Тақырып бойынша 11 материал табылды

БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МӘНІ

Материал туралы қысқаша түсінік
БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘОЖ 372.001.018


БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МӘНІ


Тойшиманова Дамира Альнуровна

Магистр, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

Тараз қ. damira_2308@mail.ru


Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы. Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқұқтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды. Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн.

Қазіргі уақыттағы білім беру бағдарламаларының мазмұны оқушы тұлғасын қалыптастыруға, дамытуға бағытталған. Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтауда философтар В.А.Василенко, А.Г.Здравомыслов т.б. еңбектерінде талдау жасалды. Жан-жақты талдаудың нәтижесінде «құнды бағдарлық» термині әлеуметтануда алғаш 1964 -1965 жылдары пайда болған.

Әлеуметтану жинақтарында жеке тұлғаның құндылық бағдарын – жеке тұлғаның әлеуметтік құндылыққа, яғни білімге, оқуға, еңбекке, қоғамдық жұмысқа, жанұяға деген құрметті қарым-қатынасын білдіретін ұғым ретінде қарастырылады.

О.Г.Дробницкий және т.б. авторлар өздерінің зерттеулерінде «құндылық», «құндылық қарым-қатынас», «баға», «құндылық бағдар» ұғымдарының мәнін ашып, түсінік берген. Бұл бағыттағы ізденістер кең көлемде жүрді. Сондай ғалымдардың бірі В.П.Тугаринов құндылықты екі топқа бөліп көрсетеді: өмір құндылығы (өмір, денсаулық, өмір қуанышы, адамдармен қарым-қатынас және т.б.), әлеуметтік-мәдениет құндылығы, әлеуметтік (техника, тұрмыс, тағам, киім т.б.) саяси (қоғамдық тәртіп қауіпсіздік бостандық, теңдік, әділеттілік, адамгершілік) мәдени-рухани (білім, көзқарас, пікір, ғылым, өнер). Сонымен қатар ол тұлғаның отан, еңбек және басқа да жеке құндылықтарын да көрсетеді.

С.Ф.Анисимов адам үшін шексіз оң әрекеттерді қалыптастыратын құндылықтарды (өмір, денсаулық, білім, жетістік, әділдік, мейірімділік және т.б.) ұсынады. Мұндай бағалы құндылықтарға қарама-қарсы жағымсыз құндылықтар (ұятсыздық, ерте өлім, ауру, аштық, мистика және т.б), тарихи жағдайларға және дүниетаным тұрғысына байланысты саяси идеологиялық, діни, адамгершілік, топтық деп жіктейді. Тарихи-әлеуметтік жағдайда құндылықтарды анықтау жүйесінде рухани құндылықтың беделі ерекше. Қоғамдағы тарихи процестің барысында құндылық жүйелілігі мәдени қоғамның өзегі, рухани өмірдің барлық өкілдерін, қоғамдық сананың барлық түрлерін біріктіретіні анықталды. Құндылықты жіктеу барысында ғалымдар мінез-құлық нормасы өмірдегі белсенділікке, жақын адамдарға қарым-қатынасқа т.б. баса назар аударып, сонымен қатар, құндылық бағдардың үш компонентін - ойшылдық немесе когнитивті (оған жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибесі енеді); сезімталдық; мінезділікті анықтады.

Аталған құндылықтарды мәні мен ерекшеліктеріне қарай жүйелеп, олардың барлық қоғамдық сананың, барлық рухани өмірдің, қоғам мәдениетінің, қоғамдық өндірістің ішкі өзегі болып табылатыны айқын көрінуде.

Құндылық бағдар мәселесін психологтар жеке тұлғаның рухани дамуының негізі және тұлғаның қоғамға, топқа, еңбекке, өзіне-өзі деген саналы қарым-қатынасының тұтас жүйесі ретінде қарастырады. Құндылық бағдар жүйесінде өлшемнің дұрыстығын табу арқылы жеке тұлғаның тұрақты және өзгеріске толы өмірге деген дайындығы, іс-әрекеті көрінеді.

Қоғамдағы адамдар айналасындағы оқиғалардың, адамдарда болатын құбылыстардың мәселесін С.Л.Рубинштейн қарастыра отырып, адамның мінез-құлқын реттеуде құндылықтың атқаратын іс-әрекетін атап көрсетті. Бұл процестің дамуындағы ерекшеліктердің әсерін, С.Л.Рубинштейн өмір сүру барысында құндылықтың аса жоғары бағалануын, оның өз ортасымен және басқа адамдармен қарым-қатынасындағы қайта құрулар, адам өміріндегі диалектикалық заңды нәтижелер болып табылатындығын анықтады. Көптеген философтардың пікірінше, егер белгілі ортада адамда жаңа идеялар қалыптасса, онда жаңа құндылық бағдарлар пайда болады деп пайымдайды.

А.Г.Здравомыслов өзінің тұжырымдамасында, «құндылық жүйесі» - қоғамдық сананың барлық түріне тән, рухани өндірістің барлық саласын біріктіретін ішкі мәдени өзегі, ал адамгершілік санада - қайырымдылыққа, шындыққа, сұлулыққа, әділеттілікке және еркіндікке деген сүйіспеншілік сияқты жоғары құндылықтар болып кіріктіріледі деп көрсетеді.

Осыдан қоғамда жаңаша ойлауды өмірдің өзі қажет етуі адамгершілік мораль теориясына сәйкес, құндылыққа бағдардың қалыптасу қажеттілігі туындайды. Құндылықтар жүйесінің құрылымын ұйымдастыру мәселесін дұрыс түсіну керек; бір құндылықты «төмен», екіншісін «жоғары» шығару емес, құндылықтардың жалпы және бірін-бірі нақтылайтын әр түрлі деңгейлі болатындығын көрсету керек.

Құндылық бағдардың әлеуметтік сипатын, мәдениеттің әр түрлі саласындағы көрінеді және жеке адамдардың әлеуметтік-психологиялық талаптарын байланыстырады.

Сондықтан, құндылықты жіктеу барысында, мінез-құлық нормасы өмірдегі белсенділікке, жақын адамдармен қарым-қатынасқа және т.б. баса назар аудара отырып, құндылық бағдардың үш компонентін - ойшылдық немесе когнитивті (оған жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибесі енеді); сезімталдық; мінезділік айқындалды. Сонымен, жеке тұлғаның мінез-құлықтық формаларын сұрыптай келе, құндылық бағдар жеке тұлғаның қалыптасуының негізі деп түсінуге болады.

Құндылық бағдардың құрылымын төмендегідей сипаттауға болады:

1-деңгей (төмен) көп жағдайда қарапайым мәселелерді құрайтын, төменгі қарапайым нұсқаларды топтастырады.

2-деңгейде эмоционалды (бағалылық); когнитивті (талдайтын); мінез-құлықтық белсенділіктен тұратын әлеуметтік нұсқаулар жинақталады.

3-деңгейде жеке тұлғаның құндылық бағдарының әлеуметтік нұсқауының ерекшеліктері жинақталады.

4-деңгей әлеуметтік белсенділіктің нақты саласына жеке тұлғаның қызығушылығының бағытталуын қамтамасыз ететін жалпы доминантты нұсқауларды айқындайды.

Жеке тұлғаның құндылық бағдары: жеделдету, қалыптасу, қорғану, танымдылық ішкі координациясын орындау сияқты маңызды іс-әрекеттерден тұрады. Сонымен бірге, әлеуметтік-мәдени рөлі мен әлеуметтік мінез-құлық деңгейі тура келетін негізгі тұлғаны анықтайды.

Құндылық бағдары түрлі формаларда құрылады. Оларға: өмірге белсенділігі, қабілеттілігі, өзіне талап қоя білуі, қызығушылығы, құндылық мақсаты жатады. Талапты ішкі қозғалыс ретінде анықтап, генетикалық құндылық, талап пен мүмкіндіктің қанағаттануынан туындайды дейміз. Құндылық бағдарды пайда, таным, тазалық, мейірімділік, әдемілік, қанағаттану, еңбекқорлық, ойшылдық деп бөліп оларға жеке-жеке талдау жасауға болады. Осыдан талаптың оңтайлылығы мен құндылық нақты талапты бекітеді және ол оны орындауға мүмкіндік беретін іскерліктің түрлі көріністерінен байқалады.

Бұл көріністер: еңбек, білім, мәдениет, саясат, құқық, денсаулық-демалысты қарым-қатынас, тұрмысты-жанұялық қарым-қатынас бір арнада бірігеді және оларды айқындайтын іскерлік дағдыларымен ұштасады.

Кейбір теориялық құндылық бағдар процесінің зерттеулерінде «құндылық», «құнды бағдар» категориясына бағынышты және әлеуметтік белсенділікпен байланысты екендігін көрсете отырып, мектеп оқушыларының құндылық бағдарының үш негізгі көрінісін атауға болады:

– қоғамның қазіргі уақыт талабына сай, қоғамдық-саяси дамуына жауап беретін көп қырлы білімге құндылық бағдарын қалыптастыру;

– дүниетанымы қалыптасқан қағидалар негізінде қоғамның әлеуметтік құндылығы идеяларына бағытталған, оқушылардың алдын-ала құндылық бағдарын қалыптастыру;

– мектептегі әртүрлі іс-әрекет түрлеріне, оқыту процесіне және қоғамның әлеуметтік құндылығын меңгеруге бағытталған, оқушылардың әлеуметтік құнды біліктіліктерін қалыптастыру.

Педагогика ғылымында құндылық бағдарды қалыптастыруға үлес қосып, білімді мойындау, талап ету, тәрбиелік ұжым құру сияқты компоненттерге басты назар аударылады. Құндылық бағдардың құрылым компоненті келешек мінез- құлықтың қалыптасу талаптарын дәлелдейді.

Оқушының жеке тұлғалық құрылымы психологиялық даму ерекшелігімен жүзеге асады. Негізгі психологиялық білімділік жасөспірімдер арасында қабілетті, сезімтал тұлғаны қалыптастыру, әлеуметтік құрылымның қоршаған ортамен қарым-қатынасына бейімделу бағытында жүргізіледі. Ол оқушылардың жеке дамуы - құндылық бағдарының құрылымына негізделеді.

Құндылық бағдар оқушылардың әлеуметтік жағдайлары мен іскерлік дағдыларының психологиялық құрылымына бағытталады. Сондай-ақ, құндылық бағдар тұлғаның сапалық жағынан қабілетті болуына мүмкіндік береді.

Жалпы құндылық жеке тұлғада қандай талаптардан тұратынына қарай, адам не үшін өмір сүретіндігін, неге ұмтылатындығын айқындайды.

Адамдардың өмірінде білім рөлінің өсуі, оның тікелей біліктілігіне, іскерлігіне, санасына, белсенділігіне байланысты. Осы тұрғыда адамгершілік, қоғамдық, саяси, діни, әдемілік, парасаттылық құндылықтарының байланысы құрылымын анықтаймыз:

– материалдық-сарамандық бағдар (материалдық пайда);

рухани - сарамандық бағдар;

– танымдық бағдар (құндылық);

– адамгершілік бағдар (мейірімділік);

– қоғамдық саяси бағдар (қоғамдық баға, саяси-еркіндік, теңдік т.б.);

– діни бағдар.

Осылардың ішінде бағдардың тірегі ретінде білімнің құндылық бағдары болып саналады. Арман - мақсат – саналы пікір құндылық бағдарға қажетті категорияларды ашып көрсетеді; адамның саналылығы мен саналы ой-пікірге өтуі, құндылық қарым-қатынасы құндылық бағдарға сай құрылады. Бағдар мақсатқа, пікірге сүйенеді. Қоғамдық еңбек іскерлікке оқушылардың көзін жеткізу процесін оқытуда жеке білім берудің маңыздылығы көрсетіледі. Білім беруде туындайтын негізгі мәселелер адамгершілік тұрғысынан көз жеткізуге, пікірдің дұрыстығына, әлемдік құндылығына бағытталады.

Сонымен қорыта келгенде, құндылық педагогикада тәрбиемен және жеке тұлғаның дамуымен, оны оқытумен, рухани қалыптасуымен байланысты. Сараптай келіп, жеке тұлғаның білімге құндылық бағдарын қалыптастыру, жүйелі түрде мейірімділік, сұлулық, танымдық сияқты айқындалған тәуелсіз диалектикалық–материалдық қадамдарды бөліп алуға мүмкін болады. Құндылық-адам, еңбек, отан өз бетінше белгіленген философиялық тұжырымдамада диалектикалық материалдық қадамдар. Адамдармен қарым-қатынас кезінде жаңа басқышқа көтерілер сәттілік бола қалса, өмірге ұмтылысы жоғарылап, ол адам бақытты болары сөзсіз.

Тұрмысы жақсы адам айналасындағы қоршаған ортаны өзгертуі мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, бақытқа апарар жолдың тағы бір белгісі-түзу жолмен жүру. «Өзгені де өзіңдей көр» ережесін ұстану қажет. Құндылық бағдар жеке тұлғаның құрылымдық элементтеріне лайықты болатын сапалық белгілерден тұрады. Біздер үшін құнды бағдар-саяси, идеялық, адамгершілік, сұлулық т.б. болып табылады.

Сонымен, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасап, зерттеу барысында, оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылығын тудыратын құндылық – ол білім, білімге деген құндылық бағдардың қалыптасуындағы шешуші рөл атқаратындығы анықталды.


Әдебиеттер тізімі:

1. Василенко В.А. Цценности и ценностные отношения // Проблемы ценности в философии. – М., 1996. – 33с.

2. Дробницкий О.Г. Мир оживших предметов. – М., 1997. - 44с.

3. Тугаринов В.П. О ценностиях жизни и культуры. – Л.: Изд-во. ЛГУ, 2010. – 156с.

4. Анисимов С.Ф. Ценности реальные и мнимые. - М., 1970.- 183с.

5.Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии. – М.: Педагогика, 2002. – 423 с.

6. Здравомыслов А.Г. Потребности. Интересы. Ценности. – М., 2000. – 160 с.






























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
02.12.2018
1519
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12