жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ ЖОЛДАРЫ
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ ЖОЛДАРЫ
Нұржігіт Наркез Әминқызы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өсіру қажеттігін атап көрсетті. «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда республика мектептерінде педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырып, дамытуға ерекше мән берілді.[1]
Цифрлық
қоғам – адамдардың өмір жағдайына,
олардың біліміне және жұмысына, сонымен
қатар мемлекет, бизнес және қоғам
арақатынасына ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар арқылы шешуші әсер
ететін, қоғам өмірінің барлық
салаларында білім мен ақпараттық
доминантты рөлімен ерекшеленетін
өркениет дамуының заманауи кезеңі.[2]
Қазіргі кезде күнделікті
қолданып жүрген заттарымыз ақпараттық
кеңістікте «Заттар интернеті» дүниесіне
айналып барады. Осының салдарынан бұлтты
есептеу технологиясында«Цифрлық ақыл»
пайда болуда. Оған жылдам интернетпен
адамдар да, есептеуіш машиналар да
қосылуда. Бұрынырақта адамдар Интернетпен
бір-біріне тек ақпарат беріп қана келсе,
бүгінде олар Интернет арқылы ақша, мүлік
сынды құндылықтарды қауіпсіз әрі сенімді
тасымалдауға «Блокчейн технологиясы»
арқылы қол жеткізді. Міне, осындай
жағдайда Қазақстанға бірыңғай зияткерлік
тұғырнамада өзінің «Қазақстандық
цифрлық ақыл» жасау арқылы бүкіл
экономиканы, билікті, қоғамды және
саясатты цифрлық негізге қысқа мерзімде
кешенді түрде көшіру мүмкіндігі туып
отыр. «Біз цифрлық технологияны қолдану
арқылы құрылатын жаңа индустрияларды
өркендетуге тиіспіз. Бұл - маңызды
кешенді міндет. Елде 3D-принтинг,
онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық
қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау,
білім беру ісінде қолданылатын және
басқа да перспективалы салаларды дамыту
керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде
дамыған елдердің экономикаларының
құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға
жаңа сапа дарытты», - деп өзінің таяудағы
жыл сайынғы жолдауында айрықша атап
өткен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы осыған орай үкіметке «Цифрлық
Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді
және қабылдауды тапсырған болатын.[3]
Н.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы Қазақстан халқына жолдауында «Төртінші өнеркәсіптік революция» қарсаңында Қазақстанды үшінші жаңғырту, 2050 жылға қарай елімізді әлемнің ең дамыған 30 алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарына қосу мақсатында бес басымдықты ілгерілету және «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары базасына арналған экономикалық өсімнің жаңа моделін құру туралы тапсырма жүктелген болатын. Елбасы өз жолдауында атап өткендей, цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан үкімет ІТ-саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауы тиіс. Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты ғылыми-техникалық инновацияларды қолдау, оларды әлеуметтік-экономикалық өмірімізге тезірек енгізуде жаңа биіктікке және жеңіске ұмтылуымыз қажет. [3]
Цифрландыру қазіргі таңда ақпараттандыруды, автоматтандыруды, роботтандыруды және жасанды ақылды қоғамға енгізудің үздіксіз түрленетін, динамикалық өзгерістерге ұшырайтын, масштабталатын және ықпалдасуға бейімделетін қасиетімен ерекшеленеді.
Басқаша айтар болсақ, қазіргі уақытта мемлекет тіршілігін қамтамасыз ететін жүйенің ендігі уақытта мызғымас, өзгермейтін, бір рет қана әрі мәңгілікке құрылған жүйе ретінде көз алдымызға елестету мүмкін емес. Сол себепті экономиканы цифрландыру мемлекет дамуының мақсаттарына лайықты одан ары үздіксіз жаңғырады.
Біріншіден, «Цифрлық Қазақстан» арнайы бағдарламасын әзірлеу үшін қазақстандық кемеңгер ғалым Б.А. Қойшыбаевтың 9 жасушадан тұратын «Қойшыбаев жасушасы» деп аталатын кешенді әдісін пайдалану қажет: ортасында зерделеу нысаны орналасқан, 4 жасуша - бір-бірімен тікелей байланысқан элементтер (техника) және 4 жасуша - зерделенетін нысанға белгілі бір деңгейде қатысы бар компоненттер (технология).
Екіншіден, үлгілік шешімдерге негізделген ескі әдістер, жүйелі, қызметтік, функционалдық, құрылымдық, алгоритмдік ескі көзқарастар Президенттің жолдауда жүктеген міндеттерін жүзеге асыратын шамада емес. «Цифрлық Қазақстан» деп аталатын күрделі жүйені имитациялық модельдеуге негізделген жаңа әдіс, жаңа функционалды-құрылымдық көзқарас арқылы жүзеге асыруға болады.
Үшіншіден, әмбебап әдіс ретінде имитациялық модельдеу тәуекел мен белгісіздік жағдайында шешім қабылдау үшін жүктелген міндетті жүзеге асыруға, модельдер әзірлеуге, нақты модельдеуді бағалауға, тәжірибелерді жоспарлау мен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Төртіншіден, «Цифрлық Қазақстан» арнайы бағдарламасын құру негізіне профессор О.И. Мухин жасаған «Стратум» компьютерлік бағдарлама тілін алған жөн. Себебі күрделі жүйелерді имитациялық модельдеудің әмбебап тілі ретінде бірегей құрал.
Бесіншіден, «Цифрлық Қазақстан» бүкіл бағдарламасын басқару үшін ғарыштық корабльдердің тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің бас құрылымын әзірлеуші Побиск Кузнецовтың күрделі ақпараттық арнайы жүйелерді басқаруға арналған «СПУТНИК» және «СКАЛАР» жүйесін пайдалану қажет.
Алтыншыдан, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бас конструкторын тағайындау қажет. Бұған мысал ретінде Сергей Королевтің кезінде кеңестік зымыран-ғарыш техникасының бас конструкторы болғандығын атап өтуге болады.
Жетіншіден, «Жасанды ақыл» терминінің бірыңғай түсінігі ретінде 1956 жылы Джон Маккарти енгізген терминді қабылдау қажет. 1958 жылы ол әзірлеген «Lisp» бағдарламалау тілі компьютерлерді немесе компьютермен бақыланатын роботтарды немесе адам сияқты ойлай алатын компьютерлік бағдарламаларды жасауда дұрыс қадам болды.
Сонымен, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы («Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеу және қабылдау): Цифрлық экономика (бірінші басымдық - бұл экономиканы технологиялық жаңғыртуды жеделдету), Цифрлық билік (екінші басымдық - бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту), Цифрлық қоғам (үшінші басымдық - макроэкономикалық тұрақтылық) және Цифрлық саясатпен (төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту және бесінші басымдық - институттық түрлену, қауіпсіздік және жемқорлықпен күрес) тікелей байланысты, ал жолдаудың бес басымдығын ескере отырып, төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтері тұрғысында: Ақпараттандыру (компьютерлер, ноутбуктер, планшеттер және мобильді құрылғылар қазірдің өзінде қаржылық жүйені, көліктік инфрақұрылымды, электр- және сумен жабдықтау жүйелерін қолдануға мүмкіндік береді, компьютерлер мектептерде, ауруханаларда, автомобильдерде, тұрмыстық техникаларда көмек береді, дегенмен, бағдарламалау технологиясы бүгінгі таңда 20 ғасырдың басындағы автомобиль жасау технологиясы деңгейінде қалып отыр), Автоматтандыру (ең тосын әрі алдын ала қарастырылмаған міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін мобильді реконструктивті прототип, аналог, өндірістік нысан моделі, бұл ретте болжам сынды тек қана тікелей емес, сонымен бірге басқару сынды керісінше де бола алады), Роботтандыру (робот-манипуляторлар, робот-дәнекерлеушілер, өнеркәсіптік роботтар, робот-үй қызметкері. Бүгінгі таңдағы Жапония мен Қытайдан кейінгі үшінші орындағы нарық ретінде Солтүстік Америкада шамамен 262000 робот орнатылған және жұмыс істеп тұр. Халықаралық робототехника федерациясының болжауы бойынша жуық арада робот жасау нарығы бірнеше триллион АҚШ доллары көлемінде болмақ) және Жасанды ақылмен (сарапшылық жүйелер, «виртуалды қызметкерлер», ақпаратты семантикалық сараптау жүйесі, дербес шешім қабылдай алатын автономды роботтар, Б.А.Қойшыбаевтың «Белгі-Элемент-Байланыс» және «Қасиет-Компонент-Қатынас» кешенді әдісі негізінде жасанды зияткерлік жүйеледі жасау) жанама қатынасты.[3]
Жаһандану заманында цифрлық қоғам мен білім беруді цифрландыру және электрондық оқыту (e-learning) жүйесін білім беру ұйымдарына енгізу жағдайында педагогтердің қашықтықтан біліктілігін арттыру ең өзекті мәселеге айналып отыр. Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат - білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыруды енгізуге жағдай жасау қажет. Мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады. [4]
Білім беру мекемелерінің ұстаздарының электрондық білім беру ресурстарын құра білуі дегеніміз мұғалімнің шығармашылық потенциалын қолданбалы және инструментальдық құралдардың негізінде өзінің оқу пәнінің төл оқу әдістемесін құрып, оны жүзеге асыруға бағытталған электрондық білім беру ресурстарын құру және пайдаланудың теориясы мен практикасын меңгеруі. [5]
Электрондық оқыту жүйесінің 2011-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы орта білім беру ұйымдарында ақпараттандыру үдерісінің ағымдағы жай-күйді талдауға баға береді, сонымен бірге электрондық оқытудың бірыңғай жүйесін енгізу бойынша процестерді жеделдету үшін қажетті шараларды анықтайды. Осылайша оқу – тәрбие үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Мектеп өміріне компьютердің келгеніне біраз жыл өтті, осы жылдарда оқу процесінде есептеуіш техникаларды қолданудың тұжырымдамалары бірінің орнын бірі алмастыруда. Компьютерлік бағдарламалар ғана емес, компьютерлік техниканың жаңа түрлері қолданысқа енуде. Ал, бүгінде бізге сандық білім беру ресурстарын жасау және пайдалану қажеттігі туындады. Оқу үрдісінде электрондық оқу басылымдары, арнайы энциклопедиялар, тестілеу мен бақылау бағдарламалары, анықтамалық жүйелер, географиялық карталар және жердiң жасанды серiгiнен алған суреттердiң жиынтығына негiзделген бiлiм беру ортасы, виртуальдық зертханалар немесе оның құбылыстарын зерттеуге негізделген модельдер, күрделі интерактивтік оқу материалдары және басқа да ОКҚ-лар кеңінен қолданыс табуда. Қазіргі білім беру жағдайында электронды құрал-жабдықтарға негізделген ақпараттық технологияларды, сандық білім қорының біртұтас жиынтығын, интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдаланбай, соларға сүйенбей толыққанды сабақ беру мүмкін емес. [5]
Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың интербелсенді оқыту бағдарламалары көмегімен берілген материалдың есту арқылы – 22%-ы, көру арқылы - 35%-ы, көру-есту арқылы-50%-ы, ал мультимедиялық интербелсенді оқыту бағдарламалары көмегімен берілген материалдың 80%-ы есте сақталады екен [4]. Олай болса оқу-тәрбие үрдісінде цифрлық білім беру қорларын пайдалану - білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен жаңартудың тиімді тәсілдері бірі болып табылады. Мұны жүзеге асырудың бір бағыты - цифрлық білім беру контенттерін қолданбалы программаларда жасақтау болса, дайын интерактивтік орталарда өз қорларын даярлап оқу үрдісінде тиімді пайдалана білу бұл да маңызды болып табылады.[6]
Цифрлық білім беру контенттерін жасау тəсілінің бірі- жалпы қолданыстағы бағдарламалық құралдарды пайдалануға болашақ мамандарды бағыттау. Microsoft Office, Macromedia Flash, Corel Draw, Adobe Photoshop, Ulead GifAnimator, Adobe Premiere серияларының бағдарламалық өнімдері, HTML-құжаттарын Macromedia DreamWeaver, Microsoft FrontPage сияқты редакциялау құралдары жатады. Бұлармен қатар қазіргі кезде кең тарап жүрген онлайн-презентация жасақтаушы MS Power Point, Prezi Desktop, Sway, SlideRocket, Google Docs, 280 Slides, Photodex ProShow Producer, ПромоШОУ т.б. атап кетуге болады.
Жалпы, педагогтердің ІТ-саласын жан-жақты меңгеруі үшін кез келген педагог кең жолақты Интернет желісіне қосылған ноутбукпен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана ол іздене бастайды. Олардың кәсіби деңгейіне қойылатын талаптардың бірі ретінде ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзырлылығын қалыптастыру нормативтерін қарастыру көзделген. Аталған үрдістер тәжірибеге енгізілген жағдайда, педагогтың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыруға толық мүмкіндігі болатындығы дәлелденген
Алайда ІТ саласының динамикалық өзгерісіне сәйкес республикадағы 300000-нан аса педагогтың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыруды бір жылда жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл қажеттілікті шешу барысында республикалық институт ЮНЕСКО, Майкрософт және Интел компанияларымен бірлесе отырып, жұмыс істеп келеді.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Олай болса оқу үрдісінде АКТ мүмкіндіктерін, цифрлық контенттерді толығымен пайдалану, тақырып бойынша интерактивтік, видео-материалды әзірлеп, оны зерттеу арқылы тақырыпқа сай орындалатын тапсырмаларды анықтау және жасалу алгоритмін өздеріне құрғызу арқылы шығармашылықпен жұмыстануға итермелейді. Әрине бұл ұзақ уақыт талап ететін процесс, сондықтан да бірнеше сабаққа есептеліп, жоспарланады. Бұл бір жағынан студенттердің ақпаратты жинақтауға, өздеріне қажетті материалды Интернет желісінен іріктей білуіне және қажетті программаны өзбетімен үйренуіне әкеледі, бір сөзбен айтқанда АКТ-құзыреттіліктерін қалыптастырады.
Қорыта келе, интернет технологияларының дамуына сәйкес, электрондық оқыту жүйесінің платформаларымен жұмыс жасауда педагогтардың әлі де болса жұмыс жасау деңгейі қалыпты деуге болады. Электрондық журнал мен электрондық күнделікті толтыру және оқушылардың білімін электронды түрде тексеру – бүгінгі педагогтың күнделікті жұмысына айналуда. Мұндай жағдайда педагогтердің қашықтықтан біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие. Мұнда педагогтың коммуникациялық құралдармен жұмыс жасау сауаттылығы негізге алынады.[3]
Пайдананылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасында білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010 жыл
Информатика негіздері, № 6,2018жыл
Бидайбеков Е.Ы., Гриншкун В.В., Бостанов Б.Ғ. Электрондық оқыту құралдарын жасау мен пайдалану. –Алматы, 2009.
Сандық білім беру ресурстарын оқу үдерісінде қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар, - Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлтты білім академиясы, 2015.-32б
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. №827, 12.12.2017ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген