400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасымыз айтқандай, қазіргі заманда оқу үдерісін ақпараттық коммуникациялық технологиясыз елестету қиын .
Материалдың қысқаша нұсқасы

"БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ"



«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасымыз айтқандай, қазіргі заманда оқу үдерісін ақпараттық коммуникациялық технологиясыз елестету қиын .

  Жаңа технологиялар уақыт өткен сайын қуса жеткізбестей қарқынмен дамып жатыр. Бүгін үйренген білімің ертеңгі күні жарамсыз болып қалса, таң қалуға болмайды. Ақпараттық технологиялар саласындағы бәсекелестік дүниеге жаңа, тың, әрі қолжетімді техника мен технология түрлерін әкелуде. 

Мен қазіргі таңда «Маркетинг» мамандығы бойынша білім алудамын. Біздің мамандығымыздағы жаңа технологияларға тоқталып өтетін болсақ:

Интернет-дүкен – ХХІ ғасырдың базары. Қазіргі кезде супермаркеттер, үлкен сауда орталықтары желідегі саудаға қызығушылық танытады. Әлеуметтік желінің қай түрін алсаңыз да дүкеннің жарнамасы толып жүреді. Ал сол интернет-дүкеннің қандай пайдасы бар?  Адамдар күні бой дүкен аралап іздегені тапқанша, компьютер алдында отырып жарты сағат ішінде жүздеген затына тапсырып беріп, үйінен алыстамай-ақ сауда жасай алады. Бұл интернет-дүкеннің ең бірінші мақсаты.  Жалпы адамдар интернет-дүкеннен пайдалы қандай заттарды сатып алады? 

1 Тұрмыстық техникалар: тоңазытқыш, кіру жуатын машина, теледидар. Неге дәл осы интернет-дүкеннен сатып алады? Себебі алатын заттың барлық құрылымы мен заңдылықтары, жақсы және жаман жағы сол парақша бетінде арнайы жазылып тұрады. Ал ең маңыздысы сол затқа жазылған пікірлер. Сіз пікірлер арқылы ол заттың жақсы әлде жаман екенін біле аласыз. 

2. Кітаптар. Адамдар қазір кітап дүкеніне барып кезекке тұрмайды тіпті онда кірмейді. Себебі оларға интернет арқылы сауда жасаған ыңғайлы. 

3. Бірлік толтыру. Әрбір терминалға барып, одан түбіртек талап етіп, ұзақ уақыт күткенше, интернет-дүкен арқылы бірлігіңізді салып, 1-2 минут күтсеңіз жеткілікті.

4. Ең көп сатылып алынатын заттардың бірі – киім-кешек. Ал оны интернет-дүкеннен сатып алуға болады. Интернет дүкеннен тауарды өз бағасына ала аламыз.Сонымен бірге түрлі жеңілдіктер қарастырылып отырады.Мысалы,көп мөлщерде тауар алсаңыз жеткізу тегін.

5. Компьютерлік ойындар мен бағдарламалар. Бұл ендігі ХХІ ғасырдың базарында қайнап тұрған, саудасы өтімді заттар. Себебі сандық жүйемен жұмыс жасайтын техникалар үшін әрдайым жаңарып тұру керек. Ал оны сіз тек интернет-дүкеннен сатып ала аласыз. 

6.Сұлулық пен денсаулық. Таңғалатын ештеңесі жоқ. Сұлулық үшін жан беретін қыздар үшін бұл – таптырмас дүкен. Одан бөлек қазіргі медицина интернет-дүкеннің бір шетіне шықты. Керек дәрілеріңізді жылдам әрі арзан бағада сатып ала аласыз. 

Қазір заман талабы тездікті талап етеді, себебі уақыт үнемдеу керек.Сол себепті қоймаларда автоматтандырылған.Мысалы,тұтынушы кондитерлік өнімдерің ассортиментін сұраған жағдайда бұрынғы кездегідей қоймаға барып іздемейміз,компьютер арқылы қоймада бар –жоғын анықтай аламыз.

Сонымен қатар қазіргі таңда сауда орындарында штрихкодты сканерлер қоданылады.Ол тұтынушымен есеп айырысу барысында пайдаланылады.Сатушы бұрынғыдай калькулятор арқылы есептеп ұзақ уақыт жоғалтпайды.Сканерді тауардағы штрихкодқа тигізсе болғаны компьютерге барлық ақпарат түсіп бағаларында шығарып тұрады.

Желілік маркетингтің не екендігі туралы жете тоқталып айтпасақ та, бұл жүйе туралы бүгінде бәрі біледі. Дәл осы қағида бойынша  Orifiame, Avon, Mary Kay, QuestNet, Anway сынды әлемге танымал компаниялар жұмыс істейді.

Бұлардың әрқайсысының өзінше жұмыс істеу жобасы мен шарттары бар. Барлығына ортақ : компанияға тіркелу үшін адамның жасына , мамандығына, біліміне ( дипломы бар ма, жоқ па маңызды емес) қарамайды. Яғни, кез - келген адам тіркеліп, бизнеспен айналыса алады. Қазір желілік маркетингпен қосымша жұмыс істеп, нәпақасын тапқысы келетін студент жастардың арасында шарықтап тұрған шағы. Оған қоса алыс ауылдағы апа-жеңгелеріміздің негізгі табыс көзіне айналып отыр.

Желілік маркетингпен жұмыс жасаған кезде белгілі-бір жерден кеңсе ашпай-ақ үйде отырып,қалта телефоныңыз арқылы бизнесіңізді жүргізе бересіз.Бұрынғы уақыттардағыдай әрбір компанияның каталогтарымен мекеме араап жүрмейсіз,тек әлеуметтік желі арқылы жарнамалап,сауда жасай бересіз. Желілік маркетингтің тиімділігі осыда.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
468
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі