Білім беру жүйесіндегі педагогтың иновациялық қызметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім беру жүйесіндегі педагогтың иновациялық қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Биология сабағындағы оқыту формалары жүйесіне жалпы сипаттама 2. Биология сабақтарында ақпараттық комункациялық технологияларды тиімді пайдалану
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ғылым және иновация: мәселелер және жетістіктер»



«Блім беру жүйесіндегі педагогтың иновациялық қызметі»



















Биология пәнінің оқытушысы:

Елдашбаева Жанат Асқарқызы

Ақтөбе инустриалды кәсіптік колледж
















Ақтөбе 2023жыл



Баяндаманың мақсаты: Билогия сабағындағы ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім алушыларының пәнге деген қызығушылығын арттыру, білім сапасын көтеру.

Баяндаманың міндеттері:

  1. Биология сабағындағы оқыту формалары жүйесіне жалпы сипаттама.,

  2. Биология сабақтарында ақпараттық комункациялық технологияларды тиімді пайдалану.,


Жоспар:

Кіріспе

  1. Биология сабағындағы оқыту формалары жүйесіне жалпы сипаттама

  2. Биология сабақтарында ақпараттық комункациялық технологияларды тиімді пайдалану

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер




























Тақырыбы: Биология сабағындағы ақпараттық технологияларды қолдану



«Суда қалай жүзу керектігін білетін»,

бірақ өзі жүзе алмайтын құтқарушы бола алмайды.
А.Н. Леонтьев

Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын, ойшылдары мен зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсіргені күмән туғызбайды. Жаратылыстану бағытының пәні болып табылатын - биология пәні орта оқу орындарында және техникалық кәсіптік білім беру мекемелерінде оқытылып келеді. Биология пәнінің оқытылу мақсатына тоқталмас бұрын оқу үрдісіне сипаттама беріп көрейік.

Оқу үрдісі - адамзат тарихында ғасырлар бойы жинақтаған ақпаратты келешек ұрпаққа саралап, жол көрсетуге арналған нұсқаулық іспеттес. Жалпы оқытудың мақсатын анықтау – бұл оқулық пәнінің әдістемесінің проблемасы болып табылады. Оның шешімі биология пәнінің мазмұны, оқыту әдісі және жалпы бағыттарына байланысты келеді.

Биология пәні оқытушысы жалпы биология курсының оқытылу мақсатын анықтай отырып, жыл басында әдістемелік кеңес отырысында жоспар құрылып, осы жоспар бойынша жүріп отыруы қажет.

Биология пәнінің оқыту мақсаты - білім алушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, өз ағзаларында болып жатқан өзгерістерге сипатама беруге тәрбиелеу. Дәстүр бойынша биология пәнін оқытуда маңызды мәселе ғылымның жетістіктері, ғалымдардың тәжірибеге сүйене отырып жасаған жаңалықтары болып табылады.

Биология пәнінің оқытушысы - биология ғылымының терең сырын, маңызын қоғамдағы, өмірдегі және әрбір жеке ұрпақты тәрбиелей алады. Биология курсы пәндерін оқыту арқылы, әдістерді жетілдіру нәтижесінде тереңдеп дәлелді түрде адамзат баласының табиғаттағы рөлін ашып, экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттырып, өз өміріне сауаттылықпен қарауды жолға қоюға болады.

Биологиялық білімнің тәрбиелілік құндылығы білім алушыларды жан-жақты дамуын қамтамасыз етуінде. Жеке тұлғаның жан- жақты қалыптасуына тіршілік туралы ілімнің үлесі зор. Биологияны оқыту барысында тәрбие беру элементтерінің жүйеленуі қазіргі жағдайда қоғам талаптарына сәйкес келуде. Бұл жүйе төмендегідей алғышарттардан тұрады:

  1. Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру- адамды қоршаған табиғаттың құрылысын, пайда болуы тарихын , даму барысындағы өзгерістері туралы түсінік қалыптастыруда маңызы зор болып табылады.

  2. Еңбек және экологиялық тәрбие – адамның тіршілік үрдісін қамтитын біртұтас жүйе. Экологиялық тәрбие ерте жастан бастау алуы қажет. Жер шарының тазалығын сақтаудың пайдалылығы мен қажеттілілігін түсіндіретін дағды қалыптастырылады.

  3. Гигиеналық, жыныстық және дене тәрбиесі - білім алушылардың биология сабағында алған білімдерін өздерінің өмірін бағалауды үйренуге, гигиеналық талаптардың сақталуының маңызын түсінуге зор мүмкіндік береді.

Биологияны оқытуда оқытушы жан-жақты тәрбиелеудің барлық мүмкіндіктерін қолдана алады. Сонымен қатар оқытушы өз пәнінің ерекшелеіктерін ескере алады.

Биология сабақтарында ақпараттық комункациялық технологияларды тиімді пайдалану. Биология сабағы тірі организмдерге қатысты адам өміріне байланысты көптеген ақпаратты қамтиды.Оқытушы тек қана оқулықтағы біліммен шектеліп қалмай сол тақырыпты түсіндіру мақсатында ізденіс жұмыстарын, яғни өзгені оқытпас бұрын алдымен өзін осы тақырыпты егжей- тегжейлі қарап ақпараттарды саралап әрбір бөлімге, тақырыпшаға суреттермен көрсетілсе және сол тақырып бойынша рефлексия жұмыстарын жүргізу барысында сұрақ-жауап форматында өтетін бағдарламаларды қолдана алады.Олар өз кезегінде білім алушыларды қызықтыра түспек. Білім алушылар ақпаратты қабылдауы мұғалімнің шеберлігіне байланысты.Ақпарат алу көзі өте көп, білім алушыға қызықты және өмірімен байланыстырып ізденіс жасауы үшін «Биология» сабағында ақпараттық технологиялар үлкен септігін тигізеді. Мысалы, «Мутация және оның түрлері» тақырында білім алушылар үшін өте ауқымды және қиын тақырып болып саналды, алайда бұл тақырыпты егжей-тегжейлі түсіндіру үшін кітаптағы қиын терминология алдыңғы тақырыптармен қиыстырылуы қиындық туғызуы мүмкін осы орайда білім алушыға акпаратты жеңіл, түсінікті әрі алдағы өмірінде тиімді қолдана алатындай етіп жеткізу үшін әрине ақпарттық технологияларға жүгінуге тура келеді. Ең алдымен тақырыпты ашу мақсатында білім алушыларға ой қозғау үшін кез – келген тақырыпты бейнематериал көрсету арқылы ашуға болады. Биология сабағанда өте жиі кездесетін әрбір тақырыпқы сай суреттер, кестелер болады. Осы суреттерді талдау интерактивті тақтада көрсету арқылы білім алушы берілген ақпараттың 80-пайызын көру арқылы қабылдайтындығын айта кеткен жөн.Білім алушылар «Мутация» ұғымына түсінік алып қана қоймай оның түрлерімен таныса алады. Оны тақтада кесте арқылы немемсе тірек- сызба арқылы бөліп көрсету ақпараттың есте қалу және жүйелілігін көрсете алады. «Мутация және оның түрлері» тақырында білім алушылар өз өмірілерінде кездесуі мүмкін немесе алдын алу керек шаралармен танысып, және де білмеген адамдарға ақпартты жеткізе алуы осы тақпараттық технологияларды қолдану арқылы есте қалған меңгеру, саралау, талдау және бекіту арқылы жүзеге асырылады. Қыз балалар денсаулығына деген жауапкершілігі арта түсіп, алдағы өмірде дүниеге дені сау болашақ ұрпақ әкелуі үшін қандай сақтық шараларын жасау, қандай әдеттерден сақ болуы керектігін және жалпы өз денелерінің құрылысы және қызметімен кеңірек танысуға мүмкіндік алады.

Қорытындылай келе, биология сабағында ақпартаттық технологияларды әрбір оқытушы тиімді қолдану арқылы өз пәнінде жаңа деңгейге жете алатындығына көз жеткіздім, менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында білім алушылардың жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз деп сенемін.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Шарипова А.С., Даутова З.С., Биологияны оқыту әдістемесі, Алматы, 2019жыл

  2. Е.А Очкур., Ж.Ж Құрманғалиева.,М.А Нуртаева, Биология,

Ж Алматы, 2019жыл

  1. Ф.Б.Бөрібаева.,Н.Ж.Жанатбекова., Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар Алматы, 2014 жыл









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2023
158
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі