Білім сапасын жақсарту: олқылықтарды анықтау,талдау,түзету
Қазіргі заман талабына сай еліміздің білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер болып жатқаны туралы бәрімізге мәлім. Білім беру саласында оқушылар үшін терең білімнің де, соған сәйкес тәжірибелік дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігі туралы тұжырым қалыптасты. Әлемді жайлаған пандемия білім саласына да өз әсерін тигізді. Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарындағы оқу процесі екінші жыл әлемді жайлаған пандемияға байланысты көпшілік сыныптардың қашықтықтан оқуына тура келді. Әрине, оқушының мектепке келіп алған біліміне қарағанда үйден оқығанының сапасы жер мен көктей екені жасырын емес. Бұл деген сөз оқушылардың білім деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғары белгілі жайт. Балалардың денсаулығы бірінші орында тұрғандықтан қашықтықтан оқу қажеттігі туды. Ендігі мәселе, осы білім алуда кеткен олқылықтарды қалай жоюға болады деген сұрақ төңірегінде ойланып шешім қабылдау. Өткен 2020-2021 оқу жылында оқушылардың білім алуында кеткен олқылықтарды толтыру мақсатында біршама жұмыстар жүргізілді. Бекітіліп берілген вариативтік сағаттардың есебінен берілген қосымша сағаттарда оқу жылының екінші жарты жылдығынан бастап, қосымша сағаттар ұйымдастырылды. Қосымша сағаттарды ұйымдастыру барысында бастауыш сынып және пән мұғалімдері білім көрсеткіштерінде олқылықтары бар білім алушыларды қосымша сағаттарға шақырып, түзету жұмыстарын жүргізді, осы түзету жұмыстарының нәтижесінде оқу жылының соңында олқылықтардың орны біршама жойылды. Мен ,мектеп басшысы ретінде, жаңа 2021-2022 оқу жылына алдыма көптеген мақсаттар мен міндеттерді орындауды қыркүйек айынан бастап ұжымыммен бірге осы олқылықтардың орнын жою үшін белгілеп отырмын. Мысалы, үйірмелер мен факультативтерге берілген сағаттарды математика , қазақ тілі, химия, физика, тарих т.б сабақтарының ережелерін қайталау арқылы еске түсіру жұмыстарына бағыттаймын.
Үлгерімі төмен оқушылардың жұмысын жандандыру мақсатында әрбір сыныптағы оқушыларға қандай тапсырмалар жеке жұмыстар дайындағандарын жіті бақылаудан өткіземін. Сондай-ақ талантты және дарынды көшбасшы оқушыларды жаһандық тәжірибеден үйренгеніміздей «Көпіршелер» тұрғызу арқылы көмек қолын созуға мүмкіндіктер туғызамын. Тәжірибелі ұстаздар сыныпта орын алған олқылықтарды жоюды өздері де біледі және сол үшін тер төгуден аянып қалмайды. Білім сапасын жақсартуда пән бойынша үнемі ізденісте болу,ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізу, және жүргізілген зерттеу нәтижелерін талдау, оқытудың тиімді әдістерін таңдау, дамыта оқытуды сабақта жиі қолдану қажет. Оқушылардың білім сапасын арттыру, аз уақытты ұтымды пайдаланып, көп нәрсе үйрету ол мұғалімнің шеберлігіне де байланысты, демек, оқушылардың оқу іс-әрекетін шебер ұйымдастыра білуіне де байланысты болады. Оқу сапасын арттырудың басты бөлігі оқытуда теорияны жақсы меңгерумен қатар, оны практикада орынды қолдану, оқыту бағдарламасын , мектептің оқу материалдық базасын жақсарту, мектепті оқу құралдарымен жабдықталуын бақылау, мектептегі мұғалімдердің сабақ беру шеберлігі бәрі де оқу сапасына әср етеді. Жоғарыда айтылғандардың бәрін жіті бақылап, сапасы төмендеген сыныптардың олқылық қай жерінен кеткенін табу үшін мектепішілік бақылауға қоямын. Білім беру ісінде оқушыларға саналы білім беру үшін, олардың танымдық іс-әрекетінен нәтиже шығу үшін, әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдаланған жөн. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлкен үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас және достарымен бірігіп жүргізген жұмыс оқушылардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіні айтылған.(МАН. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық).
Мен мұғалімдерге білімнің нақты түрде оқушыға түсінікті болуна баса назар аударуын талап етемін. Себебі білім оқушыға түсінікті болғанда ғана ол оқушы тарапынын игеріледі. Ол үшін оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік жарату керек. Оқушының біліміндегі олқылық қай жерде екенін анықтау үшін тест тапсырмаларының маңызы зор. Ол жерде оқушының қай сұрақтан сүрінгенін анықтап, сол бойынша қайталау сабақтарын жүргізген жөн. Бұл олқылықтардың орнын толтыру үшін қажырлы еңбек, шыдам қажеттігі баршамызға мәлім. . «Мұғалімдер өз жұмысына жеткілікті уақыт бөле білулері керек, оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, жалпы алғанда оның оқуын барынша дараландыру және баланың бойында метасананы –қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оның тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары керек» ( МАН 4-бет) Осы сілтемеге сүйене отырып, жаңа форматтағы мұғалімнің қандай болуы керек, оның сабағында қандай тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалануы қажет деген сұрақ төңірегінде ойлана келе, осы жылғы яғни, 2021-2022 оқу жылына дайындалған мектептің даму жоспарына осы олқылықтардың орнын жою мәселесі бойынша да деңгейлік мұғалімдерімен отырыс өткізіп, іс-шаралар дайындаймыз. Джонн Флейбеллдің пікірін ескре отырып, балалардың бойында метасананы қалыптастыруға, өзінің қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мүмкіндіктер жасауға кеңес беремін. Бақылау нәтижесінде көрсеткендей, ол тест түрінде болсын, жеке дайындалған тапсырмалар түрінде болсын нақты қай жерден бала тақырыпты меңгермегенін анықтап, сол тақырыпты қайта түсіндіру немесе баланың деңгейіне қарай тапсырманы жеңілдету арқылы баланың өзіне деген сенімін оятып, бірте-бірте күрделендіре түсуге мұғалімдерге кеңес беремін. Қазiргi қоғамның талабы – заман талабына сай, бәсекелестiкке қабiлеттi болу деп ойлаймын. Осыған байланысты әр ұстаз әлеуметтiк, экономикалық өзгермелi жағдайларда өмiр сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игi ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыруда үлкен еңбек жасау қажеттігін мектептегі әрбір ұстазға түсіндіруден әсте жалыққан емеспін.. Мұндай тұлғаны дайындау үшiн мұғалiмнiң де осы талаптарға сай болуы шарт. Дәрігерлермен қатар ұстаздарға да артылған жүктің ауыр екенін мектеп басшысы ретінде сезінемін, және осы оқушылардың білім алуында кеткен олқылықтарды жоюда күресемін. Ол үшін ұжыммен бірге пән мұғалімдерінің бақылау нәтижелерін сараптап, біріншіден, олқылықтарды анықтап аламыз. Сол кемшіліктермен қандай іс-шаралар жүргізетін яғни, қосымша оқытатын уақыттарын белгілейміз. Оқытудың тиімді әдістерін табу, оқушыларды дамыта оқыту, анализ, синтез, болжау әдістерін сабақта жиі қолдануды енгізу. Әрине мұның бәрі қыруар еңбекті қажет етеді, олқылықтарды да бірден жою қиын, бірақ үнемі тиімді жұмыс түрін қолданатын болсақ, кейін дағды да қалыптасатыны анық. Алдыма қойған мақсатым, әрбір күнімді оқушыларға саналы да сапалы білім беруге ұжымымды жұмылдырсам, мектептегі әріптестерімді осы білгеніммен бөлісіп, олардың да пікірлерімен бөлісіп, жұмыла көтерген жүк жеңіл деп бұл қиындықты да еңсереміз дегім келеді.
Пайдаланылған әдебиет: [ МАН]
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Білім алушылардың біліміндегі олқылақтарды жою, түзету

шағым қалдыра аласыз