Баяндама
Білім алушылармен тәрбие жұмысын жаңарту мен жетілдіру жолдары және тәсілдері.
Осы өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін — әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді. Ал XXI ғ. нағыз ұстазы қандай болмақ, кәзіргі заманда болашағы жас өсіп келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс тәсілдер қолдануда. Кәзір таңда білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу. Мектепке дейінгі ұйымдар үшін әзірленген, өңірлік әдістемелік орталықтың ғылыми кеңесінде бекітілген және қолдануға ұсынылған білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады. Тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мына бағыттар бойынша:
- физикалық дамыту;
Физикалық даму, балалардың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік- эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың физикалық белсенділігіне уақыт бөлінеді, ол қимыл белсенділігі, денешынықтыру-сауықтыру шаралары (таңертеңгі жаттығу, сергіту сәті, шынықтыру шаралары), мәдени-гигеналық дағдылар, ойын әрекеті, дербес белсенді және т.б. әрекеттер арқылы күн тәртібіне сәйкес ұйымдастырылады.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуді, қолдың ұсақ моторикасын және командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Балалардың сөйлеуін тек ұйымдастырылған іс-әрекеттерде ғана емес, күні бойы режимдік сәттерде, еркін ойын кезінде оларға түрлі сұрақтар қою (сұрақтарды қойғанда «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін жалпы сұрақтар немесе барлығы қосылып жауабын бірге айтуға арналған сұрақтар емес, әрбір бала жеке жауап бере алатындай сұрақтар) арқылы, балаларды көбірек сөйлесуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, олармен кез-келген мәселе бойынша әңгімелесіп, олардың пікірін тыңдау және т.б. арқылы дамыту
- танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту; Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін математика негіздерін күн сайын дидактикалық ойындар, танымдық әңгімелер, бейнелеу және құрастыру әрекеті, эксперимент жасау, арқылы ойын түрінде ұйымдастыруға болады.
- шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту; Балалар айналадағы болып жатқан оқиғаларды ой елегінен өткізіп, тәжірибе жинақтауы және дағдыларды игеруі үшін олардың қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін ашу ұсынылады, ол үшін балаларға жұмыс жасауға дайын үлгі беруді жиі қолданбау, бейнелеу құралдарын қолданып, бейнелерді, құрастыруларды өзбетінше жасауға ынталандыру, оларға еркіндік беру, тапсырманы шығармашылықпен орындауға баулу.
- әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы іске асырылады . Қоршаған ортамен танысу күн сайын объектілер мен заттарды бақылау (тірі және өлі табиғат) зерттеу, материалдармен эксперимент жасау, педагогтің сәйкес ақпаратты оқып беруі, кітаптарды және иллюстрацияларды қарау, әңгімелесу, қарым-қатынас, ойын әрекеті арқылы іске асырылады. Мұнда балалардың заттарды қолмен ұстап, зерттеуі, олардың қасиеттеріне талдау жасауы, заттарды қолдануы, туындаған сұрақтарға жауап беруі, өз бетінше сұрақтардың жауабын іздеуі мен табуы, алынған дағдыларды ойында қолдана алуы маңызды.
Педагогтің міндеті – өзінің түсіндіруіне көп уақыт бөлмей, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, түсіндіруді балалардың өзбетінше ой елегінен өткізіп, сұрақтарға жауап табуына, қолмен жасап, зерттеп, шешім шығаруына мүмкіндік беру. Ол үшін балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, ойын түрінде түрлі балалар әрекеттерін (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) ұйымдастыру. Баланы өзінің әлем туралы түсінігін құру құқығы мен мүмкіндігі бар және өз бетінше үйренуге белсенді қатысушы ретінде қабылдау. Балалардың түрлі әрекеттерін ұйымдастыруда баланың ынтасын, пікірін және тілегін ескере отырып, ойын түрінде, барлық балалармен бір уақытта ғана емес, сонымен қатар шағын топтармен өткізу.
Педагогтер үнемі өзін-өзі бағалау процесінде инновацияшыл және жауапты бола алады. Педагогтін негізгі қағидалары:
оқытудың кіріктірілген тәсілі;
баланы толыққанды дамыту;
ойын арқылы оқытуға баланы тарту;
балаларға өз білімін құрастырушы ретінде қарым-қатынас жасау;
маңызды өзара әрекет арқылы шынайы оқыту;
инклюзивті білім беру кеңістігін құру;
баланың жеке басын құрметтеу;
баланы дамыту мақсатында күтім жасау.
1. Оқу қызметіне балаларға өлең жолын айтқызу: Миға шабуыл, Айтылым
2. Балалар, мына сандықшаның ішінде қандай жануарлар бар екенін білу үшін суретке қарайық:«Сиқырлы сандықша» әдісі
3. Оқушылар жануарлар бейнесін таңдап мекендерін анықтауарқылы: Топқа бөлу «Мекенін тап» әдісі
4. 1 саты: буынға бөлу, 2 саты: дыбыстық талдау,3 саты: сызбаға байланысты сөйлем құру, тыныс белгісін қояды (лепті, хабарлы, сұраулы): «Сатымен өрлеу» әдісі
5 . Олар өзеннен көп балықтар аулапты. Балалар, балықтарды құтқарады:
6. « Балықшы Есбол мен Ербол» әдісі (оқулықпен жұмыс)
7. Балалар,шарларды бір-біріне лақтыру арқылы сұрақ қойып, оларға жауап береді:Рефлексия:«Көңіл -күй шар» әдісі
8. Алдыларыңда тұрған жануарлар бұл әртүрлі қимылдап қабылдайтын тіршлік иелері. Бүгін сабақта сен қай жануарға отырып қайттың? Кері байланыс:«Кім жүйрік?» әдісі.
Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
Баяндама
Тақырыбы:
Білім алушылармен тәрбие жұмысын жаңарту мен
жетілдіру жолдары және тәсілдері.
Дайындаған: Сапабекова Ж.Ж.
2023 ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз