400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды пайдалану арқылы сабақта жаңа технологияларды пайдаланып, заманауи бағытта көрнектіліктермен сабақ өткізе алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ


Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігіндегі түбегейлі өзгерістер –

тарихи объективті процес. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат – білім беру жүйесін қайта қарап, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз болуда. Қазіргі талап білім сапасы оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуына, тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалана білуімен өлшенеді деп тұжырымдалған. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке жағдайлар жасау; оқытудың ииновациялық технологияларын енгізу, білімберуді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген болатын. Бұл міндеттерді шешу үшін білім беру ошақтарында, әр оқытушының күнделікті ізденіс арқылы ғылымға барлық жаңалықтар, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибе қажеттігі туындайтыны анық.

Қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесінің басты міндеті – орталық буынның заманауи білім беру үрдістерін меңгеру, ақпараттық технологияларды жаппай енгізу. Яғни, көрсетілген міндеттерді орындай отырып, біз инновациялық оқытуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған, өз бетінше шешім қабылдай білетін, басқалармен пікір

бөлісетін білімді ұрпақты тәрбиелейміз. Баланы қызықтыра тәрбиелеп басқару, оқушының білімге ғылымға деген құлшынысын күшейтеді, өркендеуіне өте қажет шығармашыл қасиеттерін ашады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты.

Педагогикалық технология дегеніміз – оқытушының өзін-өзі ұстай білуі, айқағыштығы, алғырлығы, сөзге шешендігі. Қазіргі заманғы педагогикалық технология төмендегідей негізгі әдістемелік талаптарға сай болуы тиіс:

1) Технологиялық сызба (карта) технологиялық үдерістің оны жеке функционалды бөліктерге бөлу және олардың арасындағы логикалық байланыстарды белгілеу арқылы көрсететін шартты бейнесі болуы қажет.

2) Әр педагогикалық технология тәжірибеде игерудің белгілі бір ғылыми тұжырымдамасына негізделуі тиіс: білім беру мақсаттарына жету үдерісінің ғылыми негіздемесі болу шарт.

3) Педагогикалық технологияның жүйелік сипаттары: үдерістің логикасы, барлық бөлшектерінің өзара байланысы, тұтастығының болуы қажет.

4) Оқу үдерісін жобалау, жоспарлау, мақсатын анықтау мүмкіндіктері ескерілуі керек: кезеңді диагностика, нәтижелерді түзету мақсатында әдістер мен құралдарды түрлендіру мүмкіндігі қаралуы қажет. 5) Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бәсекелестік жағдайда қызмет. 6) Педагогикалық технологияны басқа білім беру ордасында басқа субъектілердің де пайдалануы. Бастауыш сыныптардағы тиімді технологиялар: ойын арқылы оқыту, білім беруді ізгілендіру, дамыта оқыту, түсіндіре оза оқыту, ақпаратты оқыту, зерттеу технологиясы, көрнекілік технологиялары болып табылады: Сабақты пысықтауға: әуелі озаттар, сосын ортаншылар, ең соңынан нашар оқушылар қатыстырылады; бірте-бірте толық дербестікке жету; сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас;

оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; үй тапсырмасын тек оқушының мүмкіндігіне қарай беру; білім, білік дағдыны дамыта меңгерту; түсіндіру. Жаңаша әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: балалардың оқуға қызығушылығы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, пікір таластыра білуді, ойын жүйелі түрде жеткізуді, зерделеу қабілетін дамытуды, салыстыру, байқағыштық қасиеттерін үйренеді. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық күшін қалыптастыру және оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда әр түрлі бизнес-ойын түрлері, топтастыру, сәйкестендіру, толықтыру стратегиялары, онлайн басқатырғыш, сергіту жаттығулары, мультимедия, интернет кеңістігін,

электронды оқулықтар кеңінен қолданылады. Бұл технологияның ерекшелігі – оқушының танымдық белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыра білу. Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру мұғалімнің оқушының өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына себін тигізеді. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап баланың берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, балаға өз ойын рет-ретімен толық жеткізуді үйрету болып табылады. Өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік беру, оған пікір еркіндігін сездіру баланың

сол сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар сабақ барысында интерактивті тақта, мултимедия, электронды оқулық, көрнекіліктерге жүгіну оқытушыға уақытты үнемдеуге, аз уақыттың ішінде бірнеше баланың білімін бағалауға, бағдарламадағы материалды қай дәрежеде меңгергенін айқындауға мүмкіндік береді, яғни бұл арқылы біз баланың білім деңгейін қадағалаудың ең тиімді тәсілі. Қорыта келгенде, кез-келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады. Сондықтан, бірінші кезекте, білім әлеміне еніп жатқан инновациялық технологияларды реттеу, жүйелеу және сұрыптау қажет. Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы оқу материалдарын оқытуды бір жүйелікпен үздіксіз жүргізу, оқу-тәрбие үрдісінде оқытуда пәнаралық байланыстардың болуын қарастыру. Педагог жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды сабақ барысында пайдаланса, ол өзін-өзі дамытады және қалыптастырары анық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
09.06.2026
1
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12