Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Білім әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Білім әлеміне саяхат»

Тақырыбы: Білім әлеміне саяхат.

Мақсаты: Балалардың тілін дамыту. Анық, таза сөйлеуге жаттықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Қимылды ойынның сөдерін мәнеріне келтіріп, дұрыс айтуға үйрету. Жапсыру кезінде ұқыпты жапсыру, әр гүлді орнына келтіруін қадағалау.

Көрнекіліктері: Алма ағашы «Мектеп» суреті, алмалар, «Соқыр теке» ойынның атрибуттары, әр балаға желім, ақ қағаз, түрлі-түсті қағаздан дөңгелектер мен сопақшалар, көйлектің суреті.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.

Барысы: Әдемі киінген балалар қонақтармен сәлемдеседі.

Шаттық шеңберін жасайды.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз осы уақытқа дейін не үйренгенімізді, не білетіндерімізді білу үшін «Білім әлеміне саяхат» жасайық. Ол үшін ұшақтар болып ұшып барамыз. Ұшып барып, орындықтарға отырады.

Қуыршақ келіп, сәлемдеседі:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар, «Білім әлеміне» қош келіңдер! Білім әлеміне тек білімді, өнерлі балалар ғана келеді. Сендерде білгір, өнерпаз, дарынд, боларсыңдар ?

Тәрбиеші: Әрине, біздің балалар өз білімін шыңдау үшін білімдерін көрсету үшін келіп отыр. Қуыршақ, сенің қандай тапсырмаларың болса да, балалар барлығына жауап беруге дайын.

Қуыршақ: Солай ма, балалар! Онда мұқият тыңдаңдар. Мына алма ағашындағы алмалар жай алма емес. Сиқырлы алмалар. Олардың әрқайсында тапсырмалар жазылған. Сол тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма ?

Балалар: Әрине, дайынбыз.

Қуыршақ: Онда іске сәт,балалар!

Тәрбиеші: Рахмет қуыршақ. Балалар бұл тапсрмаларды жақсы орындайды деп үміттенемін. Сен төрлет, жоғары шығып отыр. Балалрдң жауабн тыңдарсңдар. Қуыршақ жоғары шығып, орындыққа отырып, балалардың өнерін тамашалайды.

Тәрбиеші: ал, балалар қазір бір бала шығып, бір алманы үзіп, онда жазылған сұраққа жауап береді. Ал кім шығады? Алуа шығып, бір алманы үзіп, береді:

Тәрбиеші: мына суретке қарап, әңгіме құраңдар. Балалар, бұл бізге таныс сурет екен. «1- қыркүйек Білім күнінде» біз бұл сурет бойынша әңгіме құрғанбыз.кәне есімізге түсірейік.

Алуа: бұл суретте оқушылар мектепке бара жатыыр. Олар өте көңілді. Сөмкелерінде кітап, дәптер, қаламсап, өшіргіш, сызғыштарыы бар.

Оларды мұғалім қарсы алып тұр. Оқушылар мектептен оқуд, жазуды үйренеді. Біз де мектепке барып жақсы оқушы боламыз.

Тәрбиеші: Жақсы. Алуа сурет бойынша әңгімені жақсы айтты. Ал,енді кім шығып, алманы үзіп, екінші тапсырманы орындайды ? никита келе ғой. Никита алманы үзіп алып, тәрбиешіге береді.

Тәрбиеші: Екінші тапсырма «Білім, өнер жайлы» тақпақ айтып бер.

Никита: Талаптанып, қанаттанып,

Өмір сырын ұғамыз

Білім алып, тұлғаланып

Азамат боп шығамыз.

Алуа: Бар білімді меңгерген,

Ғалым болғым келеді

Жетпіс өнер меңгерген

Дарын болғым келеді.

Бала: үшінші алманы үзіп, ондағы тапсырманы орындайды. Достық, білім, туған жер жайлы мақал-мәтел айтыңдар.

  1. Кітап білім бұлағы , білім өмір шырағы.

  2. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

  1. Жақсымен дос болсаң

Жетерсің мұратқа

Жаманмен дос болсаң

Қаларсың ұятқа.

  1. Білекті бірді жғады,

Білімді мыңды жығады.



Жұмбақ жасырып, шешуін табу:



  1. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.

(Кітап)

  1. Тілі жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде.

(Қалам)

  1. Қате жазып жаңылсақ,

Тазалайды қатеңді.

(Өшіргіш)



4 тапсырма. «Соқыр теке» ойынын ойнау.

5 тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ата.

  • Ән ұран, елтаңба, ту.

  • Астанамыз қай қала?

  • Астанамыз – еліміздің бас қаласы- Астана.

  • Біз қай қалада тұрамыз?

  • Біз Тараз қаласында тұрамыз.

6 тапсырма. Жапсыру оқу іс-әрекетінен түрлі-түсті қағаздан қуршақтың көйлегіне гүлдер, дөңгелектер жапсыру. Қуыршаққа сыйлық жасау. 7- бала қуыршақтың көйлегін әсемдейді. 4- бала моншақтарды, гүлдерді, түсті қағаздармен көйлекке жапсыру. Балалардың жұмыстарын бағалау.

Қуыршақ: Рахмет, сендерге балалар! Сендердің сыйлықтарың маған ұнады. Сендер барлық тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Өте білімді, өнерлі, дарынды балалар екенсіңдер. Менің көңілім көтерілді, сендерге риза болдым. Тағы да «Білім әлеміне» келіңдер. Сау болыңдар балалар, келесі кездескенше.

Қорытынды: Тәрбиеші: Ал енді соңғы бір алма қалыпты, соны кім үзіп алады? Бір бала алманы үзіп әкеліп, 7 тапсырма орындалады.

Үстел үстіндегі қағаз алмаларға балалар көздерін жұмып, үрлеген кезде, алмалар шын алмаға айналады, алмаларды балаларға беру.

Балалар қонақтармен қоштасып, ұшып болып ұшып кетеді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
1496
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12