Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім беру жүйесіндегі ақпараттық коммуникацияның маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақта АКТ-ны тиімді қолданудың маңызы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру жүйесіндегі ақпараттық коммуникацияның маңызы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» –, деп жазылған. Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында қазіргі таңда республикада білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқыту әдістемесін өзгертеді.Бастауыш сыныпта оқытуда озық технологияларын пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға білім беру процесінде көмектесу. Оған: оқыту бағдарламалары, электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік жұмыстар ерекше орын алады.

Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.Педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа әдістемелерді қолдануды оқу үрдісіне енгізудің маңызы ерекше. Сабақтың тиімділігін оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін тақырып материалдарын оқып үйренуде, олардың әртүрлі ізденушілік бағыттағы тапсырмаларды орындауларынан байқауға болады. Оқытудың осындай жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы мұғалім де, оқушы да табысқа жетіп, білімін шыңдай түседі.

Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жанаша білім мазмұнын құру- жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе . Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылатын талаптар қай кездегіден де күрделі . Өйткені ,бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын нығайтады.

Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Қазіргі кезеңде педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық жағдайларда ХХІ ғасыр талаптарына сай тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.





























Орта мектепте әдебиет пәнінің ұлттық тәрбие берудегі оқу-әдістемелік мәселелері







ХХІ ғасыр -жаһандану ғасыры. Осы дүниежүзілік үрдісте кей елдің мәдениеті басқа елге үстем болуда. Ұрпағын өз халқының патриоты етіп тәрбиелеу - қай халықтың болса да тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарынын бірі. Ал біздің халқымызда бұл талап әрдайым жоғары болған. Ата - бабаларымыз кең далада өмір сүрген , сондықтан оларға «Атамекен, туған жер» ұғымы - әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талпынумен бітеді.Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім - тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы - тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы - батыр халық». Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ елкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі кейінгі ұрпақка қашан да болса өнеге болмақ.“Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз - Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін - өзі айқын билеу. Олай болса, осы міндетті орындау жолында тәрбие мәселесін қолға алып, ұрпақтарды аздырмай - тоздырмай қазіргі сауда - саттықтың, алдау - арбаудың ықпалына жібермей, етегіне сүйретпей еліміздің болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек”,- дейді ҚР-ның президенті Н.Ә.Назарбаев.«Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы туралы түсініктер оқу – тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс – шараларда Отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт – дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылады. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриоттық тәрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып ұлттық тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие дегеніміз ол оқшаулану емес, керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу, өрісі, дүнитанымы кең азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік болады деп түсіну қажет .Әлем халықтары қарым-қатынастарын туысқандық,достық,,өзара сыйластық деңгейінде дамыту-тарихи тамырластық негіздерін жаңаша бағалауға бағдарлайды. Оқушыларды қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу: әдебиет пәні арқылы ұлттық тәрбие беру- халықтық дүниетаным негіздері аясында жүзеге асыру маңызды.Ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса жырланып келе жатқан эпостық жырлар, ақын-жырау толғаулары, жазба әдебиет туындыларын оқыту барысында шәкірттердің отаншылдық сезімдерін қалыптастыруға болады.Қазақ поэзиясында түркі халықтарына ортақ дүниетаныммен туған жерді,байтақ даланы,атамекенді жырлаған өлеңдер айрықша орын алады.М.Жұмабаевтың «Туған жерім-Сасықкөл» , «Туған жер», «Орал тауы», «Алатау» т.б. өлеңдері ұрпақты өз елін сүюге тәрбиелейді.Сонымен қатар орта мектепте әдебиет пәнінің сыныптан тыс оқылатын сабақтарында туысқан қырғыз, қазақ халықтарының фольклоры мен әдебиеті мұраларына арналған зерттеу еңбектері қазіргі өркениеттік қарым-қатынастар арнасындағы халықтар мәдениетінің байланыстарын дамыту арқылы ұрпақтардың материалдық-рухани ықпалдастықтарды игеруіне қол жеткіземіз. Бұл жағдайлар мектепте Қазақстан тарихын оқытуды мүлде жаңа деңгейге көтеруді талап етіп отыр. Демек, пәннің оқыту мақсатын, білім мазмұнын өзгертуден бастап, бүкіл оқу-әдістемелік жүйесін жаңарту күн тәртібіндегі маңызды мәселе екені түсінікті. Бұлар да алдымен қазақ әдебиетін оқыту кезеңдерін, оның курс болып, қалыптасып жетілуін, соны қалыптастыруда қандай тенденциялар бел алды, мұның бәрі оқу жоспарларында, бағдарламаларда, оқулықтарда қалай көрініс тапты, оқытуда байқалған проблемалар қандай еді – деген мәселелерді шешкенде ғана жүзеге асыра аламыз. Сонымен қатар, мектептер мен мұғалімдердің талайдан жинақтаған тәжірибелерінің ұнамды, ұнамсыз жақтарын ғылыми ой елегінен өткізу де келелі мәселелердің бірі. Осыдан кейін оқыту әдістемесінің қалыптасуы деген маңызды ғылыми проблеманы шешуге болады. Қазақстан тілі мен әдебиетін мектепте оқытудың проблемаларын зерттеуде жүйеліліктің жоқтығы оның бүгінгі таңда өзекті мәселе екенін дәлелдейді.

Бағдарлама мен оқулықтарда оқушылардың азаматтық бейнесін қалыптастыруда және жүйелі, тиянақты білім алуына, оларда тарихи санасының ойдағыдай қалыптасуына әсер ететін әдебиеттің тәрбие құралы ретінде ықпалы зор.





Қорыта келе айтпағымыз, өткен тарихымызды оқып білмеген болашақ ұрпақтың болашағы да бұлыңғыр болатыны баршаға аян. Осыдан да болар жастарға пәнді оқытуда пәндік мақсат-міндеті мен пән ретіндегі даму кезеңдерімен, сол кезеңдердегі еліміздің өткен тарихын оқытудағы ақтандақтарын әдейі бұрмаланып ,саясаттандырылған кезеңдердің ара жігін ажырата білу, келешек ұрпақ үшін маңызды мәселе болып қалмақ. Өйткені, Отан тарихы мен әдебиеті – оны оқыту әдістемесі – патриоттық тәрбие берудің негізі.

Қазіргі орта мектептегі әдебиет пәні-шәкірттерді ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды ұлықтауға баулитын эстетикалық тәрбие құралы.Тарихи-әдеби даму үдерісіндегі оқу-әдістемелік,ғылыми-танымдық мәселелерді шәкірттер санасына сіңіру,ұғындыру жұмыстары орта мектептегі әдебиет пәндерін оқыту арқылы тәрбиелеу дидактикалық-педагогикалық ұстанымдар аясында қарастырылады.Сөз өнерінің оқыту мен тәрбиелеу тұтастығындағы эстетикалық ықпалын айқындай түседі.Тәуелсіз мемлекеттің өткені мен бүгінін,болашағын сабақтастыратын дүниетаным иелерін тәрбиелейміз.Сонымен қорыта айтарымыз, қазақстандық патриотизм - бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт - дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс. Отан – от басынан басталады десек, туған өлкеміздің көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білгізудің мәні зор. Азаматтардың биік отаншылдық сезімі бүгінге ғана емес, ертеңге де, болашаққа да керек.





Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Гродеково орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, мектеп директоры Абдирова Гулсара Мамбеталиевна



















































































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2018
307
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12