«БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ -АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ СЫНЫП ЖЕТЕКШІНІҢ ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ -АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ СЫНЫП ЖЕТЕКШІНІҢ ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндама сынып жетекшілер әдіс-бірлестігінің жетекшісі қызметін атқырып жүрген мұғалімдерге және сынып жетекшілерге бұл тақырыпты жұмыс жоспарларына енгізуге болатын қажетті материал деп білемін. Қазіргі таңда білім берудің өзекті мәселесі жас өспірімдерге адамгершілік ─ рухани тәрбие беру болып табылады. Баланың бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, рухани дүниесі бай балаларды қалыптастыру керек мақсатында жазылған. Сонымен қатар тәрбие берудің жұмыс жүйесі айтылыды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама:

Дайындаған: Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы «№ 2 Бадамша орта мектебі» КММ.

Бастауыш сынып мұғалімі Ермаганбетова А.С

2023 жыл


 

 «Білім алушылардың рухани -адамгершілік тәрбиесін ұйымдастырудағы сынып жетекшінің жұмыс жүйесі»    


Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы қандай?

Алдымен «Рух» дегеніміз не? Рух сөзінің жалпылама мағынасы – «жан», «тән»деген -дене, тәнге жан беріп, өмір сүргізетін күш, яғни жан болып табылады.

Жалпы бұл этимологиялық кестеге қарап «рухани» сөзінің «жан» және «өмір» сөздерімен байланысы бар екенін аңғарамыз. Біз күнделікті өмірде «рухани байлық», «рухани құндылық», «рухани мәдениет» сөздерін жиі қолданамыз. «Руханилық» ұғымын анықтау үшін осы айтылып кеткен «рухани» сөзімен байланысты ұғымдарды кеңінен қарауымыз керек.

Рухани мәдениетке халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, аңыз, қиял – ғажайып әңгімелері , діни-наным сенімдер жатады. Рухани мәдениет – қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз. Рухани құндылық дегеніміз – рухани мәдениеттің баламасы десек те болады. Ал рухани байлық деген ол мүлдем бөлек әңгіме.

Рухани байлық дегеніміз – мына өмірдің ақиқатына жетуге ұмтылу.
Қай ғасырда болсын тәрбие мәселесі назардан тыс қалған емес.
.

   Қазіргі таңда білім берудің  өзекті мәселесі жасөспірімдерге адамгершілік ─  рухани тәрбие беру болып табылады. Баланың бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, рухани дүниесі бай адамдарды қалыптастыру керек. Адамгершілік сияқты қасиеттерді шыр етіп дүниеге келген кезінен дарытып, отбасынан бастау керек. Жасөспірімдердің іс-әрекеті, мінездері, яғни адамгершілігі  өзара қарым-қатынастарында көрінеді. Яғни, адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеуді күнделікті өмірде ойната және оқыта отырып, жүзеге асырамыз. Балаларды дұрыс тәрбиелеу тәрбиешінің балалармен жақсы қарым-қатынасынан, іс-әрекетінен байқалады. Мұндай мақсатқа бағытталған жұмыс еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуге, өзін-өзі басқаруды және өз қолымен жасай алуды соған қуана білуді дамытуға үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелейді. Тиімді ұйымдастырылған оқу-тәрбие жағдайлары бала тұлғасының дамуына ықпал жасап, белсенділігін бірте-бірте қалыптастырады. Әр балаға қамқорлық жасау – бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы.

     Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана─сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар─ожданы мол, еңбектенуден шаршамайтын, бойында жақсы қасиеттері көп қалыптасқан ұрпақты тәрбиелеу. Адамгершілік – адамның рухани байлығы, ол адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасымен сипатталады да,  олар адамдарды сыйлауға, құрметтеуге, қайырымдылыққа, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелейді. Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек қана жақсылыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелесе  ұстаздың да ата-ананың да еңбегінің ақталғаны. Баланың рухани жетілуі үшін, , оған рухани саналықты меңгерту қажет. Баланың рухани санасы – өзінің өмірдегі орнын, өз тағдырын, отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластықты сезінуі. Дәстүрлі құндылықтарымызға сай, жастар мен балалардың, рухани дүние танымын қалыптастыру қажет. Жас ұрпақтың өмірде дұрыс жол таңдап, адами құндылықтарға жат ақпараттарды ажырата білуіне үйрету. Әрбір жасаған жақсылығың жүрегіңді қуанышқа бөлеп,   өміріңді ұзартады, жамандық жүйкенді тоздырып, күйзелтеді. 

Рух күшті болу үшін бір-бірімізге жақсылық жасауда биік адамгершілік қасиет керек. Жасөспірімдерді рухани тазалыққа тәрбиелеу үшін, ең алдымен: ой-сана, сөз, іс, таза қылықты қолға алу керек. 

Ой-сана тазалығының бірінші көрсеткіші – тіл тазалығы, сонымен қатар ол рухани білім мен тәжірибені күнделікті жетілдіріп, баланы қоғамдық өмірде ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйретіп,  сөзіне, ісіне жоғары деңгейде қарауға үйретуіміз керек.

Кез-келген мәселені ақыл оймен саралап, өмірлік тәжірибеге айналдырып  қолдана білуді оқушы өзінің ой-санасымен шешуі қажет. Бабаларымыз «ақылмен мыңды жығарсың» деп айтқан, баланы сондай ақылдылық үйретуіміз керек. Әрі іс-әрекеті де сол жағдайға сай, пайымды, әрі саналы болуы тиіс. 


Осылардың барлығы адамгершілік рухани  тәрбие ұғымына саяды. 

Бұл тәрбиені оқушы жанұясы мен мектептен алады. Ұстаздың бала тәрбиесінде алатын үлесі зор, жоғарыда аталған қасиеттерді шәкірт бойына сіндіру біздің парызымыз.

Адамгершілік – тұлғаның адамгершілік сана-сезімін, іс-әрекетін қалыптастыратын, құндылық бағдарын айқындайтың құрал.

Адамгершілік - рухани тәрбие─оқушылардың  бойында мінез-құлықтың белгілі-бір сипаттарын қалыптастыру. Ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиеден бастайды. Оның адамгершілік сезімін, сенімін белгілі-бір мақсатқа, бағытқа жетелеу, іс-әрекеттерін ұйымдастыру осы тәрбиеден бастау алады. Ұстаз шәкірттерінің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілдігін, ілтипаттығын, жауапкершілігін қалыптастырады. Бүгінгі күнде әлемдегі болып жатқан соғыстар, адамдардың арасындағы қайшылықтар, алауыздықтар, желідегі кейбір ойындар баланың сана-сезіміне кері әсерін тигізеді. Сондықтан қазіргі таңда балаға жол сілтеп отыратын ақылды ата-ана, ұстаз қажет.

   Жаңа үлгідегі жаңа талаптарға сай мектеп оқушыларына рухани тәрбиені әртүрлі әдістермен беруге болады. Адамды адам қылатын осы қасиеттер, адамгершілік, жанашырлық, сыйластықты оқушы қоршаған ортасына қарап үйренеді. Ал қоршаған ортаны балаға біз, яғни ата─ана мен ұстаздар жасаймыз.

     

Оқу үрдісіне рухани─адамгершілік тәрбиені қосу түрлері:

Балаға жастайынан адамгершілік қасиеттерді бойына дарытып, ойына сіңдіру керек.  Бұл үшін үш мүмкіндік бар:

  • кез─келген пәнді оқытуда рухани─адамгершілік құндылықтарды қосып отыру;

  • осы құндылықтарды сыныптан тыс сабақтарда дамыту;

  • оқу бағдарламасына арнайы сабақтар енгізу.


Кез─келген пәнді оқытуда рухани─адамгершілік құндылықтарды қосып отыру

Рухани тәрбие әлемдегі әр құбылыстарда көрініс табады. Сондықтан оны қалаған пәніңізге арқау етуге болады. Әрбір пән оқушыда адамгершілік қасиеттерді дамытуға үлес қоса алады. Мысалы, қазақ тілі сабағында бір тақырыпты бекіту үшін оқулықтан мәтін беріледі. Сол тұста оқушыға талдаумен қоса, рухани тәрбие беретін мағынадағы мәтінді ұсынуға болады. сонымен қоса тәрбие сағаты кезінде оқушыларды адами құндылықтарға тәрбиелеуге машықтанған дұрыс. Себебі тәрбие сағатының уақыты осыған арналған.


Рухани құндылықтарды сыныптан тыс сабақтарда дамыту

     Оқушыларға рухани─адамгершілік құндылықтарды сыныптан тыс өткізілетін факультатив сабақтарда, әртүрлі тақырыптағы кештерде беруге болады. Мысалы, әдеби кештерде оқушылардың өздеріне жақсы рухани тәрбие алатын шығармадан сахналық көрініс дайындату-тәрбие беру жолдарының ұтымды тәсілі, себебі оқушы мәтінді тек оқымай, оның өн бойына еніп, өз басынан өткендей болады. Әрі өз ойымен пайымдайды, тұжырым жасауды үйренеді. Сонымен қоса, әр сыныпта бекітілген тәрбие сағаттарының мазмұнын рухани-адамгершілік тақырыпта өткізуге болады.

Мысалы:Тақырып: «Сынық құмыра» ведиосын көрсету.

Міне осындай мысалдарды келтіре отырып, оқушыға мәлімет беріп, әрі рухани-адамгершілік құндылықтарын байыта аламыз. Оқушыға адамды танып білмей,өзінен төмен санамау,ар –намысына ауыр сөздер айтпау сияқты адамгершілік, бауырмашылдық,мейірімділік қасиеттерін бойына сіңіру отырып тәрбиелеу болып табылады.


Оқу бағдарламасына арнайы сабақтар енгізу

       Жалпы адамгершілік құндылықтар арнайы сабақтарда да берілуі мүмкін. Ондай сабақтарда міндетті түрде тақырыпқа шығармашылық тұрғыдан қарау керек. Сонымен қоса, мұғалім осындай сабақты өткізгенде, мына мәселелерді ескеру керек:

  1. Жаттандылықтың болмауы керек, өзге пәндерге қарағанда, бұл сабақтардың тақырыптары қатып қалған ғылыми қағидаға, фактілерге сүйенбейді.

  2. Бағалаудың болмауы.  Мұғалім бұл сабақтың адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу мақсатында өткізіп жатқанын естен шығармауы керек, оқушыларды бөліп- жармай, олардың барлығына бірдей, өмірдегі қиын жағдайларда көмек болатындай тәрбие беруге міндетті.

  3. Уақыттың молдығы,еркіндік  қажет. Сабақ өту барысында уақытты молынан пайдалану керек, әрі сабақ оқушыға еркіндік жағдайда, ортада өтуі қажет.себебі оқушының қабылдауына, еркін ойлануына ешнәрсе кедергі болмауы тиіс.

  4. Өмірмен байланыс. Сабақ барысында мұғалім өзіне мынадай сауал қоюға тиіс: « оқушылармен өтіп жатқан тақырыбым оқушылардың өміріне қаншалықты жақын, мен олармен не туралы сөйлесем?»

  5. Ұстаздың бейнесі. Ұстаз өзі үйретіп отырған құндылықтардың өз бойында да бар екенін көрсете білуі тиіс, себебі оқушы бірінші ретте өтілген мәселені, құндылықтарды ұстазының бойынан табуға тырысады.  

     Ұстаздың бейнесі Адамның қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Адамгершілік тәрбиесі жаттанды сабақпен емес, баланың жан-дүниесіне әсер ету, ояту арқылы қалыптасады.

«Анау жақсы, мынау жаман» дей бергеннен гөрі, іспен дәлелдеп көрсету керек. Қазақ халқының  тәрбиесі өзгеге ұқсамайтын мән-мазмұн, ерекшеліктерге толы. Бабаларымыз ұрпағын әдепті, ар ұятты, мейірімді,адамгершілігі мол, рухани жан дүниесі бай етіп тәрбиелеуге мән берген.Б ұл мәселе сонау Шоқан, Ыбырай, Абай дәуірінде де өзекті болды.

Рухани байлығымыз әдет – ғұрып салт, мәдениет, әдебиет, өнер болса,бүгінгі тәрбиенің міндеті – сол ұлттық байланысты жанаша озық ұстанымдармен байланыста, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.

Әр баланың өз сенімін ашу, нығайту.

Адамгершілік – рухани тәрбие берудің қағидалары:

  • Балаға жүрегінді сыйла

  • өзіңнің бала болғанды ұмытпа

  • өз тәрбиесіне өз еркімен қатысуына жағдай жаса

  • балаға қарым – қатнасымен қуаныш сыйла

  • мұғалімнің сөзі мен ісі шынайы болсын, жасанды болмасын

  • балаға қарым – қатынасың қуаныш сыйласын

  • бала сенімін сақтай біл

  • балаға сыйлы болғын келсе, баланы өзін сыйлай біл

  • баланың жан – дүниесімен санас

  • баланың кемшілігін көп алдында бетіне баспа, сеніп айтқан сырын шашпа

  • әр баланың ерекшелігін, жан – дүниесін ұға біл

  • баланың жетістігін үнемі көрсете біл.

Сонда:

  • Егер баламен достық қарым – қатнас жасасаң, ол адамгершілікке үйренеді

  • Егер баланы қолдай білсең, ол ұстазын сыйлауды, бағалауды үйренеді

  • Егер бала адалдықта өмір сүрсе, ол әділ, шыншыл болады.

  • Егер бала қауіпсіздікте  өмір сүрсе, ол адамдарға сене біледі

  • Егер баланы мақтаса, дұрысын дұрыс деп тапсаң, ұстазын құрметтейді

  • Егер баланы мазақ етсе, ол тұйық болады

  • Егер баланы көп сынай берсе, ол жек көруге үйренеді

  • Егер балаға қысым жасалса, қатыгез болады.

Адамгершілік  – рухани қасиеттерді үлкендерден, ұстаздарынан, тәрбиешілерінен насихаттау жолымен емес, сол қасиеттерді олардың бойынан шынайы көруі арқылы алады.

Қисық ағаш түзетуге келмейтін сияқты, балаға жастайынан дұрыс тәрбие беріп, түзу жолға салып жібермесе, кейін қисық жолдан шығарып алуға оңайға түспейтінін біліп жүрейік.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.04.2023
356
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі