жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Білікті ұстаз - болашақ кепілі"
Білікті ұстаз - болашақ кепілі
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, үздіксіз ізденісті қажет ететін мамандық - ұстаздық мамандығы. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оларға дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға мүмкіндік жасауы қажет. Ол үшін білімді, білігі толыққан, еңбекқор маман дайындау қазіргі уақытта ең өзекті мәселенің бірі. Себебі, еліміз бұл күндері әлемдік білім кеңістігіне құлаш ұрып келеді. Әр ұстаз өз қызметіне қызығушылықпен қараса үлкен жетістіктерге жетуге септігін тигізері сөзсіз.
Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мұғалімдері бар мемлекет қана алға озып шыққан. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім, ұстаз мектепте басты тұлға болып қала береді, себебі халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ешбір керемет заманауи технология мұғалімді алмастыра алмайды. Менің болашақ мұғалім ретінде міндетім - жеке тұлғаны қалыптастыруға атсалысу, қоғамның бір бөлшегі жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындату, оларды өмірден өз орнын табуға көмектесу, бағыт-бағдар беру. Осы қиын да қызық мамандық менің күннен-күнге құлшынысымды арттырып, жаңа жолдар мен шешімдерді, жаңа әдіс-тәсілдерді іздеуге итермелейді. Елбасы Н.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүріңдер, бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» деген болатын. Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын, біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз.
Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту - заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, білім ордаларының әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үдерісінде мұғалім басты рөл атқарса, қазір оқушының іс-әрекетімен мектептер бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр.
Қазіргі
тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың
әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді
қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық
факторлардың біріне айналуда.
Жалпы білім беру жүйесіндегі мұғалімінің алдында тұрған көлемді әрі
жауапкершілігі мол міндеттердің бірі – оқушыға тиянақты білім беру
болып табылады. Өз мамандығын шын сүйетін, өзі оқытатын пәнін жақсы
көретін мұғалім әрбір сабағын ерекше дайындықпен және үнемі ізденіс
үстінде жүргізеді. Оқушылардың ынтасын арттыру, пәнге қызығушылығын
дамыту, білімді берік те саналы жеткізу жолында жаңаша
әдіс-тәсілдерді ізденіп қолданады. Мемлекеттің күшеюі мен ұлттық
гүлденуі дарындыларға, таланттыларға тәуелді екені белгілі. Ал
дарындылар тәлім-тәрбиенің алдыңғы шегінде жүрген мұғалімдер
алдынан шығатыны сөзсіз. Оқыту мен тәрбиелеу мақсатында жүргізілген
жұмыстың тиімді көрсеткіштерінің бірі – оқушының белсенділік
қабілеттері және пәнге деген қызығушылығын ояту, терең де мазмұнды
білім беру, ой-өрісін, шығармашылық ізденісін дамытып, қазіргі
нарық заманы бәсекесіне төтеп бере алатындай білікті тәрбиелі
шәкірт, азамат тәрбиелеу.
Еліміз егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекеті болды. Тәуелсіз еліміздің болашағы кімдер? Олар – ертеңгі менің алдымда отыратын шәкірттерім. Тәуелсіз еліміздің берік тірегі – білімді ұрпақ. Ендеше жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе - оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты жан-жақты дамыған жеке тұлға даярлау менің басты парызым. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім сапасын арттыру, баланы тәрбиелеу – мұғалімдер қауымының міндеті. «Адамның адамшылығы... жақсы ұстаздан» деп, Абай атам айтқандай, мен қандай болсам, алдымдағы шәкірттерім сондай боп шығарын түсінемін. Шынында да, бала болашағы – менің қолымда. Қызығы да, қиындығы да мол ұстаздық жолдан мүдірмей өтсем, менің де биік шыңға шыққаным.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған білім беруге қатысты мәселелер бәрімізді де бей-жай қалдыра алмайды. Қазақстандағы әрбір ұрпақтың ертеңгі күні дүниенің төрт түкпірінде өзінің қалаған, ұнатқан және қоғамға пайда ойлар мақсатта еркін еңбек ете алатын болуын Елбасымыз қадап айтты. Өркениетке бет бұрған еліміздің жастары – ертеңгі мемлекет тірегі. Қоғамға да ең басты керегі – елдің ертеңіне деген сенім мен үміт. Сол тірек нық та берік, сенімді болуы үшін бәсекеге қабілетті мамандар дайындау үшін алдымен мұғалімнің білім деңгейі жоғары болуы тиіс. Сондықтан да оның іргетасын, ондағы мұғалімдердің білім деңгейінің жоғары болуын қадағалау және арттыруымыз аса қажет. Өркениетті елдер арасындағы бәсекелестік білім деңгейімен айқындалмақ.
Өзім білім алатын Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде де осы мақсатта көптеген жұмыстар жүргізілуде. Ұстаздар өз сабақтарын түрлі жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып жүргізеді. Оқу орнында жаңа заманғы техникалық құралдармен жабдықталған оқу кабинеттері жеткілікті. Сонымен бірге, жаңа технология элементтерін студенттерге үйретіп, шеберлік сабақтарын жүйелі түрде ұйымдастырады. Теорияны іс-тәжірибемен байланыстыра отырып, өз білгендерін шәкірттерінің бойына дарытуға күш салуда. Соның нәтижесі мектептердегі байқау іс-тәжірибелерінен өту барысында көрінуде. Мәселен, 2-сыныптағы «Қазақ тілі» пәнінен өткізген «Лепті сөйлем» тақырыбындағы сабағымды айтсам болады. Интерактивті тақтаның көмегімен сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының әдіс-тәсілдерін пайдаланып өткізген сабағым әдіскерлер мен пән мұғалімі тарапынан жоғары бағаланды.
Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда жаңа заманауи тәсілдер» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында еліміздің білім беру ұйымдарына нақты міндет қойылды – білім берудің заманауи деңгейін, жаңа заманауи ойлаумен талап еткен мамандарды қамтамасыз ету, әлемдік талаптар деңгейінде сапалық білім беру қызметтерін беру. Заманауи әлемде қоғамның әл – ауқатының факторы, оның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі ретінде білім берудің құндылықтары өсіп келеді, ол барлық деңгейлердегі білім берудің дамуына бағытталған барабар шаралар қабылдауды талап етеді. Соңғы жылдардың тәжірибесі интеграция жағдайында білікті мамандарды даярлау сапасының талаптары жоғарылап келетінің анықтап отыр.
Өйткені заманауи ұстаз – шығармашыл, өз ісін ойлай білетін, жұмыс уақытын әсерлі түрде қолдану үшін білімдері мен дағдыларын дұрыс бағыттайтын, жалпыадамгершілік қасиеттерімен иеленетін маман.
Мемлекеттің болашағы, үміті мен сенімі – жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау, заман талабына лайықты мұғалімнің қызмет етуі қоғам дамуын алға бастайды. Ендеше, еңсені биіктетіп, еліміздің болашағы үшін ұлт мақтанышына айналар ұрпақты жетектеп, ұлы Абай айтқандай: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ой иірімі ұрандарыңызға айналып, адамзат құндылығы білім екенін көрсету жолында еш аянбайық.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010 жыл.
2. «Қазақстан мектебі» журналы. №12. Алматы, 2003ж.
3.Н.Назарбаев.Қазақстан-2030 Барлық казақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы.Білім.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген