БІЛІМ БЕРУ: МҮМКІНДІК. МАҚТАНЫШ. МӘСЕЛЕ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

БІЛІМ БЕРУ: МҮМКІНДІК. МАҚТАНЫШ. МӘСЕЛЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ даласындағы оқу-білім тарихының даму сатысы ғасырлар қойнауында жатқаны баршаға аян. Бұл сатының кезекті баспалдағын еліміздің батысында орналасқан Орал қаласының жастары да нық басып келе жатқан қадамдары туралы баяндалған
Материалдың қысқаша нұсқасы

БІЛІМ БЕРУ: МҮМКІНДІК. МАҚТАНЫШ. МӘСЕЛЕ


«Цифрлы Қазақстан» атты Елбасының бағдарламасы – еліміздің экономикасына қажетті цифрлы технологияны қолдану арқылы жаңа индустрияларды дамыту екені белгілі. Күн санап өркендеудің жаңа сатысына көтеріліп, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуді мақсат еткен Қазақстанның болашағы – бүгінгі білім беру сатысынан бастау алары сөзсіз. Ең алдымен, мектептерді жаппай компьютерлендіру қолға алынып, әлемдік деңгейде тәжірибе жинақтаған ұстаздар оқушыларын жаңартылған білім беру жүйесіне бейімдеуде. Бұл жолы Орал қаласының жас жеткіншектеріне инновациялық әдіспен оқытуды қолға алған қалалық білім бөлімінің қызметімен таныстық. 2010 жылдан бері қала бойынша оқу ошақтарының жүйелі жұмысын ұйымдастырып, бөлімнің басшылығын өз тізгініне алған, интеллектуалды және креативті ой иесі – Төремұратова Жансұлу Менешқызы. Ол бақылау мен басшылықты жүзеге асыруда әр оқытушының шынайы мүмкіндігін ашып, озық педагогикалық тәжірибені қолдап, ұжымның әрбір мүшесінің шығармашылық өсуін үнемі қадағалап отыратын іске қатал, жауапкершілігі мол, беделі басым басшы. Жансұлу Менешқызы Орал қаласының білім деңгейі мен толғандырып отырған мәселелер турасында баяндаған болатын.

Қазақ даласындағы оқу-білім тарихының даму сатысы ғасырлар қойнауында жатқаны баршаға аян. Бұл сатының кезекті баспалдағын еліміздің батысында орналасқан Орал қаласының жастары да нық басып келеді. Осыған байланысты, Орал қаласының білім беру бөліміне қарасты жалпы орта білім беретін 50 мектеп бар, оның 10-ы – инновациялық, 11-і – қосымша білім беру мекемесі және біреуі – кешкі мектеп. Өткен оқу жылында қала бойынша білім сапасы 61,28% құраған 42977 бала білім алса, биылғы жаңа оқу жылында 47000 оқушы қабылданды. Білім деңгейін сараптау көрсеткішіне сүйенсек, қала мектептерінде соңғы 5 жылда оқу сапасы 3 пайызға көтерілген. 2017-2018 оқу жылында кешкі мектепті қосқанда 1881 түлек алтын ұяларынан қанат қағып, 1307-сі ҰБТ-ға қатысты. Олардың орташа баллы биыл 3,69%-ға өсіп, 80,84 пайызды құрады. Нәтижесінде, 471 түлек – отандық ЖОО, 176 – ТМД елдерінің, 8 – алыс шетел жоғарғы оқу орындарына және 3 оқушы Назарбаев университетіне білім алуға қабылданып, түлектердің 50 пайызы мемлекеттік грант иеленді. Сонымен қатар, биылғы оқу жылында 64 түлек «Алтын белгі» иегері атанып, ҰБТ-да білім деңгейлерін дәлелдесе, үздік аттестатқа 31 оқушы ие болды.

Қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2017-2018 оқу жылында «Мектепке дейінгі ұйым әріптестігі» жобасы аясында жұмыс жүргізді. Бұл бағытта Орал қаласы бойынша 50 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым, 49 жеке бөбекжай және 1 мектеп-балабақша, 28 мемлекеттік шағын орталық қызмет етеді. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда аталмыш ұйымдардың саны 31-ге артып, 15261 бала қамтылды. Жалпы есеппен 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 99,5% құрайды, дегенмен, жыл соңына дейін мәселе толық шешімін табады деп күтілуде. Ағымдағы жылдан бастап «Ақылды қала» жобасы аясында балабақшаларға SMART технологияларды енгізу арқылы бүлдіршіндерді кезекке тіркеуден бастап электронды жолдама алу процесі толығымен автоматтандырылған (http://garden.bilim-oral.gov.kz).

Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады дегендей, мектеп ұстаздары сапалы білім беру мақсатында білімдерін әрдайым жетілдіріп келеді. Қала бойынша үш деңгейлік біліктілігін арттыру курсынан 821 мұғалім сертификатқа ие болса, «Мектептегі көшбасшылық және басқару» курсы бойынша 29 директор және 7 директордың орынбасарлары тәжірибелерін шыңдаған. Жаңа талаптарға сай, жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру мақсатында қаланың барлық мектептерінде дайындықтан өткен педагогтар «үйлестіруші» ретінде қызмет атқарып, оның 34-і арнайы сертификатталған. Сондай-ақ, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы педагог қызметкерлерді аттестаттау үшін жаңа форматтағы Ұлттық біліктілік тестілеу өткізді. Оған қала педагогтарының 888-і қатысып, оның 83 пайызы оң нәтиже көрсетті. Осыған орай, бөлім басшысы, 1 педагог-шеберге – 50%, 131 педагог-зерттеушіге – 40%, 300 педагог-сарапшыға – 35% және 292 педагог-модераторға – 30% қосымша үстем ақы төленіп, ұстаз мәртебесінің көтерілуіне септігін тигізетін игілікті іс туралы атап өтті. Қандайда ауқымды жұмыс атқарылғанмен білім беруде ұстаздың рөлі ерекше. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, ең алдымен, педагогтардың кәсіби дайындығына тікелей байланысты. Сондықтан болар, Г.К.Мусагалиева, Е.А.Стульников, А.М.Сагидуллина, А.М.Айткалиева, М.И.Елешова, А.А.Сабырова, А.З.Кайржанова, С.Ж.Ахметкалиева, Ж.Т.Калбаев, Е.В.Татаренко, Г.К.Ташаева, Г.М.Аюпова, Б.Ж.Нурпекеева, Е.Т.Есенгалиев атты ұстаздардың ерен еңбектерін Жансұлу Менешқызы мақтанышпен айтады.

Қазіргі таңда робот техникасы құралдарымен жабдықталған қаланың 29 мектебінің пән мұғалімдері толықтай білім жетілдіру курстарынан өткізілді. Нәтижесінде, «TESO Кенгуру» оқыту орталығымен серіктестік шеңберінде 23 мектептің 104 оқушысы қатысатын алғашқы қалалық робот техникасы олимпиадасы ұйымдастырылды.

Қала бойынша білім жүйесін ұйымдастырып отырған Жансұлу Төремұратова қоғамдық өмірге де белсенді араласатынын байқадық. Ол облыстық саясаткер клубының белсенді мүшесі болумен қатар, 2014 жылы Англия мемлекетінде халыкаралық «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде Sussex, Reading университеттерінде тағлымдамадан өтіп, 2018 жылы Сидней қаласында (Австралия) Дүниежүзілік әйелдер саммитіне қатысқан болатын.

Білім беру ұйымдарында желілік қоғамдастық қызметінің алар орны ерекше. Мысалы, «Өркен» (№34), «Зерде»(№44), «Содружество»(№3), «Өрлеу»(№1), «Ұлағат»(№37) және «Профессиональный диалог» (ЭБМ гимназия) атты қауымдастықтар жаңа форматта жұмыс жасауға үлкен үлес қосуда. Өткен оқу жылында мектептен тыс жұмыс орталығының жетекшілігімен «Shabyt» қосымша білім беру ұйымдарының желілік қоғамдастығы жұмысын бастады. Онда мектептегі көшбасшылықты дамыту бағытындағы сараптау, талдау, болашақты жоспарлау, оның мүмкіндіктері мен қиыншылықтарын белгілеп, шешу жолдары қаралып отыр. Қала мектептеріндегі өзгерістердің дамуына байланысты, табысты желілік реформа жүргізу мақсатында жетекші, серіктес мектептер, «Директорлар клубы» қоғамдастығы, мектеп үйлестірушілер желісі, «Network» шығармашылық тобы, тәлімгерлер мен жас директорлар желілік қоғамдастықтарының жұмыс топтары құрылды. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші, желілік қауымдастық жұмысы бойынша Орал қаласының білім беру бөлімі Назарбаев Зияткерлік мектебімен, Орал қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалымен және «Өрлеу» біліктілік арттыру институтымен бірлесе қызмет атқарады. Сонымен бірге, 2018 жылы БҚО дарынды балаларға арналған мамандырылған «Білім-инновация» мектеп-лицей-интернатымен және Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен тәжірибе алмасу бойынша қалалық іс-шаралар жоспарлары құрылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 31 қаңтарында қалалық «Рухани жаңғыру» штабы құрылды. Осыған байланысты, «Өлкетану», «Отаным – тағдырым, «Саналы азамат», «Кітап – білім бұлағы» атты төрт бағыт бойынша 65 жобаны жүзеге асыру көзделіп, бүгінде 20000-нан астам оқушы қамтылған 2000 шара ұйымдастырылды. «Менің Отаным – Қазақстан», «Ұлы дала елі», «Атамекен», «Болашақ», «Жас Ұрпақ», «Туған елге – тағзым» өлкетану жобаларына 30 000 оқушы қатысып, туған өлке тарихы аясында танымын кеңейтті. Мектептерде жүргізілетін зерттеулер нәтижесінде Action Research, Lesson Study бағыттары анықталып, 18 дөңгелек үстел өткізілді. Өткен оқу жылында ұстаздар әлеуметтік желілер арқылы 21 республикалық оnline конференцияларға қатысып, ақпараттық кеңістікті пайдалана тәжірибе алмасқан болатын. Ал «Табысты менеджер – 2018» қалалық байқауының қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен Сағынгалиева Шынар (№38), ІІ дәрежелі дипломымен Давлетов Талгат (№14), ІІІ дәрежелі дипломымен Даулеткалиева Нурлы (№1), алғыс хаттарымен Мурадимова Тамара (№37), Ихсанова Валиса (№41) сынды мектеп директорлары марапатталып, облыстық кәсіподақ ұйымы тарапынан ақшалай сыйлықтар иеленді.

Жас ұрпақтың бойында азаматтық, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, рухани-адамгершілік, әлеуметтік құндылықтарға тәрбиелеу мақсатында «Отаным – тағдырым» жобасы жүзеге асырылып, 110 білім беру мекемесінде 2000 патриоттық бағыттағы іс-шаралар, «Ұлы дала тұлғалары» атты 400 өлкенің белгілі адамдарымен кездесу шарасы өткізіліп, 150 демеушілер мен меценаттар аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына материалдық көмек көрсетті. Ал 20795 оқушы «Жас ұлан» ББЖҰ құрамына қабылданып, «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» тақырыптарында 14 қалалық ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, слеттер өткізілсе, «Отан қорғаушы», «Қайсар» патриоттық клубы өз қызметін сапалы түрде жалғастыруда.

Ағымдағы оқу жылында қалалық олимпиадаға 665 дарын қатысып, олардың 70-і облыстық кезеңде бақ сынады. Дарынды оқушылар мен қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті және қосымша білім беру ұйымының бірлесіп ұйымдастырған «Олимп» клубы мен «Жоғарғы оқу орны – Қалалық білім беру бөлімі – Жалпы орта білім беретін мектептерінің өзара байланысы арқылы мектептегі білім беруді модернизациялау» жобасы аясында қатысқан 40 оқушының 27-сі жүлделі орындарға ие болып, республикалық кезеңнен 2 күміс медальді жеңіп алды.

Соңғы жылдары әр оқушының өздері таңдаған мамандықтарының кәсіптік қажеттілігін анықтауға бағытталған «Саналы Азамат» жобасы жүзеге асырылды. Нәтижесінде, 5200 оқушыға кәсіптік бағдар беру бойынша дәрістер оқылып, 12792 оқушыға мектептен тыс мекемелер мен ЖОО, мәдениет және спорт, өндірістік, ауыл шаруашылық ұйымдарында 340 кіріктірілген сабақтар өткізілген. Қалада тұратын оқушылар үшін «Бір апта ауылда», «Ата-ана жұмысындағы бір күн» жобалары, «Мерей», «Шеберлер қалашығы» тақырыбында қолөнер шеберлерінің қалалық фестивалі, «Алтын қазына» сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығы көрмелері ұйымдастырылып, оң нәтижелілігі анықталды.

Жаппай цифрландыру жүйесіне келер болсақ, қаланың 50 мектебі кең жолақты ғаламторға қосылып, онлайн режимде «Imektep» және «Itest» ресурстарымен BILIMLAND порталында жұмыс істейді. Әр мектепке 5 комплектіден техникалық инфрақұрылым құрылып, (интерактивті тақта, проектор, компьютер) 50 мектеп «KUNDELIK» электрондық журналымен пилоттық жобасында жұмыс істесе, 29 мектепте «Робот техникасы» үйірмелері ұйымдастырылып отыр. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен №4 жалпы орта білім беретін мектебінде, №42 «Ақниет» гимназиясында және Оқушылар сарайында жаңа форматтағы ІТ-сыныптар ашылды. Елбасының жолдауына сай «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қалалық әкімдік пен білім беру бөлімі және мектептердің 37 информатика пәні мұғалімдерінің қатыстырылуымен 13700 қала тұрғындары цифрлық сауаттандыру курсынан өткен болатын.

Баса назар аударатын бағыттың тағы бірі – оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бағдалармасы. Жансұлу Менешқызының айтуынша, бүкіл әлемдік білімді біріктіретін, интерактивті білім ортасында қолжетімді әлемдік контенттер көмегімен икемді тәлім-тәрбие беретін Smart education жобасы Орал қаласының білім ордаларында кеңінен қолданылуда. Сонымен бірге, №4 және 42 мектептер мен оқушылар сарайында пәндерді интеграциялау жолында дамыған мемлекеттердің білім саласындағы кең өріс ала бастаған «STEAM» жобасы бойынша арнайы кабинет жабдықталып, жаңа оқу жылында жұмысын бастап үлгерді.

Дәстүрге айналған «Кітап – білім бұлағы» жобасы аясында «Кітап оқитын жастар», «Кітап оқитын ұлт», «Кітап. Ел. Рух» атты көпшілік балалар-жастар қозғалысы, «Кітап оқитын мектеп» байқауы, кітапханаларға ерікті түрде кітап беру туралы «Қадірлі сыйлық» қайырымдылық акциясы, «Кітапхана – білім ордасы» тақырыбында кітапхана қызметкерлерімен әдеби кештер, студенттер ұйымдарында кездесулер, бірыңғай республикалық ата-аналар жиналыстары, «Буккроссинг» кітап алмасу акциясы ұйымдастырылып, қаладағы әр мектепте «Time for reading» жобасы 2015 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

Орал қаласында күні бүгінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 456, оның ішінде 275 бала – қорғаншылық пен қамқоршылықта, 60 – патронат тәрбиесінде, ал 121 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде тәрбиеленуде. Осыған орай, қала әкімінің шешімімен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен 1-4 сынып оқушыларын жергілікті бюджет есебінен ыстық тамақпен қамтамасыз ету қолға алынған. 2017 жылдан бастап бала асырап алушы үміткер жетім балалардың республикалық бірыңғай базасынан (rbd.kopd.kz) балалармен танысып, таңдай алады. Сонымен қатар, биылғы жылы қаламыздағы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының облыстық балалар үйімен бірлесуінің нәтижесінде 6 айға дейін қамқорлық көрсететін Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы ашылды.

2018 жылы жазғы демалысты ұйымдастыру жоспарлы түрде өткізілді. 1500 бала қамтылған «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығында, 1700 оқушы қатысатын «Мирас», «Рахат», Круглоозерный, №6,12,17,26,48,49 мектептерінің жанындағы шатырлы және еңбек лагерлерінде жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында оқушыларды еңбекке баулу ісі қарастырылған. Ал «Қайсар» әскери-патриоттық лагерінде 230 жасөспірім демалыстарын патиоттық тәрбие сабақтарымен ұштастырып келеді. Қорыта айтсақ, жазғы демалыспен және еңбекпен 33224 оқушы қамтылып, ол барлық оқушының 81 пайызын құрады.

Білім сапасын заман талабына сай көтеру үшін басты шарттардың бірі – ол білім мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайын оңтайландыру. Осы қағида бойынша, 2018 жылы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде және №24 мектепке дейінгі ұйымында күрделі жөндеу жұмыстары тәмамдалса, Зачаганск кентіндегі Сарытау шағын ауданында 900 орындық мектептің құрылысы аяқталуда. Өткен жылы апатты жағдайдағы №4 мектептің орнына жобалық қуаты 300-ге тең жаңа мектеп пен Деркөл кентінде әрқайсысы 600 орындық №48, №49 мектептер қолдануға беріліп, нәтижесінде №12 мектептегі үш ауысылымдықта оқыту жойылды. Дегенмен, биылғы оқу жылында оқушылар контингенті 4 мыңға өсуге байланысты, қалада әлі де болса 5 мектеп үш ауысымда оқытып келеді.

Бөлім басшысы, сонымен бірге, қала тұрғындары санының өсуіне орай жаңа білім ордалары қажеттілік тудырып отырғанын айтты. – «Қаланың орталығында орналасқан эстетикалық бағыттағы гимназия ғимаратында заман талабына сай спорт залының, шеберханаларының жоқтығы үлкен мәселе тудырып отыр. Қала маңайындағы Меловые горки ауылының халық санының өсуіне байланысты №18 негізгі мектебінің оқушылар құрамы ғимараттың жобалық қуатынан 3 есе артуына әкеліп соқтырды. Жоспарда тұрған негізгі ғимаратқа қосымша салынатын құрылыс үш ауысымдылық мәселесін шешеді деп күтеміз. 2017-2018 оқу жылы Орал қаласының №10 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылар саны 2835, №47 мектебінде 2226 болды. Қазіргі таңда Сарытау ауылында 900 орындық мектеп іске қосылса, шамамен 1000 бала жаңа мектепке ауыстырылады. Алайда, Зашаған шағын ауданында құрылыс кешендерінің қарқынды жүргізілуіне байланысты №47 және 10 мектептеріне қысым азаймайды, себебі, бұл мектептерде Құс фабрикасы, «Жақсы», «Арман» шағын аудандарының балалары оқиды. Жұлдыз шағын ауданындағы №37 жалпы орта білім беретін мектебінде 1278 оқушы болуына байланысты, шағын ауданда 600 орындық мектеп құрылысының жобасы дайындалуда. Соңғы үш жылда 5 балабақша мен Атамекен лагеріндегі бассейн жөнделді. Бұдан бөлек, 15 балабақша және 10 мектеп күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді»-дейді Жансұлу Меңешқызы.

Елбасы оқушылар сарайының базасында технопарктер жүйесін ашу бойынша тапсырма берген болатын. Осыған орай, жаңа оқу жылында Орал қаласының оқушылар сарайында оқушының болашақ әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделген жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ететін ғылым, білім және өндірістің ресурстары мен күшін біріктіретін мектептік технопаркті жуық арада ашуды жоспарлап отыр.

Қорыта келе, жаппай цифрландыру, жаратылыстану-математика бағытында білім сапасын күшейтіп, пәнді ағылшын тілінде жүргізу, оқушыларды функционалды сауатты болуға тәрбиелеу, жалпы адами құндылықтарды көтеру бағытында көптеген жұмыстар атқарылып, қала ұстаздары Елбасы жолдауында қойылған міндеттерді орындауға жұмылдырылды.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Заман өзгерді. Сана жаңартатын уақыт баяғыда туды», - деген керемет сөзі бар. Ендеше, әлем өзгеруімен қатар біз де жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін аша білейік!»


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.11.2018
537
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі