛЕЙ БЕР, ӨРЛЕУ! ШОҚТЫҒЫҢ БИІК БОЛСЫН!


669-топ атынан;Нурсеитова Айнур Пернеханқызы.

Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің

математика пәні мұғалімі








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.06.2021
557
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12