400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне тарту оқу тәжірибесі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасына қол жеткізуде шетелдік білім ордаларымен тәжірибе алмасудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы проблема – әлеуметтік-педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыру. Болашақ педагог мамандардың педагогикалық қызметті меңгеруі тек теориялық оқу мен практикалық тәжірибе өзара байланыста болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Материалдың қысқаша нұсқасы





ЕСЕП


Білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасына қол жеткізуде шетелдік білім ордаларымен тәжірибе алмасудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы проблема – әлеуметтік-педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыру. Болашақ педагог мамандардың педагогикалық қызметті меңгеруі тек теориялық оқу мен практикалық тәжірибе өзара байланыста болған жағдайда ғана жүзеге асады. Кәсіби компоненттердің іскерлігі мен дағдыларын дәрісханада ғана отырып қалыптастыру мүмкін емес. Педагогикалық практикадан өту кезінде студент-практикант қаншалықты мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтайды. Тек ұзақ мерзімді практикада студенттердің бұрын меңгерген білімі мен қажетті білім қоры арасындағы қайшылықтары айқындалып, үздіксіз білім алу факторы туындайды. Студенттің кәсіби әрекеті мазмұнды материалдардың негізінде, практика барысында жетіледі. Бұл кезеңде студенттердің іскерлігі мен дағдылары қалыптасады және өзіне деген сенімі артады. Шығармашылық деңгейде жұмыс істеу барысында олар өз білімдерін дәлелдейді. Студент-практикант өз іс-әрекетін талдай отыра, жұмыс барысында туындаған қиыншылықтарды іскерлікпен шешеді

Каспий өңірі «Болашақ» колледжі білім алушылары өз кезегінде барлық оқу және өндірістік практикаларды өз кезегінен қалмай оқу процесімен қатар жүреді. Оған дәлел, «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 1-курс студенттері Фк -21с\о тобы 01.12–14.12.21 аралығында «Білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне тарту оқу тәжірибесі» оқу тәжірибесі колледж базасында өткен болатын.

Оқу тәжірибе барысында: Практика кезінде студенттердің оқу-тәрбие жұмыстарында байқалған жақсы жақтары көп болды: өздеріне сенімді болып, еркін ұстауы, жауапкершілікті сезінуі, сабақты түрлендіріп (жаңа технология элементтерін пайдалана алуы) өткізуі, көрнекіліктері эстетикалық талапқа сай болды.   Мекеме қызметін реттейтін нормативтік –құқықтық құжаттармен танысты, сыныптағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырумен,дене тәрбиесі мұғалімдердің жұмыстарымен танысу жұмыстары жүргізілді. Дене тәрбиесінен оқу жоспарын,оқу бағдарламаларын,оқулықтарын талдап, дене тәрбиесі мұғалімдерінің оқушыларымен оқу жұмысын жоспарлау жүйесін

зерттеді. Дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына қатысу,талдау жұмыстары жүргізілді.Жылдық кестесімен танысты. Практика кезеңіне оқу материалын бөлу жоспар-сызбасын жасақтау,дене тәрбиесі мұғалімінің тәрбиелік қызметін бақылап және талдады. Жоспар-сызба мазмұнына сәйкес


бір топқа арналған оқу-жаттықтыру сабағының жоспарын дайындауды үйренді. Сабақтан тыс іс-шаралардың жоспарын жасақтау,ұйымдастырып, ашық сабақ жоспарлау,өткіздік.  Спорттық іс- шара ұйымдастыру,өткізді.  Жылдық және қысқа мерзімді жоспар жасақталды. Машықкердің қорытынды есебін тапсырды. Практика кезінде берілген тапсырмалардың барлығы толықтай қамтылды. Әр түрлі жазғы спорт ойындар ойнатылды. Студенттер оқу тәжірибесінде көптеген мәліметтермен таныс болды.

Мақсатты ұйымдастырылған және тиянақты өткізілген оқу практикасы студенттерді оқыту мен тәрбие жұмысының қазіргі өмірімен байланысын күшейтуге, болашақ ұстаздың балалар және жасөспірімдермен байланысын күшейтуге, олармен тығыз қарым – қатынаста болуына және студенттің пән бойынша психологиялық – педагогикалық білімінің қалыптасуына оң әсерін тигізді.

































Тәжірибе жетекшісі Қосымбаева Н.Ж





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
1528
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі