ШЫМКЕНТ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ
Бекітемін
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
________Б.С.Тажибаева
«_____» _____2025 ж.
САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕЛУІ
Мамандығы: 02210100 «Исламтану»
Пәні: Қазақстан тарихы
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Білім – болашақтың шамы»
Оқытушы: Қалдықұл Гүлбану
Курс: I
Топ: 05-452, 05-453
Шымкент 2025 жыл.
Пәні: Қазақстан тарихы
Күні: 03.10.2025, 09.10.2025
Тобы, курсы: I, 05-452, 05-453
Сабақтың тақырыбы: «Білім – болашақтың шамы»
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты: : Студенттердің білімге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру және білімнің өмірдегі маңызын ұғындыру.
Сабақтың оқыту нәтижелері: «Білім – болашақтың шамы» атты сайыс — оқушылардың білімге деген ынтасын оятып, ізденімпаздыққа бейімдеу, өз білімдерін сынға салу үшін таптырмас мүмкіндік болды.
Оқу-әдістемелік құралдар, әдебиеттер: Интербелсенді тақта – тақырыпты визуалды, динамикалық түрде көрсету үшін, сұрақ-жауап карточкалары – білімді тексеру және бекіту үшін, звонок (қоңырау) – ойын немесе топтық жұмыс кезінде сигнал ретінде пайдаланылды.
Сабақтың жоспары:
1. Сабақты ұйымдастыру (5 минут):
А) Студенттермен амандасу.
Ә) кабинеттің тазалығын тексеру, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай студенттердің отырғандықтарын қадағалау, сабаққа даярлықты тексеру, тақта тазалығы, жоқ студенттерді белгілеу.
Б) Студенттердің назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырамасын тексеру кезеңі(20 минут):
Қазақстан тарихы
-
Қаңлы мемлекеті қай ғасырларда өмір сүрді?
→ Б.з.д. III ғасыр – б.з. V ғасыр -
Жеті жарғыны кім жасады?
→ Тәуке хан -
Алаш партиясы қай жылы құрылды?
→ 1917 жылы -
ҚР Тәуелсіздігін қашан алды?
→ 1991 жылы 16 желтоқсан
Дүние жүзі тарихы
-
Екінші дүниежүзілік соғыс қашан басталды?
→ 1939 жылы 1 қыркүйек -
Рим империясы қай жылы екіге бөлінді?
→ 395 жылы -
Феодализм дегеніміз не?
→ Орта ғасырлардағы жерге негізделген қоғамдық құрылым -
АҚШ Тәуелсіздік декларациясы қай жылы қабылданды?
→ 1776 жылы
География
-
Қазақстанның ең биік нүктесі қандай және қайда орналасқан?
→ Хан-Тәңірі шыңы, Тянь-Шань тауында (7010 м) -
Жер шарының экватор ұзындығы қанша шақырым?
→ Шамамен 40 075 км -
Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан?
→ Қоңыржай белдеуде -
Әлемдегі ең үлкен мұхит?
→ Тынық мұхиты
3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі (жаңа тақырыпты болжау) / Практикалық, зертханалық жұмысқа дайындық кезеңі (5 минут):
I Кезең: «БӘЙГЕ»
II Кезең «ҚАРҚЫН»
III «БАҚ ПЕН БАП»
IV «МӘРЕ»
Қорытынды:
Әр кезең соңында ұпай саналып отырады.
Соңында барлық кезең ұпайлары қосылып, жеңімпаз анықталады.
4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі (Практикалық, зертханалық жұмысты орындау кезеңі) (20 минут):
I Кезең: «БӘЙГЕ»
«Бәйге» кезеңінде әр топтың басшысы ортаға шығып, жедел жауап беру арқылы бақтарын сынайды. Бұл кезеңде қатысушыларға 25 сұрақ қойылады. Жауаптардың нақтылығы мен жылдамдығы топтың алға шығуына жол ашып, топ көшбасшысының білім деңгейі сынға түседі.
II Кезең: ҚАРҚЫН
«Кездейсоқ дөңгелек» - ойын барысында дөңгелек айналып, сұрақтар кездейсоқ таңдалады. Білім сайысында қатысушылар «Кездейсоқ дөңгелек» ойыны арқылы түрлі сұрақтарға жауап береді.
III «БАҚ ПЕН БАП»
«Бақ пен Бап» кезеңінде әр топқа 1 минут уақыт беріледі, осы аралықта оларға 15 сұрақ оқылады. Уақыт ішінде қаншалықты көп әрі дұрыс жауап бере алатыны – топтың білім деңгейі мен жылдам ойлау қабілетінің сыналады.
IV «Мәре»
«Мәре» кезеңі үш сандықтан тұрады, әр сандықта екі конверт жасырылған: бірінде тұлға, екіншісінде — ғасырлар кезеңі. Қатысушылар конверттерді ашып, тұлғалар мен ғасырларды табады және тарих білімі сыналады.
-
Жаңа материалды бекіту кезеңі. (Практикалық, зертханалық жұмысты тапсыру кезеңі) (30 минут):
I Кезең: «БӘЙГЕ»
-
1991 жылы 1 желтоқсанда Республикада болған оқиға: Президент сайлауы
-
Антанта әскери-саяси одаққа біріккен мемлекеттер: Англия, Франция, Ресей
-
Жер өз білігін айналып өтеді: 24 сағатта
-
Алашорда үкіметінің құрылған жылы: 1917ж.

Жер Күннен ... орналасқан? 3-ші
-
Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар өздерінің ен-таңбаларын салған жартас: Таңбалы Нұра
-
Константинопольді басып алған түрік сұлтаны: II Мехмед
-
Халықтың көшіп-қонуы: Миграция
-
Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы: өзбек-қазақтар
-
100 жылдық соғыстан кейін Франция жерінде қалған ағылшын иелігі:Кале порты
-
Карталар масштабына ... болып бөлінеді: Ұсақ, орташа, ірі.
13. Ордабасы тауына жиналған қазақ жүздерінің шешімі бойынша жоңғарларға қарсы күресте қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып сайланған хан: Әбілқайыр
-
XVIII ғасырда Индустриалық өркениеттің отаны: Англия
-
Ірі су қоймалары бар өзендер: Іле, Ертіс
-
Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері: «Күлтегін», «Тоныкөк»
-
Ніл өзені құяды: Жерорта теңізіне
-
Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы Атмосфералық қысым.
-
Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы ұсынысын қабылдаған патша: Анна Иоанновна.
-
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Англияның премьер-министрі: У.Черчилль
-
Шай өндіретін елдер: Қытай, Үндістан
-
Тәуке ханның тұсындағы астана: Түркістан
-
Ежелгі Үндістан билеушісіның титулы: Раджа
-
Бразилияның астанасы:Бразилиа
-
Жібек сауда жолына «Ұлы» сөзінің қосылу себебі: Шығыс пен Батысты байланыстырды
II Кезең: ҚАРҚЫН
-
Отары бар мемлекет деген не?
-
1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістерінің Қазақстанға әсері қандай болды?
-
Бөкей Ордасы қашан құрылды және оны кім басқарды?
-
Ежелгі Грекияда бүкіл эллиндерді (гректерді) біріктіретін мереке
-
Шығанақ деген не? Қандай түрлерін білесің?
-
Қазақстан экономикасының негізгі салалары қандай?
-
Географиялық карта деген не?
-
Еуропалық отаршылдық саясатты тудырған тарихи жағдай?
-
Алтын Орда мемлекеті қалай құрылды және оның негізін қім қалады?
III Кезең «БАҚ ПЕН БАП»
Зеректер тобы
-
Жер шарының сыртқы қатты тас қабаты: Литосфера
-
Алашорда үкіметінің құрылған жылы: 1917ж
-
Ежелгі грек авторларының сақтарды атауы: Азиялық скифтер
-
40 жасқа келген, саңырау болғанымен ұлы шығармалар жазуды тоқтатпаған немістің ұлы композиторы: Л. Бетховен
-
ІV ғ. аяғында германдықтар жаулап алуға көшкен мемлекет: Рим империясы
-
Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең шұңғыма: Мариан
-
Қара металдар: Хром, темір
-
Қазақстандағы су электр станциясы: Қапшағай, Шардара

ІІ дүниежүзілік соғыста Германия мен Италияның Одағы болған мемлекет: Венгрия
-
Көшпелі қазақтар суық басталысымен көшті: Күздеуге
-
Жапонияның негізгі сауда әріптесі: АҚШ
-
Жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы кенет ығысу əсерінен туатын жер астының қозғалысы: Жер сілкіну

Кенесары қай жылы хандық билікті қолына алды?: 1841 жылы
Алғырлар тобы
-
Аса көрнекті ойшыл әрі ақын, Қазақстанда мұсылман дінінің сопылық ағымын таратушы: Ахмет Яссауи
-
Рейхстаг терезесінің біріне ту тіккен қазақстандық жауынгерлер: Р.Қошқарбаев пен Г.Булатов
-
1959 ж. Куба революциясын басқарған қайраткер: Ф. Кастро
-
Отары бар мемлекет: Метрополия
-
Карталар масштабына ... болып бөлінеді. Ұсақ, орташа, ірі
-
Жердің ішкі құрылысы ... қабаттарынан тұрады: Жер қыртысы, мантия, ядро
-
ХІІІ ғасырға дейін «қазақ» атауының қолданып келген мағынасы: Еркін адамдар

Шөл зонасындағы өзен аңғарларында әртүрлі өсімдіктерден құралған қалың бұталар: Тоғай
-
Еуропалық отаршылдық саясатты тудырған тарихи жағдай: Ұлы Географиялық ашылулар
-
Ең арзан электр энергиясын беретін ресурс:Су ресурстары
-
Ордабасы тауына жиналған қазақ жүздерінің шешімі бойынша жоңғарларға қарсы күресте қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып сайланған хан: Әбілқайыр
-
Қандай ұлы композитор 11 жасында тұңғыш опера жазды? В. Н. Моцарт
-
Түркеш мемлекетінің негізін қалаған қаған: Үшілік
-
Түркияда сұлтан жарлығымен тағайындалған санжақ басшылары: Бей
Кемел тобы

Жер бетінің аз тілімденген, тегіс немесе белесті алқабы: Жазықтар
-
Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан облыс: Оңтүстік Қазақстан
-
Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі: Ресей
-
Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы мекені: Виргиния
-
Ежелгі Грекияда бүкіл эллиндерді (гректерді) біріктіретін мереке: Олимпия ойындары
-
Тәуке ханның заңдар жинағы: «Жеті жарғы»

Көпшілік жанартаулар қандай мұхитының жағалауында: Тынық
-
Күнге ең жақын айналатын планета: Меркурий
-
Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы: Атмосфералық қысым
-
Өзбекстанда өсірілетін басты дақыл: Мақта

Ла-Манш бұғазы … елдерін бөліп жатыр: Ұлыбритания мен Франция

IV Кезең «Мәре»
-
Бауыржан Момышұлы — қазақтың аты аңызға айналған батыры, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты қолбасшысы, жазушы, Халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры. Ол тек соғыс даласында ғана емес, қалам ұстап, тәрбие мен ерлік жайында терең ой қалдырған тұлға.
Алматыда жасақталған 316 атқыштар дивизиясы мен оның Бауыржан Момышұлы басқарған батальонының даңқы 1941 жылдың күзі мен қысындағы Мәскеу түбіндегі шайқастарда қатты шықты. Бауыржан сол абыройын соғыс аяқталғанға дейін түсірген жоқ. Батальон командирлігінен дивизия командирлігіне, аға лейтенанттықтан полковник дәрежесіне дейін көтеріліп, атақ-даңқын одан әрі асыра түсті. Ал соғыстан кейін кейбір майдангерлер секілді естеліктер немесе деректі роман-хикаяттар жазумен шектелмей толыққанды көркем шығармалар жазып тағы таңқалдырды.
316-шы атқыштар дивизиясының құрамындағы Б.Момышұлының батальоны Мәскеу түбіндегі қаһармандық шайқастар кезінде ұрыс қимылдары өзгерістерінің салдарынан 5 рет қоршауда қалды. Бауыржан Момышұлы Мәскеу түбіндегі шайқас кезінде батальонымен 27 рет ұрысқа түсіпті. Сол шайқастардың бірде біреуінде ол ұтылған немесе тапсырманы орындай алмай қалған кезі жоқ.
Бауыржан Момышұлының Куба еліне сапары
1959 жылы Фидель Кастро, Эрнесто Че Гевара, Рауль Кастролар бастаған Куба революционерлері Батистаның режимін құлатты. Кастроның орнатқан үкіметімен әлемде біраз мемлекеттер дипломатиялық қарым-қатынасын үзген болса, бірқатар мемлекеттер байланысты қайта жалғады. Олардың қатарында бұрынғы кеңес одағы да болды. Қазір Латын Америкасындағы социалистік даму жолына түсіп, сол жолды жалғастырып келе жатқан ел – Куба.
Рауль Кастроның шақыртуымен Кубаға Б.Момышұлы барған болатын. Бауыржан Момышұлы батырлығымен ғана емес, әскерді басқарудағы тапқырлығымен де белгілі болды.
Бауыржан Момышұлының шығармалары Қазақстанда және Куба, Никарагуа, Израиль, Польша, Венгрия, Чехия мен Славакия сияқты бірқатар шетелдердің әскери оқу орында тактика пәнінің оқулық, жас сарбаздармен жұмыс жүргізуде тәрбие құралы есебінде пайдаланылады.
Ол жауынгерлерге рух беріп, "Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі" дегенді өмірімен дәлелдеді.
-
Индустриалды қоғам — бұл өндіріс пен экономикасы негізінен өнеркәсіпке, яғни машинамен жасалатын ірі өндірістерге сүйенетін қоғам түрі. Ол аграрлық (ауыл шаруашылығына негізделген) қоғамнан кейін пайда болған.
Бұл еңбек бөлінісі тереңдеген, ірі зауыттар мен фабрикалар дамыған, технология мен ғылым маңызды рөл атқаратын, урбанизация (қалалану) күшейген қоғам түрі.
- XVIII–XIX ғасырларда басталған өнеркәсіптік революциядан кейін, әсіресе Англия, Германия, Франция сияқты елдерде дамыды.
- Қазақстанда индустрияландыру процесі 1930-жылдары басталды (Кеңес үкіметі кезінде).
-
Тәшенов Жұмабек Ахметұлы - 1915 жылдың 20 наурызында Ақмола облысы Аршалы ауданының Танакөл ауылында туған. Қазақстанның белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, саясаткер. Ол Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды қызметтер атқарған.
Тәшеновтың ерлігі: 1950 жылдың аяғында Кеңес одағының басшылығына Никита Сергеевич Хрущев келді. Оған Қазақстанның жері үлкен көрініп, оны шағын ету керек деген мақсатта республиканың солтүстігіндегі 5 аймақты Ресей Федерациясының құрамына бермек болады. Ал елдің батысындағы қазіргі Маңғыстау түбегін түгел Түрікменстанға бермек болған. Ал оңтүстікте бірнеше ауданды Өзбекстанға беру жөнінде үлкен жоспар жасалған. Осы мәселені шешуге Жұмабек Тәшенов кірісті. Ол одақ басшылығына жер аумақтарын бөлу туралы мәселені жергілікті билікпен санаспай, тікелей Мәскеуде орталық комитетте шеше берер болсақ, онда Кеңес Одағының конституциясын, Қазақ КСР конституциясын жою керек екенін айтқан. Ал оны жоймайтын болсақ, заңда мына аумақтың бәрі Қазақстанның меншігі екені жазылған деген уәж айтып, Хрущевтің бетін қайтарған.
"КСРО конституциясына сәйкес, әр ұлт республикасы өзінің тарихи жерінде, өз табиғи байлығын өз меншігінде пайдалануға хақы бар. Бұл заңмен де санаспайтын болсаңыз, біз халықаралық сотқа шағым беруден де тайынбаймыз", - дейді Тәшенов.
Алайды, Кеңестік тоталитарлық жүйенің әміршіл-әкімшіл басшыларының ыңғайына жығылмаған Жұмабек Ахметұлын 1961 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағалық қызметінен босатылды.
"Маған керегі лауазым емес, қазақ халқының бірлігі мен жерінің тұтастығы. Ол арманыма жеттім. Елім, жерім орнында" деген тау тұлғалы Жұмабек Тәшенов.
1958 жылы 28 шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бюросында «Қазақ әдебиеті» газетін жабу туралы мәселе қойылған екен. Осы мәжілісте алдын ала дайындалып қойған орысқұл жандайшаптар Қазақстандағы қазақ тілінде шығатын барлық газеттерді жауып, орыстілді газеттерден аударма басылымдарға айналдыру жөнінде ұсыныс жасайды. Тіпті, «Социалистік Қазақстанның» редакторы Қ.Шәріпов: «Газеттің жабылуына қарсы емеспін, «Казахстанская правда» газеті редакторының орынбасары болып қалуға әзірмін» деген көрінеді. Сол сәтте Жұмабек Тәшенов: «Сен не оттап тұрсың өзің! «Социалистік Қазақстанды» ашқан да сен емес, жабатын да сен емессің!» деп, жекіп тастапты. Сондай-ақ, «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы Сырбай Мәуленовке қатуланып: «Жалтақтама, батыл сөйле!» деп ескертіпті...
Қысқасы, Жұмабек Тәшенов ұлт тіліндегі газеттерге араша түсіп, қазақ газеттерін солақай саясаттың сойылынан сақтап қалған!
Ол 1956 жылы партияны 20-съезінде сталиндік репрессия құрбандарын ақтау туралы маңызды мәселе көтерілді. Сонау қасіретті 1937 жылдың қақпанына түскен ұлт арыстарын ақтау жөніндегі комиссияның төрағалығына Жұмабек Тәшенов сайланады. Сол тұста жазықсыз атылып кеткен арыстарымыз ақтала бастады. Бұл ұлт рухын оятқан үлкен оқиға еді. Қазақ халқына Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің есімі қайтарылды.
2. Антикалық өркениет — бұл ежелгі Греция мен Рим мәдениеті мен қоғамының қалыптасуы мен дамуы кезеңіндегі өркениет түрі. Ол батыс цивилизациясының іргетасын қалаған, тарихтағы ең маңызды мәдени-тарихи дәуірлердің бірі.
Уақыты: Негізінен б.з.д. 8-ші ғасырдан бастап б.з. 5-6 ғасырларға дейін созылды. Екі негізгі орталығы — Ежелгі Греция мен Ежелгі Рим.
Негізгі ерекшеліктері:
Философияның дамуы: Сократ, Платон, Аристотель сияқты ұлы философтар өмір сүрді.
Демократияның пайда болуы: Әсіресе Афина қаласында халық басқару жүйесі дамыды.
Мемлекет және құқық: Рим республикасы мен империясы құқықтық жүйенің негізін қалады.
Мәдениет пен өнер: Әсем архитектура, мүсін, театр, поэзия мен әдебиет өркендеді.
Ғылым мен білім: Геометрия, медицина, астрономия салаларында үлкен жетістіктерге жетті.
3. Грекия өркениеті:
-
Олимпиада ойындарының бастамасы.
-
Агора (ашық базар) және театрлық өнердің дамуы.
-
Мифология мен эпостардың құрылуы (Гомердің "Илиада" мен "Одиссеясы").
4. Рим өркениеті:
-
Заңдар жүйесін қалыптастыру (Рим құқығы).
-
Инженерлік және сәулет өнері (акведуктар, амфитеатрлар).
-
Ұлы Рим империясының құрылуы және оның ықпалы.
5. Маңызы:
-
Антикалық өркениет қазіргі батыс мәдениеті мен ғылымының негізін қалаған.
-
Оның философиялық, құқықтық, мәдени мұрасы бүгінгі күнге дейін маңызды
-
Мұхтар Шаханов — Қазақстанның көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, мемлекеттік және мәдени қызметкер. 1942 жылы 2 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір ауданы, Қасқасу селосында дүниеге келген. Мұхтар Шаханов – қазақ поэзиясында өз орны бар, ұлттық рух пен патриотизмді көтерген шығармаларымен танымал.
Еңбектері:
Қазақстанның рухани жаңғыруына, ұлттық мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосқан.
Бiрiншi ерлiгi – бүкiл әлем назарын, тартылып бара жатқан Арал мәселесiне аударуы. 1988 жылы Американың Атланта қаласында сөз алған Мұхтар Шаханов Арал проблемасын дүниежүзiлiк деңгейге көтерiп, тартылған теңiздi ғана емес, өмiрге жыл сайын мыңдап келiп жатқан мүгедек сәбилердi де құтқару керектiгiн сөз етедi.
Екiншi ерлiгi – 1989 жылы Бүкiлодақтық пленумда Кремль төрiне көтерiлiп, 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсiне бiр жақты баға берiлгендiгiн айта келiп, алаңда бейбiт шеруге шыққан жастарға қарсы сапер күректерi мен темiр күрзелердiң қолданылғанын әрi бұл оқиғаға жан-жақты сарабдал баға беру үшiн тәуелсiз комиссияның құрылуын талап етуi болатын. Бұған дейiн қазақ жастарына "ұлтшыл" деген қара күйе жағылып, қоғамдық пiкiрдi оларға қарсы қою шарасы жүргiзiлiп келген едi. Бұдан кейiн Желтоқсан оқиғасын зерттеу жөнiнде бүкiлодақтық комиссия құрылып, М. Шаханов соның мүшесi болады. "Желтоқсан оқиғасына" берiлген бiр жақты баға тоқтатылып, оған жан-жақты сараптама жасалына бастайды. Сөйтiп, Одақ қазақ елiмен санасуға мәжбүр болады.
Үшiншi ерлiгi – ұлт санасынан өшiрiлiп, дiни таңба басылып, 70 жыл бойы айтылмай келген "Наурыз" мейрамының халықпен қайта қауышуына мұрындық болуы. Сол кездегi Қазақ КСР Коммунистiк партияның Орталық комитетiнiң басшысы Геннадий Колбинге арнайы бас сұғып, Наурыз мейрамының маңызы мен мәнi жөнiнде терең талдаулар жасап, оның сол жылы тойланып кетуiне бiрден-бiр себепкер болады.
Төртiншi ерлiгi – қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл дәрежесiне қол жеткiзуi. 1989 жылы Қаз КСР Жоғары Кеңес депутаттары мемлекеттiк тiл ретiнде – орыс тiлi мен қазақ тiлiн қатар қабылдап жiберудiң алдында тұрғанда, мiнберге көтерiлген Мұхтар Шаханов: "Егер, орыс тiлi мен қазақ тiлiнiң мемлекеттiк статусы тең дәрежеде болатын болса, қазақ тiлi орыс тiлiнiң көлеңкесiнде қалып қояды. Сондықтан да, мен бiр ғана тiлдiң – қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл болуын құптаймын. Және қайта дауысқа салуыңызды өтiнемiн" деген екен төрағаға. Сөйтiп, қайта дауысқа салу нәтижесiнде қазақ тiлi мемлекеттiк тiл статусына ие болыпты. Мiне, бұл Шахановтың соңғы 25 жыл iшiндегi жасаған ұлттық қайраткерлiк сипаты. Бүгiнде сөз жүзiнде төрге озған, iс жүзiнде есiктен сығалаған мемлекеттiк тiлiмiздiң ертеңi үшiн шырылдап күресiп жүрген де – Мұхтар Шаханов.
2. Постиндустриалды қоғам — бұл өндірістен гөрі ақпарат, білім, технология және қызмет көрсету саласы басым болған қазіргі заманғы қоғам түрі.
Ол индустриалды қоғамнан кейін пайда болған, шамамен XX ғасырдың екінші жартысынан бастап дамыды (1950–1970 жылдардан бастап дамыған елдерде)
-
Ақпараттың үстемдігі:
-
Ақпарат – басты ресурс. Білім, мәлімет, технология – бәрінен маңызды.
-
Қызмет көрсету секторы басым:
-
Экономикада өндірістен гөрі банк, медицина, білім, туризм, IT, құқық сияқты қызмет көрсету салалары басты орын алады.
-
Ғылым мен инновацияға сүйену:
-
Ғылым – қоғам дамуының негізгі қозғаушы күші. IT, биотехнология, жасанды интеллект, ғарыш зерттеулері т.б.
-
Білім мен шығармашылықтың маңызы:
-
Адам капиталы (білімі, қабілеті, ойлау деңгейі) — ең құнды ресурс.
-
Жоғары технологиялар:
-
Роботтандыру, автоматтандыру, интернет, цифрлық жүйе – қоғамның негізі.
-
Жаһандану (глобализация):
-
Елдер арасындағы шекара ақпарат пен саудада жойыла бастайды.
Постиндустриалды қоғам – бұл ақпарат пен білімге негізделген, технологиясы дамыған, жоғары интеллектуалды мамандарға сұранысы зор қоғам.
6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі (5 минут):
Қазақстан тарихы: Қазақ хандығының құрылуы, тәуелсіздік жылдары, атақты хандар мен қайраткерлердің рөлі.
Дүние жүзі тарихы: Ежелгі өркениеттер, орта ғасырлар, Ұлы географиялық ашылулар, дүниежүзілік соғыстар.
География: Материктер мен мұхиттар, Қазақстанның табиғи ресурстары, климаттық белдеулер, жаһандық экологиялық мәселелер.
7.Сабақты қорытындылау және рефлексия (5 минут):
Сайысымыздың жас буын үшін берері — білімге, ғылымға, тарихқа деген құрметті күшейту, олардың өз болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.
Бағалау: Әр дұрыс жауап беріп,белсене қатысқан студентке 95 балл беріледі
Кері байланыс: Жазбаша кері байланыс үлгісі (Стикер әдісімен):
Қатысушылар түрлі түсті стикерлерге өз ойларын жазып, тақтаға жабыстырады.
? Маған ұнады...
? Маған қиын болғаны...
? Мен білдім/үйрендім...
? Келесі жолы ұсынамын...
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Білім – болашақтың шамы»

шағым қалдыра аласыз