400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім беру ұйымындағы цифрлық көшбасшылық рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Цифрлық трансформация жағдайында оқу ісі жөніндегі орынбасардың басқарушылық рөлі түбегейлі өзгереді. Ол тек оқу үдерісін ұйымдастырушы ғана емес, сонымен қатар цифрлық білім беру ортасын үйлестіруші, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамытушы, деректерге негізделген шешім қабылдаушы тұлғаға айналады. Сондықтан бұл тақырып қазіргі білім беру ұйымдарының тиімділігін арттыруда аса өзекті болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымындағы цифрлық көшбасшылық рөлі

Кіріспе. Тақырыптың өзектілігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Цифрландыру барлық реформаның басты элементі екеніне маңыз берді. Бұл – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы, табысты болудың басты кілті. Цифрландырудағы негізгі мақсат- бәсекеге қабілеттілікті арттыру, оқу- тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету. Білім сферасындағы цифрландырудың ең басты міндеті- білім сапасын арттыру, яғни халықаралық деңгейде, әр түрлі салаларда, оның ішінде «жасанды интеллект» және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті ел жастарын дайындау» екенін айтқан болатын.Сондықтан білім берудің жаңа философиясы қалыптасып, модернизация қарқынды жүріп келеді. Бүгінде біздің басты трендіміз - білімге әсер ететін цифрлық революция. Цифрлық трансформация жағдайында оқу ісі жөніндегі орынбасардың басқарушылық рөлі түбегейлі өзгереді. Ол тек оқу үдерісін ұйымдастырушы ғана емес, сонымен қатар цифрлық білім беру ортасын үйлестіруші, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамытушы, деректерге негізделген шешім қабылдаушы тұлғаға айналады. Сондықтан бұл тақырып қазіргі білім беру ұйымдарының тиімділігін арттыруда аса өзекті болып табылады.

Баяндаманың мақсаты

Цифрлық трансформация жағдайында оқу ісі жөніндегі орынбасардың басқарушылық рөлін айқындау, оның тиімді моделін ұсыну және білім сапасын арттырудағы ықпалын көрсету. Мектептегі тәжірибемен бөлісу.


Педагогикалық тақырып бойынша зерттеу әдістемесі

Зерттеу әдістері:

  1. Теориялық талдау – цифрлық педагогика және білім менеджменті саласындағы ғылыми әдебиеттерді зерттеу.Ғылыми теориялық негіздемені зерттеу.

  2. Сауалнама жүргізу – мұғалімдер мен оқушылар арасында цифрлық құралдарды қолдану деңгейін анықтау.

  3. Бақылау әдісі – электрондық журнал қолдану сапасын талдау.

  4. Салыстырмалы талдау – дәстүрлі және цифрлық басқару модельдерінің нәтижелілігін салыстыру.

  5. Мониторинг және деректерді талдау – білім сапасының көрсеткіштерін (үлгерім, қатысу, белсенділік) сараптау.

Педагогикалық менеджменттің ғылыми негіздерінің концептуалдық диаграммасы

ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ

┌─────────────────────────┼─────────────────────────┐

│ │ │

Жалпы менеджмент Көшбасшылық теориясы Жүйелік тәсіл

теориялары және өзгерісті басқару (ашық жүйе)

│ │ │

Тейлор – тиімділік Коттер – өзгеріс кезеңдері Берталанфи –

Файоль – функциялар Фуллан – жүйелік реформа жүйелер теориясы

Друкер – MBO Кері байланыс

└─────────────────────────┼─────────────────────────┘

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

Оқу үдерісін басқару жүйесі

БІЛІМ САПАСЫ




Білім берудегі көшбасшылық теориясы

? Өзгерістерді басқару

Америкалық ғалым, көшбасшылық және өзгерісті басқару саласының танымал сарапшысы өзгерісті тиімді енгізудің 8 қадамдық моделін (Kotter’s 8-Step Change Model) ұсынған. Цифрлық трансформация жағдайына көшуде осы өте тиімді стратегия деп ойлаймыз!

1️ Өзгерістің шұғыл қажеттілігін қалыптастыру (Create a Sense of Urgency)

Ұйымда өзгеріс не үшін қажет екенін нақты дәлелдермен көрсету. Қауіптер мен мүмкіндіктерді ашық талқылау.

2️ Басқарушы коалиция құру (Build a Guiding Coalition)

Өзгерісті алға жылжытатын ықпалды, сенімді көшбасшылар тобын қалыптастыру.

3️ Көзқарас пен стратегияны әзірлеу (Form a Strategic Vision and Initiatives)

Өзгерістің айқын болашағын сипаттап, оған жетудің негізгі жолдарын анықтау.

4️ Өзгеріс туралы көзқарасты жеткізу (Enlist a Volunteer Army / Communicate the Vision)

Қызметкерлерге өзгеріс мақсатын түсінікті әрі шабыттандыратын түрде жеткізу.

5️ Кедергілерді жою (Enable Action by Removing Barriers)

Процестік, құрылымдық немесе психологиялық тосқауылдарды алып тастау.

6️ Қысқа мерзімді жеңістерге қол жеткізу (Generate Short-Term Wins)

Ерте нәтижелерге жетіп, оларды атап өту арқылы мотивацияны арттыру.

7️ Жетістікті бекітіп, өзгерісті жалғастыру (Sustain Acceleration)

Алғашқы табыстарға тоқталмай, өзгерісті әрі қарай тереңдету.

8️ Өзгерісті корпоративтік мәдениетке енгізу (Institute Change)

Жаңа тәсілдерді ұйым мәдениетінің бір бөлігіне айналдыру.



Цифрлық білім беру ортасында оқу үдерісін басқарудың тиімді моделі

Модель құрылымы

1. Стратегиялық деңгей

  • Мектептің даму жоспары

  • Цифрландыру стратегиясы

  • Нормативтік-құқықтық негіз

2. Басқарушылық-үйлестіру деңгейі (ОІЖО)

  • Оқу үдерісін цифрлық форматта ұйымдастыру

  • Электрондық журналды бақылау

  • Деректерге негізделген шешім қабылдау

  • Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту

3. Операциялық деңгей

  • Мұғалімдердің цифрлық ресурстарды қолдануы

  • Онлайн/офлайн сабақ интеграциясы

  • Қалыптастырушы бағалау құралдары

4. Нәтиже деңгейі

  • Білім сапасы

  • Оқушының оқу мотивациясы

  • Академиялық жетістік

  • Аналитикалық есептер

Shape1

6.Білім сапасының динамикасы

Слайдта (график сипаттамасы):


2023 – 60%
2024 – 62%
2025 – 65%



7.Мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігі

Қазіргі кезде әлеуметтік желілерде түрлі трендтегі әдіс-тәсілдерді онлайн түрде үйрететін жеке менторлық ақылы курс жарнамалары көптеп шығуда. Менторлық курс ұйымдастырушылары да - жастар. Жастар жаңалыққа бейім келетінін бәріміз білеміз. Сол сияқты бүгінгі күні мектебімізде креативті жас ұстаздардан «SMART РEDAGOGS» жобалық курс жұмысын ұйымдастырдық. Бұл жобаға қалай келдік?

Бірінші тоқсан соңында педагогикалық кеңесте сұрақ жан- жақты талқыланып, кеңес шешімімен іс-шаралар жоспары жасалып, төмен сапа көрсеткен сыныптардағы білімінде олқылығы бар оқушылармен түзету- дамыту, олардың ата-аналарымен педагогикалық қолдау мақсатында сабақтар, тренингтер, семинарлар өткізілді.Төмен сапа жағдайы бойынша әкімшілік бақылау жүргізілді. Сабақтарға қатысып, салыстырулар жасағанда, онлайн сауалнамалар алу арқылы ұстаздардың цифрлық білім беру ресурстары мен жаңа, заманауи платформаларда жұмыс жасау тұстарының әлсіздігі байқалды. Оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру, сапалы білім беру, бәсекеге қабілетті болу үшін мұғалімдер деңгейі де солай болу керек деген шешімге келдік.

Бұл жоба мектепте кезең-кезеңімен енгізілді:

І КЕЗЕҢ.

Курсқа қатысушы ұстаздар тобын анықтау, жоспар негізінде сабақтар жүргізу;

ІІ КЕЗЕҢ.

Алған білімдерін тәжірибеде жүзеге асыру, өз пәні бойынша цифрлы контент әзірлеу;

ІІІ КЕЗЕҢ.

Ай соңында өз тәжірибелері және өз идеяларымен бөлісіп, жыл соңында сапалы білім нәтижесіне қол жеткізу;

Жоба нәтижесінде:

  • Мұғалімдердің цифрлық құралдарды жүйелі қолдануы – 40%-дан 85%-ға өсті.

  • Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс дербестендірілді

  • Оқушылардың оқу мотивациясы – 20%-ға артты.

  • Білім сапасы – орта есеппен 5-10%-ға жоғарылады.


Педагогикалық менеджмент пен цифрлық білім беру ортасының өзара байланысы

Педагогикалық менеджмент

Цифрлық білім беру ортасы

Жоспарлау

Автоматтандырылған жоспарлау жүйесі

Ұйымдастыру

Электрондық журнал

Бақылау

Аналитикалық мониторинг

Талдау

Big Data, білім сапасының көрсеткіштері

Ынталандыру

Онлайн коучинг, цифрлық марапаттау




Қорытынды

Цифрлық трансформация оқу ісі жөніндегі орынбасардың басқарушылық қызметін жаңа деңгейге көтереді. Ол:

  • стратегиялық менеджер;

  • цифрлық көшбасшы;

  • өзгерістерді басқарушы;

  • деректерге негізделген шешім қабылдаушы болуы тиіс.

Білім беру ұйымының табысты дамуы ОІЖО-ның кәсіби, цифрлық және көшбасшылық құзыреттілігіне тікелей байланысты.

Тұжырымдар

  1. Цифрлық ортада басқару – бұл тек технология енгізу емес, мәдени өзгеріс.

  2. ОІЖО-ның рөлі әкімшілік қызметтен стратегиялық басқаруға ауысады.

  3. Деректерге негізделген талдау білім сапасын арттырудың тиімді құралы болып табылады.

  4. Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту – басқарудың негізгі басымдығы.

  5. Цифрлық трансформация жағдайында тиімді басқару моделі – білім сапасының кепілі.









.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27.02.2026
1
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12